Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет372/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Атаулар мен ұғымдар
Орнитоз, Omithpsis, пситтакоз, Chlamydia psittaci.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырущысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
14.10. Жұқпалы ларинготрахеит
Жүқпалы ларинготрахеит 
(Laringotracheitis infectiosa,
инфекционный 
ларинготрахеит) - катарлы жэне фибринді гемморрагиялық ринит, трахеит, 
конъюнктивит, тынысының тарылуымен сипатталатын жүғымтал ауру.
Тарихи деректер. 
Ауруды алғаш рет АҚШ-та Мей және Титслер (1925) 
сипаттады. Бірақ одан кейін де жүқпалы бронхиттен ажыратылмады. Бүл екі 
аурудың дербестігін Бигс бастаған ғалымдар (1930) дәлелдеді.
Қоздырушысы 
-
Gallid (alpha) herpesvirus 1
құрамында ДНҚ бар гер- 
песвирустар туыстастығына жатады. 9-12 күндік тауық эмбрионының хориоа- 
лантоис қабығында, жасуша өсіндерінде өсіріледі. Табиғатта вирустың уыт- 
тылығы төмен штамдары да айналымда болады.
Жүқпалы ларинготрахеиттің қоздырушысының сыртқы ортадағы төзім- 
ділігі онша емес. Күйдіргіш натрий, крезол, хлорлы эк, формалин мен крео- 
линнің 3:1 қоспасының әрқайсысы қора-жайдағы 1м3 ауаға 15 мл мөлшерінде 
аэрозольмен бүріккенде вирусты тез арада өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. 
Табиғи жағдайда жұқпалы ларинготрахеитпен 
тауық, қырғауыл, күрке тауық және мысыр тауығы ауырады. Қолдан жүқтыру
456


үшін вирусты жоғарғы тыныс жолдарының; кілегейлі қабықтарына, конъюн- 
ктиваға жібереді, ал өздігінен аэрогендік жолмен жұғады.
Ауру қоздырушысының бастауы ауру жэне ауырып | жазылған (2 жылға 
дейін алып жүреді) құстар. Олар қоздырушыны секреттерімен тыныс жолы 
арқылы бөліп шығарады. Зарарланған ауа, су, жем, құрал-жабдықтар жұқгыру 
факторлары болып табылады. Қан сорушы жәндіктер вирустың, қорламасы 
рөлін атқарады.
Жұқпалы ларинготрахеит иммунитеті жоқ құстардың арасында індет 
ретінде қаулайды. Түрақты сау емес шаруашылықтарда иммунитеті жоқ жас 
құстардың жеке топтары ғана ауырады. Індет ошағының тұрақтануына вирус 
алып жүрудің ұзақ мерзімі мен құстың бір партиясымен екіншісін алмастыр- 
ғанда үзіліс жасамай санитариялық реттілікті бұзу себеп болады.
Кейбір шаруашылықта қүстардың арасында уыттылығы төмен вирус 
айналымда болып, індет туғы збай,: иммунитет қалыптасуы мүмкін. Мүндай 
мүмкіндік кұстың күтімі жақсы болғанда ғана іске асады. Ауру шыға қалган 
жағдайда да, құстың күтімі мен санитариялық ережелердің сақталуьі ойдағы- 
дай болғанда 2-4 апта ішінде індет процесінің тоқтауы мүмкін.
Дерттенуі. 
Жүқпалы ларинготрахеиттің вирусы тыныс жолдарының эпи- 
телийіне эуес. Осы үлпада тез көбейтіп, қабыну процестерін тез тудырады. 
Нэтижесінде кеңірдектің ішінде қан мен фибрин араласқан қоймалжың кіле- 
гейлі экссудат пайда болады. Эпителий үлпасынан вирус қан арқылы басқа 
мүшелерге де жетеді, бірақ онда, әдетте, дерттену байқалмайды. Виремия 
көпке созылмайды. Вирус үзақ уақыт кеңірдек пен көмекейдің кілегейлі қабы- 
ғында сақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет