Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет399/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары. 
Аурудың алдын алу үшін қай-қашанда 
омартада санитариялық реттілікті қатаң сақтап, қүрап-саймандарды таза ұс- 
тап, зарарсыздандырып түру керек. Омартаны жұқпалы аурулардан сау ара 
үяларымен ғана толықтыруға болады.
Ауру шыққан жағдайда омартаға, айналасы 5-7 км алқапты қоса, каран- 
тин қойылады. Барлық ара ұяларын мүқият тексеріп, ауруға шалдыққан ұя- 
ларды жаңа немесе зарарсыздандырылған үйшікке көшіреді. Көшірілген ара- 
ларға қантты 1:1 қатынасында қайнап түрған суға ерітіп, суығаннан кейін 1л 
қант ерітіндісінде 100 мл төмендегі мөлшердегі дэрі ерітінділерінің бірін қо- 
сады. Олар: 1-2 г норсульфазол, 2 г сульфантрол, 2 г сульцимид, 500 ӘБ био- 
мицин немесе стрептомицин, 400 ӨБ неомицин, тетрациклин, эритромицин, 
мономицин немесе канамицин, 350 ӘБ метициклин. Алдын ала қоздырушы- 
ның емдік препаратқа сезімталдығын анықтайды. Бір үяға кешқүрым шырын- 
ды 100-150 мл мөлшерінде 5-7 күн аралатып, аралар түгел жазылғанша береді.
А уру үяның көзгенектерінен балды жеке алып, бөлек сақтайды. Онымен 
араларды қоректендіруге болмайды, ал адамға зияны жоқ. Ауруға шалдыққан 
араның өсін ұрпақтры бар кәрездерді ерітіп балауыз алады да техникалық 
мақсатта пайдаланады, немесе 127°С-та 2 сағат бойы қыздырып, зарарсыздан- 
дырады. Омартаны, оның қүрама бөліктерін, көзгенектерді тазалап, дэнекер- 
лейтін шамның жалынымен немесе дезинфектанттарымен зарарсызандырады. 
Қолданылатын дезинфектанттар: 10% сутегінің қос тотығының ертіндісіне 3% 
сірке немесё қүмырсқа қышқылын қосады (экспозициясы 3 сағат), 5% фор- 
мальдегид жэне 5% күйдіргіш натрийдің жылы ертінділері (экспозитсиясы 
6 сағат). Көзгенек пен басқа ағаш жабдықтарды 2% күйдіргіш натрий немесе 
4% сода-сақар (каспос) ертінділерінде 15 минут қайнатады. Омарта түрған 
жердің топырағын 3 бөлігіне 1 бөлік хлорлы эк қосып, қашап, су қүяды. 
Карантинді келесі жылы, омартаны тексергенде шіріме болмаса, алады.


Европалық шіріме (Европейский гнилец) немесе зілсіз шіріме, ашық өсін 
шірімесі - 4-7 күндік балапан құрттардың жаппай қырылуымен сипатталатын 
бал арасы ұясының жұқпалы ауруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   395   396   397   398   399   400   401   402   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет