Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет53/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Өлтірілген вакциналар
Өлтірілген вакциналарды тиісті ауру қоздыру- 
шы микробтарды эр түрлі әдістермен өлтіру арқылы даярлайды. Ол үшін бак- 
терияларды тығыз немесе сүйық қоректік ортада өсіреді. Биологиялық өндіріс 
орындарында микроорганизмдерді арнаулы танкерлерде өсірудің кең тара- 
уына байланысты көбінде сұйық қоректік орта пайдаланылады. Алынған 
микробтарды өлтіру үшін әдетте формалин, фенол, мертиолат (тиомерсал), 
ацетон, ал кей жағдайда жоғары температура, ультракүлгін сәуле, ультрады- 
быс пайдаланылады. Осыдан келіп 
формолвакцинсі, фенол вакцина,, мертио-
лат вакцина (тиомерсал вакцина), қыздырылган вакцина, дезинтеграция-
ланган (ультрадыбыспен талқандалган) вакцина,
т.т. атаулар пайда болған. 
Осы аталған заттардың ішінде формалиннің әсері ерекше. Ол микробты 
өлтіріп қана қоймай, оның токсиндерінің улық қасиетін бейтараптайды. Фор- 
малинмен„ бейтараптанған токсин 
анатоксин
деп аталады, ол иммуногендік 
қасиетін толық сақтайды. Француз ғалымы Г.Рамон ашқан бұл жаңалық сірес- 
пеге, дифтерияға қарсы вакциналар даярлауға мүмкіндік берді. Мұндай 
вак-
циналар 
анатоксин вакциналар
немесе 
анавакциналар
деп аталады. Олар эр 
түрлі ауруларға қарсы кең қолданылады.
Өлтірілген вакциналар тірі вакциналарға қарағанда иммуногендік қасиеті 
жағынан анағұрлым төмен. Бүл кемшіліктің аз да болса орнын толтыруға 
адъюванттардың
(adjuvare -
көмектесу) көмегі бар. Адъюванттарды да Г. 
Рамон (1925) ұсынған болатын. Бірталай заттар: аллюминий гидрототығы, 
ашудастар (квасцы), өсімдік майлары, ланолин, лецитин, хлорлы кальций ан- 
тигендердің иммуногендік қасиетін арттырады. Адъювантпен араластырылған 
антиген кіргізілген орында қабынған түйірш ік (гранулема) түзіледі, соның
71


нәтижесінде антигеннің организмге сіңуі баяулап, ыдырайтын жэне әсер 
ететін мерзімі ұзарады. Сондықтан мұндай вакциналарды 
деполандырылган
(депо - қойма) деп те атайды. Лимфалық элементтердің молынан шоғырла- 
нуына байланысты қабынған түйіршіктерде антиденелердің 80% дейіні түзі- 
леді. Адъюванттардың мутогендік қасиеті бар. Олардың. әсерінен маңындағы 
жэне алыстағы сөл түйіндерінде, көк бауырда көптеген бүдырмақтар пайда 
болады. Бұл бүдырмақтар - белсендірілген лимфоциттердің шоғыры.
Микроорганизмдердің құрамында көптеген антигендер болады. Ауруға 
қарсы иммунитет пайда болуы үшін олардың барлығының маңызы бірдей 
емес. Тек қана 
протективті
(қорғаушы) деп аталатын антигеыдер ауруға 
қарсы иммунитет тудыра алады. Энтербактериялардың протективті антиген- 
деріне Vi-антиген, ішек таяқшасында К-антиген жатады. Осындай тазар- 
тылған протективті антигеннен даярланған вакциналар 
химиялъщ вакциналар
деп аталады. Мұндай вакциналар организмде жайсыз реакциялар тудырмай- 
ды, ондай препараттардың болашағы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет