107
арқылы бағалаған дұрыс. Салыстырмалы
тығыздық деп оның
тығыздығы мен 4°С температурадағы əдеттегі атмосфералық қысым
кезіндегі стандартты заттың, яғни судың
тығыздығымен арасындағы
қатынасты айтады. Дəннің салыстырмалы тығыздығын:
0
P
ɚ
P
формуласымен анықтайды.
Мұнда, Р – дəннің тығыздығы;
Р
0
– 4°С температурадағы əдеттегі атмосфералық қысымдағы судың
тығыздығы.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаға қарағанда
химиялық заттардың
тығыздығын тек қана біркелкі заттарда анықтау керек. Ал дəнді алсақ,
ол біркелкі зат емес, ол химиялық əртүрлі, өзінің əртүрлі химиялық
жəне физикалық қасиеттері бар заттардан тұрады. Сондықтан дəннің
тығыздығын дəл өлшеу мүмкін емес.
Оның тығыздығын өлшегенде
алынған мөлшер оның құрамының ішіне кіретін химиялық заттардың
тығыздығының орташа мағынасы деп есептеген жөн. Тығыздық
көрсеткіші – дəннің сапасының салыстырмалы көрсеткіштерінің бірі.
Толық піскен, толған дəннің ішіндегі химиялық
заттар өзара тығыз ор-
наласады да, оның орташа тығыздығы жоғары болады. Егер астықтың
ішінде əртүрлі жеңіл немесе ауыр қосындылар болса,
оларды да осы
қасиеттерінің айырмашылықтарын пайдаланып бөліп алуға болады жəне
астықты қоймаға құйғанда, өз еркімен құлағанда екшеліп жіктелуі мүмкін.
Бұл да оның жақсы сақталуына өзінің əсерін тигізеді. Ұсақ, ауыр заттар
(арамшөптердің тұқымы, құм, тас, т.б.)
бөлек екшеліп орналасып, осы ара-
да өзінен-өзі жылитын белсенді аймақ пайда болады,
астық осы аймақтан
бастап шіри бастайды.
Астықтың құрамына кіретін химиялық заттардың салыстырмалы
тығыздығы мынадай:
Минералды заттар 2500
Крахмал 1,458-1,630
Сахароза 1,404-1,606
Мальтоза 1,514
Мальтоза 1,514
Клетчатка 1,250-1,404
Белоктық заттар 1,345
Дəн маңызы 1,240-1,313
Май 0,892-0,999
Эфир майлары 0,740-1,140
Су 1,000
Ауа 0,001 293