Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет21/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

3.4. Ауыспалы егіс
Ауыспалы eгic деп ғылыми-зерттеу жұмыстары арқасында 
дəлелденген, ауылшаруашылық дақылдардан жоғары өнім алуға 
арналған жəне жердің құнарлылығын үнемі жоғарылатып отыруға 
мүмкіншілік беретін ауыспалы егіс танабын айтады. Əр дақылды 
бірінен кейін бірін ауыстырып егу, əр өсімдік əртүрлі қоректік зат-


38
тарды пайдаланатынын, көпжылдық бұршақ тұқымдас дақылдардың 
тамыры жер қыртысында көптеген азот қалдыратын қасиетін есеп-
ке ала отырып жүргізіледі. Осы eгic танаптарында сүдігер де, 
күздік жəне жаздық дақылдар, көпжылдық бұршақ тұқымдастар, 
кең аралықта егілетін егістер тағы басқалар да болуы керек. Бір 
танапқа бір дақыл тек бірнеше жылдан кейін ғана қайта оралады. 
Осы бірінші дақылдың осы танапқа қайта оралып келуін бір ротация 
(айналу мерзімі) дейді. Егер 8 танапты ауыспалы егіс болса, сонда 
бірінші дақыл тек 8 жылы ғана осы танапқа қайта оралады. Бұл ай-
налыста əртүрлі дақылдардың алмасуына байланысты əртүрлі ауыс-
палы жағдайға ұшырап арамшөптер де көбейе алмайды, ал зиянды 
жəндіктер сол ауыспалы жағдайлардың əсерінен азая береді немесе 
жоғалып та кетеді.
Ауыспалы егісте көпжылдық шөптерден кейін жаздық бидай, пар-
дан кейін күздік бидай сияқты олардың маңыздылығына қарай орна-
ластырылады, ең ақырында арпа, сұлы сияқты дақылдар егіледі. Би-
дай ауыспалы егістің тыңайтқыштар берілген танабына егілсе, оның 
бір гектарынан 25-30 центнерге дейін өнім алуға болады, ал бір жерге 
жылма-жыл егіле берсе, оның өнімі 5-6 центнерден аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет