қанжар жұмсап өледі. Баласының өліміне шыдамаған Креонттың әйелі Эвридика да өзін-өзі өлтіреді. Осыдан барып Креонт патша өзінің тым қатал болғанын біліп, құдайлар алдында кешірім сұрап, қайғыдан қан жұтады.Трагедияда Антигона өзінің қайраттылығын танытып, халқының салт-дәстүрін сақтау үшін, яғни ағасын ғұрып бойынша жерлеу үшін патшаға да қарсы шығатын қаһарман болып сомдалады. Ал Креонт патша болса, мемлекетке қарсы шыққан адамға ең қатыгез, ең қасіретті шаралар қолдануға баратын патша бейнесі.
Бірақ, ол әйелі мен баласының өліміне өзін кінәлі санап, бұрынғы райынан қайтып, өкініштен өзегі өртенеді. Трагедия осылай аяқталады.
|