Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет250/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya
Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.10-апта,10-зертханалық жұмыс тапсырмасы, №2-3 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ (1), КАК ГОВОРИЛА МОЯ АЖЕКА, kniga molek, kniga molek, kniga molek, 7 апта практикалық тапсырма Маргулан Нургүл, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya, Саясаттанудың функциялары, тарих семинар3, Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы, macro sabak, Бимаканова зылыйха шахметовна
Шабдалының ақ ұнтағы. Ауру қоздырғышы – Sphaerotheca pannosa Lev. f.persicae Woronich. саңырауқұлағы (166-сурет). Жіп- шумақ залалданған мүшенің бетінде дамиды. Конидиялары бір клеткалы, пішіні сопақша, жаз бойы бірнеше ұрпақ беріп, кейін жіпшумақ бетінде пішіні шар тəрізді, түссіз, қысқа, қарапайым қо- сымшалары бар бір қалталы клейстотецийлер түзіледі. Қалтада 8 аскоспора болады.


166-сурет. Ақ ұнтақ

Саңырауқұлақ жіпше түрінде залалданған өркендерде қыстап, көктемде жіпшумақта конидиялар түзіліп, алғаш жас жапырақтар- ды залалдап, кейін өркен мен жемістерге көшеді. Ауруға шалдыққан өркендер қурайды.


Өсімдіктің жапырағы, жемісі, өркендері залалданады. Кеселдің белгілері жаздың бастапқы кезеңінде білінеді. Жапырақтар мен өркендерде ақ ұнтақ өңез түзіліп, кейін түсі сұрғылттанады. Жа- пырақтардың шеті бетіне қарай «қайықша» тəрізді қайырылып, астыңғы бетінде мол ақ өңез пайда болады. Қатты залалданған жапырақтар түсіп қалады.
Ауруға шалдыққан жас жемістер бетінде мол өңез түзіліп, олар жетілмей қурап, мезгілінен бұрын түседі, ал жетілген жемістердің қабығы жарылып, шіриді. Залалданған өркендердің ұшы жаздың соңында киізді өңезбен жабылып, саңырауқұлақтың конидиялы спора тасушылары түзіледі.
Цитоспороз. Ауру қоздырғышы – Cytospora туысының C. ru- bescens Fr., C. leucostoma Fr. жəне т.б. саңырауқұлақтары (167-су- рет). Бұл саңырауқұлақтармен барлық жеміс ағаштары, бұталар за- лалданады. Кесел жеміс ағаштарының ішінде сүйекті жемістілерге аса зиян келтіреді. Қоздырғыш негізінен ұсақ, бір клеткалы кони- диялар арқылы көбейеді. Олар жаңбыр тамшылары, насекомдар арқылы таралады. Ылғалды ауа райында ағаштың тынышталған кезеңінде, яғни күзде жəне көктемде споралар шашырап жаңа өсім- діктерді залалдайды. Əртүрлі жағдайлардан əлсіреген ағаштар жаз бойы залалдануы мүмкін. Кеселдің дамуының қолайлы темпе- ратурасы 21-25°С. Ауру бұтақтар байланған жеміс салмағынан, жел əсерінен оңай сынады. Қолайсыз жағдайдан əлсіреген ағаштар ци- тоспорозға тез шалдығады. Жіпшелер мен конидиялар өсімдіктің ауру бөліктерінде қыстайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет