Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет365/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Індеттік ерекшеліктері. 
Лейкозбен тауық жиі ауырады, сонымен қатар 
бүл ауруға күрке тауық, мысыр тауығы, қаз, үйрек, қырғауыл, тоты, бөдене, 
тағы басқа құстар шалдығады. Лейкоздың қоздьірушысының бастауы - ауру 
жэне вирус алып жүруші тауықтар. Вирус организмнен негізінен ңэжіспен 
жэне жұмыртқа арқылы бөлінеді, мүрыннан аққан сорада, бөтеке безінің 
секретінде кездеседі. Зарарланған жұмыртқадан шыққан балапанның 80% - 
дайы өмірінің алғашқы күндері-ақ лейкозбен ауырады.
Тауыққа табиғи жағдайда лейкоздың вирусы ауру және еау қүсты бірге 
орналастырғанда ауа арқылы жүғады. Көбінесе 4 айдан асқан құстар, сире- 
гірек 2-3 айлык балапан ауырады.
449


Лейкозға кейбір тауық түқымының линиялары аса бейім. Әсіресе селек- 
циялық жұмыс сыңаржақты, құсты лейкозға төзімділігі бойынща емес, өнім 
беруіне қарап таңдау жүргізілетін шаруашылықта ауру кең тарайды. Күтімі, 
азықтандырылуы нашар, белокты жем өте көп, жарық режимі тым ұзақ 
болғанда құстың лейкозға төзімділігі мейлінше төмен болады.
Дерттенуі. 
Деңеге ауыз немесе ауа арқылы енген вирус қанға өтіп, қан 
түзу ағзалары — бауыр, көкбауыр, сүйек майында орын тебеді. Ол ұзақ уақыт 
бойы онщама белгі бермей сақталуы мүмкін. Құс ррганизмінің төзімділігінің 
эртүрлі жайсыз жағдайлардың эсерінен төмендеген шағында вирустың бел 
сенділігі артып, дерт процесі жайылып, қан түзетін жэне ретикулярлы 
ұлпаларда дербес дерт ошақтары пайда болады. Бұл жетілмеген торшалардың 
қатерлі өзгерістерге ұшырауына экеп соғады. Ісіктің торшалық құрамына 
байланысты лейкоздың лимфоидты, миелоидты, ретрикулоэндоделийлі, эри- 
тробласты түрлері болады. Вирустың эр түрлі штамдары сапалық құрамы 
жағынан эр қйлы ісік түрлерін тудырады.
Өтуі мен симптомдары. 
Лейкоз әдетте созылмалы өтеді. Аурудың екі 
кезеңі болады: жасырың өтетін үзақ жэне өліммен бітетін қысқа клиникалық. 
Клияикалық белгілері өзіне тән емес: бей-жайлық, іші өту, арықгау. Кейде 
қолмен басып бауырдың үлғайғанын, көкірек-құрсақ қуысының суға толға- 
нын сезуге болады.
Эритробластоз кезінде гемоглобин азайып, лимфоидты торшалардың 
саны көбейеді.
Миелоидты лейкоз кезінде қан мен сүйек майында миелобластан бастап, 
псевдоэозинофилге дейінгі торшалардың миелоидты қатары басым болады.
Ретикулоэндотелиозға тэн белгілер: лимфопения, миелоидты қатардың 
торшаларының, моноциттердің, ретикулярлық торшалардың санының көбеюі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет