Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 3-14 күн. Гафниоздың өзгеше
клиникалық белгілері болмайды. Ауырған ара ұша алмай жорғалап жүреді.
Құрсак бөлігі қампиып, іші өтеді. Тыныс ала алмай, кейде аяқтары салданады.
Ауру жіті өткенде араның шығыны мол болады. Көктемде ұша бастағанда
аралар иісі жағымсыз, жабысқақ, сұйылған, шамадан тыс көп мөлшерде боз-
ғылт-қоңыр түсті нэжіс бөліп шығарады. Көктемгі ұшуы сылбыр болады.
Омартаны тексергенде қорек қоры мол,бірақ барлық кәрездер қоңырқай
жабысқақ немесе сұйық экскременттермен былғанған. Ауырған араны сойып
көргенде ішектері кеуіп, ластанған ақшыл немесе ақшыл сұрғылт түсті бо-
лады.
Балау клиникалық жэне індеттанулық деректерге сүйене отырып, мін-
детті түрде ауру қоздырушы микробты бөліп алып, оны бактериологиялық
жэне серологиялық айқындауға негізделеді. Таза өсін алу үшін әдетте өлген
араның ішегі мен гемолимфасынан немесе кеуде етінен Эндо ортасында егеді.
Дауалау және күресу шаралары. Аралардың күтімін жақсарту әдетте
ауруды тоқтатады. Аралардың шығыны көп болған жағдайда оларға 3 рет
арасына 1 апта аралатып 1 л 50% қант шырынына қосып төмендегі антибио-
тиктердің бірін: левомецитин - 0,2 г,стрептомицитин 200 мың ӘБ, биомицин
100 мың ӘБ береді.
16.6. Аспергиллез Аспергиллез немесе өсіннің қатуы - балапан қүртты, қуыршақты, кейде
ересек араны да зақымдайтын жүқпалы ауру.
Қоздырушысы. Негізгі қоздырушысы -
Aspergillus flavus саңырауқұ-
лағы. Ауруды сонымен қатар басқа да аспергиллалар-Asp. mger,
Asp.nidulans қоздырады. Қоздырушы улы келеді.
Індеттік ерекшеліктері. Ауру көптеген елдерде кездеседі. Аспергилла-
лар өлі субстраттарда да, тірі өсімдіктерде де, тіршілік етеді. Олар кейбір
өсімдіктердің гүлінде кездеседі, одан араның денесіне жабысып, споралар
омартаға әкелінеді. Қолайлы жағдайда (температура 25-45°С, ылғалдылық 95-
100%) саңырауқүлақ кэрезде, өлі жэне ауру аралардың денесінде өсіп-өнеді.
Аурудың жүғуы жэне таралуы табиғи жағдайда қоздырушының уыттылығы-
на, оның өсіп-өнуіне жағдайдың қолайлығына жэне аралардың санына, олар-
дың ауруға төзімділігіне байланысты болады. Аспергиллезге аралар негізінен
элсіз ұяларда омартаны дұрыс жылыламаған кезде, араның қорегі нашар бол-
488
ғанда шапдығады. Ауру әдетте көктемде, кейде жазда немесе күзде де бай-
қалады.