109
Дəннің тығыздығына оның химиялық құрамынан басқа оның
тканьдарының арасында ауа болуы, шынылығы, ылғалдылығы жəне
тағы басқа да көптеген жағдайлар өздерінің ықпалын тигізеді.
Дəннің ылғалдығы 0-ден 14 пайызға дейін өссе, ол дəннің тығыздығы
да өседі, ал 15-тен 40 пайызға дейін төмендеп, одан əрі қарай ылғалдығы
жоғарылағанмен, оның тығыздығының өзгеруі тоқтайды. Бұл оның
құрамындағы органикалық заттардың бөртуіне керекті судың өсуіне
жəне олардың бөрту шегіне байланысты.
Егер дəннің температурасы өссе, онда оның тығыздығы төмендейді.
Астықты ұн тарту алдында сулап дайындағанда оның көлемі өседі де,
оның тығыздығы біраз төмендейді. Бірақ оның ішкі құрылыстарында
елеулі өзгеріс болмайды.
Астық дəндерінің тығыздығы мынадай:
Бидай 1,33-1,530
Қарабидай 1,260-1,420
Жүгері 1,240-1,250
Арпа 1,230-1,280
Сұлы 1,130
Қарақұмық 1,220-1,320
Бұршақ 1,350-1,440
Күнбағыс 0,720-0,750
Дəннің тығыздығын оның бөртуіне əсер етпейтін белгілі спирт, май,
керосин, толуол, ксилол сияқты сұйық заттарды градуирленген жіңішке
əйнек цилиндрге құйып, Казинцевтің аспабымен немесе пикнометр
арқылы өлшейді.
Достарыңызбен бөлісу: