Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Егін шаруашылығындағы өнімдердің кемуі



Pdf көрінісі
бет26/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)
203 топ сабакка катысу, ағылшын тест, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson, Turakhanova Nilufar and Khairullayeva Zulkhumor Fat-811B lesson
3.9.1. Егін шаруашылығындағы өнімдердің кемуі
Орақ кезінде көптеген астық төгіледі, құсқа, тышқанға, т.б. зиянкес-
терге жем болады. Мұнымен қатар комбайн жұмыс істегенде төгілу, са-
банмен кету кемшіліктері де кездеседі. Барлық төгілген астықты 100 
пайыз деп алсақ, оның ішінде төгіліп шығын болу көлемі 70 пайыздан 
асады, ал басқадай өнімнің кему жолдары 30 пайыз шамасында болады. 
Өнімнің механикалық кемуіне дəннің масақтан түсіп қалуы, масақтың 
өзінің сынып түсуі, комбайн жүргенде орылмай қалатын жайттар, 
комбайнның астық бастыратын тораптарының толық жөнделмеуіне 
байланысты кетіп қалатын басылмаған дəн, т.б. себептерден болатын 
түсімнің кемуі жатады. Бұлармен қатар астықтың аздаған бөлігі сы-
нып немесе басқа да механикалық жарақаттарға ұшырауы ықтимал. 
Бұл əсіресе, күріш жинағанда кездеседі. Міне, осындай себептерден 
өніп шыққан астықтың 30 пайызға жақын түсімі шығын болуы мүмкін. 
Əсіресе орақ кеш жүргізілсе, жаңбыр, қардың астында қалса, ысырап 
көбейе түседі. 
Егін шаруашылығында астық өнімінің биологиялық себептерден 
кемуі де мүмкін. Бұған əртүрлі себептерге байланысты дəннің өсіп-толу 
кезіндегі кездесетін ауа райының қолайсыздығы салдарынан болатын 
өнімнің төмендеуі жатады. 
Ең алдымен, өсімдік өскенде, олар бұтақтайды. Негізгі сабақтың 
дəні ерте, ал бұтақтардың дəні жай піседі де, өнімнің көлемі де сапа-
сы да төмендейді. Егістің күңгей жақ бетіндегі астық ерте піседі де, 
теріскей жағындағылар кешеуілдейді. Ерте орылса, көк масақ қосылып 
түсімнің көлемін жəне сапасын төмендетеді, ал кеш қалса, күңгейдегі 
астық төгіліп, өнім азаяды. Бұл жағдайда алдымен əр масақтағы ең ірі 
дəн төгіліп кетеді.
Егер егін пісіп келе жатқан кезде ыстық ұрып, ауа құрғақшылығы ба-


47
сталса, дəн толмай, піспей семіп қалады. Бұл жағдайда жоғары дəрежелі 
ақуыз, крахмал сияқты күрделі заттар пайда болып үлгермей, оның 
ішінде суға еритін қант, амин қышқылдары сияқты төменгі дəрежелі зат-
тар көп болады. Осы себептен жеке дəннің көлемі кішірейеді, сақтауға 
да тұрақсыз болады, дəні ұсақ, əлжуаз келеді. Бұл жағдай Қазақстанның 
солтүстік аймақтарында жиі кездеседі. Бұған жазда соғатын ыстық жел 
де көмектеседі. 
Биологиялық ысыраптардың бір түріне дəннің тыныс алуы да жа-
тады. Тыныс алуға крахмал, қант, т.б. органикалық заттар жұмсалады. 
Тыныс алудың қарқыны ауа райының температурасы мен дəннің 
ылғалдығына байланысты. Күн ыстық болып, дəннің ылғалдығы жоғары 
болса, ол қатты тыныс алады, яғни қоректік заттар көп жұмсалып, дəн 
арықтайды. Астық толған кезде оның өнімі фотосинтез жүрген кездегі 
барлық пайда болған заттардан оның тыныс алуға жұмсалған көлемін 
алып тастасақ, сонда қалғаны ғана астықтың қорына айналады. Ал 
толық піскен құрғақ дəннің тыныс алуы бəсеңдеп, жоқтың қасы бола-
ды. Сондықтан да астықты тек құрғақ күйінде сақтайды. Құрғақ дəн 
деп оның ылғалдығы 14-15 пайыз болатын жағдайды атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет