3.6. Тұқым дайындау
Жоғары сапалы тұқым – мол өнімнің кепілі. Қазір ауыл-
шаруашылық дақылдары тек сортты тұқымдармен ғана егіледі.
Барлық агротехникалық шараларды қолданып, сортты тұқымдардан
үнемі жоғары өнім алып тұруға болады.
Сортты тұқымдар жыл сайын тұқым бақылау зертханаларында
тексеріліп, олардың себуге жарамдылығын анықтайды. Олардың сапа-
сына тазалығы, өнгіштігі, өсу энергиясы, 1000 дəнінің, бір литр дəнінің
массасы, құрғақтығы, ірілігі, аурудан саулығы жатады.
Тұқымның өнгіштігі
деп оның өсіп, əдеттегідей өсімдік беру
қа
бі
летін айтады. Ол стандарт талабы бойынша 10 күн ішінде
анықталады.
Өсу энергиясы
деп өніп шыққан өсімдіктердің біркелкі тез өсуін
айтады. Оны 3-4 күн ішінде анықтайды, яғни тұқымның өнгіштігімен
41
бірге анықтайды. Бұл əдістің егін орағына да пайдасы бар, яғни барлық
өсімдіктердің бірдей пісуін қамтамасыз етеді. Тұқымның өнгіштігі,
оның өсу қабілетімен қатар, технологиялық қасиетін де анықтайды.
Тірі дəн өнгіш келеді, оның технологиялық қасиеті өте жоғары болады.
Ол жақсы ұн жəне нан береді. Ал өлі дəн өнбейді, оның технологиялық,
қасиеттері төмен болады.
Тұқымның, өнгіштігін пайдаланып, оның себуге жарамдылығын
есептеп шығарады. Оны:
П = А·Б/100
формуласы арқылы табады.
Мұнда, Б – дəннің өнгіштігі, пайыз есебімен;
А – осы дақылдың бір гектарға егілетін тұқым саны.
1000 дəннің массасы тұқымның əр дəнінің ауыр салмақты, толық
піскендігін жəне ірілігін білдіреді. Ірі дəн əрқашанда жоғары өнім
береді. Оны:
К = М·А
формуласымен анықтайды.
Мұнда, М – бір гектарға қанша млн дəн егілетін саны;
А – 1000 дəннің массасы.
Ылғалдылығы
(құрғақтығы). Тұқымның ылғалдығы 14-15 пайыз ша-
масында болу керек. Одан жоғары болса, оның өнгіштігі төмендейді,
ал өте төмен болса, ол өзінің, тіршілігін жойып жіберуі мүмкін. Сон-
дыктан оның ылғалдығы мен өнімділігі тығыз байланысты. Осы аты
аталған сапалық көрсеткіштерді пайдаланып, тұқымдық астықты мына
кластарға бөледі.
3-кесте
Осы дақылдың
дəні, (пайыз)
Қалдық,
(пайыз)
Соның
ішінде
Өнгіштігі,
(пайыз)
Дақылдар
Класс
басқа
өсімдіктер
арам
шөптер
Бидай
I
99,0
1,0
10 дана
5 дана
95
II
98,5
1,5
40
20
92
III
97,0
3,0
200
50
85
Қара бидай
I
99,0
1,0
10
5
95
II
98,0
2,0
80
40
92
III
97,0
3,0
200
100
90
Тары I
99,0
1,0
16
10
95
II
98,5
1.5
100
75
90
ІІІ
97,0
3,0
300
200
85
42
Себуге тек I жəне II класты тұқым ғана жарайды. Егер бұл кластарға
жетпесе, оны тазартады, сорттайды. Себу алдында тұқымдық астық
əртүрлі ауруларға қарсы дəріленеді. Ол үшін гранозан, меркуран, АБ,
т.б. препараттар құрғақ дəрілеуге, ал формалинді сулап дəрілеуге пай-
даланады. Бұл дəрілер қатты қара күйеге қарсы қолданылады, ал шаң
тəрізді қара күйеге қарсы тек ыстық сумен күйдіру сияқты шаралар
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |