тай отырып ыдырату үшін әр түрлі препараттар даярлауға болады. Ультра-
дыбыс тек қана сұйық ортада әсер етеді.
Биологиялъщ дезинфекция
микроорганизмдердің тіршілік әрекетін пай-
далануга негізделген. Бұл эдіс экологиялық зиянсыздығы жэне экономикалық
жағынан шығыңсыздығы арқасында өте тиімді болып табылады. Биологиялық
жолмен зарарсыздандыруға көңді жэне өлексені биотермиялық өңдеуден
өткізу жатады. Бұл эдістер жоғарыда қарастырылып кетті. Бұдан басқа биоло-
гиялық дезинфекцияға топырақты табиғи биологиялық эдіспен зарарсыздан-
дыру жатады. Ерте уақыттан бері топырақта ондаған жылдар бойы сақтала-
тын топалаң қоздырушысының спорасын жою эдістері қарастырылып келеді.
Осыған байланысты кейбір өсімдіктер өскен алқапта аталған микробтың спо-
расы жойылып кететіні анықталды. Зерттей келгенде бұршақ тектес өсімдік-
тердің (мысалы, жоңышқа), тамырларының төңірегіндегі (рйзосферасындағы)
микробтардың
В. anthracis
үшін антогонист екені белгілі болды. Бұл антого-
нист микробтардың бөліп шығарған заттары топалаңның қоздырушысына
жойқын әсер етеді.
Соңғы уақытта зерттеушілер (Н.М. Колышев) топырақтағы туберкулез
микобактерияларын осындай биологиялык жолмен зарарсыздандыру әдісте-
рін қарастыруда. Шаруашылықтарды туберкулезден сауықтырған соң, ферма
мен оның маңайындағы территорияны зарарсыздандыру өте бір маңызды
мәселе болып табылады. Мұндай жерде сиыр жоңышқа мен сұлыны аралас-
тырып егіп тастаса, осы өсімдіктердің ризосфералық микрофлорасының тір-
шілік әрекетінің нэтижесінде топырақ туберкулез микобактерияларынан то-
лық зарарсыздандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: