ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет8/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

89

перименттік физика” оңулығында табиғат құбылыстары фи-лософиялық материалкзм тұрғысында түсіндірілді. Бұл кітапта алғашқы рет физика заңдары тәжірибе жасау арқылы дәлелденіп берілді. Ломоносов 1755 жылы Москва университетін ашу мәселесіне белсене араласты.



Кадет корпустары XVIII ғасырдағы Россиядағы экономика және мәдениет саласындағы жүзеге асырылған шаралар дворяндар сословиесінің күшеюіне негіз болды. Дворяндар билеуші сословиеге айналды. Олар үшін көптеген жеңілдіктер жасалды. Дворян балаларына міндетті әскерлік қызметтің мерзімі қысқартылды және олар офицер шенінде ғана әскери қызмет атқаратын болды. Дворян балаларына — болашақ офицерге — керекті білім беретін арнаулы әскери оқу орындары — кадет корпустары ашылды. Бұл оқу орындары Октябрь социалистік революциясына дейін сақталды.

1731 жылы Петербургте дворян балаларын әскери және мемлекеттік қызметке даярлайтын алғашқы кадет корпусы ашылды. Бұл мектепте әскери даярлықпен қатар жалпы білім берілді. Бұл оқу орнында 4 класс болды. Әр класта оқу мерзімі екі жылдан 4 жылға дейін созылды (барлығы 10—12 жыл). Алғашқы екі класта жалпы дәрежелі білім берілді (әдебиет, математика, тарих және география пәндері оқытылды). Жоғары кластарда арнаулы пәндер оқытылды. Сонымен қатар атқа салт мініп жүру, қылыштасу, би, музыка өнерін үйретуге көп көңіл бөлінді. Корпуста оқыған жастар не әскери қызметке, не мемлекеттік қызметке маманданатын болды. Бұл типті оқу орындарында эстетикалық және дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Корпустардың кітапханасы, театры болды, журнал шығарып тұрды.

Бұрын I Петр ашқан мектептер кейінірек сословиелік дворян мектептеріне айналды. Теңіз академиясы 1752 жылы теңіз кадет корпусына, Петербургтегі артиллериялық және инженерлік мектептер артиллериялық және инженерлік кадет корпусына айналдырылды. Дін иелерінің балаларына арнаулы діни мектептер ашылды. Бұрынғы есеп мектептері солдат балаларына арналған горнизондық мектепке айналдырылды.

Сөйтіп, XVIII ғасырда Россияда әр сословиенің балаларына арналған сословиелік мектеп жүйесі қалыптасты. Әр сословиенің балалары үшін арнаулы мектептер ашылды, олардың оқу программалары әр түрлі болды.



Москва ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында қалып-

университеті тасқан орыс интеллигенциясы, әсіресе Ломоно-

совтың маңына жиналған прогресшіл ғалымдар орыс ғалымдарын даярлайтын ғылыми орталық құруды ұйғарды. Ломоносов ғылыми орталықтың Москвада құрылуын ұсынды. 1755 жылы

М. В. Ломоносовтың тікелей қатысуымен Москва университеті ашылды. Онда философия, заң

90

және медицина факультеттері болды. Батыс Европа университет-теріндегі сияқты дін факультеті бұл университетте болмады. Университеттің жанынан екі гимназия ашылды. Бірі — дворян балалары үшін, екіншісі — крепостной шаруаның балаларынан басқа, әр түрлі шендегі сословиелердің балаларына арналды. Осы Москва гимназиясының үлгісімен 1758 жылы Қазанда да гимназия ашылды.



Москва университетінің жанында орыс архитекторлары Казаков пен Баженовтың мектептері жұмыс істеді.

Бұл университеттің профессорлары ірі педагогикалық мә-



селелермен шұғылданды. Олар оқытудың методикасын зерттеді. Жеке пәндерді оқыту жөнінде өте бағалы құрал жасады. Ол құрал “Университетке түсушілерді оқытудың әдістері” деген атпен 1771 жылы орыс, латын, неміс және француз тілінде шықты. 1779 жылы Москва университетінің жанынан Россиядағы алғашқы оқытушы-лар семинариясы жұмыс істеді. Бұл семинария гимназиялар мен басқа мектептер үшін мұғалімдер даярлады.

XVIII ғасырдың екінші жартысында Москва университетінің жанында көптеген әдеби және ғылыми қоғамдар жұмыс істей бастады. Мектеп ісінің дамуында “Баспаханалық бірлік” атты ұйымның ролі күшті болды. Бұл ұйым жеке адамдардан ақша жиып, кітап саудасын, жергілікті жерлерде кітапхана және баспахана ұйымдастырды, мектепте және үйде оқытуға арнап, оқу құралдарын басып шығарды.

Москва университетінің жанындағы баспахана мен әдеби ұйымдар шетел педагогтарының құнды еңбектерін орыс тіліне аударып бастырды. Соның ішінде Я. А. Коменскийдің, Д. Локктың, Ж. Руссоның еңбектері болды.



Халық учипи- Россияның экономикалық жағынан тез қар-

щелері қынмен дамуы, қаланың көбеюі, қала халқы-

ның көптеп ашу мәселесін күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты 1782 жылы халық училищелерін ашудың комиссиясы құрылды. Ол комиссияның ең белсенді мүшесі Австро-Венгриядан шақырылған ірі дидакт Ф. И. Янкович болды. Осы комиссия даярлаған “Халық училищелерінің уставы” 1786 жылы жарияланды. Бұл устав бойынша қалаларда екі жылдық кіші және 6 жылдық бас 91



халық училищелерінің оқу жоспарына: оқу, жазу, есеп, дін сабағы, көркем жазу, сурет, арифметика, тарих, география, грамматика, геометрия, механика, физика, жаратылыс, архитектура пәндері енгізілді. Уездік қалаларда кіші училищелер ашу белгіленді. Оларда бас училищелердің алғашқы екі жылында өтетін пәндер оқытылуға тиісті болды. 1782 жылы Петербургте ең негізгі бас халық училищесі ашылды. Бұл училище барлық халық училищелеріне мұғалім даярлайтын оқытушылар семинариясының қызметін атқарды. Янковичтің басқаруымен халық училищелерінде оқытылатын пәндер бойынша оқу құралдарын даярлау мәселесі жүргізілді. Сонымені қатар “Халық училищелері оқытушыларына нұсқау” атты дидактикалық құрал жазылды. Бұл кұралда училищенің оқун тәрбие жұмыстарының барлық мәселелері бойынша нақтылы нұсқаулар мен кеңестер берілді, оқу жұмысын ұйымдастырудың класс-сабақ жүйесі және оқытушының класпен коллективтік жұмыс жүргізу әдістері ұсынылды. Оқытушылардан бұл құралда көрсетілген талаптардың бұлжытпай орындалуы қатаң талап етілді.

Александр Нико- XVIII ғасырдың екінші жартысындағы

лаевичРадищев Россиядағыреволюцияшыл педагогикалық

(1749—1802) ойдың көрнекті өкілі А. Н. Радищев болды. Ол крепостнойлық режимнің күшті кезінде халықты қанауға батыл қарсы шықты. А. Н. Радищев XVIII ғасырда патша самодержавиесімен революциялық күрес жүргізу қажет екендігін түсінген алдыңғы қатарлы орыс дворяндарының бірі болды. Ол табиғат, адамның пайда болуы және оның санасы жөнінде орыстың филососиялық материализмінін алдыңғы қатарлы идеяларын

 

жақтады. Радищев айналаны қоршаған дүниенің бар екендігін, оның материядан тұратындығын және оны тануға болатындығын дәлелдеді. Бірақ ол өзінің негізгі философиялың еңбегінде (“адам туралы, оның өлуі және әлмеуі туралы”) адамның өлгеннен кейінгі “өмірі” туралы діни ұғым мен ол жөніндегі ғылыми пікірдің арасында солқылдақтық жасады, бұл мәселеде үзілді-кесілді пікір айта алмады. XVIII ғасырдағы материалистік философияның бар-лық өкілі сияқты, Радищев те қоғам дамуын түсіндіруде идеалистік көзқарастан аса алмады. Алайда Радищев жаңа қоғам үшін

92

белсенді күрес жүргізудің қажеттігін түсіну дәрежесіне дейін көтерілді.



А. Н. Радищевтің педагогикалық көзқарасынан оның ма-гериалистік көзқарасы мен революциялық-ағарту пікірлерінің күшті және әлсіз жақтары айқын көрінеді. Ол адамды табиғаттың бір бөлімі материядан тұрады деп санады. Радищев тәрбиенің негізгі міндеті — азаматтық санасы бар, жоғары моральдық қасиеттері бар, барынша отанын сүйетін патриот адамды қалыптастыру деп есептеді. Ол шын мәніндегі патриот деп қаналушы халықтың мүддесі үшін патшамен белсенді күрес жүргізген адамды ғана санады. Бұл пікір оның “Отанның шын ұлы кім екендігі туралы әңгіме” деген еңбегінде айқын көрсетілді.

“Петербургтен Москваға саяхат” атты негізгі шығармасында Радищев шаруа балаларының помещиктердің қанауынан көрген азабын ашып көрсетті. Шаруа балаларының рухани дамуына крепостнойлық режимнің кедергі жасап отырғанын, олардың табиғи қабілеттерінің дамуына қамқорлық болмай отырғанын дәлелдеді. Радищев сословиесіне қарамастан, барлық балалардың бірдей тәрбие алуын жақтады. Жас ұрпақтың тиісті тәрбие алуын қамтамасыз ету — мемлекеттің міндеті деп көрсетті, осындай тәрбие арқылы жас ұрпақтан отанның ұлын, шын мәніндегі патриот тәрбиелеу қажет деп санады. Радищев семьяда балаларды қатаң тәртіп арқылы бағындыруға қарсы болды. Семьядағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы олардың жеке басының ісі емес, қоғамдық мәселе деп көрсетті. Ондай қарым-қатынас өзара зыйласу, сүйіспеншілік, орынды талап қою негізінде жүргізілу керек деп есептеді.

“Шын мәніндегі отанның ұлын” тәрбиелеуде Радищев ақыл-ой тәрбйесіне, біліммен қаруландыруға үлкен мән берді. Ол кең көлемде білім беруді (қоғам туралы да және табиғат туралы да) жақтады. Радищев Руссоны сынай отырып, адам қоғамда дамиды, ол даму үшін адамдармен қарым-қатынаста болу керек деп көрсетті. Сонымен қатар, баланың табиғи ерекшелігін ескеруді қажет деп санады. Бірақ баланың дамуында негізгі нәрсе оның табиғи ерекшелігінде емес, оны қоршаған қоғамдық өмірдің әсері деп көрсетті. Радищев өзінің “Федор Ушаковтың өмірі”, “Петербургтен Москваға саяхат” деген еңбектерінде адамның қалыптасуына оның күнделікті өмірге қатынасының, әсіресе қанауға қарсы күресінің ролі өте күшті деп санады, Өзінің демократиялық және революция-лық көзқарастарымен Радищев өз дәуіріндегі ойшылдардың алдыңғы қатарында болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет