тіндісінде 20-30 мин. өледі. Басқа факторларға төзімділігі трихофитияның
қоздырушысымен тақылеттес.
Індеттік ерекшеліктері.
Микроспориямен мысық, ит, жылқы,
терісі
бағалы аңдар, шошқа, тышқан, егеуқұйрық, теңіз тышқаны ауырады. Қолда
(зоопаркте) ұсталған жабайы жануарлардың ауырғаны сипатталған. Сиыр,
қой-ешкі өте сирек ауырады. Микроспория адамға жұғады. Кез келген жаста-
ғы жануарлар ауырады. Бірақ, жас төлдің туған
мезгілінен бастап сезімтал-
дығы аса жоғары болады. Терісі бағалы аңдардың аналығымен бірге бүкіл
ұясы ауырады. Жылқы негізінен 2-7 жас аралығында, шошқа 4 айға дейін жиі
шалдығады.
Ауру жылдың кез келген маусымында байқалады. Сөйтсе де терісі
бағалы
аңдарда көктем мен жазда, жылқыда, ит пен мысықта күз-қыс-көктем
кезінде, шошқада көктем мен күзде жиі байқалады. Ауру негізінен жекелеген
жануарларда кездеседі, кейде індет түрінде (әсіресе, терісі бағалы аңдарда)
қаулайды.
Инфекция қоздырушыысның бастауы - ауырған жануарлар. Індет оша-
ғының
сақталуына әсіресе, үйсіз бұралқы иттер мен мысықтардың қаупі зор.
Олар сонымен қатар, адамға, эсіресе балаларға ауру жүқтыруы мүмкін. Ауру
жануарлар айналасын үстінен түскен жүн талшықтарымен, қабыршақ, қайыз-
ғақтарымен ластайды. Былғанған заттар ауру
қоздырушысының аса қауіпті
тарату факторлары қызметін атқарады.
Жануарларға микроспория ауырғандармен тікелей жанасқанда немесе
тарату факторлары арқылы (құрал-саймандар, жүмыс киімі, төсеніш, көң,
қора-жайдағы заттар) жүғады. Микроспория қоздырушыларының табиғаттағы
қоймасын сақтауда әсіресе,
M.gypseum
саңырауқүлағын алып жүруші кеміру-
шілердің қатысы айтарлықтай.
Достарыңызбен бөлісу: