Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет219/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары. 
Аурудың алдын алу үшін вакцина егу 
өзінің лайықты орнын алған жоқ. Әзірше негізінен ветеринариялық-санита- 
риялық жэне зоогигиеналық шаралар ауруға қарсы басты тосқауыл болып 
есептеледі.
Ауру шыға қалғанда, вирустық диареяға шалдыққан малды жедел оқшау- 
лап, індетті одан эрі таратпай жэне ауру мал арықтамай түрғанда уақыттылы 
сойып алған дүрыс. Індет басылғанша малдардың орын ауыстыруына тиым
291


салынып, қатаң шектеу қояды. Қораны күн сайын мұқият тазалап, дезинфек- 
циялайды.
Атаулар мен ұғымдар
Сиырдың вирустық диареясы, Diarrhea viralis bovum, вирусная диарея 
крупного рагатого скота, Bovine diarrhea pestivirus.
Бақылау сұрақтары
1. 
Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Вирустық пневмоэнтеритеттен сақтандыру үшін фармакопрофилактика 
эдісінің қалай қолданылатынын түсіндіріңіз.
10.10. Түйенің обасы
Түйе обасы 
(Pestis camelorum,
 
чума верблюдов) - өлі тиіп, дененің ыс- 
тығы көтеріліп, жаппай қанталаумен, өліеттенген лимфаденит жэне өкпенің 
қабынуымен ерекшеленетін, жіті өтетін, адам үшін өте қауіпті жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
Түйе обасы туралы алғашқы мәлімет XIX ғ аяғында 
араб елдерінде байқалған індет жайында баяндалды. Бағдат шахарының ма- 
ңында түйелердің жаппай қырылуы адамдардың арасында обаның тарауына 
себеп болды деген тұжырым жасалды. Ауру қоздырушы бактерияны 1894 ж 
Гонконгта болған эпидемия кезінде Китазато иен Иереен таза өсінді күйінде 
бөліп алды. Қазақстанда 1926 ж адамдар арасында оба байқалды. Оның 
себебі, біраз бұрынырақ басталған майтышқандардың оба індеті еді. Кейінірек 
індет түйелер мен қояндарға тарады. Қазіргі кезде түйенің обасы Үндістанда, 
Пәкістанда, Индонезияда, Үндіқытайда, Африканың экваторлық белдеуінде, 
Бразилия, Перу, Аргентинада байқалып тұрады. Егеуқұйрықтар тудырған оба 
ошақтары Азия, Африка жэне Америка құрлықтарының портты қалаларында 
ұшырасады. Соңғы кезде оба Францияның, Испанияның, Италияның портта- 
рында тіркеліп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет