Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Астықтың, бұршақ жəне майлы дақылдар тұқымдарының



Pdf көрінісі
бет63/302
Дата06.02.2022
өлшемі3,11 Mb.
#80173
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   302
Байланысты:
iztaev osimdik sharyashylygy (1) (1)

Астықтың, бұршақ жəне майлы дақылдар тұқымдарының 
арамшөп тұқымдарымен салыстырма мөлшері (Воронов, 
Кожуховский, Колышев жəне Павловскийдің мəліметтері)
Өсімдік аттары
Дəннің мөлшері, мм
ұзыны
көлденеңі
Қалыңдығы
Дəнді дақылдар мен бұршақ тұқымдастар
Бидай
4,2-8,6
1,6-4,0
1,5-3,8
Қарабидай
5,0-10,0
1,4-3,6
1,2-3,5
Жүгері
5,5-13,5
5,0-11,5
2,5-8,0
Арпа
7,0-14,6
2,0-5,0
1,4-4,5
Сұлы
8,6-1,6
1,4-4,0
1,2-3,6
Күріш
5,0-12,0
2,5-4,3
1,2-2,8
Тары
1,8-3,2
1,2-3,0
1,0-2,2
Қонақ
1,3-2,5
1,3-2,3
0,9-1,8
Қарақұмық
4,4-8,0
3,6-5,0
2,2-4,2
Асбұршақ
4,0-10,8
3,4-10,0
3,5-10,0
Жасымық
4,0-8,8
4,0-8,0
2,0-3,3
Үрмебұршақ
7,2-18,5
4,7-11,0
2,7-10,0
Соя
5,0-10,5
4,5-8,0
4,7-7,0
Майлы тұқымдастар
Күнбағыс
7,5-15,0
3,5-8,6
1,7-6,0
Майкене
10,0-16,5
6,5-11,5
4,6-8,4
Арыш
1,5-2,5
0,8-1,5
0,6-1,3
Арамшөп тұқымдары
Сиыржоңышқа
4,0-8,8
3,2-7,0
2,0-4,2
Көктікен
3,2-5,3
1,3-2,8
0,9-1,5
Шырмауық
3,0-4,1
1,4-3,4
1,1-2,8
Кекіре
2,0-3,5
1,4-2,5
0,7-1,4
Қырлық
4,0-5,6
2,2-3,6
2,2-3,6
Қарамықша
2,8-4,4
2,0-3,8
1,6-3,0
Қара сұлы
15,0-25,0
1,4-3,2
1,2-3,0
Бидайық
6,8-12,0
1,4-3,5
0,8-2,0
Қастауыш
2,0-8,5
1,0-2,0
0,8-1,8


98
7.4.3. Дəннің көлемі
Жеке дəннің көлемі – астық қоспаларының ішіндегі қуыстардың 
көлемін, 1 л астықтың салмағын, тазалауға жəне өңдеуге арналған 
астықтың көлемін жəне одан шығатын өнімнің көлемін есептеп табуға 
керекті көрсеткіш. Ірі дəннің көп жəне сапалы өнім беретіні ежелден 
белгілі, ал 1000 дəннің массасы осындай ұсақ дəнмен салыстырғанда 
көбірек болады.
Дəннің ірілігі оның толықтығына, ал бұлардың өзі жердің құнарлығы 
мен ауа райының жағдайына байланысты өзгертіп тұрады. Осы күнгі 
астық қоймаларына түсіп жүрген дəннің көлемі төменде берілген (мм
3
):
Бидай 11-56
Қарабидай 10-30
Жүгері 140-260 
Арпа 20-40 
Тары 5-6 
Қарақұмық 9-20
Бұршақ 114-120 
Күнбағыс 22-60
7.4.4. Дəннің толықтығы мен шөпектігі
Толған дəн деп толық піскен, барлық өзіне сай құрылыс 
бөлшектерінің біркелкі ең тұрақты кəмелетіне жетіп, өркендеген кезін 
айтады. Толған дəн ірі де, ұсақ та болуы мүмкін. Ұсақ дəннің көлемі 
кішірек болғанмен, ол əбден жетіліп кəмелетіне толған немесе оның 
эндоспермінің өркендеу кезеңі ертерек тоқтап қалған сатыда болуы да 
ықтимал. Шөпек немесе ұшқын дəн деп толық жетілмеген, кəмелетіне 
толмаған, сыртқы қабаттары өзінің өсу кезеңдерінде кездескен қолайсыз 
жағдайлардың салдарынан қатпарланып қалған дəндерді айтады. Кей-
де мұндай дəннің эндоспермінде тамақтық заттардың қоры өте аз бо-
лады, ал кейде эндоспермі болмай, тек қабықшақтардан ғана тұруы 
мүмкін. Қуаңшылық жылдары мұндай дəннің саны көбейіп, ал ауа райы 
қолайлы жылдары олар өте азайып кетеді. Сонда да астық қоспалары 
осындай əртүрлі толымдылықтағы дəндердің қоспасынан тұрады. 
Шөпек дəннің бетін əжім басып кетуі олардың ішкі құрылыстарының 
тегіс толмағандығын көрсетеді. Неге десең дəн қабыршақтары ерте жа-
рылады да, содан кейін барып эндоспермге қоректік заттар құйыла бас-


99
тайды. Ол құйылу дереу тоқтай қалса, қабыршақтардың іші бос қалып, 
кепкенде тырыса бастайды. Екінші жағдай – табиғи жағдайда олардың 
екеуінің өсуі бірдей жүріп біріне-бірі сай өсіп жетіледі. Құрғақшылық 
түсе қалса, дəннің жеміс қабыршағы тағы біраз өседі, ал қоректік заттар 
қуаңшылықтан эндоспермге жетіп үлгере алмайды. Сондықтан эндо-
спермде əдетте, көп жиналатын ұсақ, көпқырлы хондриосом крахмал-
дары жетіспей қалады.
Егер бидайдың əр ботаникалық түрлерін өзара салыстырсақ, 
онда қатты бидай ертерек жəне көбірек қуаңшылыққа ұшырап, тез 
шөпектенеді. Сондықтан ол шөлге төзімсіз келеді де, қуаңшылық ау-
дандарда аз кездеседі. Ал жұмсақ бидай шөлге төзімді, ұсақ көпқырлы 
хондриасомды крахмалдың азаюына қарамастан өзінің сыртқы пішінін 
тез өзгерте қоймайды. Тек мұндай астықтың шынылығы жоғарылайды. 
Сондықтан суармалы аудандарда жəне жаңбыр көп жауған жылдары 
осы хондриосомды крахмалдардың көбірек жиналуына байланысты 
астықтың дəні толық болып, оның эндоспермі көбінесе, ұн тəрізді 
болып қалады. Міне, осының бəрі дəнге қоректік заттардың əртүрлі 
ағылып келуінің салдары.
Шөпек дəннің пайда болуы жер қыртысының құрғап кетуінен, ауа 
райының қуаңдауынан, ыстықтан дəннің көктей семіп қалуынан, қара 
күйе, фузариоз, тотығу сияқты аурулардың салдарынан, шырмауық 
тəрізді өсімдік паразиттерінің соруынан, сары-ала қоңыздың өсімдікті 
немесе дəнді зақымдауынан басқа да кездейсоқ жағдайлардың салда-
рынан болады.
Жоғарыда көрсетілген шөпектердің өзі де əртүрлі болады, яғни 
толық жетілген дəннің аздап қана солуынан бастап, ұшық болып ұшып 
кетуіне дейін (эндосперм байланбай қалған дəнге дейін) болады. Осы 
шөпектіктің əрқайсысы қай кезеңінде қолайсыз жағдайға шалдығуына 
байланысты. Дəн жаралған соң ең алдымен, оның ұзына, одан кейін 
көлденеңі, ең соңында, қалыңдығы өседі. Осыған байланысты қай 
кезеңде қуаңшылыққа ұшыраса, содан кейінгі жүретін үдерістер 
бəсеңдеп не тоқтап қалады. Осының салдарынан, көбінесе, шөпек дəн 
не ұзын, не жалпақ болып қалуы мүмкін. Ал осы үш өлшемі де толық 
болса, ол толған дəн. 
6-кестеде
Е.Д. Казаковтың оқулығынан алынған 
жақсы толған, ұсақ жəне шөпек дəндердің сипаттамасын берілген. 
Мұнда бидайдың Одесская-3 сорты алынған.
Шөпек дəнде эндоспермнің салыстырмалы мағынада кішіреюіне бай-
ланысты ұрықтың үлесі өседі. Короткова-Ахундованың мəлімдемесіне 
қарағанда, жақсы толған бидайдың ұрығы 1,4-1,7 пайыз болса, шөпек 


100
дəнде ол 2,6 пайызға дейін өседі. Мұнымен қатар шөпек бидайдан 
алынған ұнның түсі қоңыр болады.
Шөпек дəнді оның сыртқы пішініне қарап, көз мөлшерімен де 
анықтауға болады. Олардың екі бүйірі қабысқан, жотасы арық малдың 
жотасындай қырлы-қырлы болады. Мұндай дəнді астықтың тазалығын 
анықтағанда дəнді қосындылар тобына жатқызады. Мамбиш пен Рыб-
кина көптеген астық партияларын зерттеп дəнді қалдықтарға дəннің 
жеке массасы 15 мг-нан кем болса, жатқыза беруге болатынын айтады.
7-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   302




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет