Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет221/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Xenopsula cheopis,
 
үй бүргесі 
Риіех
irriata,
 
суыр бүргесі 
Oropsulla silantievi.
Қазақстан жерінде обаның үш түрақты табиғи ошағы анықталған: далалы 
саршүнақ ошағы, қыратты суыр ошағы, жэне шөлейтті суыр ошағы. Сар- 
шүнақ жайлаған дала ошағы Еділ мен Жайықтың арасындағы селеулі далада 
орналасқан. Індеттік жағдайдың шиеленесуі жыл маусымында екі рет, сар- 
шүнақтар інінен шығып, шағылысу мерзімі - сэуірде жэне балаларын өргізе- 
тін шілдеде байқалады. Суырлар мекендеген қыратты алқапқа шығыста Ала- 
тау, Алтай, Сауыр тауларының бөктері жатады. Бүл өлкеде індет шығу қаупі 
суырлардың белсенді кезеңі сэуір-тамыз айларына дөп келеді. Құмтышқан 
ошақтары Еділ мен Жайықтың төменгі сағаларының аралығын, Ембі бойын
Маңғыстауды, Үстіртті, Арал теңізінің терістігін алып жатыр. Мүнда ауру 
қоздырушысының бастауы қатарына қүмтышқаннан басқа саршүнақтар, дала 
жэне үй тышқандары, қосаяқ жатады да, індет процесі жыл бойы үзілмей, 
көктем-жаз мезгілінде шегіне жетіп, шілде-қыркүйекте мейлінше басылып,
293


қарашада біраз көтеріледі. Бұл ошақтар арнайы обаға қарсы ғылыми зерттеу 
институтының тұрақты бақылауында.
Обамен негізінен кемірушілер ауырады да, бұл жануарлар қоздыру- 
шының табиғаттағы басты резервуары болып табылады. Кемірушілердің де- 
несінде обаның микробы 2-4 айдан 1 жылға дейін сақталады. Әдетте оба ке- 
мірушілер арасында індет ретінде байқалып, көктем мен күзде ең шегіне 
жетеді. Кемірушілерге микроб бүрге шаққанда беріледі. Бүргенің денесінде 
қоздырушы жылдан артық, an кенеде 5-6 айға дейін сақтапады. Микроб 
табиғатта кеміруші-бүрге-кеміруші айналымында беріліп отырады.
Түйе үшін обаның қоздырушысының бастауы табиғи ошақтағы 
кемірушілер. Ауру түйеге денесінде қоздырушы бар бүрге мен кене шаққанда 
немесе обамен ауырған кемірушілердің бөлінділерімен ластанған шөпті 
жегенде жүғады. Ауырған түйе қоздырушыны мүрыннан аққан сорамен, 
сүтпен, несеппен, тастанды төлмен, жарақаттанғанда қанмен бөліп шығарады. 
Кейбір деректер бойынша ауру жіті өткенде түйе жазылған соң 30 күн бойы, 
ал созылмапы өткенде одан да үзақ уақыт микроб бөліп шығарады. Адамға 
оба түйеден эдетте ауырған малды сойған кезде терісін сыдырғанда, ұшасын 
бөлгенде, ауырған түйенің еті мен сүтін тағамға пайдаланғанда жүғады. 
Микроб адам денесіне тері арқылы жэне кілегейлі қабықтар арқылы тамшы 
тозаңмен енеді. Сонымен қатар, микроб алып жүруші бүргелер шаққанда да 
жүғады.
Оба адамда кенеттен байқалады. Оның денесі қалтырап, ыстығы көтері- 
ліп, басы айналады. Беті ағарып, бозғылттанып, көкшіл рең пайда болады. 
Онымен қатар терісі, өкпесі, сөл түйіндері, ікшетері зақымданады. Ауырған 
адам жүрек қызметінің әлсіреуінен өледі. Емдеу үшін обаға қарсы қан са- 
рысуы мен гамма-глобулинін, арнаулы бактериофагты, антибиотиктерді қол- 
данады. Иммундеу үшін тірі жэне өлтірілген вакциналар пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет