Трагедияның шиеленісі Гамлет пен Лаэрттың жекпе–жегінен көрінеді. Король Лаэртке Гамлетті у жағылған рапирамен өлтіруді тапсырады. Гамлет Лаэрттің қолынан жарақаттанады, бірақ жекпе–жек кезінде олардың рапиралары ауысып, Гамлет енді Лаэртті жарақаттайды. Гамлет сол у жағылған рапирамен Клавдийді де өлтіреді. Көп кешікпей Клавдийдің Гамлет үшін әзірлеп қойған уын патшайым Гертруда ішіп қойып, көз жұмады. Осылайша, сахнада төрт өлік қатар жатады. Сол кезде Эльсинор қорғанына Норвегия бекзадасы Фортинбрас келеді. Трагедия осылай аяқталады. Гамлет өледі, бірақ оның күресі бекер болған жоқ. Зұлымдық пен жалғандық әшкереленіп, әркім өз жазасын алады.
Трагедияның идеясы Гамлет бейнесі арқылы ХYII ғ. Англиядағы гуманистік озық ойдың дағдарысын бейнелеу болып табылады. Бас кейіпкер Гамлет – Қайта өрлеу дәуірінің гуманисі, өз заманына лайық жоғары мұраттың иесі. Бірақ оның өмірге, адамға деген сенімі, ең жақсы мұраттары іске аспайды, себебі мемлекетті басқаратындардың өздері қылмыскерлер, кісі өлтірушілер.