Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет373/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Жасырын кезеңі 
2-20 
күн. Ауру.жіті, ;жітіден 
төмен жэне созылмалы өтіп, ларинготрахеитті және конъюнктивитті түрде 
білінеді.
62-сурет. Жщпалы ларинготрахеитпен ‘ауырган тауьщ.
Ларинготрахеитті түрі жіті өтеді. Ауырған тауық күйзеліп, аппетиті бол- 
майды, қозғалысы шектеледі. Өз еркімен отырған қүс қырылдаған, шиқылда- 
ған үздік-создық дыбыс шығарады. Көмейі мен кеңірдектің экссудатпен біте-
457


луі тынысына бөгет болып, кұс ауызын ашып дем алады, қүс.жөтеліп, басын 
сілкіп, экссудат шығарады, кейде көмейінде іріміктенген фибринді бөлінді 
іркіліп қапады. Ауырған тауық жұмыртқапауың тоқтатады. Жіті өткенде өлім 
көрсеткіші 10-60%-ға жетеді. Ауру жітіден төмен жэне созылмалы өткенде 
респираторлық синдром онша _байқалмайды, оқтын-оқтын ; құстың жағдайы 
жақсарып, қаппына келеді.
Жүқпағіы ларинготрахеиттің конъюнктивиттік түрі мен кейбір шаруа- 
шылықтарда балапандардың бастапқыда бірен-сараны, қейіннен барлығы 
ауырады. Негізгі клиникалық белгілері - көздің кілегейлі қабықтарында қан 
іркіліп, қабақтары ісініп, көздері жұмылып, жарыққа қарай апмай, жас ағады.
Патологоанатомиялық өзгерістер. 
Аурудың дариңготрахеиттік түрі ке- 
зінде көмейдің ішінде тығыздапған казеозды бөлінділер, ал тыныс жолда- 
рының өн бойында кеңірдек пен бронхаларды бітеген кілегейлі қан аралас 
ұйынды болады. Тілдің түбінде фибринді қабыршақ кездеседі. Үлпершек 
ағзаларда қан іркіледі, жүрек кеңіп, ішек пен клоаканың кілегейлі қабықтары 
қабынады.
Балау. 
Ауруға тэн індеттанулық, клиникалық деректер, паталогоанато- 
миялық өзгерістер жұқпалы ларинготрахеитке күдік тудырғанымен тұжы- 
рымды диагноз қоюға жеткіліксіз. Ол үшін зертханалық тексеру жүргізу қа- 
жет. Түпкілікті балау үшін ауырған қүстың кеңірдегінен тауық эмбрионында 
немесе торша өсінінде вирусты бөліп алы п,, серологиялық реакцияларда ай- 
қывдайды. Сонымен қатар, баііапандарға биосынама қояды. Вирустың эсері- 
нен эмбриондар өлмейді, тек хариоапантоис қабығында өзіне т эн , өзгерістер 
тудырады.
Жүқпапы ларинготрахеитті жүқпалы бронхиттен, гаповитаминоздан, рес- 
пираторлық микоплазмоздан, түмаудан ажырату қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   369   370   371   372   373   374   375   376   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет