Оқулық Алматы 2011 Пікір жазғандар: Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С. Тебегенов


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет32/36
Дата04.11.2016
өлшемі6,9 Mb.
#242
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар


  1. Түрік әдебиетіндегі роман жанрының алатын орны.

  2. Шындықтың бір қырын баяндайтын шығармалар тақырыбы.

  3. Орхан Памуктың «Менің атым Қырмызы» шығармасының жанрлық ерекшеліктері.

  4. Түрік әдебиетіндегі постмодернизм ағымының ерекшеліктері.

  5. Түрік әңгіме жанрының модернистік белгілері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Плавскин З.И. Испанская литература ХІХ-ХХ веков - М., Высшая школа, 1982.

  2. Штейн А.Л. История Испанской литературы, 2 издание – М., УРСС, 2001.

  3. Тертерян И.А. Современный испанской роман (1939-1969) – М., 1972.

  4. Ясный В. Бегство в действительность. Современный испанский роман – М., 1971.

  5. Титов В.М. Идейно-художественные принципы в зарубежной литературы ХІХ-ХХ вв. – Воронеж, 1977.

  6. Тертерян И. А. Испытание историей. Очерки испанской литературы ХХ века – М., 1973.

  7. Испанская новелла, 70-е годы. [Сост. Матяш Н., пред. Тертерян И.А.] – М., Радуга, 1982.

  8. «История итальянской литературы XIX–XX веков», И.П.Володина, Москва, 1990.

  9. «Проблемы литературного развития Италии второй половины XIX – началы XX веков», Москва, 1982.

  10. «Итальянский роман сегодня», З.М.Потапова, Москва «Наука», 1977.

  11. «Пути развития итальянского романа второй половины XIX-нач. XX вв.», И.П.Володина, ЛГУ, 1980.

  12. «Атеизм в произведениях литературы и искусства: Атеические художественные вечера», П.Жукова.

  13. А.Смирнова .Книжное обострение\\Большой город 2006 ж

  14. Литература Бразилии

  15. Тертерян И.А. Бразильский роман ХХ века., 1965ж.

  16. Чаухан Ш. Хинди әдебиеті тарихының очеркі. М., 1960. 69-б. Snaatak, Yijaendr. Hindi saahitya kaa itihaas. Naii Dilii, 2001. P.157).

  17. М.В.Солдатова, К.А.Пак, Современная литература Кореи, Издательство «Дальневосточ­ного Университета», В., 2003 г.

  18. Ем Сансоп, Корейский литературный сборник (3), 1991

  19. Ким Донъин, Корейский литературный сборник (2), 1992

  20. Ким Соволь, Сборник поэзии, 1955

  21. Ким Соволь, «Багульник», Сборник поэзии, 1991

  22. Ли Гвансу, Корейский литературный сборник (1), 1991

  23. Ли Санхва, Ким Юджон, Ким Енсу, Корейский литературный сборник (11), 1991

  24. Корейский литературный сборник, Поэзия (37), 1993

  25. Сборник поэзии писателя Хан Ёнъун

  26. Хан Сэръя, Сборник рассказов, 1995

  27. Хан Сэръя, «Песнь Юношества», 1994

  28. Хан Сэръя, Жйжда и др.. Сборник корейских рассказов (10), 1996

  29. Юн Тонджу, Поэтический сборник, 1993

  30. Им Хонъён, История корейской современной литературы, 1990

  31. Ким Тхечжун, «О Ким Донгин» (на основании произведений «Картофель», «Сумасшедший художник»)

  32. Ким Юнсик, История современной литературы, 1993

  33. Ли Бёнги, Пэк Чол, Общая история национальной литературы, 1968

  34. Очерк, Общая история корейской литературы, том 2

  35. Очерк, «О корейских писателях 1960-1961»

  36. Ли Хван, Эпоха и поэт, 1960

  37. Пэк Сынгчоль, «Читателям книги 'Бедная жена'«

  38. «Революционная традиция нашей литературы», Сборник критики, 1956

  39. Тэн А.Н., «Вопрос о романтизме корейской литературы», Сборник международной научной конференции специалистов по вопросам Кореи (отдел литературы), 1998.5.11-14

  40. Юль Сэпэн, «Короейская литература до освобождения от
    японской империи», 1958

  41. Д.П. Бугаева, Г.Д. Иванова, Г.Н. Максимова, Е.М. Пинус. Краткая история литературы Японии. – Ленинград, 1975.

  42. Д. Кин. Японская литература XYII-XIX столетий. – Москва, 1978

  43. Н.И. Конрад. Японская литература образцах и очерках. – Москва, 1991.

  44. Н.И. Конрад. Японская литература. – Москва, 1974.

  45. Долин Александр Аркадьевич. Японский романтизм и становление новой поэзии. – М.:Наука,1978.

  46. История современной японской литературы. – М. изд. иностр. лит., 1961.

  47. http://www.google.ru/



Глоссарий

Аннал – жылнама

Арфист әні – Жүз жылдан астам уақытта табылған б.з.д. XXII ғ. мазарында арфада ойнаған Неферхотеп деген кісінің дастанынан үзінді табылған, сол себепті оны «Арфист әні» атайды.

параллелизм - ол бір өлең жолында сомдалған ойдың келесі өлең жолында қайталанып келуі немесе басқа бір көрші өлең жолындағы ойға қарсы қойылуы немесе келесі өлең жолдарында толығырақ сомдалуы көрсетілген мәтін құрылымы. Кейде өлең жолдары тармаққа бірігеді. Олардың көбісі мысырлық прозада қолданылады

Идиллия – қарапайым еңбек адамының табиғат аясында қамсыз, алаңсыз өмірін суреттейтін өлеңдер. Алғашқы үлгілерін көне дәуірде ежелгі грек ақындары туғызған.

Рапсодтар - Гомерлік кезеңдегі аэдтердің ізбасарлары, олар мәнерлеп оқу жағын қабылдаса, кифаредтер - музыкальды-лирикалық жағына көңіл бөлген

Сонет - әр шумағы 14 тармақтан құралатын өлең түрі.

Эпиграмма – сықақ өлең, жеке адамға айтылады. Ертеректегі грек, рим әдебиетінде туған нұсқаларында тақырып ауқымы өте кең. Адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, әр түрлі қоғамдық жағдайлар сыналған.

Элегия – мұңда лирикалық өлең. Көбіне тұңғиық ойға шому, қамығу, жабығу сарындары басым болып келеді. Алғашқы нұсқалары екі тармақты өлең күйінде ежелгі грек, рим поэзиясында қалыптасқан.

Ямб – Еуропа және орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлең жүйесінде қолданылатын өлшемнің бірі, екі буындық ырғақтық өрнек. Бұл өрнек Ежелгі Римде Катулл поэзиясында қолданылған.


Қазақ және орыс тілдеріне аударылған әдебиеттер тізімі
Гильгамеш. Орысшаға аударған Н.Гумилев

Лунь юй. Орысшаға аударған Л.Переломов

Орысшаға аударған В.В.Малявин

Ригведа. Қазақ тіліне аударған Ә.Нілібаев

Махабхарата. Қазақ тіліне аударған Ә.Нілібаев

Рамаяна. Қазақ тіліне аударған Ә.Нілібаев

Авеста. Орысшаға бөлімдерін аударған.И.С. Брагинский

Гаттар. Орысшаға бөлімдерін аударған. И.М. Стеблин-Каменский

Иисус Навин кітабы. Орысшаға аударған М.Г. Селезнева

Даниил кітабы. Орысшаға аударған Е.Б.Смагина

Гомер. Троя сұрапылы және батырлары.

Одиссейдің бастан кешкендері. Аударған А.Сейдімбек

Эсхил. Бұғаудағы Прометей. Аударған А.Нілібаев

Софокл. Эдип патша. Аударған Х. Ерғалиев

Еврипид. Медея. Троя арулары. Аударған Қ.Жұмағалиев

Аристофан. Лиссистрата, Фесмофорлар. Аударған М. Базарбаев

Тиртей. Воинственная элегия. Орысшаға аударған Ф.Зелинский

Тиртей. Эмбатерий. Орысшаға аударған В. Латышев

Архилох. Обидчику. Фрагмент. Орысшаға аударған: В.Вересаев

Сапфо. К Афродите, Я роскошь люблю... Орысшаға аударған В.Вересаев

Феокрит. Идиллии. Орысшаға аударған М.Е. Грибарь-Пассек

Плутарх. Похвала мухе. Орысшаға аударған К.Колобова.

Прометей, или Кавказ. Орысшаға аударған Б.Казанский

Цицерон. Против Катилины. Орысшаға аударған Т.Васильева

Цезарь. Галльская война. Орысшаға аударған М. Покровский.

Осада лагеря Цицерона. Орысшаға аударған С.Кондратьев

Лукреций. О природе вещей. Орысшаға аударған Ф. Петровский

Катулл. Памфлет на Юлия Цезаря. Орысшаға аударған А.Пиотровский

Будем, Лесбия, жить. Орысшаға Е.Корш



Вергилий. Буколики. Георгики. Орысшаға аударған С. Шервинский.

Гораций. Сатиры. Орысшаға аударған А.Дмитриев

Песнь столетия. Орысшаға аударған Нинцбург

Овидий. Өлеңдер. Аудараған Қ. Мырзалиев.

Сенека. Отыквление. Орысшаға аударған И.Холодняк

Медея. Орысшаға аударған С.Соловьев

Студенттердің өздік жұмыс тақырыптары
Ежелгі дәуірдегі классикалық әдебиет және оның кезеңдері

Халықтық ертегілер, философиялық шығармалар, мистериялар.

Шумерлік әнұрандар

Ерте аккадтық –вавилондық аңыздар

Ежелгі Мысыр әдебиеті мен оның жазуы.

Египеттік діни, мифологиялық мәтіндер мен жанрлық ерекшеліктер

Ежелгі финийкилік әдебиет поэтикасы

Угариттік лирика

Хеттік-хуриттік поэмалар мен құдайлар пантеоны.

Неса және хати әдебиеттері. Жануарға теңеу

Қытай лирикалық және эпикалық поэзиясы, «ши», «и», «шу» жанрлары

«Лунь юй», «Шуцзин» және Конфуций қызметі.

Әдеби шығармалардың қалыптасуы, қоғамдағы вэнь атты концепциясы

Ежелгі үнді эпикалық поэмалары - «Махабхарата» пен «Рамаяна».

Индияның идеологиялық және діни тағылымдары.

Ригведа әнұрандары.

«Веда» мәтіндері

Авеста және оның варианттары

Мифтер жөніндегі өлең жолдары, эпикалық жырлар, құдайлар мен патшаларға арналған әнұрандар, псалмдар, махаббат әндері, жоқтаулар, аңыздар, өсиеттер, мақал-мәтелдер

Гомерлік эпос: «Илиадаға» текстологиялық талдау

«Одиссея» – батырлық дастан героическая поэма странствий

Аристотель и антикалық әдебиет

Эдип патшасы, Платон және Аристотель: антикалық трагедия эстетикалық феномен

Аристофан және оның уақыты

Эсхил драматургиясы және грек трагедиясының кейбір мәселелері

Софоклдың «Антигона» трагедиясы

Ежелгі гректік хорлы лирика

Сапфо және өлең тақырыптары

Гай Катулл поэзиясы: адам кейпі және көркем ойлаудың типологиясы

Сенека-драматург

Ежелгі христиандардың апокрифтері: зерттеулер мен мәтіндер

Антикалық шешендік өнер

Аттикалық поэзия және проза.



1 Қазір де ғылым мысырлықтарда бұл субстанциялардың қанша болғанына анық жауап бере де, түсіндіре де алмайды. «Пирамида мәтіндерін» түсіну үшін түсіну үшін сол субста­н­ция­лардың бірі – КА.Мәтіндерге қарағанда, мысырлықтардың өздерінде КА жайында қарама-қайшы түсінік қалып­тасқанын байқауға болады. Сол себепті мысыртанушы­лар­дың да КА-ға берген анықта­масы көпмағыналы екені таңқаларлық емес. Г.Масперо бойынша КА адам денесімен бірге туылып, бірге жетілетін адамның көрінбейтін егізі болып табылады. Керісінше, неміс ғалы­мы А.Эрман Ка-дан белгісіз тіршілік көзі, адамдардың құпия маңызын көрген.

Қайтыс болған адамның туыстары өліктің денесін сақтап қалуға тырысты, себебі, адамның егізі болып табылатын КА-ның өмір сүруі адам денесінің сақталуына байланысты болды. КА – адам ғана емес, ал құдайларда КА-лары болды, бірнеше КА жердегі «тірі құдай» - перғауында болды.




2 «Ұлағат» Ленинградтағы Мемлекеттік Эрмитаждың мысыр коллекциясында сақтаулы, ал келесі бір нұсқасы Мәскеуде А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері Мемлекеттік мұражайында сақтаулы.

3 Энки (аккадша Эа) құдайын даналық құдайы, Энки Жер асты құдайы мен дүниежүзілік теңіз билеушісі, Нанну немесе Зуэна құдайы ай билеушісі т.б.

4 Нағыз тарихи тұлға – Конфуций. Біз оның біздің дәуірімізге дейінгі 551 ж. туылға­нын білеміз. Біз оның өмірінің көп бөлігін - Циде болған 517-516 ж. санамағанда – Лу патшалы­ғын­да, өз елінде өткізгенін, онда бірнеше қызмет шенін атқарғанын білеміз; 497 ж. 56 жастағы Конфуцийдің 14 жылға созылған «жаһангерлік жылдары» басталады; бұл жылда­ры ол сол заманның он шақты патшалықтарында болады; сөйтіп, 484 жылы, яғни, 69 жасын­да еліне қайтып, бес жылдан кейін, 479 ж. 74 жасында қайтыс болады. «Луньюй» - сол жаһан­гер­­лік жылдарындағы «талдау мен әңгімелесудің» нағыз өзі.

5 Әрине, мемлекеттер біздің ұғымымыздағы түсінікке сай келмейді.

6 «Гуан цзы» және «Сунь цзы» жеке есімдер, түрлі деректер бойынша екі қайраткердің есімдері. Гуан Цзы - бұл Гуань Чжун, Ци патшалығының даңқты Хуань гун министрі. Сун цзы – бұл Сунь У, У патшасы Хэ люяның қолбасшысы қызметінде болған. Сонымен, Гуань Чжун өмір сүрген уақыты б.з.д. YІІ ғ. ІІ жартысы, Сунь У б.з.д. Y ғ. І жартысы – YІ ғ. соңғы ширегі. Бұл дәуірдің жалпы тарихи үдерісінің ерекшелігі - әр түлі қоғамдық ойлардың тұжырымдамаларының көбеюі және олар бәрі әлеуметтік және саяси өмірді дамытуға бағытталған шешімдер. Маңызды шешімдерінің бірі – мемлекетті экономи­ка­лық және әскери қарым–қатынаста мықты етуге жол табу. Бұл туралы осы дәуірде пайда болған мына: «Бай ел, күшті әскер» нақылы дәлелдейді. Экономикалық жетістікке жету мақса­тында «Гуан цзы» болса, әскери мақсатта «Сунь цзы» аталынады.


7 «Рамаянаның» жалпы мазмұны төмендегідей болып келеді: Айодхья патшасы Дашарат­ха­ның Каушалья патшайымынан Рама, Кайкейядан Бхарата, үшінші әйелі Сумитрадан Шатругхна мен Лакшмана төрт ұлы болады. Патшаның үлкен ұлы Рама жастайынан-ақ сұлулығымен, ақылдылығымен батырлығымен өз інілерінен ерекшеленеді. Видеха (қазіргі Непал) деген ежелгі елдің ханшайымы Раманың сүйіктісі Сита да мейірімді әрі керемет сұлу еді. Рама патшалар мен ханзадалар сайысында жеңіске жетіп, Ситаға үйленеді. Себебі тек Рама ғана Ситаның әкесі Джанака патшасының сиқырлы садағын майыстыра алды. Ұзақ жылдар бойы Рама мен Сита баршылықта баянды, бақытты ғұмыр кешті. Даша­ратха патша уақыты келгенде, өз мұрагері етіп Раманы қалдыратынын салтанатты түрде жария еткісі келеді. Мұны білген Дашаратханың екінші әйелі Кайкейя патшаның бір кезде айтқан «кез келген екі тілегіңді орындаймын» деген уәдесін есіне салып, сол тілектерінің орындалуын талап етті: біріншісі - 14 жылға Раманы патшалықтан қуу, екіншісі - мұрагері етіп ұлы Бхаратаны тағайын­дау. Дашаратха қанша қайғырғанымен, Рама әкесін уәдесінен таймауға көндіріп, өзі қуғындалу­шы болып орманға қарай кетеді. Оның соңынан өз еріктерімен Сита және сенімді інісі Лакшмана ілеседі.

Көп ұзамай Дашаратха патша ұлымен айырылғанына шыдамай, дүние салады. Таққа Бхарата отыру керек еді. Алайда мейірбан ханзада патшалықты билеуге оның емес, ағасы Рама құқылы деп есептеп, бауырының патшалыққа оралуға көндірейін деп орманға жөнеледі. Достары мен туысқандары Рамаға Бхаратаның ұсынысын қабылдауға кеңес береді.

Бірақ Рама әке аруағын сыйлап, оның уәдесін өмірінің соңына дейін орындауға тілек білдіреді.

Бхарата Айодхьяға жалғыз оралуға мәжбүр болады, дегенмен өзін толық құқылы патша деп есептемегендіктен, соның белгісі ретінде таққа Раманың аяқ киімін апарып қояды екен.

Бұл уақытта Рама мен Лакшмана орманда өмір сүріп жатты. Орман дуаналарының тыныш­тығын сақтап, олар ормандағы көптеген құбыжықтардың көзін жойды. Бірде Лакшмана Ситаның өміріне қастандық жасаған әйел-ракшас Шурпанакханың мұрны мен құлағын кесіп алады. Ланка аралының (сірә, Цейлонның бұрынғы атауы болса керек, қазіргі Шри-Ланка) керемет күшті қожасы болды. Шурпанакха өзінің бауырына барып айтып береді. Оның бауыры Ланка аралының құдыреттісі, онбасты әзәзіл Раван еді. Сонда Равана Ситаны Рамадан алып қашуды ойластырады. Әзәзіл Маричи көмегімен ол Ситаны алып қашып Ланка аралына әкеледі. Ланкада ол Ситаны өзінің байлығы мен билігі арқылы азғырып, менің әйелім болсаң осының барлығы сенікі болады деп уәде етеді. Бірақ Сита тек Рамаға сенімді болады. Сонда Равана ашуланып оны қамауға алады, егер он екі айдан кейін сөзіңе құлақ асып, оған күйеуге шықпаса, өлімге жауаптайтынын айтады.

Бұл уақытта Рама мен Лакшмана Ситаны іздеумен жолға шыққан еді. Іздеу кезінде Рама маймылдардың құдайы Сугриваға патшалығын қайтарып алуға көмектеседі. Сонда Сугрива оған да көмектесуге уәде береді. Сөйтіп, жолға енді үшеуі аттанады. Сугрива министрлерінің ішіндегі ең мықтысы Хануманға Раваның Ситаны қайда алып кеткенін табуды тапсырады .

Хануман теңіз арқылы бірақ секіріп Ланка аралына жетеді. Көптеген іздеулерден кейін ол Ситаның қайда екенін біледі. Ситаның қамалына келіп онымен сөйлесуге де мүмкіншілік табады. Сөйтіп қайтар жолында көптеген қиын оқиғаларды басынан кешіріп, Рама мен өзінің қожайына жетеді. Маймылдардың патшасы теңіз арқылы өтетін көпір салдырып Раманы Ланка аралына жібереді. Сонда бірнеше күнге созылған ұрыс басталады. Рамамен бірге Лакшмана, Хануман, Сугриваның бауыры Ангада, маймылдар мен аюлар болса, Раваның жағында әзәзілдер мен ракшалар және Раваның сиқыршылық мықтылылығымен танылған ұлы Индраджит болады. Бірақ ұрыс нәтижесінде Раваның ұлы Лакшмананың қолынан қайтыс болады. Осы кезде Равана пайда болып Рамамен жеке алыспаққа шығады. Рама Равана бір басын кескен кезде оның орнына келесі бір бас пайда болып жатады. Осы кезде Рама Брахма құдайының сыйлаған қылышын Раваның жүрегіне кіргізіп оны өлтіреді. Рама Ситамен кездеседі.

Бірақ Рама әскерлерінің көзінше Ситаны итермелеп, оған сенімсіздік танытады. Сүйген жарының қылығына қорланған Сита отқа секіреді, бірақ от күйдірмейді, осы кезде От құдайы Агни пайда болып Рамаға әйелінің пәктілігі мен тазалығын айтады. Ситаның адалдығына бір сәт күмәнданған емеспін, бірақ әскерлерімнің көздерін жеткізгім келді, - деп жауап қатады Рама.

Достасқаннан кейін Рама мен Сита Айодхьюға оралып, патшалықтағы билікті өз қолдарына алғанмен, Бұл екеуінің қиыншылықтары әлі алдыда болатын. Патшалық халқы Сита­ның іс-әрекеті басқаларға жұғатын жаман әдет ретінде көрінді. Сонда рама әйелін қайтадан Вальмики деген аскеттің қарауына жібереді. Онда раманың екі ұлы – Куша мен Лава дүниеге келеді. Олар өскенде Вальмики Рама жайлы өзі құрастырған поэмасын үйретеді. Бірде ол патша құлағына жетіп, ол сүйген жары Сита мен балаларын патшалыққа алғызады. Сонда Вальмики оның әйелінің адалдығын айтқанмен, патша халық алдында көрсетуін талап етеді. Сонда Сити Жер-Ананы жалбарынады, Жер халық алдында қақ айырылып Сита жер қойнауына түседі. Сөйтіп Рама мен Сита тек о дүниеде мәңгі бірге бола алады.

Осылайша Рамаяна туындысының бір бөлімі аяқталады. Рамаяны сюжетіне Махабхара­тадағы секілді түрлі мифтер, аңыздар, сабақ болатын әңгімелер көркемділікпен кіргізілген. Мысалы бізге алдыңғы эпостан таныс Вишвамитра туралы аңыз, Шунахшеп туралы аңыз, Кумар құдайының дүниеге келуі жөніндегі мифтер, Ганга өзеңінің аспаннан түсуі, Индраның Вритраны өлтіруі және т.б.





8 Оқиға ахейліктер Троя маңында жасалынған жорықтардың бірінде Агамемнонның еншісіне Апполон ғибадатха­на­сы­ның абызы Христің қызы қолға түсетінімен баталады. Хрис сыйлықтарымен гректердің лагеріне келіп, Агамемноннан қызын қайтарып беруін жылам­сырап сұрайды, көсем бас тартқан соң, ол Аполлоннан гректерден кегін алуды жалынып сұрайды. Өзінің абызының өтінішіне құлақ асқан Аполлон ахейлік әскерлеріне тоғыз күн бойы тоқтама­ған апат жібереді. Оныншы күні Ахилл әскердің Трояда қалу немесе қалмауы туралы сұрақтарды шешу үшін халықтық жиналыс өткізеді. Көреген Калхант жиналғандарға Аполлонның ашуының себебі Хриске айтылған балағат сөздер екенін және құдайдың Хриске тұтқындалған қызын қайтып беруін талап ететіндігін айтып береді. Агамемнон Аполлон құдайдың тілегін орын­даудан бас тарта алмады, бірақ ол Хрисеиданың орнына басқа сый сұрады. Ахилл тарапынан қарсылық көрген Агамемнон, одан әдемі Хрисеидадан кем түс­пейтін Брисеиданы тартып алатындығын айтады. Қызу ұрыс кезінде екі көсемнің арасын­дағы қарулы қақтығыстың алдын алған Афина құдайы болған еді. Ахилл өзінің еншісі – Брисеиданы қарумен қорғамайды, бірақ Агамемнонға ашуланып, оларға шарт қояды. Ахей­лік­тердің жағдайы тым нашарлап, олардың өздері Ахиллге қымбат сыйлықтар беріп, майданға шақырмайынша алдағы соғыстарда қолына қару алмайтынын айтады. Ахиллдің шайқасқа қатыспауынан басқа ахейлік қолбасшыларға майдан алаңында жасаған істерімен көзге түсулеріне жол ашылады. Алайда Менелайдың Париспен қақты­ғысы, Диомед және басқа да грек батырларының қаһармандықтары, ерліктері де, Аякстің Троя басшысы Гектормен шайқасы да, тіпті құдайлардың араласуы да трояндықтардың басқыншы­лы­ғын тоқтата алмайды. Себебі оларға Ахиллдің анасының өтінішімен Зевстің өзі көмек беріп отырған. Бұл шайқас көріністе­рінде тек Гектормен Андромаханың әйгілі кезде­суін айтуға болады. Афина құдайына дұға қылып, оған құрбандығына мал шалынсын деген бұйрықтарын айтуға шайқас алаңынан қалаға келген Гектор осы жерде біраз кідіреді. Осы жерде Гектор әйелі мен баласын соңғы рет кездестіретін еді. Ал осы арада, жағдайлары тым қиындап кеткен ахейліктер, Агамемнонды Ахиллмен достастыру үшін елшілер жіберуге көндірген. Бірақ қымбат деген сыйлықтар да, Бресеида және оған қоса тағы да жеті құлды беру уәдесі де Ахиллдің ашуын баса алмайды. Шайқас барысында ахейліктердің де кей жетістіктерге жеткен кездері болғанына қарамастан, олардың жағдайлары бірте-бірте нашарлай береді. Сондықтан гректерге жаны ашыған Гера құдайы бір айла жасап, Зевстің көңілін өзіне аударуына тура келеді. Зевстің көңілі Герада болған кезде, Аякс Гекторды жаралап, майдан алаңынан шығарады. Қолбасшыларынан айы­рыл­ған троялықтар, шегіне бастай­ды, алайда Зевстің қайта оянып, іске кірісуі Трояға қарсы болған құдайлардың жамандықтарына тоқтау салады. Аполлонның құдіретімен ғажайып жолмен сауығып кеткен Гектор ахейліктердің кемелеріне жақындап, тіпті олардың біреуін өртеп үлгереді. Ахейліктердің халі тым нашарласа Ахилл ашуынан қайтпайды. Ол шайқасқа өзінің досы Патроклды жіберуге ғана келіседі. Оны троялық­тарды кемелердің қасына қууға, бірақ Трояны басып алуға тырыспауға насихаттайды. Жауларын қорқыту үшін Ахиллдің сауыт-саймандарын киіп алған Патрокл бірінші тапсырманы сәтті аяқтайды. Алайда ісінің жетістігімен шабыттанған, Патрокл Троядағы шайқасқа аттанып, Гектор қолынан өлім құшады.

Досы үшін кек алғысы келген Ахилл Агамемнонға деген ренішін артқа ысырады. Агамем­нон қайтсе де оған уәде еткен сыйларын береді. Гектор Патроклдің үстінен Ахиллдің сауыт-саймандарын шешіп алуға үлгірген болатын. Сондықтан Фетиданың өтінішімен Гефест Пелид үшін өте әдемі жаңа саймандар жасап береді. Патрокл үшін ашу, ыза сезімі кернеген, досы үшін кек қайтарғысы келген Ахилл Троя алаңында қолынан қаза тапқан жауларының өліктерін Скамандра (Ксанфа) өзенінің ағысына үйіп тастайды. Бұған қарсы өзен құдайы Ахиллді өзен толқындарына батыруға тырысады, бірақ Гефест Ксанфаға от тастап, өзен суы қайнай бастайды. Шайқас алаңында Пелидпен кездесуін күтіп тұрған Гектор, Ахиллдің қолы­нан қаза табады....

Ашуы қайтпаған Ахилл Гектордың өлі денесін ат арбасына жегіп, сүйрейді. Троя қамалынан осыны көрген Приам мен Гекуба, Гектордың қарт ата-анасы жылайды. Жарының өлгенін естіген Андромаханы да қайғы басады. Міне, осы кезде Приамның басында Ахиллге өзі барып, Гектордың өлігін алу үшін құны жоқ байлықтар мен сыйлықтар беру туралы ой туады. Оның бұл ойы бірден жүзеге аспайды, себебі эпикалық автор Патроклдың жерлеу рәсімін жақсылап сипаттау керек еді. Содан кейін Приам құдайлардың көмегімен Ахиллдің шатырына келеді. Қарттың қайғысы мен қасіреті Ахиллге қатты әсер етіп, өзінің қайтыс болған әкесін есіне алады. Баласының мәйітін әкесіне қайтарып береді.

Келесі күні соғысты бірден бастамай, алдымен екі жақтың мәйіт болған әскерлерін арулап жерлеуге рұқсат беріледі. Дастанның оқиғасы грек батыры Патрокл мен троя батыры Гектордың жерлену сәтімен аяқталады.




9 Троя соғысының бір көрінісін сипаттайтын «Илиададан» және «Одиссеяның» айырма­шылығы, бұл поэмада Трояның құлауынан кейін айлакер Одиссейдің бастан кешірген оқиға­лары мен оның Итакаға қайтып оралуы жайында сөз болады. Сонымен бірге поэма тікелей хронологиялық кезекпен баяндалмайды. Поэманың ең басында құдайлардың Одиссеяға еліне қайтуға мүмкіндік берулері тура­лы шешім қабылдағаны баяндалады. Бұл хабарды Гермес Одиссейді жеті жыл бойы сиқырлы аралда ұстап отырған нимфо Калипсоға жеткізуі керек болған. Алайда тек бесінші кітаптың басында ғана Гермес Калипсоға жетеді. Алғашқы төрт кітаптардағы әрекеттер Одис­сей­дің ұлы Телемахтың айналасына шоғырланып, Итакада өтеді. Ол жерде белгілі атақты тайпалар­дың жастары Одиссейді өлді деп ойлап, оның әйелі Пенелопаның мазасын алады. Пенелопа жаңадан тұрмысқа шығуға асықпай жүргендіктен, күйеу жігіттер бүкіл күндерін Одиссейдің сарайында тойлаумен өтеді. Оның байлықтарын жояды. Телемах олардың ойран салуына тыйым сала аламайды. Афинаның кеңесімен Итакаға басқа елдің патшасы бейнесімен келген жас жігіт Пилос пен Спартаға, әкесінің бұрынғы достары Нестор мен Менелайға әкесі туралы хабар беру үшін барады. Телемах ештеңені анық біле алмаса да, Одиссейдің қайтып оралатынына үміт артады. Осы арада күйеу жігіттер оған қайтар жолында тосқауыл ұйымдастырады.

Осыдан кейін ғана автор керемет нимфаның тұтқыны – Одиссейдің тағдырына оралады... Құдайлардың Одиссейді босату үшін туралы бұйрық алғанн Калипсо, оған сал құрастыруына және жолға жиналуына көмектеседі. Ойдағыдай жүзіп келе жатқан кеме саяхатының 18 күні, Одиссей алдынан құрлық көреді. Бірақ сол мезетте оны кенеттен теңіз құдайы Посейдон байқап қояды да, теңізде қатты дауыл көтереді. Теңіз толқындары оны 2 күн, 2 түн бойы қарқынды теңізде алып жүреді; оны тек теңіз құдайы Левкотеяның араласуы және оның әрдайымғы қорғаушысы Афинаның көмегі құтқарады. Теңіз толқындары оны бейтаныс елдің таулы тасты жағалауына әкелгеннен кейін ғана Одиссей құрлыққа шығады.

Одиссейге баспана болған жер – Схерие аралы болып табылады. Бұл –бақытты да бай феак халқының елі болып шығады. Сүйікті құлының қамын ойлаған Афина жергілікті патшаның қызы Навсикаяны достарымен таңертең кір жуу үшін өзен жағалауына жібереді. Қыздардың дауысы бұталардың арасында ұйықтап кеткен Одиссейді оятады. Навсикая оны киіндіріп, тамақтанды­руға бұйрық береді де, қалаға Алкиной патшаның сарайына жол көрсе­теді. Одиссейді құрметпен күтіп алған феактар оны еліне жеткізуге уәде береді. Одиссей бұл жерде бай той дастархан үстінде демалады. Әнші Демодок өз өнерімен жинал­ған­дардың көңілін көтереді. Қонақтың өтінішімен ол ағаш ат туралы, Трояның құлауы мен Одиссейдің ерліктері жайында ән шырқайды. Одиссейдің көзі жасын байқаған Алкиной Демодоктың әнін тоқтатып, Одиссейден өзі жайлы айтып беруін сұрайды.

Одиссейдің басынан өткен қызық жағдайлары туралы әңгімесі басталады. Жолаушы­лармен бірге Одиссей бір көзді Киклоптың үңгіріне тап болады. Одан тірі құтылу үшін Одиссейге оны соқыр етуіне тура келеді. Ызаланған Киклоп Одиссейге әкесінің ашуын жаудыртады. Посейдон оның артынан феактардың еліне дейін қуып келген. Тағы да бір Алып (дәу) – жалмауыз (людоед) тайпасы – лестригондармен кезігу Одиссей кемесінен басқа барлық кемелердің адамдарымен бірге жойылуымен аяқталады. Бірақ құтқарылғандар Герместің көмегімен ғана сиқыршы Кирка­ның зұлымдығынан қашып құтыла алады. Қайта­дан жолға жиналған Одиссей алдымен жерасты патшалығына барып, көреген Тиресиядан алдағы тағдырын білуі керек болды.

Сиреналардың өлім аралынан аман өтіп, кемемен алты басты айдаһар Скилладан және Харибда қарқынды су иірімінен өтіп, Одиссей Гелиостың мал үйірі жайылып жүрген Тринакия аралына жетеді. Осы жерде ол жолдастарына Гелиостың қасиетті сиырларына тиме­се, елдеріне аман-есен оралатындарын айтады. Егер да олар кеңесті тыңдамай сиыр­ларды жейтін болса, елдеріне жетпей өлетіндерін де ескертеді. Одиссей ескертулерді кемедегі азық біткенге дейін ғана іске асады. Аштан өлу қауіпінде қалған жолаушылар, Одиссей жоқта Гелиостың сиырларын сойып, рұқсатсыз той жасайды. Осыған байланысты Зевс кемеге дауыл мен найзағай жаудырады да, жалғыз Одиссей ғана тірі қалады. Тоғыз күн бойы теңіз толқындары құдай тектес Калипсоның аралына жетпейінше алып жүреді. Осылайша Одиссей әңгімесі автордың бесінші кітаптағы баяндамасына келіп оралады.

Поэманың екінші жартысында мазмұнның өрістеуі бұзылмайды. феактардың сиқырлы кемесі ұйықтап жатқан Одиссейді Итака жеріне, яғни үйіне жеткізеді. Осы арада оған Афина келіп, оған өз үйінде қауіп төніп тұрғанын ескертеді. Құдайдың көмегімен кедей кепіне айналған Одиссей алдымен бұрынғы қызметшісі Евмейге барады, кейін ол Афинаның көмегімен Пилостан аман-есен үйіне жеткен Телемахқа сырын ашып, өзінің шынымен кім екенін айтады. Одиссей бірінші өзінің сарайын қоныстануды, сол жерде күйеу жігіттердің көзін құрту үшін әрекет етуді шешеді.

Одиссей үйінде күйеу жігіттердің қыдырысын өз көзімен көріп, олардың тарапынан өзіне деген кемсітушілерді көреді. Сонымен қатар Одиссейді күтіп жүрген Пенелопаны да көреді де, оны жарының жақын арада оралатынына сендіруге тырысады. Пенелопа таныс емес жолаушыға сеніммен қарайды да, қарт қызметшісі Евриклеяға оның аяқтарын жуып, сарайға паналатуды бұйырады. Ханшайымның бұйрығын орындап жатып, қызметші Одис­сей­ді аяғындағы дақ арқылы танып қояды. Одиссей оған сырын ашпауды бұйырады, себебі бұл оның күйеу жігіттерге қарсы ойластырған жоспарының жүзеге асуына кедергі келтіретін еді.

Келесі күні Афинаның сендіруі бойынша Пенелопа садақ ату сайысын ұйымдастырады. Алайда ешкімнің Одиссейді ескі садағын атуға күші жетпейді. Сол кезде Телемахтың рұқсатымен садақты Одиссей алады да, күйеу жігіттерді бір-бірлеп садақ оғымен өлтіре бастайды. Телемахтың екі адал құлдарының және Афинаның көмегімен Одиссей Пенелопа­ны әйелдікке алғысы келгендердің барлығын қырып салады. Әйелімен, қарт әкесі Лаэртпен табысқаннан кейін Одиссей күйеу жігіттердің ағайындарымен күресуге тура келеді. Бұл шайқаста Афинаның көмегімен тоқтатылып, Итакада бейбітшілік орнайды. Афина Одиссей­ге оның бұрынғы кейпін қайтаруды да ұмытпайды.





10 Бұл трагедия жаратушы құдай мен оған тәуелді адамдар арасындағы тартыс туралы. Мұнда батыр Аякстың құдайлардың көмегінен бас тартуы және Афина құдай турал­ы жақсы айтпағаны үшін құдайлардың қаһарына іліккені баяндалады.

11 Трагедияда Гераклдың әйелі Деянира күйеуін өзіне қайтару үшін Несса деген Кентаврдың қанын ішкізеді. Бұл аса қайғылы оқиға болады. Геракл қатты қиналып өледі. Ал Деянира болса өз-өзін өлтіреді. Бұл трагедияда Деянира өзінің білместіктен жібер­ген қатесі үшін, өзін-өзі осылай жазалайды.

12 Софокл «Антигона» /трагедияның бас қаһарманы/ атты шығармасында кұдайдың заңдары мен адамның еркіндігін, бәрінен де құдайдың жазылмаған заңдарын биік қояды. Полиник деген Антигонаның ағасы Этеоклмен соғыста қаза табады. Полиникті Фия қала­сы­ның патшасы Креонт жерлеуге рұқсат етпей, оның денесін ит-құсқа тастандар деп бүйрық береді. Бұған көнбеген Антигона ағасының денесін арулап көмеді. Мұны естіген Креонт патша Антигонаны зынданға тастайды.Осылай қиналғанша өлгенім артық деп Антигона өзіне-өзі қол жұмсайды. Әкесінің мұндай жауыздығын көрген патша баласы Гемон, яғни Антигонаның күйеу жігіті де өзіне

Каталог: Content -> Files -> SciPublications -> Annotations
Annotations -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
Annotations -> Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Annotations -> Сәлима калқа ба ева филология гылымының кандидаты, доцент №8 • 2004 • АҚИҚАТ
Annotations -> «желтоқсан желі ызғарлы »
Annotations -> Бижанова Айгүл Рабханқызы бағалы қАҒаздарға тікелей байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық Алматы, 2012
Annotations -> Жұма күні шығады №29 (277) 24 мамыр 2013
Annotations -> Т. Б. Сейдімханова С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» оқулығы өз заманының озық ойлы туындысы
Annotations -> «базалық шет тілі» (A1,A2) сабағында білім алушылардың Өзіндік жұмысын ұйымдастыруға арналған методикалық НҰСҚау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет