102
1000 дəннің массасын,
астықты тазалағаннан соң, одан орташа сына-
ма алып, тегіс жерге жақсылап араластырып, жаймалап,
төрт бұрышты
жасап, оның қисық сызығы бойынша төрт үш бұрышқа бөледі де, əр үш
бұрыштан кез келген 250 дəннен санап алады. Сонан соң екі қарама-
қарсы жатқан екі үшбұрыштан алынған 500 дəнді қосып өлшейді. Егер
осы екі 500 дəннен тұратын өлшемдердің арасындағы айырмашылығы
5%-дан аспаса,
оларды қосып,
100
100
ȼ Ⱥ
ɚ
формуласы арқылы 1000 дəннің құрғақ затқа шаққандағы массасын та-
бады.
Мұнда, А – 1000 дəннің, ылғалдықсыз массасы, г;
В – ылғалдығы,%;
1000 дəнді санауды жеңілдету үшін: СР – 100 – ұшында 100 дəн
орналасатын тесіктері
бар электрлік шаңсорғыш, екіншісі – электрлік
мотордың орнына суды пайдаланатын сорғыш, үшіншісі – электронды
санағыш қолданылады.
1000 дəннің массасы əр дақылдың
ерекшеліктеріне байланысты
əртүрлі болады. Мысалы, Қазақстанда бидайдың құрғақ затқа шаққандағы
1000 дəннің массасы 30-47 г дейін өзгереді. Ол өзгерістер жердің
құнарлылығына, ауа райының қолайлылығына жəне агротехникалық
шаралардың қолданылу дəрежесіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: