Жаңа індет ошағында ауру жіті, ал тұрақты ощақтарда созылмалы жэне
симптомсыз өтеді. Кейбір шаруашылықта жұқпалы бурсит иммундеуші суб-
инфекция ретінде байқалуы мүмкін.
Дерттенуі.
Қолдан жүқтырғанда 4 апталық балапандарда 3-ші күні вирус
жоғары концентрацияда фабриций қапшығында, көк бауырда, ал төменгі кон-
центрацияда ми мен қанда шоғырланады. Бурсада жұқтырған соң 14 күнге
дейін байқалады. Қанда вирус ұзақ брлмайтыңдықтаң вирус алып жүрудің
оншалықты мүмкіндігі жоқ деп есептеледі.
Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 2-6 күн. Аурудың симптом-
дары кенеттен байқалады да балапандардың 10-20% -ы ауырыи, 1-15%-ы
өледі.Ауырған балапандар жем жемейді, жүрісі ебедейсіз, дірілдей береді, іші
өтіп, ақшыл сарғыш түсті сұйық нэжіс бөлінеді, жиі шөлдеп, жүні үрпиіп
тұрады. Кейбір құстың клоакасының айналасы қышынып, ол жерін шоқып
тастайды. Бұл — аурудың алғашқы белгісі болады.
Ауру жіті өткенде 3-4 күннен кейін өлім көрсеткіші ең жоғарғы шегіне
жетеді (3-80%). Өлім көрсеткішіңің диңамикасы ауруға тэн, оңы диагноз қой-
ғанда ескереді. Ауру балапандардың тобында 4-8 күнге созылады. Жітіден тө-
мен өткенде симптомдары бэсеңдеу білініп, өлім көрсеткіші төмен болады.
Ауру бұрыннан байқалатын шаруашылықтарда симптомсыз өтуі мүмкін.
Балапандарда клиникалық белгілері байқалмайды, қан сарысуын тексергенде
вирусты бейтараптайтын және преципитациялайтын антиденелер табылады.
Достарыңызбен бөлісу: