Оқулық. Алматы, 518 бет


Дерттенуі.  Құстың денесіне енген вирус қанға  ө т і і і



Pdf көрінісі
бет368/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Дерттенуі. 
Құстың денесіне енген вирус қанға 
ө т і і і

лейкоциттер арқылы 
лимфоидты мүшелерге (фабрициус қапшығы, көкбауыр, гимус, жүтқыншақ 
бездері, бүйен) жетіп, көбейеді. Вирус шоғырланған лимфоидты қабыну 
ошақтарында, бүйрек түтікшелерінің эпителийінде, әсіресе қауырсын фолли- 
кулаларында тез көбейеді. Нэтижесінде ақ қан түйіршіктерінің түрақтанған 
инфекциясы өрбиді.
Өтуі және симптомдары. 
Жасырын кезеңі 14-20 күн. Клиникалық білі- 
нуіне қарай ауру кәдімгі (созылмалы) жэне жіті түрге бөлінеді.
Созылмалы өткенде жүйке жүйесі зақымданып, ауырған құс жүре алмай, 
тэлтіректеп, аяқтары, қанаттары, қүйрығы салданады. Көздің шапыраш қабы- 
ғы сұрғылт тартып, қарашығының пішіні мен мөлшері өзгеріп, тіпті мүлдем 
жоғалып кетуі мүмкін. Нэтижесінде құс жартылай немесе толық соқыр болып 
қалады. Ауырған тауық арықтап, көбінесе 3-5 айлығында өліп қалады. Жалпы 
өлім көрсеткіші 3-5% мөлшерінде, кейде 20-30% -ға жетеді.
Марек ауруының жіті өту негізінен 4-22 апталық қүстарда байқалады. 
Ауру кенеттен білініп, жаппай салдану ретінде жіті өтеді. 5-7 күн ішінде 1-2 
айлық балапандар жаппай ауырады. Өлім бастапқыда онша көп болмайды. 2- 
6 апта өткеннен кейін ішкі ағзалардың лимфоидты ісікке шалдығуы нәтиже- 
сінде құстың өлімі жиілейді. Аурудың негізгі белгілері: күйзелу, жүруінің 
қиындауы, тынысының тарылуы, көздің шапыраш қабығының бозғылт 
тартуы, салдану, дененің сусыздануы жэне арықтау. Көп жағдайда жүқпалы 
бронхит, респираторлық микоплазмоз, колибактериоз, кокцидиоз сияқты 
аурулар қабаттасып, құстың өлімі көбейеді. Әсіресе лейкоздың, қабаттасуы 
шығынды 90%-ға дейін жеткізеді. Марек ауруы мен лейкоздың вирустарының 
өз ара синергизм эсерлестігі бар.
452


Патологоанатомиялық өзгерістер. 
Созылмалы өткен кезде аурудың не- 
і ізгі белгілері ретінде жүйке желісі жуандап, оның түсі өзгеріп, ішкі мүше- 
лерде, негізінен аналық және аталық бездерде, ісік байқалады. Ауру жітІ 
өткенде өлекседе ісік ішкі ағзаларда, теріде, бүлшық еттерде кезігеді. Орта- 
лық жэне шеткері жүйке жүйесі өзгеріске үшырап, зақымданған жүйке жуан- 
дап, ісініп, сары түске енеді. Іш қуысындағы мүщелердегі өзгерістер дәңекер 
ұлпаның пролиферациялық ұлғаюымен сипатталады.
Балау 
індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологоана- 
томиялық өзгерістерді ескере отырып жүргізілген зергханалық (вирусология- 
лық, серологиялық, гистологиялық) зерттеулердің нэтижелеріне негізделеді. 
Негізгі зерттеу эдісі - диффузиялық преципитация реакциясы бойынша та- 
уықтың қауырсын фоликуласында вирус антигенін анықтау болып табылады. 
Қосымша ретінде қолданылатын әдістер: тауық эмбрионына жүқтырып 
қоздырушы вирусты бөліп алу, бір күндік балапандарға биологиялық сынама 
қою, қан сарысуында телімді антиденелерді анықтау, гистологиялық зерттеу. 
Марек ауруын лимфоидты лейкоздан, Ньюкасл ауруынан, түмаудан, гипови- 
таминоздардан, кейбір уланулардан ажырату қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   364   365   366   367   368   369   370   371   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет