1.5. Жұқпалы аурулардың экономикаға нұқсаны және індетке қарсы шаралардың экономикалық тиімділігі Егер жұқпалы ауруларға қарсы тттүгыл шаралар қолданылмаса мал
шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырайды. Бұл щығынды кұрайтындар:
мал өлімі жэне соған байланысты мал басының кемуі, ауырған малдан
алынатын өнімнің азаюы, елдің шикізат қорының жэне мал мен мал өнімдерін
экспортқа шығарудың төмеңдеуі. Жұқпалы ауру шыққан кезде карантин мен
шектеу шаралары шаруашылықтың экономикалық байланыстарына нұқсан
келтіріп, оның іс-әрекеттеріне қолбайлау болады.
Індетке қарсы шаралардың экономикалық тиімділігі осы шаралар арқылы
жұқпалы аурулардың алдын ала отырып, ауру байқала қалған жағдайда оның
зардаптарын шектеу арқылы шаруашылыққа келетін зйянды болдырмау
немесе мейлінше азайтудан туындайды. Бұл шаралардың арқасында мал басы
сақталып, одан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасы артады. Ветеринария-
лық шараларды жетілдіргенде оған жұмсалатын шығын да азаяды. Індетке
қарсы шаралардың экономикалық: тиімділігін талдағанда мынандай көрсет-
кіштер еске алынады: болдырылмаған экономикалык нүқсан, алынған эко-
номикалық нәтиже, жұмсалған эрбір теңгенің қайтарылымы, жұмсалған күр-
делі қаржының қайтарылымы.
Man шаруашылыгының цазіргі кезеңдегі дамуынан туындайтын індет- танудыц мақсаттары. Халықты азық-түлікпен жэне өнеркэсіпті шикізатпен
толық қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығын жедел дамытып, іоның
өнімділігін піұғыл арттырып, алынатын өнімнің сапалылығына қол жеткізу
қажет. Мал басын көбейту үшін де, оның өнімділігін жэне алынған өнімнің
сапасын арттыруда да індеттану ғылымы мен індетке қарсы шаралардың
маңызы аса зор. Мал шаруашылығындағы осы заманғы жеделдетілген тех-
нология тек қана мал басы жұқпалы аурулардан толық жэне тұрақты ада
болғанда ғана нәтижелі болады. Экологиялық жағынан таза, санитариялық
сапасы жоғары мал өнімдері ғана халықтың талабын қанағаттандыра алады.
Осы заманғы жеңіл өнеркәсіп технологиясы малдан алынатын шикізаттың
сапасына өте жоғары талаптар қояды. Ол талаптарға дені сау малдак алынған
өнім ғана сай келеді. Қазіргі уақытта меншіктің барлық түрлері қатар дамып,
жекеменшіктегі мал санының шүғыл артуына байланысты мал шаруашылы-
ғына ветеринариялық қызмет көрсету, оның ішінде індетке қарсы шараларды
іске асыру қиындай түседі. Сондықтан ғылыми жэне практикалық ветерина-
рияның ең басты міндеті жеке мал отарларын ғана емес, барлық территория-
ның жұқпалы аурулардан таза болуын қамтамасыз ету.