Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қаламгер жазушы болу бақытын қалай түсіндіреді?
2. Ал қазақ жазушысы болу бақытының артықшылығы неде?
3. Екінші мәтіндегі жазушыға, жазушы бақытына берілген баға қалай?
4. Жазушыға қажет қандай қасиеттерді айтады, оны қалай дәлелдейді?
5. Екі мәтіннің ерекшелігін ашыңыздар.
6. Мәтіндер стилін анықтаңыздар.
Шешендік сөздегі әдеби-эстетикалық ғибрат
Шешендік сөздердің мақсатміндеттерінің қатарына елді басқару
ісінде, саяси дипломатияда қолдану, қоғамдық орындарда, жиын
жиналыстарда сөйлеу сияқты негізгілерін алдық. Бұндай шешендік
сөздердің лексикаграмматикалық, стилистикалық, әдеби, сая си,
қоғамдық өзгешеліктерімен бірге атқаратын қызметтері де түрлі
болады.
Шешендік сөздердің қызмет, міндеттерінің бірі ретінде рухани
мәнін де айтуға болады. Сөздің эстетикалық, тәрбиелік маңызының
да қажеттігі ескеріледі.
Сөз – қай ғасырда болсын тәрбие құралы. Шешендік сөз
қоғамдағы келеңсіздікті сынап, топ алдына шығара айта алатын
тәрбиелік қызметімен де ерекше. Кез келген шешендік сөз бір ұлт,
ел, көпшілік сөзін сөйлеп немесе белгілі бір топ мақсатмүддесіне
қарай құралады. Ұлтты, халықты, топты біріктіру үшін ортақ идео
логия керек. Идея көпшілік үшін құрылғанда көбінекөп болашақ
ізгі мұраттарды жүзеге асыру үшін жасалады. Осы тұрғыдан
алғанда шешендік сөздер ынтымақ, бірлік, достыққа ұйытушы
болса, ортақ мақсатқа кісілікке бағыттауда тек сыйластық, кішілік,
адалдық сияқты адамгершілік қасиеттер басты назарға алынады.
Шешендік сөздегі көркемдік құралдардың мол қолдануы, ойдың
көркем болуымен бірге, тыңдаушыға эмоциялық әсерлі екендігін
де ескеріледі. Көркем сөз, кестелі ой айтушы – тыңдаушы ара
сына этикалық қатынас орнатары сөзсіз. Әрі қазақтың шешен
дік өнерінде кездесер тәлімі мол, үйретері көп ғибраттар – бүгінгі
күні де тәрбие құралы.
Шешендік сөздің мәнмаңызын нақыл сөздер мен мақал
мәтелдерден де анық танимыз. Даудамай үстінде бірлік, ынты
163
маққа шақырған, ұрыс, қақтығыс кезінде бітімге тартқан сөздер ел
есінде сақталып, адамгершілік пен ізгілік жолы болып қалыптасты.
Кейінге ұрпаққа мұра болып қалған тағылымды сөздер тәрбиенің
бай тәжірибесін, елдің салтсана, дәстүр, жолжобасын туғызды.
Бұның өзі халықтың қоғамдық ортада қалыптасқан заң нормала
ры мен ұстанымдары болып есептеледі.
Қазақ шешендерінің сөздеріндегі:
1. Атадан ұл туса игі еді
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын
Өзі біліп тұрса игі
Жаудан бұққан нешені,
Ортасынан қуса игі...
(Төле би)
2. Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма –
Өскеніңді өшірерсің...
(Қазыбек би)
3. Бай болсаң,
Халыққа пайдаң тисін.
Батыр болсаң,
Жауға найзаң тисін.
Бай болып,
Елге пайдаң тимесе,
Батыр болып,
Жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін
(Әйтеке би).
4. Бір сөз айтсаң жақсыға,
164
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға
Өмірінде ұқпайды
Надандықтың белгісі,
Өзінөзі мақтайды
Көкірегі соқырға,
Өмірде таң атпайды.
Шешеннің сөзі шын асыл,
Қап түбінде жатпайды
(Жанқұтты шешен).
Шешендік сөздердің қайқайсысын оқысақ та, табарымыз –
биік мораль талаптары: ата жолын ардақтау, ел намысын қорғау,
сөз асылын қастерлеу, үлкенді сыйлау, ізгілік қасиеттерді бойға
жинау т.б.
Шешендік сөздердің есте жақсы сақталуы оның ұйқаспен ай
тылуы, үндестік, құрылымындағы тұтастық сияқты белгілерімен
байланысты. Ұйқаспен, өлең болып құйылып келетін шешендік
сөздер ғибрат ретінде ойға қонса, жыр сүйер халыққа өнер туын
дысы ретінде де бағалы.
148-жаттығу
Төрт бөлменің отызқырық кісідей көп жан сиған ең үлкен
бөлмесінің төріне «Абай баласы» деп Мағашты, «інісі» деп
Кәкітайды шығарған. Осы жиынның ішкі жайын жақсы білген
Шұбарды, Әзімбайды алғызыпты. Олар да төрден, Мағаштың
қасына орналасқан. Осыларға тақау отырған Серке мен Бегеш –
Уақ пен Керейдің сөзуар орамды адамдары, Мағашқа қарап оты
рып, кезектеп, бір сөз бастады.
Аздан соң Мағаш пен Кәкітайдың анық аңдағаны, бұлар
Абайдың басынан кешкен былтырғы ауыр жайды сөз етеді екен.
Мағаш пен Кәкітай өздері жүрген ортада көп естімейтін айшықты,
кестелі сөз әуелі Бегештен шықты.
– Біз Абайдың жайын, асылымыз, ардақтымыз Абай ағаның
165
жайын сөз етпекпіз.
Абайға бала, бізге іні жас бауырлар, сендердің осы отырған
үшеутөртеуіңнің ортаңа тастағалы отырған осы топтың бір
түйіні бар, шырақтар! Сендер арқылы Абай мырзаға біз сәлем
жолдағалы отырмыз. Біз дегенміз кім? Міне, айнала көз салыңдар
да көріңдерші! Мұнда Арғын ағадан Қаракесек жақсысы бар.
Ойдағы, қырдағы Керей атаң баласы бар. Өрдегі, ылдидағы Най
ман азаматы да бас қосып отыр. Дәл қастарында отырған Серке мы
нау. Осы қасиетті дастарқанына, біздің басымызды құрап отырған
Білеубай қажы болсын, кімдер бұлар? Көз жеткен мен сөз жеткен
ді болжасаңдар, «исі қазақ» деген осы. Бұл төрт арыстың баласы,
Орта жүздің тізіліп келген тобы деңдер! – деп өз жиындарының
жөнін ұғындырып айта келіп, енді Абай жөніне ауысқанда, анық
судырған шешен сөзіне көшті.
– Кім еді Абай, ол Тобықтының ғана Абайы ма еді? Жоқ, исі
Орта жүзден орасан, ойқастан озған жүйрігім болатын! – деп келіп,
тағы бір Абайды көтере атаған тұсында «ол кім еді?» – деп өзі
сұрап барды да тақпақтай жөнелді.
– Ол қоңыраулы бұйра нарыдай, көпке пайда көп еткен
көктемдегі жауындай жақсымыз болатын! – дегенде тағы осын
дай құрмет, мадақтау сөзді Серке де іле жөнелді.
– Тілі бұлбұл, аяғы дүлдүл дейтініміз Абай еді! – деп Серке енді
бір кезек сөзді мақсатқа қарай бұра тартады.
– Көштің байсал тапқаны, көкорайға қонғаны, даудың бай
сал тапқаны төрешіге барғаны! – деп, құба жондатып, айтқалы
отырған жайларын тұспалдап өтті. Тағы да Абайдың қасиетіне
мақтай айтып орағытып келді.
– Отқа салып ерітсең де, алтын, сірә, жез болмас, аяққа шұлғау
қылсаң да асыл жібек бөз болмас! Біз Абайдың қасиетін қор етер
жайымыз жоқ! – деп бір тоқтай берді.
Сол кезде Айтқазы да ой қырдың қалың топ елінің аңғарын та
нытып, Абай бейнет көрсе де, халқының қамқоры екенін атап кет
ті. Халық қамын жеген жақсымның жолы оңай болмайды. Ер ба
сына ол қымбатқа түсетін ауар салмақ екенін шешендікпен қоса
ақылды сөйлеп келіп, өзінше бір ойлы түйін тастады.
– Қорғасындай толқып балқысаң, бейнет көріп алқынсаң,
166
мақсатты тура табарсың! – дегендей, Абай өзі үшін емес, ел үшін
іздену мен қиналуда еді. Оның түскен оты ел қамының оты еді! –
деп енді өзгелер айтпаған тағы бір жайды орай келген.
Осындай әр елдің тобын бірбір адам жиын мақсатын айтып
өткен соң, алғашқы сөзді бастаған Бегеш қайта кеп, алғаш атаған
түйінге оралды. Мағашқа тағы да бұрыла түсті.
– Жасың жас болғанмен «жастық жалын, кәрілік күл» деген,
Мағаш шырақ. Қырғында қылау салмай ой табатын жол табатын
да жас болады. Самарқанды сапырып жүрсек те, кәрінің келіп
тоқтайтыны жас жүректің байлауы болады. Біз сенен үміт етеміз.
Айтарымыз – мынау өзге екі жүздің адамымен бетпебет кезде
сек, Абайдың жайынан жүзіміз ұялатын болады. Біз, Ұлы жүз,
Кіші жүз баласына, жалғыз бір жақсымызды жарақаттап оты
рып, не деп тура аламыз. Абай мырза біздің бір сәлемімізді қабыл
алсын! Тарғыл тастың тағыларын – жуасатын да күшқұдірет
бар! Айыпкерді аяғына жығамыз. Тентекті түзеп жолға саламыз.
Осы ниетімізге «құп» деген сөзін күтеміз. Бізге жоқшым болып,
«іздеріңді іздей бер» деген рұқсатын әперіңдер. Мағаш, Кәкітай,
Шұбар, Әзімбай мырзалар – бәріңе мына жиынның айтары осы!
Алдыңа далбай тастап, шырғаладық. Жауаптарыңды бүгін бересің
бе, ертең бересің бе, тобымыз ішінен бірекі кісіні таңдап алыңдар
да айтып беріңдер! – деген.
(М. Әуезов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Ол кім еді?» Абайға баға берерде Бегеш шешеннің бұл тіркесті
қолдану мәні неде деп ойлайсыздар?
2. Абайға баға берердегі шешен, ақындар тілінің стилін анықтаңыздар.
3. «Қорғасындай толқып балқысаң, бейнет көріп алқынсаң мақсатты
тура табарсың! – дегендей, Абай өзі үшін емес, ел үшін іздену мен қиналуда
еді. Оның түскен оты ел қамының оты еді!» Сөйлемдерді таратып айтып
көріңіздер.
4. Әр шешен сөзінде, Абайға баға берерде қандай тәлімтәрбиелік мән
бар?
167
149-жаттығу.
Әрине, жақындық пен достық та оңайлыққа түсе бермейді.
Оралымсыз жол жоқ, бұрылыссыз арна жоқ. Бірде бәсең тар
тып салы қайтқан көңіл, енді бірде қайнаған судай тасып төгілді.
Қайрағанда бақытсыз сияқты сезінсең, қуанышың бақыттығыңдай
көрінеді. Соның бәрі де адам сезімінің әр алуан құбылыстарына
себепші кейде «бір атым насыбайдан» өкпелесіп жүремін. Кей
де аңғалдаған кездерің болады. Сорайсыз, қолайсыз қимылдаған
кездерің болады. Соның бәрі ұғыспай қалуға себепші. Ал кейде
достардың, туыстардың арасына ақ тікен болып шығатындар да
кездесе бермей ме? Арзан күліп, жалған сөйлейтін, екі жақынның
татулығын қызғанатын, андастыруға, айыруға себеп тапқыштар
аз ба? Игі істер үшін қызбайтын қаны суық, жаны қараңғылар
өсекөтірікке, біреулерді шағыстыруға келгенде жылан биле
гендей билемей ме? Осындай себептермен Мұхаң екеуіміздің
ұғыспай қалып, жұғыспай кеткен кездеріміз де аз емес. Бірақ үлкен
достығымыздың оты қандай тұман қоршаса да көрінбей қалған
емес. Әсіресе, бұл достықтың маған бергені өте көп.
«Қарашы, әне, Омарханұлы Мұхтарға,
Емендер ғана осылай өсіп шықпай ма?
Айта қойшы, өзің, білмейтін оны жұрт бар ма?
Тимесін көзің, тек, жаным оған сұқтанба.
Қызығып қара, қызғанбай қара сұқтанба!
Не пайда, саған, сұқтанып оны жыққанда?
Болмасаң өзің, бола алмадым деп жата бер,
Біреуді соғып, біреуді жығып шықса алға!» – деп мен Мұхаң
туралы айттым.
Мен бұл ойды оның тірлігіне де тынбай айтқанмын...
(Ә. Тәжібаев)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәтінде адам жан дүниесінің қандай шақтағы күйі суреттелген?
2. Мәтін басындағы «Әрине» сөзінің қолдануы себебі неде?
3. Мәтіндерде кездесетін тағы да қандай оқшау сөздерді білесіздер?
168
V бөлім. Ұлттық шешендік өнер
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің
ерекшеліктері
Шешендік өнер барлық халықтарда бар. Соның ішінде ғылым
ретінде, жеке сала ретінде қалыптасуға негіз болған Ежелгі
Греция, Ежелгі Рим, Ежелгі Үнді, Көне Қытай жазбалары мол
сақталған. Қазақ әдебиеті, мәдениеті көшпелі тұрмысқа байла
нысты ауызша жеткеніне қарай шешендік өнер де ауызша таралып
дамыған. Қазақ шешендерінің сөздері де ауызекі айтылып, ауызша
таралған, қағазда емес, халық есінде сақталған. Сондықтан кейінгі
ұрпаққа түрлі нұсқада жеткендері де бар. Ұмыт қалған, әр дәуір,
жылдардағы түрлі саяси әлеуметтік өзгерістерге қарай жоғалып,
түрлі себептермен жоғалған сөз үлгілері де аз емес.
Қазақ даласына саяхат жасаған ғалымдар, саяхатшылар қазақ
тілі, мәдениетінің тереңдігі мен сансалалығына таңдай қағып,
таңданып, таным шексіздігін мойындаған жазбалар да аз емес.
Қазақ халқында шешендік өнердің дамуы елдің саяси өмірімен
байланысты. Ел басқарған ханның емес, халық сөз ұстаған бидің
жыраудың айтқанына құлақ қойған. Дала демократиясының
осындай би, шешенді тыңдайтын әдеті халық пен билікті
жалғастырушысы, бишешенді мойындаған, құрмет тұтқан.
Ел ішіндегі дау, жанжал, ұрыс, қақтығысының барлығы би,
шешендердің бір ауыз сөзімен шешіліп, жол тауып отырған.
Қазақ халқындағы шешендік сөздерді:
– ел ішіндегі даудамай, жанжал, т.б. реттейтін;
– билік, төрелік айтатын, заң шығаратын;
– ұлттық санасезім, рухани байлық негіздерін қалыптастыратын
сөздер деп топтауға болады.
Рулық қоғамның, шаруашылық, тұрмыстың дәстүрлі қалыптары
әр ру, тайпаның өз мүддесі, өз мақсатын қорғауына жол берді. Осы
тұста әр рудың бишешендерінің білігі мен дарыны, таланты мен
талғамы жарысқа түсті. Сондайақ ол дәстүрдегі өлеңжыр, ойын
сауықпен өтетін мереке, жиын тойлардағы айтыс, сөз қақтығысы
ретінде де халықтың зейін қоя тыңдап, ауызданауызға тарайтын
169
жырлары болды. Бірақ халықта ру, тайпа билеген шешен, билер
айтысқа түспеген. Бұл оның ел бітімін шешер мәртебесіне сай келе
бермейтін жол болып есептелетін. Осыданақ бишешен беделі
арқылы сөз қадірі де арта түсті. Тек дау, бітім сөздерді шешуге
қатысқан. Бұның өзі оның бақбеделін көтеріп, ел мен билік ара
сына сыйластықты, құрметті қалыптастырды. «Би айтатын сөзді
құл да айтады, бірақ аузында дауасы жоқ» дейтін халық билікті де
тыңдайтын адамнан тыңдайды. Жаны таза, ойы сергек, көңілі адал
болуын қалайды. Әрі билік айтар, шешендік сөз қалдырар адамның
ататек шыққан ортасына қарайды. Сол себепті де қазақ халқының
шешендік өнерінің ерекшелігі де сонда – билік айту да атадан
балаға мұра болып қалып отырады. Ата сөзін ұстар ұрпақ болма
са, өзіне жақын рулас, аталас елден зерделі жасқа, зейінді ұрпаққа
табыстап, аманаттап кетеді. Осындай дәстүрлер елдің сөзді биік
қойып, қадірлеуін арттырады. Бишешен сөзі екі айтылмайтын.
Шешім берілсе, тек орындалатын, нақтылығымен, қайталанбас,
көптің талқысына түспес қаталдығымен де ықпалды болды. Осы
арқылы бишешен беделі көтерілді. Бишешен бақбеделімен бірге
айтар сөзінің жерде қалмайтындай заңдылығына негіз болды.
Ел аңыздары мен кейінгі жұртқа жеткен үлгілі сөздерінен
қазақтың шешендік сөздері Әз Жәнібек жан тұсынан бастап ай
тылады. Тәуке ханның тұсында қазақтың алғашқы «Жеті жарғы»
әдетғұрып, қарымқатынас заңы жазылған. Ауыл арасы мен ру
арасындағы жанжал, даудамайды жұрт жиналатын астой, кейін
нен жәрмеңкелер бишешендер сынасатын (күнде кеңес құратын)
«Күлтөбелер» сөз өнеріне шыңдайтын мектеп те болды. Бише
шендерге көрсететін халық құрметі талапты жастарды сөз өнерін
үйренуге ынта қойғызды.
Қазақ халқы үшін аузы дуалы бишешендердің орны ерекше.
Оның басты себебі қоғамдық құрылымға қатысты. Жұрт ішіндегі
істің барлығы ата жолы, ұлт әдеті бойынша атқарылатын рулық
қоғамдағы тұрмыстық, шаруашылық тізгіні ел ағасының, ауыл
ақсақалының қолында болды. Көптің ісі көсемнің бір ауыз сөзінен
шешілген жерде сөздің де сөзі керек екені белгілі. Бишешеннің
де атабаба, әке, қарындас, туғантуысының қала берді ауылдас,
170
руласының да ел жолын, халық дәстүрін қадірлей алуы сарапқа
салынады. Осыданақ тәлім, тәрбиенің түптөркінін тереңнен
тартқан қазақтың рухани адамгершілік қасиеттерді жоғары қойған
қоғамдық санасын да танимыз. Шешен деген сөздің өзі қазақ үшін
жеке дара, екінің біріне қона бермейтін қасиет болып саналған.
Тілге шешен, сөзге ұста:
– ойы кемел, ақылы мол;
– өнегелі де парасатты;
– әділ шешіп, адал таразылайтын;
– ел дәстүрін, жұрт әдетін құрмет ететін дана адамдар ғана
билік айтып, дау шешкен. Сондықтан да «Тура биде туған жоқ,
туғанды биде иман жоқ» деген мақал қалған.
Қазақ тарихында ел бірлігін, жұрт тыныштығын сақтаған би
лер аз емес. Солардың ішінде Төле би Әлібекұлын (1663 – 1756),
Қазыбек би Келдібекұлын (1667– 1764), Әйтеке би Бәйбекұлы
(1644 – 1700) білмейтін қазақ кемдекем.
Үш бидің ел алдындағы еңбегі ру арасында, жұрт ішінде
гі даудамайды шешуден гөрі, қазақ халқының басын біріктіру,
жұрт іргесін нығайту, әдетғұрып заңдарын жасау сияқты ірі іс
терімен белгілі.
Қазіргі тілімізде «би», «шешен» сөздерінің мағынасын бір
түсінікпен алу қалыптасқан.
Би – даужанжалға билік айтушы.
Шешен – сөзге шебер, тілге жүйрік адам.
Қазақ тіліндегі ортақ мағынаға көшуі ел ішіндегі даужан
жалды шешетін би болу үшін сөзді қиыннан қиыстырып тауып
сөйлейтін, ойын шебер жеткізетін қасиет қажет. Сөз өнерін өнер
атаулының ең бастысы санаған қазақ билік айтушының сөзге ше
бер, ойы қисынды, топты ұйыта алар шешен болуын талап еткен.
Шешендік сөз билеу, басқару құралы болғандықтан, қазақ шешен
дік сөзі – көркем де кестелі. Билік, төрелік тәрбие, өмір жайындағы
түсінік, тіршілік мәні, бір сөзбен айтқанда идеологиялықтәрбиелік
ісәрекеттердің, оқуағартудың, заң мен ғылымның, ел басқару
істерінің құралы болды.
171
Қазақ шешендік сөздері
Мазмұнына қарай
Құрылысына қарай
Шешендік
арнау
Шешендік
толғау
Шешендік
дау
Термелі
сөздер
Пернелі
сөз
Адамдар
арасындағы
түрлі
қоғамдық
тұрмыстық
қарым
қатынасқа
арналатын
сөздер.
Халықтың
философиялық
көзқарасын
ашатын
сөздер.
Қоғамдық,
саяси,
әлеуметтік,
рухани
мәселелерді
қолданылатын
сөздер.
Ұйқаспен
айтылатын
сөздер.
Көркем
қара
сөзбен
айтылатын
сөздер.
Қазақ шешендік сөздерінің ерекшеліктері:
– қазақ шешендік сөздері ауызша айтылып, ауызша таралған;
– шешендік сөздің көркем де бейнелі, мағынасы терең;
– шешен жайында немесе өткен жайында неғұрлым нақты
түсінік беріледі;
– түсінік бөлігін жеткізушілер кейіпкерлерді мақсат, мүдде
леріне қарай өзгертіп, сондықтан бір сөздің бірнеше шешенге
қатысты болады;
– шешендік өнер халықтың сипаты.
150-жаттығу.
Кенжалы шешен
Кенжалының бір жақын қарындасын Сасан би өз інісіне
әперіпті. Қарындасы жүректі екен. Барған жерінде жер үшін
болған қақтығысқа қатысады. Осында екінші жақтың бір адамы
жас келіншектің бұрымын кесіп әкетіпті.
– Бұрымыңды қай жерде кесті, үйде ме, далада ма, әлде соғыста
ма? – деп сұрайды Сасан би келіннен.
– Соғыста кесті.
172
– Онда билігін өз ағаң – Кенжалы айтсын, соған бар, – депті,
бір жағы Кенжалыны сынамақ болған Сасан би.
Бұрымын кескен жігітті ертіп келіп, төрелігін сұраған қарын
дасына Кенжалы да:
– Бұрымыңды қай жерде кесті, үйде ме, далада ма, соғыста ма?
– деп сұрайды.
– Соғыста кесті.
– Онда оның жеңіл. Егер үйде кессе, жарты құныңды, дала
да жай уақытта кессе лақты ешкі айып төлетер едім. Соғыста
бұрымың түгіл басыңды да кеседі. Сондықтан бұрымыңның құны
– айна, тарақ сабын: Айнаға қара, сабынмен жу, тарақпен тара.
Сонда шашың тез жетіледі, – депті Кенжалы қарындасына. Сонда
әділдігін естіген Сасан би Кенжалыға қатты риза болыпты.
***
Бір ауру үйіне бақсы алдырып емделмекші болады. Бақсы ау
руды қарап жатқанда атын қасқыр жеп кетіпті. Бақсы ауру адамға
атымның құнын төле деп отырып алыпты. Үй иесі бақсыны ертіп
Кенжалыға келеді. Сонда Кенжалы тұрып бақсыға:
– Атыңның басы – он екі қой. Төрт қойын өзің төле – ақы ал
ғалы бардың. Төрт қойды қасқыр төлейді, төрт қойды науқас адам
төлейді, деген екен. Сөзден тосылған бақсы төрт қойды айдап
үйіне жаяу қайтыпты.
***
Жылқыларын барымтаға алдырған бір әлсіз ауыл еліндегі бір
пысығын Кенжалыға жіберіпті. Ол есіктен кіре бере:
– Ассалаумағалейкум, алдияр, естіген құлақ – екеу, – депті де
тұрып қалыпты.
Кенжалы оған:
– Уағалейкум, батырым, көрген көз – үшеу, қайта бер, – депті.
Сонымен келген шаруасын бітірген кісі еліне қайта бет алыпты.
Жолда қасына ерген серіктері, не болғанын ұқпай қалған болса ке
рек, бұл кері қайттық деп түсіндіріпті.
(«Ел аузынан»).
173
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Үш әңгімені салыстырып, Кенжалы шешен берген биліктерге сипат
тама беріңіздер.
2. Кенжалы шешенге мінездеме жасаңыздар.
3. «Естіген құлақ – екеу. Көрген көз – үшеу» бұл жұмбақты қалай ше
шесіздер?
151-жаттығу.
Ел аузындағы екі сөз
Жетек деген көрегенге жолыққан шұбартаулық ақылгөй Бай
қотан:
– Қияннан асқан бар ма, арқардың ізін басқан бар ма, Ұлытауға
шыққан бар ма, ұлардың үнін ұққан бар ма? Соны іздеп келемін, –
депті.
Сонда Жетек:
– Е, сенің іздегенің менің іздегенімнен де қиын екен. Мен адам
– адам болса екен, ардан безбесе екен, намыстан қашпаса екен,
ерлікке бастаса екен, елдің шырқын бұзбаса екен, сөз тыңдаусыз
болмаса екен деп, соны іздеп барам. Бұрынғылар айтқан екен,
дүниеде орны толмас үш жетім бар: «Ел басшысыз болса, жер
жаңбырсыз болса, сөз тыңдаусыз болса жетімсіз» деп. Менің бара
жатқаным да сол, – депті.
***
Қаз дауысты Қазыбек: «Байқотанға сәлем айт, жерінде тобылғы
көп деп еді, соның ішінен қамшыма сап боларлық тобылғы беріп
жіберсін», – деп кісі салыпты, Байқотан бір тұтам тобылғының
сыртқы сұрғылт түгін қырып, жақсылап майлап, шоққа қыздырып,
қыпқызыл етіп, қағазға орап, шәйі орамалға түйіп, келген кісінің
қолына берсе, анау аларалмасын білмей көп тұрыпты. Сонда
Байқотан оған: «Жетелі құл арытпас, жетексіз құл жарытпас» де
ген. Қазының менен сұрағаны – осы. Жоғалтпай алып барып, та
174
быс ет», – депті. Түйіншекті Қазының қолына табыс еткенде, ол
түйіншекті шешіп, ішінде жатқан бір тұтам қыпқызыл тобылғыны
көріп: «Ішегін ішіне тартып тұрғанын қарашы, «жүзден – жүйрік,
мыңнан – тұлпар» деген, шіркін тұлпар болып туған, жұмбағының
түйінін өзіне айтқызалық, қашық демесін Байқотан», – деп
Қазыбек кісі жіберіпті.
Нөкер жасап, салтанатпен келген Байқотан: «Азғынды қуып
тозғанға жолықпа, туыс іздеп достан кетпе, тауға шығып айғайлама,
ойда тұрып бақырма, жүнің қызыл, түгің аз, қызығарлық дұшпан
көп, бас аяғың бір тұтам, басқара біл тұтамдап. Айбар шекпе алыс
тан, күшің қайтар қарысқан, түртіп қалып оятпа, үңгірде жатқан
арыстан, қал үзіп, сіңір шығарар, байқамай қалып алыссаң! Мұз
төсеніп, қар жастан, қалыспаған алыстан, ойға мініп, сабырды ту
ет», – дегенім еді депті («Ел аузынан»).
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Алғашқы әңгімедегі Байқотан жұмбағын шешіңіздер.
2. Екінші әңгімеде Байқотан шешуінен адам бойында қандай мінез
болғанын қалайды?
3. «Мұз төсеніп қар жастан, қалыспаған алыста, ойға мініп, сабырды ту
ет» дегені не?
152-жаттығу. Берілген тақырыптарға әңгіме құрастыры ңыздар.
1. «Шешеннің сөзі – мерген, шебердің – көзі мерген» (мақал)
2. «Шебердің қолы ортақ , шешеннің сөзі ортақ» (мақал)
Достарыңызбен бөлісу: |