сында шыққан, одан бері 11 рет кайта басылған Ф. Гутира мен И. Марек жаз-
ған "Үй ж ануарларының арнайы патологиясы мен терапиясы" деген үш
томдық еңбек айтарлықтай үлес қосты.
Малдың жұқпалы аурулары Ресейдін Петербург қаласындағы дәрігерлік-
хирургиялық академиясында оқытыла бастауына байланысты осы оқу орны-
ның профессоры П.И.Лукин (1790-1836) 1836 жылы "Эпизоотологические
болезни или скотские падежи" (Індет аурулары немесе малдың қырылуы),
белгілі эпизоотолог, профессор И.В. Всеволодов (1790-1863) 1846 жылы
"Жануарлардың жаппай өлім-жітімі жэне жұқпалы ауруларын зерттеу тәжіри-
бесі"
деген кітап жазып, сол кездегі жинақталған ғылымның осы саласындағы
жетістіктерін қорытындылады.
Кеңес Одағында індеттану пэнін оқыту, оқулықтар жазу жолында ака-
демик С.Н. Вышелесский (1874-1958), профессор М.С. Ганушкин (1903-1969)
елеулі қызмет атқарды. Жұқпалы ауруларды зерттеуде жэне 1 індеттану
ғылымын дамыту саласында бұрынғы Кеңес Одағының ғалымдары айтар-
лықтай табыстарға жетті. Олардың қатарында ауасыбағасыз микробтар қоз-
дыратын ауруларды жан-жақты зерттеген академик Я.Р. Коваленко (1906-
1978),
жылқының делбе, төлдің колибактериоз ауруларьін' зерттегек профес-
сор Я.Е. Коляков, вирус аурулары бойынша академик В.Н.Сюрин, микоздар
бойынша академик А.Х. Саркисов бар.
Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық
тарихында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресудің өзіндік мол
тэжірибесін жинақтады. Оның ішінде атам заманнан 'қалыптасқан
сиырда
аусылды, қойда шешекті, ешкіде кебенекті ауру малдан сау малға егу арқылы
осы індеттермен күресу эдістерін атауға болады. Сондай-ақ сол заманғы
шаруашылық жэне тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту. іжайылым ауыс-
тыру,
көші-қонды реттеу, ауру малды оқшаулау, өлексені көму, не өртеу
сияқты шараларды алсақ, індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас 'бір
жүйені көреміз.
Достарыңызбен бөлісу: