Оқулық. Алматы, 518 бет


Індеттанудың басқа ғылымдармен байланысы



Pdf көрінісі
бет5/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

1.3. Індеттанудың басқа ғылымдармен байланысы
Індеттану жұқпалы ауруларға қатысы бар біртаііай пэндермен тікелей 
байланысты. Олардың ішіндегі ең жақын ғылымдар: микробиология, вирусо- 
логия және иммунология. Бұлар жұқпалы ауруларды балау, емдеу, дауалау 
эдістерін қарастырады. Індеттану клиникалық диагностика. патологиялық 
анатомия, патологиялық физиология, фармакология, терапия. паразитология. 
акушерлік сияқты ветеринарияның салаларымен тығыз байланыста бірге 
дамып келді. Бұл ғылымдардың жетістіктері індеттануда жан-жақты пайдала- 
нылады. Ветеринария практикасында кез келген жұқпалы ауруларды жұқ- 
пайтын, паразиттік, гинекологиялық аурулардан, уланудан, дұрыс азықтан- 
дырылмаудан болатын дерттерден ажырата білу керек. Індетке қарсы 
шараларды дұрыс ұйымдастыру үшін шаруашылықтың экономикасын, мал 
өсіру мен селекциялық жүмыстарды да жан-жақты ескерген жөн. Мысалы, 
жүқпалы ауру кең тараған шаруашылықтарды сауықтыру үшін ең тиімді шара
7


- табындағы малды түгелдей сау малмен алмастыру, яғни мәселенің шешімі 
малдыөсіруге келіп тіреледі. Індеттану ғылымы дэл осылайша экономикалық 
мэселелермен, ауыл шаруашылығын ұйымдастырумен тікелей байланысты. 
Індеттанулық талдау жұмыстарында есептеу техникасы, моделдеу жэне 
болжау әдістері кеңінен қолданьшады. Жалпы бұл ғылым үшін статистиканың 
берері мол, ал ветеринариялық статистикасыз індеттанулық талдау жүргізіл- 
мейді де.
Кейбір жұқпалы аурулардың адам мен малға ортақ болуына байланысты 
індеттің адамдар мен жануарлардың арасында таралуын бірге қарастыруға 
тура келеді. Малдан адамға, керісіңше, адамнан малға жұғатын аурулар бір- 
шама. Бұдан келіп медициналық індеттану (эпидемиология) мен ветеринария- 
лық індеттанудың (эпизоотология) тікелей байланыстылығы туындайды.
1.4. Індеттанудың зертгеу әдістері
Нақтылы жұқпалы ауру кезіндегі індет процесін зерттегенде оның биоло- 
гиялық құбылыстармен ғана емес, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономи- 
калық (шаруашылық) жағдайлармен де байланысты екенін ескеру қажет. 
Сондықтан да індеттану ғылымы өзінің зерттеулерінде басқа да ғылымдардың 
үрдістері мен әдістерін кеңінен пайдаланады. Індеттанудың басты әдісі -
індеттанулъщ зерттеу.
Оның мақсаттары:
1. Бір немесе бірнеше, қала берді барлық жұқпалы ауруларға қатысты 
індеттік ахуалды зерттеу.
2. Нақтылы жағдайдағы ауру қоздырушысының бастауы мен таралу 
жолдарын айқындау,
3. Індет процесінің нақтылы жағдайдағы кейбір бағыттары мен заңды- 
лықтарын (таралу қарқыны, ұзақтығы, т.б.) анықтау.
4. Індетке қарсы жүргізілетін шаралардың нэтижелерін бағалау.
Індеттанулық зерттеу кешені төмендегідей эдістерден тұрады:
а) шаруашылықтағы індеттанулық талдау мен бақылау;
э) салыстырмалы тарихи сипаттау;
б) салыстырмалы географиялық сипаттау;
в) індеттанулық эксперимент;
г) математикалық моделдеу мен індеттанулық болжау.
Шаруашылъщтагы індеттанулъщ талдау мен бақылау -
індеттанудың
негізгі зерттеу әдісі. Жұқпалы ауру байқалған сәтте інлегтанулық талдау 
арқылы ауруға нозологиялық диагноз қоюмен катар інлеттанулық диагноз 
қойылады. Ауруға диагноз қою дегеніміз (нозологиялык дпагноз) қай ауру 
екенін анықтау болса (мысалы аусыл немесе топа.іан ^ е т т а н у л ы қ диагноз 
байқалған жұқпалы ауруға індеттану тұрғысынан татьа снпаггама беру бо- 
лып табылады. Яғни індет тізбегінің әрбір буыныэ 
ошағының ерёк-
шеліктерін анықтау. Бұл эдіс арқылы аурудын себеитер таралу жолдары, 
індет ошағының қалыптасу жағдайлары ай қы н д ал і^ 
' сындай талдау жүр- 
гізу барысында клиникалық, патологиялық-анатомніл^..' б актериологиялық,


вирусологиялық, серологиялық, аллергологиялық зерттеулер жүргізіледі. Бар- 
лық алынған мэліметтер індеттанулық талдау актісінде қорытындыланады. 
Соған сүйеніп індетке қарсы шаралар белгіленеді.
Індеттанулық талдау мен бақылау жұқпалы ауру байқалған кезде ғана 
емес, бұрыннан жұқпалы аурудан таза емес шаруашылықта да, жұқпалы 
аурудан таза шаруашылықта да жүргізіледі. Бұндай зерттеудің мақсаты ауру- 
дан таза емес шаруашылықта жүргізілген індетке қарсы сауықтыру шара- 
ларының нәтижелілігін анықтау болса, аурудан таза шаруашылықта сақтық 
шараларына баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет