ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет6/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Роберт Оуән көрнекті ағылшын қоғам қайраткері, өз кезінде оқыту, тәрбиелеу, жалпы педагогика мәселелеріне көп көңіл бөлді. Жиырма жасында фабрика басқарып, еңбекшілердің ауыр тұрмысын өз көзімен көрді. Капитализмнің халықтың тұрмысын ауырлатып отырғанын байқап, Оуэн әсіресе балалардың жағдайын жақсартпақ болды. Адам айналасын қоршаған ортаның нәтижесі, ендеше алдымен жұмысшының тұрмысын жақсарту керек деп есептеді. Ол фабрикада жұмыс күнін 14 сағаттан 10 сағатқа дейін қысқартты, жұмысшылардың жалақысын көбейтті, олар үшін жаңа пәтерлер салдырды, жақсы дем алуына жағдай жасады. 10 жасқа толмаған балаларды фабрикаға жұмысқа алуға тыйым салды, фабрика жанынан оқу-тәрбие мекемелерін, “Сәбилер мектебі”: (1 жастан 6 жасқа дейін) ясли, балабақша, ойын алаңы, бастауыш мектеп (6-дан 10 жасқа дейін), кешкі мектеп (өндірісте жұмыс істейтін жас өспірімдер үшін) ұйымдастырды. Ересек жұмысшылар үшін лекция, әңгіме, ойын-сауықтар ұйымдастырылды.

Оуэн “Сәбилер мектебіне” көп қамқорлык, жасады. Балалар кішкентайынан ән айтуға, билеуге үйретілді және уақытының көпшілігін таза ауада өткізді. Әсіресе дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінді. Балаларды қоғамдық рухта тәрбиелеуге, жолдастарын сыйлауға, бір-біріне көмектесуге Оуэн үлкен мән берді. Табиғат, айналадағы заттар мен құбылыстар жәнінде әңгіме өткізілді. Эстетикалық тәрбиеге жете көңіл бөлінді. Сәбилерді тәрбиелеуге балаларды сүйетін фабриканың жас жұмысшылары шақырылды.

Бастауыш мектепте оқушылар ана тілін, арифметика, география, жаратылыс және тарих пәндерін оқыды. Берілетін білімнің көлемі Англиядағы басқа бастауыш мектептен әлде-

1 в. И. Л е н и н. 475-бет.

“Кооперация туралы”. Шығармалар, 33-том

54,

қайда кең белгіленді. Оуэн мектепте дін сабағын оқытпады. Ол мектепте балалардың жас ерекшелігіне сай білім беріп, ойлауын дамытуға тырысты. Оқытуда көрнекілікті кең түрде қолданды. Мектепте жануарлар мен өсімдіктердің суреттері тағы басқа көрнекі құралдар пайдаланылды. Оуэн еңбек тәрбиесіне көп көңіл бөлді. Балалар ересектердің еңбегімен танысты және мектепте еңбек дағдыларына үйретілді. Ер балалар қолөнері, жеміс ағаштарын өсіру, қыз балалар іс тігуге үйретілді.



Жұмыс істейтін жас өспірімдер 10 жастан бастап кешкі мектепте оқыды. Оуэн оқуды өндірістік еңбекпен ұштастырды. Оуэннің бұл тәжірибесін Маркс өте жоғары бағалады. 1816 жылы Оуән Нью-Ленаркте “Адам мінезін қалыптастыратын” жаңа институт құрды. Оған ол ұйымдаетырған оқу-тәрбие мекемелерінің бәрі кірді.

Оуэннің мұндай игі істері жұрт арасына кең тарады. Нью-Ленаркті көруге ірі капиталистер, мемлекет және қоғам қай-раткерлері және ғалымдар келіп тұрды.

Оуэннің ағарту қызметінің мәні өте зор болды. 1819 жылы оның араласуымен Англияда әйелдер мен балалардың еңбегін фабрикада пайдалануға белгілі шек қоятын заң қабылданды.

Халықты ағартуда Оуэн жаппай бастауыш білім беруді, діннің мектепке әсерін жоюды, бүкіл оқыту жүйесін мемлекеттің қолына беруді жақтады. Ол 1813 жылы “Қоғамға жаңа көзқарас, яғни адам мінезін қалыптастырудың принциптері туралы тәжірибе” атты еңбегін жариялады. Бұл еңбегінде Оуэн адамның мінезі айналасын қоршаған ортаның әсеріне сай қалыптасады деп көрсетті. Адамның кемшілігі, жағымсыз мінезі айналасын қоршаған ортаның әсеріне байланысты. Егер айналасын қоршаған ортаның әсерін, тәрбиені өзгертсе, адамның мінезі де өзгереді. Халыққа білім беру, тәрбиелеу арқылы жаңа қоғам құруға болады деп сенді Оуэн.

Маркс Оуэннің бұл пікірінің сыңар жақты екенін атап көрсетті. Өйткені Оуэн адамды ортаның пассивті нәтижесі санаған еді. Маркс адамдар қоғамдық белсенді әрекет, революциялық тәжірибесі арқылы қоғамдың қатынасты, сонымен қатар өз табиғатын өзгертеді деп атап көрсетті.

1817 жылы Оуэн капиталистерді, ағылшын парламентін қоғамды өзгертуге, социализм құруға үгіттей алмайтындығына көзі жетіп, ол енді капитализмді сынауға және коммунистік идеяларды насихаттауға көшті. Капитализмді сынағанда Оуэн үш нәрсеге қарсы күресу керек деп санады: өндіріс құралына жеке меншік, дін, некенің буржуазиялық формасы. Оуэн жаңа қоғам коммунистік қауым, кооператив арқылы, әсіресе дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы бейбітшілік жолмен құрылады деп санады.

Жаңа коммунистік қоғамда тәрбие жан-жақты, оқу шын

55

мәнінде ғылыми сипатта болады. Ақыл-ой тәрбиесі дене тәр-биесімен және өнімді еңбекпен ұштастырылады. Балалар мен жас өспірімдер өз шамаларына қарай еңбекке араласады және өндіріс пен ауыл шаруашылығының барлық түрімен танысады. Моральдық тәрбие де басқаша жүргізіледі, балалар коллективизм рухында тәрбиеленеді деп есептеді.

Капитализмді сынағаны үшін және коммунистік идеяларды насихаттағаны үшін Оуэнді Англияда қуғынға салды. Ол Америкаға кетуге мәжбүр болды. Америкада Оуэн өзінің әріптестерімен 1825 жылы “Жаңа гармония” атты коммунис тік колония құрды. Бұл колонияда ол өзінің коммунистік қоғам жөніндегі көзқарасына сай тәртіп орнатты. Колонияда қоғамдың меншік болды, еңбек жалпыға бірдей деп есептелінді. Адамдар еңбегіне қарай еңбек өнімімен бірдей пайдаланды. Колония мүшелері киімге, пәтер үйге және тәрбиеге бірдей дәрежеде ортақ болды. Колонияда Оуэннің принциптеріне сай бірнеше мектептер ашылды. Онда ғылыми негізде жүйелі білім, жаңа мораль нормаларына сай адамгершілік тәрбиесі, еңбек және дене тәрбиесі берілді. “Жаңа гармонияда” оқу өнеркәсіп және ауыл шаруашылық еңбегімен ұштастырылды. Әрине, капиталистік қоғамда мұндай коммунистік колония құру идеясының еш нәтиже бермейтіні айқын еді.

Оуэн Америкада коммунистік колония тәжірибесінен мүлде кедейленіп, 1828 жылы Англияға қайтады. Жұмысшылар арасында одан кейін ол отыз жыл өмір сүрді. Жұмысшы табының мүддесі үшін жүргізілген Англиядағы барлық қоғамдың қозғалыс және оның табыстары Оуэннің есімімен байланысты болды деп жазды Энгельс.

Марксизм негізін салушылар Оузннің адамды жан-жақты дамыту идеясын, оқуды өнеркәсіп еңбегімен ұштастыру тәжірибесін келешек тәрбиенің бастамасы деп бағалады. Оуэн алғаш рет мектеп жасына дейінгі балаларды қоғамдық тәрбиелеу мәселесін жүзеге асырды, жұмысшылардың балаларына алғаш рет мектепке дейінгі тәрбие мекемелерін ұйымдастырды. Оның оқу-тәрбие мекемелерінде ақыл-ой және дене тәрбиесі берілді. Ол дінге қарсы күресті. Оуэннің ересек жұмысшылар үшін ашқан мәдени-ағарту мекемелерінің де мәні өте зор болды.

Өуэн капиталистік қоғам мен ондағы тәрбие жүйесін батыл сынағанмен, ол қоғамды өзгертудегі пролетариаттың таптық күресінің ролін түсінбеді, коммунистік қоғамды құру, коммунистік тәрбиені жүзеге асыру пролетариат революциясының нәтижесінде ғана орындалатынын білу дәрежесіне ол көтеріле алмады.



56

XIX және XX ғасырларда маркстік

педагогиканың пайда болуы және дамуы



Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің тәрбие

жөніндегі ілімі

Марксизм пролетариаттың идеологиясы ретінде, сол про-летариаттың мұң-мұқтажы мен талаптарын білдіретін көзқарас ретінде XIX ғасырдың 40-жылдарында жарыққа шықты.

Карл Маркс (1818—1883) пен Фридрих Энгельстің (1820— 1895) еңбектерінде қоғамның дамуында нағыз прогрессившіл және революцияшыл күш болып саналатын жұмысшы табының түбірлі мақсаттары мен мұқтаждары ғылыми шешім тапты.

Маркстің ұлылығы мынада: ол тарихи дамудың бүкіл барысында күн тәртібіне қойған мәселелерге жауап берді. Марке пен Энгельс адамзаттың қоғамдық санасында ең ұлы төңкеріс жасап, тарихи дамудың заңдарын дұрыс бейнелейтін пролетариаттың дүниеге ғылыми көзқарасын белгілеп берді. Олар социализмді утопиядан ғылымға айналдырып, капитализмнің құрып-бітуі және коммунизмнің салтанат құруы даусыз екенін негіздеді.



“Маркстің ілімі — ең күшті ілім, өйткені ол дұрыс ілім. Ол ілім — адамдарға жоққа сенудің қандайымен болса да, реакцияның қандайымен болса да, буржуазиялық өзгіні қорғаудың қандайымен болса да ымыраласпайтын тұтас көзқарас беретін толық және жүйелі ілім”1,— деді В. И. Ленин, Маркс пен Энгельстің тәрбие



В. И. Л е н и н. Шығармалар. 19-том, 3-бет.

57

мен білім жөніндегі ілімі ғылыми коммунизм теориясының ажырамас бөлігі.

Марксизмнің жарыққа шығуы бүкіл қоғамдық ғылымдар саласыңда ірі өзгеріс жасаумен бірге, педагогикада да жаңа дәуір ашты, пролетариаттың ғылыми педагогикасы құрылды Олай дейтініміз, ең алдымен К. Маркс пен Ф. Энгельс тарих та алғашқы рет тәрбие мәселелерін ең алдыңғы қатарлы қоғамдың тап — пролетариаттың қанауды толық жою, коммунизм орнату жолындағы революцияшыл күресімен байланыстырды.

Екіншіден, К. Марк пе Ф. Энгельс өз заманындағы пе-

дагогикадағы метафизикалық көзқарастармен келіспес күрес жүргізе отырып, тәрбиенің қоғам өміріндегі және адамды қалыптастыру-дағы ролін дұрыс анықтады. К. Маркстің қоғамдық сананың қоғамдық болмысқа тәуелділігі жөніндегі ойлары тәрбиенің әлеуметтік сипатта болатындығын түсінуге мүмкіндік берді. Осыдан келіп, әр дәуірде тәрбиенің үстем қоғамдың қатынастарға, қоғамның материалдың өмір жағдайларына тәуелді болатындығы анықталды.

Үшіншіден, К. Маркс пен Ф. Энгельс тәрбие ұғымы жөніндегі мәселеге диалектикалық әдісті қолдана отырып, тәрбиенің тарихи ерекшелікте екендігін көрсетті, осы ойларымен олар тәрбие өзгермейтін, мәңгілік категория деп есептеген идеалистік педагогикалың теорияларға күйрете соққы берді. “Коммунистік партияның манифесінде” К. Маркс пен Ф. Энгельс буржуазия идеологтарының тәрбие қоғамнан тыс, жалпы адамгершілік бағытта болады деген жалған дәлелдерін әшкереледі. Олар былай деп жазды: “Ал сіздердің тәрбиелеріңізді... өздеріңіз тәрбие жүргізіп отырған қоғамдық қатынастарыңыз белгілемей ме, мектеп т. т. арқылы тура немесе жана малап араласып, қоғам белгілеп отырмай ма? Коммунистер қоғамның тәрбиеге жасайтын ықпалын ойдан шығармайды; олар тек қана тәрбиенің сипатын өзгертеді, оны үстем таптын ықпалынан шығарады” '.

Төртіншіден, К. Маркс пен Ф. Энгельс капиталистік қоғам жағдайындағы алдыңғы қатарлы идеяларды ту етіп ұстаушы пролетариат санасында социалистік идеялар мен қасиеттерді

К. М а р к с, Ф. Э н г е л ь с. Таңдамалы шығармалар. 1-том, 25-бет

58

тәрбиелеудің және ғылыми теориямен қаруланудың қажеттілігін көрсетті, себебі алдыңғы қатарлы идеялар пролетариаттың жаңа қоғамдық құрылыс орнату жолындағы күрестерін керек еді.



“Теория бұқараны меңгерісімен-ақ материалдық күшке ай-налады”,— дейді К. Маркс.

Бесіншіден, К. Маркс пен Ф. Энгельс пролетарлың революция жеңгеннен кейін де бұқараның жоғары саналы болу мәселесі социалистік қоғам құрылысының маңызды шартына айналатындығын анықтады. Олардың үйретуінше, жаңа эко-номикалық жағдайда жүргізілетін және нағыз алдыңғы қатарлы ғылыми теорияға негізделген коммунистік тәрбие жаңа қоғам құруда зор күшке айналды.

Міне, К. Маркс пен Ф. Энгельс осы әр салалы және толық жүйелі көзқарастарымен, табанды түрде жүргізген күрестерімен педагогикалың теорияның негіздерін анықтады, педагогикада жаңа дәуір ашты, педагогиканың шын ғылыми теория ретінде дамуына жол салды.

Марксизмнің диалектикалық және тарихи материализмінің құрылуының нәтижесінде, басқа ғылымдар сияқты, педагогика да сенімді философиялык, фундаментке, методологиялық негіздерге ие болды.

Маркс пен Энгельс тарихи материализм проблемаларын зерттей отырып, қоғамдык, құбылыстар ретінде саналатын тәрбие теориясымен тікелей айналысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет