Дерттенуі. Сальмонеллез қезінде дерт процесінің өрбуі пуллорозбен
тақылеттес.
Өтуі
және симптомдары. Жасырын,кезеңі 1-3 күн. Ауру жіті> жітіден
шмен жэне созылмалы өтеді. Жіті өткенде 20 күнге дейінгі балапандардың
аппетиті болмай, көп қозғалмай, мүлгіп тұрады, іші өтіп, серозды іріңді конь-
юнктивит байқалады. Кейде сереңдеп, басын шайқап, аяқтарын тьшырлатады.
Өлім көрсеткіші 70% -ға жетеді.
Жітіден төмен өтуі әдетте 20 күннен асқан балапандарда, сирегірек ере-
сек құстарда байқалады. Серозды-іріңді конъюнктивит, іш өту, ринит, буын-
ның қабьіңуы байқалады. Созылмалы өтуі 2-3 айлық құста кездеседі де, іші
өтіп күйі төмендеп, өспей қалады.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Ауру жіті жэне жітіден төмен өт-
кенде бауыр ұлғайып, ұсақ өліетті ошақтар, жіті катарлы энтериттің белгілері
пайда .болады. Ересек құстарда созылмалы өткенде ішектің, аналық бездердің,
жұмыртқа жолдарының, клоаканың қабынуы жэне ошақты немесе шашы-
ранды перитонит байқалады.
Балау індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін* патологоанато-
миялық өзгерістерді талдауға жэне бактерологиялық зерттеудің нэтижесіне
негізделеді. Ауруды колибактериоздан, үйрек балапандарында жүқпалы сипу-
сит пен гепатиттен ажыратады. Барлық жағдайда қорытынды диагноз бакте-
риологиялық тексерудің нэтижесі бойынша қойылады.
Дауалау және күресу шаралары. Ауру шыққан қорадағы құстардан
алынған жұмыртқаны 12 күннен артық сақтамай, жоғары температурамен
әсер еткен соң пайдаланады. А>фудың клиникалык белгілері бар қүстарды бө-
ліп алып, сояды. Дауалау үшін антибиотиктер мен сульфаниламидтерді топ-
тық эдіспен жемге немесе суға қосып береді. Қораны, ауланы, құрал-жаб-
дықты дезинфекциялайды. Өсіру үшін құс экетуге жэне экелуге, инкубация-
лық жүмыртқа экетуге шектеу қойылады. Шектеу құстың соңғы өлген немесе
ауырған сәтінен бір ай өткен соң, қорытынды дезинфекция жасалып барып
алынады.