111
лып, сол арқылы олардың бұл көлемде қалай тығыздалып жататынын
біліп, салыстырмалы түрде бағаланатын ірілігі,
толықтығы сияқты сапа
белгілеріне баға беруге бағытталған көрсеткіш.
Астықтың көлемдік өлшеміне оның ішінде болатын басқа түрлі
түсті дəнді немесе шөп-шалаң қосындылары көп əсер етеді. Орыс
ғалымы И. В. Соколовтың мəліметіне қарағанда, бір пайыз сабан-
топан сияқты жеңіл қалдықтар бидайдың əр литрінің массасын 5-10
г-ға, ал бір пайыз қара сұлы оны 3-5 г-ға дейін төмендетеді. Құм, тас,
топырақ кесектері сияқты ауыр заттар дəннің көлемдік массасын ау-
ырлатады. Сондай-ақ ұсақ арамшөп тұқымдары дəннің арасындағы
қуыстарға
орналасып, оны ауырлатады. Міне, осының бəрі астықтың
шын көлемдік өлешемдерін өзгертіп жібереді. Сондықтан астықтың
көлемдік мөлшерін орташа сынаманы диаметрі 6 мм елеуішпен елеп,
ірі жəне жеңіл көп орын алатын қалдықтарын бөліп алып тастап, со-
дан кейін ғана өлшейді.
Көлемдік өлшемнің массасына дəннің үстіңгі
қабаттарының
жылтырлық тегістігі немесе кедір-бұдырлығы да əсер етеді. Егер
беті тегіс болса, онда мұндай астық пуркада тығыз орналасып,
көлемдік өлшемнің массасы өседі. Егер дəн домалақ болса, онда
да олар тығыз орналасады. Сонда да ең басты көрсеткіші болып
астықтың
жақсы толық піскендігі, оның эндоспермі тканьдарының
тығыз орналасқандығы сияқты басты қаситтері саналады. Неғұрлым
крахмал мен ақуыз көп болса, соғұрлым астықтың көлемдік массасы
үлкен болады.
Көлемдік өлшемге астықтың ылғалдығының да маңызы зор.
Астықтың ылғалдылығы 14-15
пайыз болса, онда оның көлемдік өлшем
мөлшері тұрақты бір санды көрсетсе, оның ылғалдығының өзгеруіне
байланысты көлемдік өлшем мөлшері төмендей береді. Осы жағдайды
ескеріп, 1988
жылдан бастап, көлемдік өлшемнің мөлшері ылғалдықтың
базалық кондициялармен салыстырғанда 1 пайызға өзгеруіне байланыс-
ты əр литріне 5 г түзету енгізу стандартқа кіргізілген. Ылғалдылығы
жоғары болса, мұндай астыққа көрсетілген түзету қосылады. Неге
десең ол кепкенде бұл өлшемнің өсе түсуі еске алынған. Бірақ бір
ылғалданып, бір кепкенде астықтың көлемдік өлшемі төмендеп кетеді.
Сондықтан көрсетілген қосымша тек жаңа астыққа ғана қолданылады.
Астықтың көлемдік өлшемі оның сапасының
қандай екенін толық
көрсете алады.Оны орыс ғалымы Л. Н. Любарский жасаған кестеден
жақсы көруге болады.