отырып, лабораториялық тексерулердің нэтижесіне сүйенеді. Ауру құстың
бауыры мен көкбауырынан алынған жағындыны микроскоптау арқылы хла-
мидияның цитоплазмалық
денешіктеріне тексереді, ауру қоздырушысын бө-
ліп алады, қүстың қанын комплемент байланыстыру реакциясымен тексереді.
Сонымен қатар орнитоз аллергенімен тері сынамасын қояды. Хламидиозды
микоплазмоздан, сальмонеллезден, риккетсиоздан, тұмаудан ажыратады.
Дауалау және күресу шаралары.
Ауырып жазылған қүста аз
уақытқа
ғана иммунитет қалыптасады. Алдын алу шаралары ветеринариялық-санита-
риялық ережелерді сақтауға негізделген. Ауырған құсты уақытында бөліп
алып, оқшаулаудың орнитоздың таралуын тежеуде маңызы зор.
Ауру шыға
қалған жағдайда құс шаруашылығы мен питомнигіне шектеу қойылады. Ауру
құсты жойып, қора-жайды дезинфекциялайды. Күдікті қүсқа бүлшық ет ар-
қылы тетрациклин препараттарын береді. Бірнеше апта бойы қүстың қанында
антибиотиктердің 1 мкг/мл концентрациясы аурудан сақтайды.
Шектеу ауру-
дың соңғы рет білінгенінен 6 ай өткен соң алынады.
Достарыңызбен бөлісу: