'f
Атаулар мен ұғымдар
Жұқпалы ларинготрахеит, инфекционный ларинготрахеит, Laryngotrac-
heitis infectiosa, Gallid(alpha) herpesvirus 1.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер:
ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі,
өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау және күресу шаралары.
14.11. Тауықтың жұқпалы бурситы
Тауықтың жүқпалы бурситы
(Bursitis infectiosa gallinarum ,
инфекцион-
ный бурсит кур)
- фабриций қапшығы, буындар мен ішектің қабынуымен
сипатталатын жұғымтал ауру.
Тарихи деректер.
Ауру алғаш рет АҚШ-та Гамборо өлкесінде байқаііды.
Оны Косгров (1902) Гамборо ауруы деп атады. Вантерфельд пен Хитчнер
(1962) ауырған тауықтан қоздырушы вирусты бөліп алды. Бұл вирус бройлер
балапандарда нефрозонефрит болғандықтан ауру жұқпалы нефрозонефрит
тудыратын деп те аталды. Карнаюн (1965) аурудың
негізгі белгісі фабриций
қапшығының зақымдануы, ал нефрозонофрит тек қосалқы құбылыс екенін
анықтаған соң ауру «жұқпалы бурсит» аталды. Ол Америка, Европа, Азияның
өндірістік негіздегі құс шаруашылығы дамыған көптеген елдерінде тараған.
Қоздырушысы
-
Infectious bursal disease virus o f chickens
реовирустар
тұқымдастығына жатады, құрамында РНҚ бар. Тауық эмбриондарында, тауық
эмбрионы фибробластарының өсінінде өседі. Сыртқы оргада біршама тө-
зімді. Қоражайда құстың саңғырығында 52 күн сақталады, 56°С-та 1 сағатта
өлмейді, эфирге, хлораминге, қышқыл ортаға (pH 2) төзімді. 0,5%
хлорамин
ерітіндісі 10 минутта, 0,5% формальдегид 6 сағатта вирустың белсенділігін
жояды.
Достарыңызбен бөлісу: