Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет24/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
3.7. Селекция жəне тұқым шаруашылығы
Селекция 
деп ауыл шаруашылығы ғылымдарының жаңа сорттар 
шығаруға арналған саласын айтады. Жаңа сорттарды ауылшаруашылық 
ғылыми-зерттеу институттары, тəжірибе жəне селекция станциялары, 
солармен қатар жоғарғы дəрежелі агрономдар шығара алады. Бұл өте 
ауыр, көп уақытты керек ететін жұмыс. Бір адам өз өмірі бойында бір 
сорт немесе будан шығара алса, ол өзінің алған еңбек ақысын, басқа 
да шығындарын толық ақтап, оның үстіне млн-даған теңге таза табыс 
береді. Сондықтан селекционерлер сорт шығарған соң, оған жаңашыл 
өнертапқыш атағы жəне көптеген сыйлықтар беріледі.
Тұқым шаруашылығы 
деп ауыл шаруашылығында жаңа жəне 
бұрыннан егіліп жүрген аудандастырылған сорттардың тұқымын 
көбейтіп, оны жетілдіруге арналған ғылым жəне өндіріс саласын айта-
ды. Ол егістіктердегі жаңа аудандастырылған сорттарды егу жəне да-
мыту өндірістерін басқарады.
Селекцияның негізі болып генетика ғылымы саналады. Генетика 
өсімдіктің жəне басқа да жануарлардың тұқым қуалауы жəне олардың 
өзгеріп тұруы жайындағы заңдарды зерттейтін биология ғылымының 
үлкен бір саласы. Тұқым қуалау деп өсімдіктің барлық қасиеттерін 
өзінің кейінгі ұрпақтарына қалдырып кету қабілетін айтады. Ол 
қабілет өсімдіктің генотиптік жəне фенотиптік қасиеттерімен тығыз 
байланысты.
Генотип. 
Өсімдіктің өсіп-өнуін жəне басқа да барлық қасиеттерін 
басқарып, реттеп тұратын хромосомдағы гендердін жиынтығын гено-
тип деп атайды. Генотип өсімдік өмірінде өтетін барлық өзгерістерді 
түгел қамтамасыз ете алмайды. Ол өзгерістер əр қашанда фенотиппен 
байланысты, яғни өсімдіктің өсіп-өнуі генотип пен фенотиптің бірге 
қосылып, бірін-бірі ұластырып отырса ғана өсімдік өмірін басқару, оны 
адамның игілігіне қарай өзгерту сəтті жүреді.
Өсімдіктің барлық қасиеттері оның клеткаларының ядросында хро-


43
мосомдарда (хромо – (латынша) бояу, сома – зат) жазылған. Хромосом-
дар ДНҚ (дезоксирлі нуклеинді қышқылдан) тұрады. Оның құрамында 
ақуыз, қант жəне фосфор қышқылы бар. ДНҚ көптеген гендерден 
тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, ген – хромосомның кішкентай бөлігі. 
Хромосома көптеген гендерден тұрады. Əр генде өсімдіктің бір қасиеті 
жазылған, соны басқарып, кейінгі ұрпағына қалдырып отыруына кепіл 
ДНҚ-ның кішкентай бөлігі.
Гендер клетканың басқа да құрамдарымен тығыз байланысты, со-
лар өзгерсе, мұның да құрамы жəне қызметі белгілі мөлшерде өзгеруі 
мүмкін. Осының арқасында өсімдіктер тозаңданып, ұрықтанған кезде, 
аталық жəне аналық ұрықтар арқылы қосылып, жаңа хромосомдар пай-
да болады да, мұнда осы екі аталық жəнеаналық өсімдіктердің екеуінің 
де қасиеттері шоғырланып, кейінгі ұрпағына беріледі. Осымен хромо-
сомдар мен гендерді өсімдіктің құрылысы, өңі-түсі, оның қызметі, фе-
нотипке қатынасы, т.б. түгел жазылған келешекке хаты сияқты күрделі 
заттар деп түсінуіміз керек. Мұнымен биохимия пəнінде жете танысты-
рамыз. Жаңа сорттарды, будандарды шығару міне, осы хромосомдардың 
тұрақтылығы мен өзгеру қасиеттеріне негізделеді.
Селекцияда: будандастыру, таңдап алу жəне тəрбиелеу əдістері 
қолданылады.
Будандастыру 
əдісі бойынша алдымен екі түрлі өсімдіктердің 
тұқым қуалау қабілетін бəсеңдету бағытында жұмыстар жүргізіледі. 
Ондай өсімдік тез өзгергіш келеді. Осылай дайындалған екі 
өсімдікті будандастырса, олардың ұрпағының қасиеттері байиды 
да, жаңа жағдайға тез төселіп, жаңа тұқым қуалау қасиеттері пайда 
болады. Будандастыру əдісі көбінесе, жүгерінің селекциясында кең 
қолданылады. Жүгері қазір тек будан тұқымдармен ғана себіледі. 
Жаңа шығарылған сортты, буданды тəрбиелеу арқылы, оның пайда-
лы қасиеттерін байытуға болады.
Ауыл шаруашылығында 
таңдап алу 
əдісі жаңа сорт шығаруда ескіден 
келе жатқан, кен өріс алған əдіс. Бұл əдіс бойынша егістікте ең жақсы 
деген, күшті, құрғақшылыққа, ауруларға төзімді, түсімі, технологиялық 
қасиеттері жоғары өсімдіктерді бірнеше жыл бойында таңдап алып, осы 
ерекшелік қасиеттерді бекіту арқылы жаңа сорт алады.
Таңдап алу əдісі жеке-жеке жəне көптеп таңдау болып екіге 
бөлінеді. Жеке-жеке таңдау əдісімен шығарылған сорт бір дəннің неме-
се бір масақтың ғана өрені болғандықтан, оның барлық сапалық жəне 
басқа белгілері біркелкі тегістелген жəне ол қасиеттері жақсы тұқым 
қуалайтын болады.


44
Көптеп таңдау əдісінде селекционер өзіне белгілі тəсілдер арқылы 
көптеген тандамалы өсімдіктердің өренін бір қосып, соның ішінен 
екінші, үшінші тағы солай жылдар таңдау жүргізеді. Бұл таңдаулар 
бірнеше немесе ондаған жылдар бойы жүргізіліп, біркелкі қалыптасқан 
ұрпақ алынғанша созылады. Əр жылда алынған жаңа түсім осы 
жердегі ең жақсы, аудандастырылған сортпен салыстырмалы 
сынға түседі. Егер осы салыстырмалы бəсекелесте жаңа сорттың 
көрсеткіштері үш жыл қатарынан басым болса, оны мемлекеттік 
сынға жібереді. Егер онда жеңіп шықса, сонда ғана өндірістік сынға 
жіберіліп, мемлекеттік сорттар сынау инспекциясының шешімімен 
аудандастыруға қаулы алынады.
Бұл көрсетілген əдістерден басқа 
химиялық мутогенез, радиациялық 
мутогенез 
сияқты əдістер кейінгі кезде кең өріс алуда. Осы əдістермен 
бидайдың 56-70-хромосомды түрлері шығарылды. Олардың дəні ірі, 
ақуызы көп жəне жоғары өнімді болады.
Көптеген өсімдіктердің жаңа түрлері алыс тұқымдар мен түрлерді 
будандастыру арқылы шығарылып жүр. Бұған тритикале, ППГ мысал 
бола алады. Тритикале деген сөз бидай (латынша тритикум) мен қара 
бидайдың (секале) деген сөздерінен шыққан. Сондықтан сөздің өзі де 
будан – түбірі трити, кале – сөздің соңы. ППГ – пшенично – пырейный 
гибрид – бидай мен бидайық шөбін будандастырып алған өсімдіктің 
жаңа түрі. Олар көпжылдық, екіжылдық, күздік жəне жаздық форма-
ларда өсіріледі. Селекция өте ауыр жəне жауапты жұмыс. Көпшілік 
селекционерлер атасы, əкесі, өзі жүргізіп, баласына, немерелеріне, 
қалдырып кетуі көп кездеседі. 
Селекция мен тұқым шаруашылығында мынадай терминдер жиі 
кездеседі.
Супер элита. Таңдаулының таңдаулысы деп аударуға болады. Бұл – 
жаңа шығарылған сорттың ең алғашқы таза тұқымы. Ол аз мөлшерде 
болады. Оны көбейтіп алынған тұқым элита деген атаққа ие болады. 
Ең таңдаулы деп аударуға болады. Бұл тұқымға арналған стандарт бар. 
Оны тек ғылыми-зерттеу мекемелері өсіреді.
Элита тұқымын сеуіп, одан бірінші репродукция, одан кейін екінші, 
үшінші, т.б. осылай көпшілік репродукцияға дейін тұқымды көбейту 
кестесі созылады. Осы ең ақырғы репродукциясы ғана егістіктерде 
үлкен өндірістік көлемде егіліп, олардың өнімі тамақ өнеркəсібінде 
пайдаланылады.
Сортты айырбастау – жаңа өте жақсы сортты бұрынғы себіліп 
жүрген сорттың орнына енгізу. Оның тұқымы элитадан бастап, 


45
диқаншылардың тұқым өсіретін бөлімшелерінде өсіріліп көбейтіледі. 
Осы тұқым бес жылда бір жаңартылып тұруы керек. Диқаншылардың 
үлкен ұжымдарында тұқымдық дəн өсіру өте пайдалы. Оны мемлекет-
ке өткізгенде, оның репродукциясына, класына қарай көптеп қосымша 
ақы төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет