Протомицет қатары (Protomycetales)
Бұл қатардың саңырауқұлақтары жабайы өсімдіктердің ауруын қоздырады. Жіпшумақ клетка аралығында таралып, шар немесе сопақтау келген тегіс қабықты хламидоспоралар түзеді. Олар қыс- тап шығып, көктемде қалтамен қалтаспоралар түзіп өсімдікті за- лалдайды. Залалданған ұлпалар ісініп сабақта, сағақта, жүйкелерде бұлтықтар пайда болады.
Эуаскомицеттер (жеміс қалталылар) класс тармағы
(Euascomycetidae)
Қалталы саңырауқұлақтардың ең үлкен тобы. Қалталар жеміс дене ішінде түзіледі. Конидиялардың ауруды таратуда маңызы зор. Қалталы саңырауқұлақтарда 3 түрлі жеміс дене – клейстотеций, перитеций, апотеций түзіледі (24-сурет).
1 2 3
24-сурет. 1 – клейстотеций, 2 – перитеций, 3 – апотеций
Клейстотецийлер жіпшумақ үстінде түзіледі. Оның ішінде қал- талар ретсіз немесе топтанып орналасады. Клейстотецийдің қабығы жарылған соң аскоспоралар пассивті босайды.
Перитеций ішінде аскілер негізінен шоқтанып орналасады. Пе- ритецийден аскоспоралар саңлауы арқылы активті босайды, ал кей- бір түрлерінде аскоспоралар шырыштанып шығады.
Апотеций – ашық жеміс дене, оның ішкі жағында аскі мен парафизден тұратын гимениалды қабат болады. Аскоспоралар ак- тивті босап шығады.
Жеміс дененің типі, аскілердің орналасуы жəне олардың боса- нып шығуы бойынша жеміс қалталылар – плектомицеттер (Plectomycetidae), пиреномицеттер (Pyrenomyceti-dae), дискоми- цеттер (Discomycetidae) 3 қатар тобына бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |