Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет22/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

3.5. Жер өңдеу
Өсімдік жақсы өсу үшін оған барлық керекті жағдайларды туғызу 
керек. Ол жерді өңдеу жұмысынан басталады. Жақсы бапталған жерде 
ылғал көп сақталып, ол арамшөптен таза болады жəне бойында жылу-
ын сақтайды.
Жер жырту. 
Жер жырту – егіс шаруашылығындағы негізгі шара-
лардың бірі. Мұнда соқа немесе басқа да жерді терең өңдеуге арналған 
құралдар арқылы өсімдік тамырлары жететін жер қыртысын қопсытып 
немесе жер қыртысын аударып, қыста қар, жазда жаңбыр суларын тегіс 
сіңіріп алуға, тұқымды керекті тереңдікке орналастыруға, алдында 
егілген егістердің тамырын жер қыртысының астыңғы қабатына ау-
дарып, шіруіне мүмкіндік береді. Егер соқамен жер жыртылса, онда 
оның алдында шолақ түрен болу керек. Ол жердің жоғарғы бетін бөлек 
кесіп алып, борозданың (карықтың) ішіне салады да, одан кейін сонда 
оны терең көміп тастайды. Сөйтіп ол көмілген органикалық заттар тез 
шіріп, қоректік заттарға айналады. Жерді 22-35 см тереңдікте жырта-
ды. Кейінгі кезде жер қыртысын аудармай, терең 27-30 см-ге қопсыту 
қолданылып жүр. Бұл əдістің авторы Т. С. Мальцев, əдіс құрғақшылық 


39
аудандарда өте жақсы нəтиже береді. Сондықтан Қазақстанның 
солтүстік облыстарында кең қолданылады.
Жел қатты соғатын, қарды айдап кететін болса, егістіктерде астықты 
орып алғаннан кейін тік тұрып қалатын паяларды сол қалпында 
қалдырып, астын ғана босатады. Ол үшін тереңде жүретін босатқыштар 
қолданылады. Пая қыста қар тоқтатады, жазда топырақты жел ұшырып 
кетуден сақтайды.
Егер жер астында тұздар көп болса, онда фрезерлегіштер 
қолданылады. Ол жердің бетін жұқа ғана қопсытып қояды.
Көктемде сүдігер немесе пар айдалған жерлерде оның бетін 
босату үшін сыдыра жыртқыш қопсытқыш сияқты құралдар қол-
да 
нылып, 5-10 см тереңдікке дейін жердің жоғарғы қабаты қоп-
сытылады, ал себудің алдында ауыр тырмалармен екі рет тырмалай-
ды. Осының арқасында өніп үлгерген арамшөптер өледі, топыраққа 
ауа, жылу кіреді жəне жер қыртысында ылғал түгелдей сақталады. 
Ауыл шаруашылығында егіннен мол өнім алғың келсе, онда тұқымды 
дымқыл жерге терең сал да, үстін жылы көрпемен жап дейді. Ал егер 
көктем құрғақ болса, онда керісінше, жерді каток жүргізіп таптайды. 
Мұнда жер астындағы су капиллярлар арқылы көтеріліп, тұқымның тез 
өнуіне мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығында ауа райының жағдайларына байланысты 
жəне оған егілетін егіннің түрлеріне қарай жер өндеудің əртүрлі жүйесі 
қолданылады.
Жаздық дақылдар көбінесе сүдігерге себіледі. Сүдігер күзде 
көтеріледі, ал көктемде бетін босатып, тұқым себіледі. Ол күздегі 
жаңбырды, қыстағы қар суын өзіне жақсы сіңіреді. Терең жерге 
көмілген көптеген арамшөптің тұқымдары жəне қырқылған көпжылдық 
арамшөптер өледі. Ол жерге дəнді ерте егуге мүмкіншілік туады.
Кейде егісті көктемде айдалған жерге егеді. Бұл өте нашар нəтиже 
береді.
Барлық жағдайда да тұқым себудің алдында жерді тырмалау керек.
Өсімдік өніп шыққан соң, жер бетінде пайда болған қабыршақтарын, 
арамшөптің жас өскіндерін жою үшін егістіктерді жеңіл тырмалайды.
Ал аралығы кең өсімдіктердің (күнбағыс, жүгері, т.б.) жаз бойы 
дүркін-дүркін қатар аралықтарын босатып, ондағы өскен арамшөптер-
ден тазартып тұрады.
Күздік дақылдардан жоғары өнім алу үшін, оларды бір жыл 
демалған қара парға айдалған жерге сепкен дұрыс. Пар көтеру сүдігер 
сияқты күзде жүргізіледі. Терең, айдап, екінші күзге дейін 2-3 рет 


40
қопсыту жүргізіп, таза күйінде сақтайды. Айдау алдында көп жəне 
минералдық тыңайтқыштар берген дұрыс. Ерте күзде, тамыз айының 
аяғында, қыркүйектің басында тұқым себіледі. Ол қыс түскенше өніп, 
тамырланып, жақсы бұтақтанып, қар астына кетеді. Қыста ол өзінің, 
яровизациялық өркендеу фазасын өтеді. Онсыз ол дəн байлай алмайды. 
Бұл егістіктерді де көктемде жеңіл тырмалау керек.
Пардың өзі неше түрге бөлінеді. Оның ішінде құрғақшылық аудан-
дарда қара пардың маңызы зор. Оны кейде таза пар деп те атайды. Парға 
айдалған жер жаздай бос жатып, ылғал жинайды, күрделі минералды 
заттар өсімдікке тиімді суға еритін түрге айналады.
Егер жазда жаңбыр көп жауатын болса, онда басқа кеңаралықты 
дақылдар – бақша, жүгері, т.б. ерте жиналатын егістер егіп, шілде, та-
мыз айларында қайта өңделіп, күздік дақылдар егуге дайындалады.
Жел қатты соғатын аймақтарда ықтырмалы пар айдалады. Ықтырма 
деп биік өсетін, желге төзімді күнбағыс немесе басқа да өсімдіктер 
егілген парларды айтады. Бұл өсімдіктер желдің бағытына көлденең 
егіледі. Əр ықтырманың екіншісінен кашықтығы 15-20 м болады. 
Олар қыста қар тоқтатады, жазда жердің жоғарғы құнарлы қыртысын 
жел ұшырып кетуден сақтайды да, солардың арқасында егілген күздік 
дақылдардың өнімін жоғарылатады.
Кейде тыңайтқыш ретінде пайдалану үшін бұршақ тұқымдас егістер 
егілген сидералды (сүрі) пар жыртылады. Бұл өсімдіктер өсіп жетілген 
соң аударылып тасталады. Содан олар шіріп тыңайтқышқа айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет