ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет7/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Тәрбиенің таптық Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы

сипаты үшін Маркс пен Энгельстің тәрбиенің таптық

Буржуазиялық сипатын ашуының зор мәні болды. Олар алды-

қоғам тәрбиесін мен тәрбиенің өзгермейтін категория еместігін,

сынау тәрбие тарихи сипатта болатындығын, осыған

байланысты тәрбие мекемелері, олардың жүйесі және педаго-

гикалың теориялар қоғам дамуына сәйкес өзгеріп отыратындығын дәлелдеді. Марксизм негізін салушылар тәрбиенің сол кездегі үстем қоғамдың қатынастарға байланыстылығын, оны түбінде материал-дық байлықты өндіру әдісі белгілейтіндігін анықтады. Маркс пен Энгельс сонымен бірге таптық қоғамның шығу кезінен бастап, қанаушы таптар тәрбиені еңбекшілерді қанау құралына, өздерінің таптық үстемдігін күшейту құралына айналдырғанын дәлелдеді. Олар таптық қоғам жағдайында тәрбие таптың сипатта болады деп тұжырымдады.

Марксизмнің негізін салушылардың тәрбиенің тарихи және таптық сипаттарын ашуы оларға буржуазиялық қоғам тәрбиесін қатаң және дәлелді әшкерелеуге және сол тәрбиенің терең қайшылықтарын көрсетуге мүмкіндік берді.

Сол дәуірдегі ірі капиталистік ел — Англияны мысалға ала отырып, орасан көп деректі материалдар арқылы К. Маркс “Капиталында”, Ф. Энгельс “Англиядағы жұмысшы табының жағдайы” деген еңбегінде ағылшын буржуазиясының ағарту

59

ісінде жүргізген әділетсіздік, жөнсіздік әрекеттерін әшкереледі. Еңбекшілер балаларына арналған бастауыш мектептерді оқу жұмысының тым қанағаттанғысыздығын, оқушыларды тек элементарлың сауатын ғана ашып, негізгі көңіл жастарға діни уағыздар мен буржуазиялық моральдың ережелерін үйрететіндігін көрсетті.



Маркс шығармаларында капиталистік өндірісте жұмыс істейтін жас өспірімдер еңбегінің аяусыз қаналатындығын суреттейтін деректер де жеткілікті.

Маркс өзінің “Капиталында” денсаулыққа аса зиянды болып саналатын Англияның сіріңке өндірісіндегі жұмысшылардың жартысынан артығы 13 жасқа дейінгі жас балалар екендігін, ал олардың жұмыс күні 12-ден 15 сағатқа дейін созылатындығын мысалға келтіреді.

Ірі өндірістің дамуы объективтік жағынан семья тәрбиесінен қоғамдық тәрбиеге көшуге қажетті жағдайларды туғызады. Семья тәрбиесінен қоғамдың тәрбиеге көшу, сөзсіз, прогресшіл бағыт еді. Сондықтан да ең алдыңғы қатарлы қоғамдықтан — пролетариат қоғамдық тәрбие үшін күресті үдете түсті, соның алғашқы қадамы ретінде міндетті мектеп білімін: енгізуді талап етті. Бірақ буржуазия әр түрлі сылтаулармен бұл талаптардың іске асуына кедергі жасап келді. “Коммунистер қоғамдың тәрбиені талап ету арқылы семьяны, осының нәтижесінде ата-ана мен балалар арасындағы сүйіспен-шілік қатынастарды жояды”,— деп екі жүзділікпен даурықпа дәлелдер таратты.

Маркс пен Энгельс өздерінің “Коммунистік партияның ма-нифесінде” олардың дәлелсіз даурықпа лақаптарын әшкерелеп, қайта капитализм жағдайында семьяның ірушілігін, ал баланың саудаға түсіп, жабайы жұмыс құралына айналып отырғанын дәлелдеді.

Маркс пен Энгельстің осыдан бір ғасыр бұрын айтқан ызалы сындары осы күнгі буржуазиялық семьяға да тікелей қатынасты. Осы замандағы буржуазияның семьялық қатынастары сол буржуазиялық қоғамның қондырмасының барлық саласының (философия, мораль, искусство т. б.) іри түсуіне байланысты барған сайын адам түршігерлік ластануда, әсіресе оның адамгершілік дәрежесі тым жиіркенішті.

Марксизмнің негізін салушылар жастардың білім алу талабына буржуазия тарапынан үнемі таптың қарсылық болатындығын ескерте отырып, пролетариаттың халық ағарту ісі үшін жүргізетін күресі оның капиталистік құрылысқа қарсы бағытталған жалпы саяси күресіне ұласуға тиісті деп үйретті.

Марксизм осыған байланысты пролетариатты капитализм жағдайында халық ағарту ісі үшін жүргізетін күресінің про-граммалық талаптарымен қаруландырды. Сонымен бірге Маркс пен Энгельс социализм кезіндегі ағарту ісін ұйымдастыруда шешуге негіз болатындай шараларды белгіледі.

60

Бастапңы кезде, буржуазиялық қоғам жағдайында, пролетариат білім үшін, балаларды қоғамдың өндіріске араластыру үшін, тәрбиені қоғамдық түрде ұйымдастыру жолында күресуге тиіс деп көрсетеді марксизмнің негізін салушылар.



Маркс 1875 жылғы Гот программасына берген түзетулері мен сындарында сол кездегі неміс социал-демократтарының тәрбие мен оқу мәселелеріндегі оппортунистігін әшкереледі.

Марксизмнің негізін салушылар олардың реформистігін

сынай отыра, буржуазия еш уақытта да еңбекшілерге шын білім беруге құштар еместігін көрсетті. Тек капитализмді құлату

және пролетариат диктатурасын орнату арқылы ғана халық арасына білімнің барлық саласын мейлінше кеңінен таратуға және халықты нағыз ғылыми білімдерге тартуға мүмкіндік беретіні дәлелденді.

Ал енді пролетариат саяси өкіметті өз қолына алысымен, тәрбие мен оқу мәселелері жөнінен іске асырылатын міндеттер марксизмнің негізін салушылардың “Коммунистік партияның манифесінде” анықталған. Ол міндеттер: “Барлық балаларға қоғамдық және тегін тәрбие беру. Балаларға осы заманғы формада фабрикаларда жұмыс істеуді жою. Тәрбиені материалдың өндіріспен ұштастыру т. т.” '.

Марксизмнің негізін салушылар ескі капиталистік қоғамды жаңа социалистік қоғамға айналдыру негізінде халық ағарту ісін революциялық жолмен толығынан демократияландыруды бірінші орынға қою керек деп кәрсетті.



Адамды жан- Адамның жетіліп қалыптасу проблемасын

жақты марксизмге дейін XVIII ғасырдағы француз

жетілдіру материалистері және солардың жолын ұстаған

ұлы социалист-утопистер шешуге тырысқан болатын. Бірақ олардың механистік және метафизикалық материализм концепциясында болуы оларға адам, оның жетілуі жөніндегі мәселені шешуге мүмкіндік бермеді.

Маркс пен Энгельстің ұлы еңбегі сонда, олар адам табиғатының әлеуметтік сипаттылығын ашып, оның тарихи дамудың үстінде үнемі өзгеріске ұшырайтындығын анықтады.

Маркс пен Энгельстің үйретуінше, адамның жетіліп қалыптасуы қоғамдық жағдайлардың ықпалымен, тәрбие арқылы және адам табиғатында туысынан — дүниеге келуімен бірге болатын қасиеттер арқылы болады. Осының ішінде адамның қалыптаеуында қоғамдық жағдайлар мен тәрбие шешуші роль атқарады, Маркс пен Энгельс адамның жетілуіне, оның дүниеге келуімен ілесе келетін қажетті кейбір сапалар мен қасиеттердің болатындығын мойындайды. Бірақ сонымен бірге өздерінің “Неміс идеологиясы” деген еңбегінде бұл қасиеттер мен сапалар даяр күйінде бола салған адам ақылының,



1 К. М а р к с және Ф. Э н г е л ь с. Таңдамалы шығармалар. 1-томг 28-бет.

61

еркінің және мінез-құлқының дарындылықтары емес, ол туыстан ілесе жүретін нәсілдік ерекшеліктер сол дарындылықтардың дамуына себепкер ғана бола алады. Бұл нәсілдік ерекшеліктер адамның өзі өмір сүретін қоғамдық жағдайлары арқылы және сол адамның қабылдайтын тәрбиесі арқылы сақталады және жетіледі.



Бұл маңызды теориялық қағиданың мысалы ретінде марксизмнің негізін салушылар Қайта еркендеу дәуіріндегі ұлы суретші Рафаэльді алды. Маркс пен Энгельстің көз жеткізе дәлелдеуінше, оның тамаша талантының шарықтауына XVІ ғасырдағы оның Отаны — Италиядағы қоғамдың жағдайды жағымды әсері себеп болды.

Маркс пен Энгельс қоғамдық орта, жағдайлар мен тәрбие ні де тым тұрпайы түсінуге болмайды деп үйретті, үйткен: адамды сол қоғамдық орта мен тәрбиенің пассивті (дәрменсіз жемісі деп есептеуге болмайды. Себебі адам айналасын қорша ған ортаның әсері мен ықпалында бола отыра, өзі де соларға әсер етеді.

Карл Маркс “Фейербах туралы тезистер” атты еңбегінде “Жағдайларды адам өзгертеді”,— деген.

Марксизм осылай адамды белсенді әрекет етуші күш, тарихты саналы құрушы деп есептеді. Сондықтан адам өз әре кеттерімен өмірді өзгертеді, сол процестің үстінде өзін де өзгертеді.

Маркс пен Энгельстің үйретуінше, жаңа адамның қалып тасуы капитализмді құлату және жаңа қоғамдық құрылыс — социализмді құру процесінде болады. Осыған байланысты олар пролетариаттың тарихи міндеттерін шешуде тәрбиенің зор күшке айналатындығын дәлелдеді.

Марксизмнің негізін салушылар тек пролетариаттың ғана емес, бүкіл адам баласының болашағы — жұмысшы табы жас ұрпақтарының тәрбиесіне байланысты деп жазды.

Марксизмнің негізін салушылардың еңбектеріндегі негізгі бір педагогикалық проблема — социалистік қоғам тәрбиесініі міндет, мақсаттарын зерттеп шешу мәселесі.

Социалистік қоғамдағы тәрбиенің алдына марксизм жа өспірімдерді жан-жақты жетілдіру міндеттерін ұсынды. Жан жақты жетілдіру ірі машиналы өндірістің дамуына байланысты туған тарихи қажетті міндет екендігін марксизм алғашқы рет ғылыми түрде дәлелдеп берді.

Машиналы өндіріс әрбір адамнан машинаны меңгере білу ді, өндіріс процесінде үнемі кездесіп отыратын техникалы өзгерістерге икемделе білуді талап етеді, ал бұл адамнан жан жақты даярлықты, жетілуді қажет етеді.

Маркс пен Энгельстің дәлелдеуінше, адамды осылай жак жақты жетілдіру міндеттері капиталистік өндіріс жүйесінд орындалуы мүмкін емес. Себебі капиталистер өздерінің қанаушылық мақсаттарын көздей отыра, жұмысшыны машинаның

62

қосалқы құралы дәрежесінде ғана ұстауға тырысады, ой-өрісі тар, көзқарасы көмескі келген жұмысшыны билеу де, өз ықпалында ұстау да оңай болады.



Марксизм осылай капитализм жағдайында ірі машиналы ідірістің жұмысшылар даярлау жөніндегі талабы капиталистердің қанаушылық мүдделерімен, тілектерімен сөзсіз қайшылыққа кездесетіндігін, бұл қайшылықтар капиталистік құрылысты социалистік құрылыспен революциялың түрде ауыстыру арқылы шешілетіндігін дәлелдеді.

Марксизмнің негізін салушылар социалистік қоғамда адамдар неғұрлым жақсы даярлықтан өтсе, олардың күші мен қабілеті неғұрлым жан-жақты жетілсе, социалистік шарашылық адамдардың еңбегін өнімді және тиімді түрде пайдалануға соғұрлым мүмкіншілік туғызатынына берік сенді. Марксизм осылай адамның жан-жақты жетіліп, қалыптасуы тарихи қажеттілік екендігін ғылыми түрде дәлелдеді.

Социалистік қоғам тәрбиесінің негізгі салаларын К. Маркс 1866 жылы — Бірінші Интернационалдың “уақытша Орталық Советінің делегаттарына жеке мәселелер жөнінен нұсқау” деген шығармасында атады.

Осы “Нұсқауда...” Маркс тәрбиенің салалары: біріншіден, ақыл-ой тәрбиесі; екіншіден, дене шынықтыру тәрбиесі; үшіншіден, технологиялық (политехникалық — Қ. Б.) оқу,— деп түсіну қажет”,— дейді .

Ф. Энғельс өзінің “Коммунизмнің принциптері” деген еңбегінде... “Коммунистік негіздерде ұйымдасқан қоғам өзінің мүшелеріне өздерінің әр салалы дамыған қабілеттерін жан-жақты қолдануына мүмкіндік береді” 2,— деді. Марксизмнің жан-жақты жетілген социалистік қоғам құрылысшыларын даярлайтын коммунистік тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты келетін ақыл-ой, политехникалық білім, коммунистік адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалың тәрбиелерін қамтуы тиіс.

Ақыл-ой тәрбиесі Адамды жан-жақты жетілдірудің міндеттерін

шешуде Маркс пен Энгельс жетекші роль ақыл-ой тәрбиесінде болуға тиіс деді. Энгельстің сөзімен айттқанда, “Маркс үшін ғылым — тарихи қозғаушы, революцияшыл күш”3. Тәрбиенің бұл саласының алдына марксизм жас пірімдерді нағыз ғылыми білімдермен қаруландыру, жастар санасында дұрыс диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру міндеттерін ұсынды. Білім- жас өспірімдерді ісәрекеттерге, революцияшыл тәжірибеге белсенді қатынасуы үшін қажет деді.



1 К. М а р к с жөне Ф. Э н г е л ь с. Шығармалар. 16-том, 198—199-гтер.

2 К. М а р к с жэне Ф. Э я г е л ь с. Шыгармалар. 4-том, 336-бет. 3К. Маркс, Ф. Энгельс. Таңдамалы шыгармалар. 2-том,

6-бет.


63

Маркс пен Энгельс оқушы жастарды табиғат және қоғам жөнінен (математика, физика, химия, жаратылыстану, ана тілі мен шет тілдері, тарих, әдебиет т. б.) әр салалы және терең білімдермен қаруландыруды талап етті.

Оппортунист Дюрингінің болашақ қоғам мектебін ұйымдастыру жоспарына қарсы Ф. Энгельстің жасаған түзетулеріне қарағанда, марксизмнің негізін салушылар социализм кезіндегі мектептің маңызын жоғары бағалады.

Маркс пен Энгельс мектептің алдына жас өспірімдерді жалпы білім шеңберін кеңейту міндетін қойды.

Сонымен бірге мектеп жас өспірімдерге практикалық дағ- дыларды, жалпы таптың күреске қатынасуға мүмкіндік береліктей терең ғылымдар негізімен қаруландыруы тиіс. Маркстік таным теориясы бүкіл оқу процесін дұрыс, ғылыми түрде жүргізудің негізі болып саналады. Осы теорияға сәйкес объективтік дүниетану сезім қабылдауларынан басталады, сонан кейін бұл біздің санамызда өңделеді. Осы кезде нақтыдан абстрактылыққа көтеріле отыра, тану процесі сол дүнинің шын заңдылықтарын анықтауға, ашуға көмектеседі. Ғылыми білімдер бізге дүниені дұрыс түсіну үшін ғана емес, он өзгертуге де мүмкіндік береді.

Олардың үйретуінше, әрбір оқу пәндерінің өздеріне тән ішкі логикасы болады, оқу процесінде бұл логиканы бұзуға болмайды, сондықтан оқу процесі жүйелілік пен бірізділікті талап етеді.

Маркс біліммен қарулану жолында жастарға қиыншылықтарды жеңуге тура келетіндігін ескертті. “Капитал” еңбегінің француз тілінде басылуының кіріспесінде ол: “Ғылымда даңғыл жол жоқ, ғылымның жарқыраған шыңдарынан тек шаршап-шалдығудан қорықпай, оның тасты соқпақтары мен өрмелей беретіндер ғана шыға алады”,— деді. Ұлы ревлюционер ғалымның бұл өсиеті білімді үстіртін, тиянақсыз меңгеруден сақтануды ескертті, ғылымға ұмтылушыларды қажымай, табанды түрде еңбек етуге шақырды.

К. Маркс пен Ф. Энгельс өздерінің алуан салалы, теориялық жағынан мейлінше терең ғылыми еңбектерімен шын мәніндегі ғалымның үлгісін көрсетті: олар ғылымның бірнеше салаларын (философия, саяси экономия, право, математик жаратылыстану

т. б.) меңгерді. К. Маркс барлық дерлік Еврпа тілдерінде сөйлей білген, 56 жасында орыс тілін үйрену: кірісіп, 6 айдан кейін орыстың белгілі ақын, жазушыларының шығармаларын оқу дәрежесіне жеткен.

Попитехникалық Марксизмнің негізін салушылар болашаққа да-

оқу налықпен көз жібере келе, “...капитализм

жойылғаннан кейін қоғамдық өндірісті бұрын болып көрмеген дәрежеде дамыту үшін бір ғана қосымша механикалық және химиялық құралдар жеткіліксіз болады, сол

64

құралдарды пайдаланатын адамдардың қабілетін дамыту қажет”,— деді.



К. Маркс пен Ф. Энгельстің үйретуінше, қоғам мүшелерін осы бағытта дамытудың негізгі жолдарының бірі — политехникалық оқу. Дүние жүзілік педагогикаға тарихта ең алғашқы рет ең бағалы үлес болып қосылған марксизмнің негізін алушылардың осы политехникалық білім теориясы олардың жан-жақты жетілген адамдарды даярлау жөніндегі ілімінен көне ақыл-ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы қайшылықтарды жою жөніндегі көзқарастарынан туды.

Бұл оқудың мазмұнын К. Маркс өзінің “Уақытша Орталық Советтің делегаттарына жеке мәселелер жөніндегі нұсқауында” ықшамды түрде анықтады. Бұл оқудың мазмұнына С. Маркс жастарды машиналы өндірістің жалпы ғылыми негіздерімен және сол машиналарды пайдаланатындай практикалық іскерліктермен, дағдылармен қаруландыру міндеттерін ұсынды.

Ғылыми жағынан марксизм негіздеген политехникалық оқудың міндеттері: жастарға өндірістің барлық процестерінің негізгі принциптері жөнінен білім беру, яғни қазіргі заман өндрісінің ғылыми негіздерін үйрету; жастарды алуан салалы өндірістің қарапайым құралдарын пайдалана білу дағдыларымен қаруландыру. Политехникалық оқу теориясын құрған марксизмнің негізін салушылардың өшпес еңбегі сонда, олар өз заманындағы ірі өндірістің жалпы ғылыми негіздері болатындығын анықтады. Олардың көрсетуінше, өндірістің әр салаларында қолданылатын машиналар қаншалықты бір-бірінен өзгеше болғанмен де, сол өндіріс салаларындағы болатын технологиялық процестер де әр түрлі болса да, бұлардың барлығы механиканың, физиканың, химияның заңдарына негізделе құрылады. Сондықтан өндірістің бүкіл жүйесі бойынша мәліметті болу үшін, олар негізделетін жалпы ғылыми принциптерді меңгеру үшін табиғат пен техника салалары жөнінен білімді болу керек.

Осыған байланысты К. Маркс пен Ф. Энгельс политехникалық оқудың жүзеге асу жолдарын көрсете келе, бұл оқу нақты ғылым салаларын меңгеруге негізделеді, ең алдымен, физика және химияны меңгеруге негізделеді, өйткені осы ғылымдардың анықтайтын заңдары механикаланған өндірісте кеңінен қолданылады деп үйретті. Сондықтан жас өспірімдер қазіргі заман өндірісінің жүйесімен танысуға мүмкіндік алатындай және өндірістің техникасын, оның ұйымдастыру жолын меңгеретіндей терең ғылыми білім алуы тиіс.

Бірақ марксизмнің түсінігінде политехникалық оқу тек жалаң теориялық білім ғана емес, бұл оқу өндіріс негіздерінен практикалық түрде танысуды талап етеді. Ф. Энгельс: “Социалистік қоғамда еңбек пен тәрбие байланысады, сол

65

үшін жас жеткіншектерге әр салалы техникалық білім бер көзделеді” ',— деді.



К. Маркс өзінің “Капитал” атты, Ф. Энгельс “Коммунизмнің принциптері” атты еңбектерінде политехникалық оқудың капитализм жағдайында жүзеге аса алмайтындығын дәлелдеді. Себебі адамды жан-жақты жетілдіруге бағытталған по-литехникалық оқу жеке меншікке негізделген капиталистік өндіріс қатынасына, капиталистердің еңбек адамына деген жыртқыштың қатынасына қайшы келеді. Капиталистер жұмысшыны машинаның қосалқы құралы немесе құлы есебінде ғана санайды, өйткені мұндай жұмысшыны қанау да, бағындырып ұстау да оңай.

Сондықтан марксизмнің негізін салушылар адамның жан-жақты жетілуінің негізгі жолы болып есептелетін политехникалық оқу осы кедергілер жойылған кезде ғана, яғни пролетариат саяси үкіметті өз қолына алғаннан кейін ғана іске асатындығын көрсетіп берді.



Адамгершілік Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымын

тәрбиесі жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғашқы рет шешкен К. Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олардың дәлелдеуінше, адамгершілік қоғамдың дамудың жемісі, ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды, сондықтан таптық қоғамда адамгершілік те таптың сипатта болады.

Көптеген мысалдар арқылы, әсіресе, “Коммунистік партияның манифесінде” Маркс пен Энгельс буржуазиялық моральдың таптың мәнін әшкереледі. Буржуазиялық қоғамда адамгершілік тәрбиесі сол үстем таптың баюға құлшына ұмтылу, еңбекшілерді шексіз қанау мүдделеріне қызмет ететіндігін көрсетті.

Марксизмнің негізін салушылар жаңа пролетарлық моральдың теориялық негіздерін анықтады: пролетариат диктатурасы мен социализм дәуірінде адамгершіліктің негізі ең алдыңғы қатарлы тап — жұмысшы табының адамгершілігі болады деп көрсетті. Жұмысшы табының адамгершілігі қанаушыларға қарсы бағытталған халық бұқарасы үшін, сайып келгенде, бүкіл адам баласы үшін қызмет ететін адамгершілік.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері: адам баласын қанаудан, езушіліктен құтқару, коммунистік қоғам орнату жолындағы күрес.

Осы күрес процесінде жұмысшы табының алдыңғы қатарлы өкілдерінің арасында пролетарлық моральдың элементтері туады, олар: халыққа берілгендік, жолдастық, өзара көмек, өз мақсатын жалпы істің салтанаты үшін бағындыру, революцияшыл ерлік, тәртіптілік.

Толың мәніндегі пролетарлың мораль адамдар арасында



1 К. М а р к с, Ф. Э н г е л ь с. Шығармалар. 20-том, 334-бет.

66

шынайы адамдық қатынастар орнаған Коммунистік қоғамда ғана қалыптасады.



Маркс пен Энгельс социалистік қоғамның адамына қажетті мынадай адамгершілік сапаларын тәрбиелеуді ұсынады: социалистік Отанды шын жүректен сүю, дүние жүзі еңбекшілеріне туысқандық сезім білдіру, яғни пролетарлық интернационализм, социалистік гуманизм, шын мәніндегі коллективизм.

К. Маркс пен Ф. Энгельстің барлық өмірі шынайы адамгершілік мінез-құлықтың үлгісі болды. Олардың зор адамгершілігі, еңбекші халықтың барлық жақсы қасиеттерін өз бойларына сіңіре білгендігі семьялық өмірінен де, күрестес достарына қарым-қатынасынан да, еңбекке деген мейлінше сүйіспеншілігінен де айқын көрінеді. Маркс пен Энгельстің өмірі мен тұрмысы түгелдей адам баласының бақыттылығы жолындағы, коммунизм идеяларының салтанат құруы жолындағы күреске сарып етілді.

17 жастағы Маркс өзінің “Жас өспірімнің кәсіп таңдағанда ойлануы” деген шығармасында былай деп жазды: “Егер біз көбінесе адамзат игілігі үшін еңбек ететіндей кәсіпті қалап алған болсаң, оның ауыртпалығына мойымайтын боламыз, өйткені, бұл — барша жан үшін жасалған құрбандық болады; біз аянышты, мешеулі экономикалық қуанышқа бөленбей, бақытымыз миллиондарға тән болса, біздің ісіміз тыныш, әрдайым әсерлі өмір сүретін боламыз, ал біздің табысымызға мейірбан жандардың көз жасы тамшылайтын болады”.

Марксизмнің Сонымен К. Маркс пен Ф. Энгельс педагогика-

тәрбие лық ой-пікірдің дамуында революцияшыл төң-

туралы ілімінің керіс болып есептелген, сол ойдың дамуында

маңызы сапа жағынан жаңа кезең ашқан пролетариат-

тың ғылыми педагогикасын құрды.

Марксизм тәрбиенің капитализм және социализм тұсындағы әлеуметтік мәнін ашты. Маркс пен Энгельс коммунистік тәрбие теориясының негіздерін қалыптастырды, жас өспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажеттілігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Марксизмнің негізін салушылардың тәрбие жөніндегі ілімі пролетариаттың халық ағарту және мектеп жұмыстарын ұйымдастыру күрестеріне теориялық құрал болды, сондықтан да бұл ілім бүкіл ғылыми коммунизмнің ажырамас бір бөлімі болып есептеледі.

Марксизмнің тәрбие және білім жөніндегі қағидалары жаңа тарихи жағдайларға сай, яғни империализм және пролетарлық революциялар дәуіріне сай. Маркс пен Энгельстің ісі мен ілімі оны алға қарай апарушы В. И. Ленин шығармаларында және КПСС-тің халық ағарту ісі жөніндегі тарихи қарарларында творчестволықпен дамытылды.

67

чРеволюцияшыл социалистердің мектеп және халық

ағарту ісі үшін күресі

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Батыстың капиталистік елдерінде социал-демократияшыл оппортунистер

және жалған социалистер өздерінің сатқындық әрекеттері мең мүдделерінде империалистермен ауыз жаласатындығын көрсетті.

Германия социал-демократиясының екі жүзді басшылары “шын патриотпыз” деген сөзді бетке ұстап, шовинистік саясатты ұстады, империалистік соғысты жақтады, мектеп оқушыларының соғыс өнеріне үйренуін талап етті.

Ағылшын лейбористерінің және француз социалистерінің басшылары да өз өкіметтерінің колониялық талаушылығын, католик монархтарының миссионерлік әрекетін жақтады.

Тек Маркс пен Энгельстің іліміне сүйенген революцияшыл социалистер ғана пролетариаттың ағарту мен мәдениет жолындағы күресін бастап отырды.

Француз социалисі Поль Лафарг (1842—1911) Париж ком-мунасының ағарту мәселелеріндегі тәжірибесін құттықтай қолдаған. Ол қажырлы түрде пролетариатқа жат идеологияға, дінге қарсы шықты, діннен бөлінген білімді, халық мектебін талап етті.

Август Бебель (1840—1913)— Германия социал-демократ партиясының негізін салушылардың бірі. Ол қатал реакция және Франко-Прусс соғысы кезінде Париж коммунасын, оның жүргізген саясатын жаңтады. Өзінің еңбектерінде А. Бебель жұмысшыларға терең ғылыми негізде құрылған кең көлемді білім беруді талап етті. Ол еңбекшілердің, әсіресе әйелдердің білімге праволылығын жақтады, халықтың шын мәніндегі білім алуы тек пролетарлық революция арқылы ғана шешілетіндігін ескертті.

Клара Цеткин (1857—1933)— Германияның революцияшыл пролетариатының өкілі, атақты социалисі. XIX ғасырдың 80-жылдарынан бастап, К. Цеткин пролетарлың революция, пролетариат диктатурасы, әйелдерді капиталистік қанаудан босату, жаңа мектеп үшін жалынды күрескер болды.

Өзінің шығармалары: “Мектеп мәселесі және жұмысшы1 табы”, “Әйел және оның экономикалың жағдайы” және басқа еңбектерінде К. Цеткин коммунистік түрғыдан буржуазиялық мәдениет пен мектепті қатты сынады. Германия мектебінің ауыр жағдайын суреттей келе, тәрбиенің шовинистік бағытын, орта және жоғары мектептердің еңбекші халықтың ңолыня тимейтіндігін көрсетті. Мектеп пен педагогиканың жағдайын тек әлеуметтік революция ғана өзгерте алады деген маркстік; тұжырым жасады.

К. Цеткин жалпыға бірдей міндетті білімді, кедей балаларын оқу құралымен, тамақпен, киіммен қамтамасыз етуді талап еттті

68

Мектептен дін аластатылуы тиіс деді. К. Цеткин мектептің көмегі арқылы әйелдердің теңдігі үшін күресу қажет деп есептеді.

К. Цеткин бірнеше рет Совет Одағында болып, В. И. Ленинмен, Н. К. Крупскаямен творчестволық ынтымақта болды, совет мектебінің тәжірибесін зерттеді, оны қажырлы түрде өз елінде насихаттады.

Карл Либкнехт (1871—1919) неміс социал-демократиясының солшыл қанатының басшыларының бірі, Германия коммунистік партиясын ұйымдастырушылардың бірі болды.

К. Либкнехт жастар арасында саяси-ағарту насихатын кең түрде өрістете отыра, оларды социализм және интернационализм рухында милитаризмге қарсы тәрбиеледі. Өзінің сөйлеген сөздерінде

К. Либкнехт үстем таптар өздерінің бүкіл өмір сүру тарихында ағарту ісін өз мүдделеріне ғана пайдаланады, бұқара халықты қараңғылық пен мәдениетсіздікке душар етеді деді.

К. Либкнехт діннің мектепте өте қауіпті екендігін, ол жастарды құлдық рухында тәрбиелеуге бағыттайтындығын көрсетті.

Революцияшыл социал-демократтар пролетариаттың жеңе-тіндігіне толық сенді, пролетариаттың жеңісінің нәтижесінде құрылатын социалистік қоғамда ғана білім; бүкіл қалың еңбекшілер бұқарасының игілігіне айналады, адамның жан-жақты жетілуіне барлық жағдайлар туады деп есептеді.

XIX гасырдыц аягы және XX ғасырдағы

империалистік елдердегі педагогика

В. И. Ленин XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басын — капитализмнің іріген кезеңі, осының нәтижесінде капитализм өзінің ақтық сатысы — империализмге айналған кезі деп есептеді.

Бұл кезде империализм тек қана дүние жүзілік үстемдікке жанталаса ұмтылды. Осыған байланысты идеология саласында буржуазиялық демократияның реакцияға айналуы онан сайын өрістей берді.

Империалистік буржуазияның реакцияшыл идеологтары күн сайын азғындап ұлтшылдық пен милитаризмнің отын тұтандырды, басқыншылық соғыстарды жақтады.

Реакцияшыл идеологтар буржуазиялың елдердің педаго-гикасына, біліміне және ағарту саясатына тікелей әсерін тигізді. Буржуазиялың педагогиканың империализм дәуіріндегі идеологтары капитализмнің идеялың жақтаушылары болып саналды. Олар жас өспірімдерді коммунизмғе қарсы күреске әзірлеуге көмектесетін теориялық концепцияларды, еңбекші бұқараға” капиталистік құрылысты мықты және мызғымас



69

деп ұғындыратын, теріс тәрбиелейтін концепцияларды ұсынды. Империализм дәуіріндегі буржуазиялық педагогиканың идеологтары XIX ғасырдың аяғы мен XX ғаеырдың басындағы - идеалистік философияның әр түрлі жүйелеріне арқа сүйеді.

Бұл кездегі буржуазиялық педагогикада байқалған бір ерекшелік — көптеген әр түрлі педагогикалық бағыттардың шығуы болды. Буржуазиялық педагогиканың қайраткерлері арасында идеялық лағушылық күшейді. Әрбір педагогикалық бағыт өз доктринасын бірден-бір ғылыми деп жариялады.

Азаматтық XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басын-



тәрбне” қалыптасқан ерекше бір ағым “Еңбек мек-

және “Еңбек мектебі педагогикасы” және “Азаматтық

тебі” педагоги- тәрбие теориясы” деген болды. Бұл теорияны

касы реакцияшыл неміс педагогы Георг Кершенштейнер (1854—1932) негіздеді. Әр түрлі реакцияшыл педагогикалық

теориялардың дәлелінше, мектеп “әлеуметтік тұрақсыздыққа” қарсы, таптың күрес пен революцияшыл қозғалысқа қарсы, еңбекшілер арасына марксизмнің тарауына қарсы күресуге тиіс.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Германияның экономикасының өсуі жеделдеді. Буржуазияға техникамен қаруланған, саяси жағынан сол буржуазияға тәуелді тәрбиеленген жұмысшы керек болды.

Г. Кершенштейнер буржуазияның осы мүдделерін қана-ғаттандыратындай педагогика мәселелерін зерттеді. Мектептің міндеттерін анықтай келе, мектеп түгелімен буржуазиялық мемлекеттің (Германия империализмінің) мүддесіне қызмет етуі тиіс деді.

Г. Кершенштейнер әсіресе пролетариаттың санасының же-тілуінен, жұмысшы қозғалысының өрлеуінен сескенді.

Сондықтан оның ұсынған “Азаматтың тәрбиесі” балаларды мемлекетке сөзсіз бағынуға үйрету еді.

Оның айтуынша, “ішкі жауларға”, пролетарлык, санаға қарсы зеңбірек те, броненосец те, бүкіл буржуазияның қарулы күші де қарсы түра алмайды. Бұған басқа нәзік құрал, сонымен бірге айқын, күшті, әсерлі құрал керек. Ол — саяси тәрбие, бұл тәрбие оқушыларға мемлекет міндеттерін, азаматтық борышты түсіндіретіндей болсын деді.

Әңгіме халық бұқарасы жөнінде болғандықтан, Кершенштейнер мектеп тәрбиесінің негізгі мәні — оқушыларға белгілі

идеяларды сіңіру деп есептеді. Ол бұл тәрбие арқылы еңбекшілерді шовинистікке тәрбиелегісі келді, бағынуға ғана икемді жұмысшылар мен солдаттарды даярлауды көздеді.

Ал енді өзі негіздеп ұсынған “Еңбек мектебі” идеясы бойынша, мектепке “реформа” жүргізу керек: халық мектебінде оқушы қол еңбегіне үйренеді, техникалық дағдылар алады, әр түрлі аспаптарға үйренеді. Халық мектебінің оқушы-



70

лары, болашақ мамандығы үшін жалпы еңбек даярлығынан өсуі тиіс.

Сөйтіп, Кершенштейнердің “Еңбек мектебі” педагогикасының негізгі мақсаты — оқушыларды еңбекке деген ұқыптылық әдеттерге, үнемі сөзсіз бағынып, бой ұсынушылыққа, мінттеріне сөзсіз берілгендікке жүйелі түрде тәрбиелеу. Осының барлығы буржуазия талаптарын орындауға бағытталды. Демек, Кершенштейнер буржуазия мүдделерін қанағаттандытындай еңбектің тәрбиелік әсеріне үлкен мән берді, яғни ол енбекті “Азаматтың тәрбиенің” ең маңызды құралы деп есептеді.

Кершенштейнер “Азаматтық тәрбиені” осылай бұқараның революцияшыл талабымен күресетін құрал ретінде қарады.Оның ұсынған “Азаматтың тәрбие” теориясы, онан туатын, “Еңбек мектебі” идеясы мүлдем реакцияшыл бағытта құрылды. Сондықтан да Н. К. Крупская: “Кершенштейнер демократизм атаулыдан алыс... ол буржуазиялық, мемлекетке бас иіп, соның мүддесін барынша қорғап, өзінің педагогикалық қызметін де соның мүддесімен ұштастыра жүргізеді”'—деп жазды.



Іс-әрекет XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастап неміс

педагогикасы буржуазиясының белгілі педагогы Август Лай (1862—1926) “Іс-әрекет педагогикасы” теориясын негіздеді.

Өзінің ғылыми педагогикалық зерттеулерінің бастапқы кезінде Лай экспериментальдық педагогикамен айналысты. 1903 жылы басылып шыққан “Экспериментальдық дидактика” еңбегінде эксперимент арқылы кейбір оқу пәндерінің әдістері мен тәсілдерін негіздеуге тырысты. Мұнан кейін 1908 жылы оның “Экспериментальдық педагогика” еңбегі жарыққа шықты.

Өз заманындағы мектептердің талаптарына жауап беру мақсатымен Лай 1911 жылы “Іс-әрекет мектебі” деген еңбегін жазды. Өз еңбегінде мектептерде үстем болып отырған кітаппен сөйлеу арқылы ғана оқыту әдісін сынады. Бірақ оның оқыту әдістеріндегі ойлары тым тұрпайы болатын. Оның “Іс-әрекет мектебінің” негізінде жалаң биологизаторлық теория болды; оның ойынша, кез келген организмнің ең қарапайым түрінен бастап адамға дейінгілердің барлығының әрбір Бір жолы мынадай схемадан өтеді: қабылдау, қайта өңдеу, әрекет. Осы жалаң схемада Лай негізгі көңілді үшінші кезеңіне — суреттеуге, бейнелеуге немесе әркетке бөледі. Осыдан оның бүкіл теориясы “Іс-әрекет педагогикасы” деп аталды. “Іс-әрекет” деген ұғымды Лай балалардың тек қана дене қи-мылы, қозғалыс реакциясы деп түсінеді де, тәрбие мен оқуды

1 7.^. К. К р у п с к а я. Педагогикалық шығармалар, 1-том, 1957, 350-бет.

71

реакциялар тудыру деп есептеді. Осылай Лай педагогиканы биологизациялады.



“Іс-әрекеттің” негізгі құралдары әр түрлі бейнелеу істері болып саналады. Олар: сурет салу, өрнектеу, кескіндеу әрекеттері, сызу, модель жасау, ән, музыка, драма т. б.

Лай үлгісімен оқытқан мектептерді сол кезде иллюстрациялау мектептері деп атаған. Бұл мектептерде оқу уақытының көбі сурет салуға, схемалар сызуға, модель жасауға, ән-музыкаға бөлінді де, білімнің көлемі кеми берді. Бейнелеу жұмыстары оқушылардың нағыз білімдік істерден көңілін бөліп отыратын.

Балалардың бейнелеу әрекеттерін Лайдың шектен тыс дәріптеп, оқыту ісін екінші қатарға қойып, оған аз көңіл бөлуі сөзсіз теріс көзқарас болып саналды. Бұл бағыт оқушылардың жалпы білім дәрежесінің төмендеуіне әкеліп соқтырды.

Тәрбие мәселесінде Лай ұлтшылдықты және діни тәрбиені жақтаушы болды.



Эксперименттік Империализм дәуіріндегі буржуазиялық

педагогика педагогикада эксперименттік педагогика көрнекті орында болған, мұның белгілі өкілдері неміс педагогтары Эрнст Мейман (1862—1915) және жоғарыда әңгіме болған А. Лай болды.

XIX ғасырдың соңғы ширегінде Германия мен Америкада құрылған эксперименттік педагогикалық психологияның ла-бораториялары кейіннен Англияда, Францияда, Италияда, Россияда ашылды. Кейінірек оқу мен тәрбиенің проблемалары біртіндеп эксперименттік зерттеу арқылы жүргізіліп отырды, сөйтіп, эксперименттік педагогика ерекше бағыт болып дамыды.

Эксперименттер үшін әдейі жасалынған өлшеу приборларының көмегімен және арнайы байқауларды ұйымдастыру арқылы балалардың дене дамуының кейбір заңдылықтары анықталды, балалар творчествосының (сурет салу) жалпы ерекшеліктері зерттелді, балалардың қабылдауын, ойын дамытуға творчестволық еңбектің маңызы бары анықталды. Мұнда басқа да бағалы байқаулар мен қорытындылар жасалынды.

Бірақ эксперименттік педагогиканың қайраткерлері баланы эксперимент арқылы зерттеуден "басқа ғылыми-педагогикалық зерттеулердің басқа әдістерін мойындамады. Сонымен бірге олар баланы қоғамдық жағдайлардан бөліп алып қарады, тәрбиенің әлеуметтік құбылыс екендігін ескермей, оны тек қана жалаң биологиялық құбылыс ретінде қарады. Эксперименттік педагогиканың өкілдері теорияны зерттеуге көңіл бөлмеді, олар тек қана эмпериканы, “объективтік” мәліметтерді мойындап, философиялық педагогиканы субъективтік деп есептеді. Эксперименттік педагогика педагогикалық қоры-



72

тындылар мен тұжырымдарды тікелеи психологияның мәлі-меттерінен ғана шығарды.

Эксперименттік педағогиканың көрнекті өкілі Эрнст Мейман өзінің экспериментінде баланы алдын ала кұрылған жасанды лабораториялық жағдайда зерттеді. Баланы әр түрлі әрекетте зерттемей, оқу үстіндегі тұтас оқушы ретінде қарамай, оны психикалық функциялары бойынша (ес, зейін, елес, ойлау, сезім т. б.) зерттеді. Э. Мейман психологиялық экспериментті — негізінен жетілу және жұмыс үстіндегі балаға жүргізілетін психологиялық эксперимент деп есептеді. Осының барлығы педагогикалық теорияның мәнін кемітті, балалар жөніндегі мағлұматтардың негізгі көзі болып саналатын оқу-тәрбие жұмысының мәнін теріс бағалауға апарып соқтырды.

Америка педағогтары С. Холл, Торндайк пен француз пси-хологы Бине еңбектерінде экспериментальдық педагогика пе-дологияға барып ұласты. Бұлар өздерінің қорытындыларын оқытудың тест методикасы негізінде құрды. Бұл әдіс бойынша, балаларды жете және жеткілікті мерзімде тексерместен, жасанды түрде құрылған текстер (сұрақ және тапсырмалар) бойынша 5—6 минут ішінде баланың дарындылығы анықталды. Бұл әдіс арқылы буржуазиялық мектептерде буржуазия балалары еңбекшілер балаларымен салыстырғанда, ақыл-ой жағынан жоғары тұрады деген ғылымға қайшы жалған дәлелдер айтылды.



Прагматикалық Америка Құрама Штаттарында XIX

педагогика ғасырдың 90-жылдарынан бастап, тым кең тараған философиялық жүиелердің бірі прагматизм философиясы болды. Оны толық түрде негіздеген Джемс еді. Прагматизм үшін пайдалы нәрсе ғана шындық-ақиқат болып саналады. Джемс: “Біз үшін ең жақсы қызмет етуші, бізді жетелеп бағыттаушы — өмірдің әр бөліміне ең ыңғайлы да пайдалы келетін”,— деді. Әрине, мұндай философия буржуазияға тым қажет еді. Осы философияға сүйене отыра, буржуазия өзіне пайдалылардың және өз мүдделерін қанағаттандыратындардың барлығын “ақиқат-шындық” деп жариялады. Мысалы, мұндай идея буржуазияға пайдалы болғандықтан, ол буржуазияны ңанағаттандырады. Сондықтан бұл “идея” прагматистер көзқарасында “ақиқат-шындық” және құдайдың болуы да “ақиқат”. Прагматизм осылай ақиқатты бұрмалап, бірак, буржуазияға пайдалы шындықты жақтауға көмектесті.

Империализм дәуіріндегі Америка буржуазиясына тән та-лаптарды толық негіздеғен белгілі философ-педагог Джон Дьюи (1859—1952) болды. Дьюи Чикаго университетінің педагогика кафедрасының профессоры болған.

Ол педагогика мен педагогикалық психология жөнінен көптеген еңбек жазды. Олардың ішінде кең тарағандары:

73

“Мектеп және қоғам” (1899), “Мектеп пен бала” (1902), “Бо-лашақтағы мектеп” (1915), “Біз қалай ойлаймыз” (1910), “Де-мократия және білім” (1916) т. б. Бұл еңбектерінде Дьюи баланы зерттеп білмегендігі үшін, оның талабын ескермегендігі үшін, өмірден қол үзгендігі үшін, оқу процесінің нәтижесіздігі үшін ескі мектепті сынады. Сонымен бірге ол сол кезде маңызды болған мынадай педагогикалық проблемаларға көңіл бөлді: мектептің өмірмен байланыстылығы, оқу процесінде балалардың белсенділігін дамыту, оқытудың тәрбиелілігі т. б. Осының барлығы Дьюи шығармаларына практикалық қызметкерлердің көңілін аударды.

Философия саласында Дьюи осы кездегі прагматизм ба-ғыттарының бірі — “инструментализм” бағытының көрнекті өкілі болды. Бұл бағыттың дәлелдеуінше, кез келген теория, кез келген идея белгілі бір жеке адамға пайдалы болса, оны “әрекет инструменті” деп қарау қажет деді. Мұндай философияға негізделген педагогика, әрине, сыңар жақты, жалаң “іскерлік” ерекшелікте, сипатта болды. Сондыңтан да Дьюидің идеал ретінде айтатын нақыл сөзі — “жақсы тұрмыс” жасау.

Америка империализмінің мүдделеріне сәйкес құрылған өзінің социологиялық ойларын Дьюи капитализмнің кейбір жақтарын сынау арқылы бүркемелеп отырды. Бірақ өз еңбектерінде буржуазиялың демократияны дәріптеп, капиталистік құрылыстың таптың қайшылықтарын бүркемеледі.

Ал енді екінші империалистік соғыстан кейін АҢШ-та реакцияның өріс алуына байланысты, СССР-дің дүние жүзі алдында күші мен беделінің бекуіне байланысты Дьюидің социализм еліне көзқарасы мүлдем өзгерді. Оның саяси көзқарастары барған сайын реакцияшыл бола берді. СССР-дің қас жауына айналды, өмірінің соңғы жылдарында фашизмді жақтады.

Өзінің философиялың және саяси әлеуметтік көзқарастары бойынша Дьюи бала тәжірибесін үнемі үзбестен жақсартып, тереңдетіп отыру керек деді. Дьюидің ойынша, баланың дамуы, оның тәжірибесін жетілдіру — тәрбиенің негізгі мақсаты, Дьюи баланың жетілуі оның өзі өмір сүріп отырған қоғамға икемделуі деп қарады. Мұндай тәрбиенің негізгі мақсаты — өз қарабасының қамын ғана ойлау, материалдық байлыққа жанталаса ұмтылу.

Дьюидің ойынша, бұқараның мұқтажы мен тілегі ақыл-ой жатынан жетілуде емес, тар ұғымдағы іскерлік. Осыған сәйкес білім беру ісі де жүргізілуі тиіс. Еңбекшілер балаларының “тар ұғымдағы іскерлік” талаптары болғандықтан, оларға арналған мектепте “іскерлікті дамытатын ғана білім берілуі тиіс”. Жұмысшылар “әр түрлі жұмыс істей алуға, әр нәрсені жасай алуға ғана икем” дейді. Сондықтан көпшілікке арналған бұқаралық мектеп жұмыс істеуге ғана үйретуі тиіс, теория мен жүйелі білім еңбекшілерге

74

қажетсіз, жұмысшылар талабы өмірге практикалық даярлықты ғана керек етеді деді.

Дьюи жүйелі білімнің мәнін кеміте отыра, “оқу ісін жұмыс арқылы жүргізгенде ғана баланы өмірмен ұштастырады” деп есептеді. “Еңбекпен айналысу мектеп өмірінің орталық кіндігі болады”,— деді Дьюи. Адам өмірінде еңбек әр салалы болғандықтан, оқушылар оның әр түрімен танысуы тиіс.

Бірақ Дьюидің тек сыңар жақты жұмыс арқылы оқытып үйрету керек дегені мектеп тәжірибесіндегі теорияның, оқытушының ролін кемітуге әкеліп соғады. Ол оқытушыны тек қана ұйымдастырушы, консультант, тергеуші ретінде есептеп, оны білім беруші, сол білімді меңгертуші басшы ұстаз деп бағаламады.

Дьюи мектепті тек үйымдасқан бір орта ғана, мектептің өзі өмір деді. Демек, ол мектеп пен өмір, ортаның арасына шек қоймады, сондықтан да мектепте оқу программалары, оқу кестелерінің болуы шарт емес. Дьюидің өзі кейіннен орын алған “проект әдісін” ұсынбады, бірақ оның мектеп жөніндегі ойларын, оның жолын үстаушылар сол әдісті негіздеу үшін пайдаланды. Сонымен Дьюи жүйелі білімді ығыстыра отыра, өндіріске практикалық қызметкерлерді ғана тәрбиелеуді ойластырды.

Дьюидің еңбек тәрбиесі жөніндегі ойлары капиталистердің мүддесін ғана көздеп Америка мектебін қайта құруға көмектесті, бірақ сол ойлар әсерімен оқушылардың жалпы мәдениеті кеміді, оқу тек қана тар шеңберде жалаң іскерлік бағыт алды. Сондықтан Дьюидің көзқарастары АҢШ-тың буржуазиялық тобының талаптарын ғана қанағаттандырды.



Буржуазиялық Осы кездегі буржуазия педагогикасы күрделі

педагогиканың және қайшылықты жағдайда танылып келеді.

осы кездегі негіз- жағдай капиталистік қоғамның әлеуметтік

гі бағыттары құрылысының күрделі болуына және

буржуазия ғалымдарының тұтас және тұрақты көзқарасының болмауына байланысты. Сонымен бірге педагогикада ой-пікірдің дамуына әр түрлі әлеуметтік, экономикалық және саяси дамулардың, тарихи-мәдени дәстүрлердің айырмашылықтарының болуы әсер етуде.

Капиталистік елдерде халық ағарту ісі шиеленіскен саяси және идеологиялық күрестің объектісі болып отыр. Әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу, ғылыми-техникалық прогресс және прогрессившіл күштер тарапынан күшейіп отырған талаптар буржуазиялық үкіметтерді жалпы және мамандық білімді белгілі дәрежеде кеңейтуге мәжбүр етуде. Балалар мен жастарға білім беру бірінші қатардағы мемлекеттік мәні бар міндеттерге айналуда.

Осының барлығы буржуазиялық педагогиканың алдына маңызды жаңа проблемалар қоюда және теоретик-педагогтар

75

жұмысын жандандыруда. Зерттеулердің проблематикасы кеңейіп, күрделі болып отыр, кітаптар мен мерзімді баспа ісі көбеюде, жаңа ғылыми-педагогикалық орталықтар құрылуда.



Бірақ капитализмнің шешілмейтіи қайшылықтары халық ағарту саласында да өріс алып, буржуазиялық педагогикалық ой-пікірдің дамуына әсер етуде. Осыдан барып буржуазиялық педагогикада классикалық педагогикалық теориялардың ең жақсы дәстүрлерінен бас тарту, дін мен иррационализмнің күшеюі, таяу арада болған белгілі педагогикалық бағыттардың кейін шегінуі орын алып отыр.

Сөйтіп, осы кездегі Батыстың капиталистік елдерінде педагогика ғылымының беделі жоқ, ол іру дәрежесінде.

Батыстағы педагогикалық ой-пікірдің кері кетуін көптеген буржуазия оқымыстылары мойындауда. “Педагогикалық теория мүлдем қараң қалды”,— дейді Америка профессоры? П. Будринг. Лондон университетінің профессоры Дж. Лоурайс ағылшын педагогикасымен осы кездегі өмір талаптары және мектеп практикасының араларында сәйкестік жоқтығын көрсетеді. Батыс Германияның прогрессившіл педагогтары Федеративтік Германия республикасында оқытушылар мен ата-аналар жастарды дұрыс тәрбиемен қамтамасыз ете алмайды, өйткені олардың өздері тұрақты этикалық принциптерді білмейді деген.

Буржуазияшыл педагогтар өздерінің теориялық қағидаларын негіздеу үшін капитализмнің бүкіл идеологиялық құралдарын пайдаланады, әр түрлі қоғамдық ғылымдардың ең алдымен философияның идеяларын негіз етеді. Бірақ осы кезде буржуазиялық философияның өзі терең дағдарысқа ұшырап отыр. Сондықтан философияның зиянды ықпалы педагогикалық ой-пікірдің дамуына да теріс әсер етуде.

Италия, Англия, Япония, Швеция және басқа капиталистік елдердің мектептерінде прагматикалық педагогика өмір сүруде, АҚШ-та бұл педагогика жарты ғасырдан артық уақыт негізінен мемлекеттік мектептердің жұмыс бағытын белгіледі.

Әр елдерде Дьюидің идеяларын таратушы, оның жолын ұстаушылар АҢПІ-та Вильям Килпатрик, Гарольд Рагг, Джеймс Каунтс, Англияда Перси Нанн т. б. прагматистік педагогиканың негізгі қағидаларының мектеп тәжірибесіне енуіне жағдай жасады.

Соңғы он шақты жылда прагматикалық педагогика қатаң сынға ілікті. Бірақ бұл педагогиканың мектепке ықпалы әлі де күшті.

Өзінің саяси әлеуметті құрылысы бойынша прагматикалық педагогика либералшыл-буржуазиялық интеллигенцияның идеологиясын білдірді, бұл интеллигенция тап мүддесін “келістіруді”, “байланыстыруды” арман етті. Дьюи және оның жолын ұстаушылар таптық күрестің объективтік қажеттілігін



76

мойындамады, революцияшыл және азаттық күреске мүлдем қарсы болды. Олар қоғамдық құрылысты тек жас өспірімдерді тәрбиелейтін мектеп арқылы дамытуға болады деген қорытынды жасады.

Социлизмнің жеңістері Дьюидің бағытын өзгертті. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, социалистік елдердің ынтымағы күшейген кезде, капиталистік құрылысты сақтау жолында ол “табанды шаралар” қолдануға шақырды.

Осы кездегі прагматистер де осы бағытты ұстауда. Дьюидің осы кездегі жолын ұстаушылардың бағыты — Батысты қорғау. Бұл міндетті шешуде олар “Батыс цивилизациясын” қайта құруға тәрбиелейтін орын мектеп деп есептеп, оған негізгі салмақ жүктеді.

Прагматистер адам мен тәрбиенің мәні жөніндегі Дьюи көзқарастарымен пікірлес бола отыра, адам туысынан ішкі “өзім” дегенін ала келеді дейді. Олардың ойынша, осы ішкі “өзімі” арқылы жеке адамның творчествосы, ерекшелігі мен айырмашылығы қалыптасады. Адам табиғатын осылай бағалай отыра прагматистер (Э. Келли, А. Комбс, Т. Брамельд) тәрбиені дәрменсіз — қасиетті процесс деп есептеген.

Прагматистер сонымен бірге ашық түрде санаға қарсы шығады және иррациональдық пен санасыздықты дәріптейді. Осыған байланысты осы кездегі прагматистер оқудың мазмұны жөніндегі Дьюи көзқарастарын қолдай келе, оқушыларға жүйелі ғылым, білім беруге қарсы шыққан. Олардың ойынша оқу — жеке “өзім” дегеннің тілегінен туатын мейлінше индивидуалдық процесс, сондықтан оқудың мазмұнын анықтаушы да жеке оқушының өзі деді.

Прагматист Т. Брамельд физика, химия, биология пәндерінің жүйелі курстарының оқытылуына қарсы шықты.

Прагматистердің мектеп білімі жөніндегі тұжырымдарының әлеуметтік мәні — еңбекшілердің балаларына берілетін ғылыми білімдердің дәрежесін төмендету, өйткені ғылыми білімдер капитализмге қарсы күресте еңбекшілерге мықты құрал болады.

Прагматистер адамгершілік тәрбиесі жөніндегі теорияны да идеалистік тұрғыдан түсіндірді. Адам мінезі “өзім” дегеннің терең тамырынан туатын жағдайлармен белгіленуі тиіс. К. Роджерстің айтуынша, сол жағдайлар ғана әрқашанда дұрыс және адам үшін ыңғайлы. Бұл теория жекешілдікті, жастардың адамгершілік жағынан азғындалуын жақтайды.

Сонымен, осы кездегі Дьюидің жолын ұстаушылар (Теодор Брамельд, Эрл Келли, Карл Роджерс, Артур Комбс және басқалар) Дьюидің педагогикалық жүйесінің ең реакцияшыл жақтарын ілгері дамытуда. Халыққа берілетін теориялық білімге қарсы шыға отыра, утилитаризм мен индивидуализмді дәріптеуде, прагматизм педагогикасы реакцияшыл күштерге адал қызмет етуде. Дүние жүзінің прогрессившіл күштері



77

прагматизм философиясына қарсы, атап айтқанда, прагматизм педагогикасына қарсы үзбестен күрес жүргізуде.



Экзистенциализм (“тіршілік, өмір сүру философиясы”)— Батыстағы ең кең тараған идеологиялық ағымдардың бірі.

Экзистенциалистердің айтуынша, олардың негізгі көңілі қазіргі замандағы адамға, ең алдымен жеке адамның адамгершілігіне бөлінеді.

“Тіршілік, өмір сүру философиясының” негізгі мәселесі — бүкіл мүдделері мен тілектері тек жеке өзін ғана қамтитын оқшауланған, жападан жалғыз индивид, сыртқы дүниенің қол жетпейтін күштеріне қарсы бағытталған жеке бастың трагедиясы.

Экзистенциалистердің дәлелдеуінше, адам өлімнің алдында үнемі қатты қорқыныш сезімінде болады.

Экзистенциалистік идеялар ескі дүниенің күйрей бастауынан зәресі ұшқан, терең пессимизмге ұшыраған көптеген буржуазия интеллигенциясымен мұңдас болды.

Осы кездегі экзистенциализмнің орталықтары Франция және Батыс Германия болып есептеледі, соңғы жылдары бұл философия жедел түрде АҚШ, Англия және басқа капиталистік елдерге де таралып отыр.

Экзистенциалистердің (М. Хейдеггер, К. Эсперс, Г. Марсель

Ж. П. Сартр т. б.) көзқарастары айқын түрде педагогика

ғылымына, оның мақсаттары мен мүмкіншіліктеріне сенбестік бағытында болып отыр.

Экзистенциалистер адамды өздерінің философиялық жүйесінің орталығы ете отыра, осы заман ғылымы сол адам жөнінен ешбір реалды мағлұматсыз, біздің адам жөніндегі біліміміа толық емес және көбіне дәл де емес дейді. Сартрдың пікірінше, “адам” деген ұғым бос және мәнсіз абстракция, себебі жалпы адамдық қасиеттер болмайды.

Экзистенциализм педагогикалық концепциясының ерекшелігі — адамның қалыптасуындағы тәрбие мен білімнің мәнін жоққа шығару. Экзистенциалистердің дәлелінше, адам бір мақсатқа бағытталган тәрбиенің, практикалық тәжірибе мен білімдердің нәтижесінде, дағдыларды, нормаларды, принциптерді меңгеру арқылы қалыптаспайды, адам үнемі өзі жүргізетін “таңдаулардың” үстінде, ешбір басшылықсыз қалыптасады. Адамның негізгі сапалары мен қасиеттері сол адамда өздігінше пайда болады, сондықтан оған басқа жақтан араласу зиян тигізуі мүмкін дейді. Экзистенциалистер осыған байланысты адамның өзін-өзі тәрбиелеуін нәтижелі деп есептеді. Сөйтіп, өздігінше тәрбиеленуді семьяның, мектептің, әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалына қарсы қойды, бұл оларды субъективті-идеалистік қорытындыға әкелді.

Экзистенциалистер мектептің басты міндеті индивидуализмге тәрбиелеу деп жариялады. Осыған байланысты мектеп негізгі көңілді жеке оқушыға бөлуге тиіс, коллективтік



78

жұмыстар мейлінше азайтылуы керек. Экзистенциалистер осылай адамдар арасындағы ынтымаққа және өзара көмектесуге қарсы, баланы бөліп оқшаулауды, адамды қоғамға, коллективке қарсы қою рухында тәрбиелеуді ұсынды.

Экзистенциалистер мектеп білімінің мазмұнын қарастыра келе, ондағы негізгі нәрсе оқушылардың интеллектісін, ақылын, ой-өрісін дамыту емес, “эмоционалдық тәрбие” және иррациональдық тәрбие беру деді. Кейбір экзистенциалистер бірінші орынға эстетикалық тәрбиені ұсынды, бірақ оған діни бағыт берді.

Экзистенциалист педагогтар ғылыми білімге, әсіресе қоғамдық ғылымдарға қарсы болды. Олар оқушыларға өздерін жақсы білуге және сыртқы дүниеге өздерінің қатынасын анықтайтын ғана білімдер беру керек деді.

Экзистенциалистердің педагогикалық пікірлері капиталистік құрылысқа тән рухани өмірдің терең қайшылығын көрсетеді.

Осы кездегі Батыстың тәрбие мен білім беру жөніндегі діни теорияларының жалпы принциптері неотомист педагогтар пікірлерінде кең түрде орын алды.



XIX ғасырдың аяғынан бастап ресми түрде католик шіркеуінің философиясы ретіңде жарияланған неотомизм ағымы католик дінінің иесі Фома Аквинскийдің (1225—1274) ой-пікірлерін қайта жаңартуға арналды. Неотомистер материализмге," атеизмге және басқа прогресшіл саяси-әлеуметтік идеяларға қарсы күресу мақсатын ұстанды.

Неотомизм — орта ғасырлың, феодалдың философия емес, ол осы заманның буржуазиялық философиясы. Неотомизм — діни сипаттағы объективтік идеализмнің бір саласы.

Саясат және социология саласында неотомистер капиталистік системаны жақтаушылар, олар өндіріс құралына жеке меншіктің сақталуын табанды түрде қорғап, әлеуметтік теңсіздікті уағыздады, неотомистердің көпшілігі антикоммунизмнің берік туын ұстаушы болып саналады.

Неотомизмнің педагогикалық концепциясын кең түрде насихат-таушы белгілі француз буржуазиясының философы, неотомизмнің танылған басшысы, осы кезде АҚШ-та тұратын Жак Маритен. Католиктік педагогиканың көрнекті өкілдері: У. Каннингам мен

У. Макгакен (АҚШ), М. Казотти мен М. Стефанини (Италия).

Неотомизмнің педагогикалық концепциясындағы негізгі мәселе — адам, табиғатының екі жақтылығы жөніндегі ғылымға қарсы діни догма. Неотомистер адам екі жақты құбылыс: ол, бір жағынан, индивид, екінші жағынан, адам. Индивид болғандықтан, адам материалдық құбылыс, табиғат пен қоғам заңдарына бағынады, белгілі ұлтпен, әлеуметтік ортамен және тарихи дәуірмен байланысады.

Адамның екінші жағы — ол негізгі болып саналады, адам

79

өлмес, өшпес жанға ие. Адам жер бетіндегілердің бәріний жоғары, ол тек қана құдайға бағынады деді. Жак Машітен: “Адам материя мен рухтан тұрады. Оның денесі, мүмкін, тарихи эволюцияда жануарлың түрден шыққан болар, бірақ оның өшпес жаны тікелей құдай әмірінің нәтижесі”,— деп жазды. Тәрбиенің мақсаттары мен негізгі принциптерін осы догмадан шығарды. Неотомистер адамның екі жағы бар, демек оның денесі және жаны жөнінде де қамқорлық қажет деп есептеді. Бірақ олардың ішіндегі негізгісі — адам жаны, олай болса “тәрбие” рухани бастаманың басымдылығына сәйкес құрылуға, демек, тәрбие діншілдік негізде болуға тиісті деді.



Неотомистердің айтуынша, жаңа педагогикалық теорияның идеологиялық және этикалық мазмұны “гуманизм” болуға тиіс. Бірақ олардың уағыздаған “гуманизмі” Қайта өркендеу дәуірінің және XVII—XVIII ғасырлардың гуманистік идеяларымен де, әсіресе социалистік гуманизммен де ешбір қатынасы жоқ. Неотомистердің жалған гуманизмі қоғамды революцияшыл түрде өзгерту идеясына аның қарсы. Олардың ойынша, адамды “аман сақтау”— діншіл ықпалдарды үнемі күшейте беруге байланысты.

Неотомистік педагогиканың теоретиктері мектепте жүйелі түрде осы заман ғылымының негіздерін оқуға формальды жағынан қарсы да шықпайды, міндетті оқу жоспарын жақтайды.

Бірақ іс жүзінде екі жүзді декларацияларды беттеріне ұстай отыра, неотомистер бүкіл білімді дін рухымен шырмауға, оқуды түгелдей “христиандың тәрбиенің міндеттеріне” бағындыруға тырысады. Олардың ойынша, діни оқу жүйелі түрде мектеп білімінің барлық сатысында жүргізілуі тиіс. Американың неотомист педагогы У. Макгакен: “Дін католиктік мектептердің бүкіл біліміне, арифметикадан зоологияға дейін енуі тиіс”,— деді.

Сонымен неотомизм педагогикасы өзінің негізгі мақсаты ретінде жастарды діни сарқыншақтар мен догмалардың шырмауында ұстауды, оларды күшті әлеуметтік-саяси проблемалардан алшақтатуды, азаттық қозғалысына араластырмауды көздейді. Мұндай бағыттың реакцияшыл екендігі айқын.

Сондықтан мектеп пен педагогикалық ой-пікірге бағытталған клерикалдық ықпалға қарсы күресу — капиталистік елдердің прогресшіл жұртшылығының маңызды міндеті.

80

ЕКІНШІ БӨЛІМ

СССР ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МЕКТЕБІ МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ШКІРІНІҢ ТАРИХЫ

XVIII ғасырға дейінгі Россиядағы тәрбие

және педагогикалық ойлар

Шығыс славяндарда алғашқы тапсыз рулық қоғам кезінде де және кейінгі дәуірлерде де тәрбие мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Балаларды егін егуге, аң аулауға, қолөнеріне, қолдарына қару ұстай білуге, әскери өнерге үйретті. Мұның бәрі еңбек әрекетінің арқасында іске асырылды.

Қатаң табиғатпен күресте күшті, шебер еңбекші, жақсы аңшы, егінші, сонымен бірге, өз мекенін жаудан қорғай алатын батыл әскер керек болды.

Балаларды тәрбиелеуде мақал-мәтелдер, ертегілер, батырлар жыры, өлең шын мәнісінде тәрбие құралы болды. Бұлардың педагогикалық мәнін ұлы орыс педагогы К. Д. Ушинский өте жоғары бағалады.

Халық даналылығынан туған жоғарыда айтылған шығармаларда адамның қандай болу керектігі, яғни моральдың тәрбиенің міндеті суреттелді. Кісіге қамқор болу, көмектесуге даяр тұру, шыншылдық, әділдік, еңбекті сүю, табандылық, кіші пейіл болу, үлкенді сыйлау, ерлік — осы қасиеттердің тәрбиеленуі жайында айтылды. Орыстың халық ертегілерінің негізгі кейіпкері — Иванда осы қасиеттер дәріптелді. Батырлар жырларында да осы қасиеттер туралы сөз болды. Мысалы, Илья Муромец еңбекші халықтың, жетім-жесірлердің қорғаны, өз халқының патриоты, орыс жерін қорғаушы ер.

Халықтың жазба әдебиеті пайда болғанға дейін ауыз әдебиеті жастарды тәрбиелеуде үлкен роль атқарды. Ауыз әдебиеті жазба әдебиетпен қатар одан кейінгі дәуірлерде де зор роль атқаруда.

Тарихи деректерге қарағанда VIII ғасырда Шығыс сла- вяндардың ана тілінде жазуы болған. Олардың ішінде латын, грек тілдерін білуші адамдар кездеседі. 988 жылы Киев русінің христиан дінін қабылдауы грек алфавиті негізінде жасалған Кирилл мен Мефодийдің әліппесінің орыс жеріне тарауына әсер етті. Әліппеде славян тілінің ерекшеліктері ескерілген еді (ж, ч, ш, щ әріптері енгізілді).

81

Орыс тіліне жақын ескі болгар тілінде, кейін ескі славян тілінде қолдан көшірілген кітаптар тарай бастады. Христиан дінімен бірге Киев Русінің жеріне Византия мәдениеті де тарады.

Орыс жеріндегі алғашқы дін иелері гректер болды кейін шіркеу және монастырь жанынан дін иелерін даярлайтын мектептер ашыла бастады. Византиядан орыс жеріне' келген дін қызметкерлерінің славяндар болуы, немесе славян тілін білетін гректер болуы хат таныту ісінің тез дамуына әсер етті. Батыс Европа елдерінде XVII ғасырға дейін жазу жергілікті халықтарға түсініксіз латын тілінде болды, өйткені оларға христиан діні Римнен тарады. Ал орыс жерінде жазу славян тілінде болды, бұл жағдай сауат ашу ісінің тездеуіне әсерін тигізді.

Монастырьларда дін қызметкерлерін даярлаумен қатар, кітаптар көшірілді, осының негізінде алғашқы кітапханалар пайда болды.

Шежіре деректеріне қарағанда 988 жылы Киев князы Владимир шіркеу салып, дін иелері мен үстем таптың балаларын оқытады. 1028 жылы Новгородта князь Ярослав староста мен поптардың 300 баласын оқуға жинайды. Галицкий князы Ярослав Осмомысл XIII ғасырда училище ашып, монастырьларда балаларды оқытуды міндеттейді.

XI ғасырда Киевке әйелдер монастырында әйелдер училищесі ашылып, 300 қыз бала оқуға, жазуға, ән айтуға, іс тігуге үйретіледі.

XIII ғасырда Суздальда княгина Ефросина әйелдер училищесін ашады.

Киев мемлекеті XI—XIII ғасырларда мәдениетінің дамуы жағынан Европа елдерінің алдыңғы қатарында болды. Орыс князьдарының көбі білімді адамдар еді.

Шежірелерде князь Ярославтың білімді адам болғаны туралы айтылады. Ол грек тілінен орыс тіліне кітап аударып, орыс жерінде алғашқы кітапхана ашқан.

Князь Святослав Ярославович Черниговский өте білімді адам болған. XI ғасырда жазылған философиялық, тарихи, моральдың тақырыптардың жинағы “Святослав жинағы” жоғарыда айтылған князьдың есімімен байланысты.

Князь Владимир Монамахтың әкесі Всеволод Ярославович бес шетел тілін білген. Князь Ярославтың қызы Анна орыс және латын тілдерінде оқи және жаза алған. Ал оның күйеуі француз королы сауатсыз болған.

Дін иелерінің ішінде де білімді адамдар көп болған. “Игорь полкі туралы жырдың” авторы ақын Боян да — өте білімді адам.

Киев мемлекетінде қолөнер күшті дамыды, қару-жарақ жасау, оны әшекейлеу, батырлар сауытын жасау, темірден, шыныдан әшекей заттар, ыдыс жасау өнері кең дамыды. Қолөнерінің және сауданың

82

дамуы халықтың сауатының дамуына, ел арасына кітаптың тарауына әсер етті. Шежірелерде Киев жерінде кітаптың өте қадірленгені туралы жазылған. Жоғарыда аталған “Святослав жинағында” кітап оқу жөнінде мақала берілген. Онда кітапты асықпай, қайталап оқу керектігі, балаларды кішкене күнінен кітапты қадірлеуге үйрету туралы пайдалы кеңестер бар.

XI—XII ғасырда Киев мемлекетінде қолдан жазған бірнеше діни-моральдық мақалалар жинағы пайда болды. Олардың ішінде педагогикалық мақалалар да кездесті. Мысалы, “Святослав жинағы” кітабында грек патшасының балаларына өсиеті берілді. XI ғасырдағы “Владимир Монамахтың балаларына өсиеті”— алғашқы педагогикалық ескерткіш еді. Онда мемлекет қайраткері Монамах балаларына қалай өмір сүру туралы кеңес берді. Балаларынан Отанын сүюді, Отанын жаулардан қорғауды, еңбекшіл, батыр болуды талап етті. Адамгершілік, қамқорлық, ерлік қасиеттердің болуын қажет деп санады. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірлерге қамқор болу керектігін көрсетті. Монамах балаларынан білімді игеруді, оқуды талап етті.

XIII—XV ғасырларда орыс жері татар-монгол басқыншы-ларының қол астында болды. Татар-монгол жаулауы орыс жерін көп күйзеліске ұлдыратты. Монастырь, шіркеу жанындағы мектептер қирады.

Осы дәуірдің өзінде орыс жерінде хат таныту ісі жүргізілді. XIV—XV ғасырларда сауатты адамдар жергілікті жерлерде балаларды жиып оқытты. Олар қолдан жазылған кітаптар арқылы хат танытуға 2—3 жыл уақыт өткізді. Жазу құралдары болмағандықтан, жазуды меңгеру өте қиынға түсті. Татар-монғол шабуылына ілікпеген немесе аз іліккен орыс жерлерінде орыс мәдениеті дами түсті (мысалы, Новгород жері, Тверь, Владимир княздықтары). XIV ғасырдың аяғынан бастап Москва княздығы дами бастады.

XIV—XV ғасырларда Новгород экономикасы мен саудасы

дамыған ірі мемлекет болды. Қолөнері жақсы дамыды, ше-телдермен ірі сауда жасады. қаласында кітап көшірушілер көп болды. Бұл қолөнерінің бір түрі болып саналды. Новгород жеріндегі ірі монастырьларда кітап көшірілді. Новгород жерінде сауатты адамдар көп болды, кітаптар кең тарады. XV ғасырдағы Новгород сөздіктері (энциклопедиялық сөздік сияқты) біздің заманымызға дейін жетті. Мысалы, соның бірі 1431 жылғы сөздікте 350 сөзге түсінік берілген, Новгород жерінде қолдан көшірілген кітаптардан сақталғандарының ішінде астрономия, философия, табиғаттану жөнінде мақалалар кездеседі.



XVI ғасырда Москва княздығының басшылығымен орыс жері бір орталыққа бағынған мемлекет болып құрылды, ал кейін

83

Волга өзенінің бойы, Сибирь жері қосылғаннан кейін, орыс халқының басшылығымен көп ұлтты Россия мемлекетіне айналды. Мемлекет феодалдық болды.

XIV—XVI ғасырларда діни-моральдың бағыттағы мақалалар жинағына педагогикалық мазмұнда жазылған мақалалар да енген. Бұл кезде “Пчела” атты философиялық, моральдың және педагогикалық мазмұндағы афоризм мен нақыл сөздердің жинағы да шығарылып тұрды. Жоғарыда аталған жинақтарда үлкендерді сыйлау, адамды қадірлеу және еңбекті сүю туралы педагогикалық мазмұнды еңбектер орын алды. Онда тентектік жасаған балаларды тәрбиелеу туралы нұсңаулардың жинағы — “Домострой” деген атпен XVI ғасырда жазылды. Осы нұсқаудың бірнеше тараулары балаларды тәрбиелеу мәселесіне арналды. Онда балалардың құдайдан қорқуы, діни әдет-ғұрыптарды міндетті түрде орындауы, үлкенге сөзсіз бағынуы туралы айтылды. Қатаң тәртіпті қолдану, әсіресе ұрып жазалау керектігі жазылды. Сонымен қатар, балаларды жақсы көру және оларға қамқорлық жасау, оларды ерлікке, табандылыққа, еңбекшіл болуға және киім-кешегіне құнтты болуға үйрету жөнінде де баяндалды.

Туысңандық XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші

мектептер жартысында Украина мен Белоруссия Поляк-

Литва мемлекетінің қарамағында болды. Поляк пандары украин мен белорус халықтарын данап, поляктандыруға тырысты. Поляк қанауына қарсы украин мен белорустар діни ұлттың ұйымдар (братства) құрды. Бұл ұйымдар демократиялық принципте құрылды, мәселелер жалпы жиналыста көпшілік дауыспен шешілді. Бірақ ұйымның басшылығы бай адамдардың қолында болды. Ұлттың қанауға қарсы күрес құралдарының бірі туысқандық мектеп болды, олар поляктардың католик мектептеріне қарсы ұйымдастырылды.

Алғашқы украин туысқандың мектебі 1586 жылы Львовта ашылды. Кейін Вильнюс, Брест, Могилев, Луцк, Киев және Украина мен Белоруссияның басқа да қалаларында ашылды. Біздің заманымызға дейін сақталған Львов және Луцк мектептерінің уставынан туысқандық мектептердің демократиялық принципте құрылғандығы көрінеді. Мектептің ректоры мен мұғалімдері ұйымның жалпы жиналысында сайланды. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланды. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен шарт жасайтын болды. Ол шартта мектептің баланы неге үйрететіні, ата-ананың мектеп алдындағы міндеті (ата-ана мектепті бітірмей баланы оқудан алмайды, баланың оқуға үзбей баруына кедергі келтірмейді және т. б.) анықталды.

Уставта мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылды. Мұғалім ақылды, ұстамды адам болу керек, ашушаң, біреуді күндейтін, орынсыз сөйлейтін адам болмауға тиіс. Баларға



84

қатаң болумен қатар, оларды жақсы көретін болу керек деп көрсетілді.

Мектепке барлық сословиенің балалары оқуға алынды. Панасыз балалар ұйымның есебінен оқытылды. Туысқандық метеп уставында (5 параграф) мұғалімдерге демократиялық қойылды: мұғалім балаларды бірдей оқытып, бірдей жақсы көрді, байдың балалары мен кедей балаларына бірдей қарады. Әркімнің шамасына қарай оқытты. Сабаққа келген оқушының келмеу себебін мұғалім анықтауға тиісті болды. Мұғалім алдымен оқушылардың үйге берген тапсырманы қалай орындағанын тексеріп, сонан соң саба өткізетін, үйге тапсырма беріп, сенбі күні апта бойы оқылған сабақ пысқталатын, туысқандық мектептерде ана тілін оқытуға көп көңіл бөлінді. Бұл мектеп мұғалімдері XVI—XVII ғасырларда

неше славян тілі грамматикасын құрастырып, баспадан шығарды. Мысалы, 1591 жылы Львов туысқандығы басып шығарған грамматика, 1596 жылы Лаврентий құрастырған “Славян

тілінің грамматикасы” (Вильнода басыльш шықты), Киев туысқандық мектебінің оқытушысы Мелетий Сотрицкийдің құрастырған “Славян грамматикасы” 1619. жылы басылды,

кейін 1648 жылы Москвада қайта басылып шықты.

Туысқандың мектептерде грек, латын тілдері, грамматика риторика, диалектика, арифметика, геометрия, астрономия, музыка оқытылды.

XVI—XVII ғасырлардағы Украина және Белоруссия туысқандық мектептеріндегі оқу жұмысын ұйымдастыруда класс-сабақ жүйесінің элементтері болды. Ол мектептердің көптеген құнды жақтары, мысалы мектептердің демократиялық сипаты, балаларды мектепке көп тарту, балалардың сабақ, үлгірімін және сабаққа қатысуын қадағалау және т. б. бар еді.

1615 жылы ашылған Киев туысқандық мектебі 1632 жылы жоғары дәрежелі оқу орнына, коллегиумге, кейінірек академияға айналды, академияда 8 класс болды: төменгі бөлімінде төрт класс, орта және жоғары бөлімінде 2 кластан болды. Оқу мерзімі — 12 жыл. Төменгі белімінде славян, грек, латын, поляк тілдері, арифметика, музыка оқытылды. Орта білімде поэзия мен риторика, ал жоғары бөлімінде философия, XVII ғасырдың аяғынан бастап дін сабағы оқытылды. Академияға барлық сословиенің балалары алынды.

Киев академиясы біздің еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны болды және XVII—XVIII ғасырдағы еліміздің оңтүстік тысындағы ірі білім орталығы болып есептелді. Киев академиясының үлгісімен коллегиумдер Харьков және Чернигов қалаларында да ашылды. Киев академиясынан оқу-ағарту саласындағы ірі қайраткерлер шықты. Епифаний Славинецкий, меон Полоцкий және т. б. Бұлар XVII ғасырдың екінші жартысында Москвада греклатын мектептерін ашты.

85

Киев академиясының үлгісімен 1687 жылы Москвада славян-грек-латын академиясы ашылды. 1805 жылы Харьков университеті ашылғаннан кейін, Киев академиясы 1819 жылдан бастап діни академияға айналды.



XVII ғасырда көптеген шығармалар басылып шықты. Олардың ішінде діни емес, сатира түрінде жазылғандары, көрнекті адамдардың өмірі туралы шығармалар да болды. Қолдан жазылған әліппелер мен баспаға басылған әліппелер шығарылды, кітап баспасы дамыды. Орыс теңізшілері солтүстікте және Азияның шығысында ірі географиялық жаңалықтар ашты. Славян санауынан арабтың цифрлық санауына көшудің математика ғылымының дамуында үлкен мәні болды.

Россиядағы XVII XVII ғасыр әсіресе оның екінші жартысы

ғасырдағы Россияда ағарту ісінің дамуында елеулі кезең

ағарту ісінің болды. Бұл XVIII ғасырдың бас кезіндегі оқу-

дамуы ағарту реформаларына дайындық еді.

XVII ғасырда шіркеу және монастырь жанындағы бастауыш мектептердің саны кебейді. Бұл мектептерде оқуға және

жазуға үйретті. Тек қана ер балалар жеті жастан бастап жоғарыда

аталған мектептерде оқыды. Мұғалім баланы класта жеке оқытты. Әр бала үлгіргенінше жеке оқыды. XVII ғасырдың екінші жартысына дейін қолдан көшірілген кітаптармен оқытылды. Жазу құралдары да өте ыңғайсыз еді. XVII ғасырдың екінші жартысында Москвада бірнеше грек-латын мектептері пайда болды. XVII ғасырдың орта шенінде боярин Ртищев Москва түбіндегі Андреев монастырында грек-латын мектебін ашып, ол мектепте грек, латын тілдерін, риторика, философия пәндерін оқытты.

1653 жылы Епифаний Славинецкийдің басшылығымен Чудов монастырында грек мектебі ашылды. XVII ғасырдың 60-жылдарын-да Спасск монастырында Семеон Полоцкий грек-латын мектебін ашты. 80-жылдарда Москва баспаханасы жанында грек училищесі ашылды.

1687 жылы Москвада славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияны ашуда ағайынды білімді гректер Лихудылар үлкен еңбек сіңірді. Олар жоғары кластарда риторика және философиядан сабақ берді, грек және латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулық құрастырды.

Кейін олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты. Осының үлгісімен XVIII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды.

Москвадағы славян-грек-латын академиясы дін иелерін даярлап қана қойған жоқ, оны бітірушілер медицина мектептеріне, ал кейбіреулері университетке түсіп оқыды. Мыеалы, М. В. Ломоносов, көрнекті жазушы А. Д. Кантемир, архитектор В. И. Баженов және т. б. XVIII ғасырдағы мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер сол университетте оқығандар.



86

1755 жылы Москва университеті ашылғаннан кейін ол діни академияға айналды.

XVI ғасырда және XVII ғасырдың бірінші жартысында Москвада алғашқы баспадан шыққан кітаптар діни кітаптар болды. Ал мектепте қолдан көшірілген кітаптармен оқытты. Кейбір әліппелер әрі әліппе, сонымен қатар грамматика, арифметика, тарих, табиғаттану пәндерінің оқулығы болды.

Украинада XVII ғасырда Павма Берында құрастырған анықтама-сөздік басылып, онда 4000 сезге түсінік берілді. 1634 жылы Москвада Василий Бурцевтің өліппесі басылды. 1694 жылы Карион Истоминнің суретті әліппесі шықты. Бұл әліппенің әр беті бір әріпке арналды.

XVII ғасырдың екінші жартысында орыс педагогикасының елеулі ескерткіші — “Балалар тәртібінің ережелері” дүниеге келді. Бұл еңбекте 164 сұрақ-жауап берілген. Соның ішінде балалар өзін үйде, қонақта, басқа адаммен жолыққанда, мектепте қалай ұстауы жөнінде ережелер бар. Мысалы, таза киіну, киімді дұрыс киініп жүру, қатты айқайлап күлмеу, қонаққа уақытында бару, біреудің сөзін бөлмеу, айқайлап сөйлемеу.

Бұл еңбектің авторы Епифаний Славинецкий болды деген

деректер бар.

XVIII ғасырдағы Россиядағы мектеп және



педагогика

XVIII ғасырда Россия экономикалық дамуда елеулі табыстарға ие болды. Өнеркәсіпте әсіресе металлургия өндірісі дамыды. Әйткенмен батыс Европа елдерінен әлде болса артта болды. Елдің экономикасын және отан қорғау қабілетін күшейту мақсатымен дворян үкіметі бірнеше шараларды жүзеге асырды. Солардың ішінде мәдениет және ағарту саласындағы реформалар да болды.

Мектептің және педагогиканың дамуында ағарту ісі жөніндегі реформалардың мәні өте зор болды (ескі славян алфавитінің орнына жеңілдетілген алфавиттің енгізілуі, мезгілді баспасөздің (“Ведомости” газеті), ғылыми әдебиеттің пайда болуы, басқа тілден ғылыми еңбектердің аударылуы, Ғылымдар академиясының құрылуы).

Россия мәдениетінің дамуында алғашқы (діни емес) мемлекеттік мектептердің ашылуының мәні өте зор еді. Алғашқы жаңа типті оқу орны 1701 жылы I Петр Москвада ашқан математика және навигация ғылымдарының мектебі болды. Бұл Европадағы өмірге қажетті білім беретін алғашңы реалдың училище еді. Мемлекет қаржысына ашылған алғашқы бұл мектеп XVIII ғасырдың бірінші жартысында жыл сайын



87

200-ғе тарта бала оқытты. Кейбір жылдарда баланың саны 500-ге жетті.

Бұл мектепте математика (арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия), астрономия, географиялық мәліметтер және арнаулы ғылымдар (геодезия, теңізде жүзу және т. б.) оқытылды. Кең профильді арнаулы білім беретін бұл мектеп әр мамандықтан кадрлар даярлады.

Бұл мектепте “төменгі сословиенің” (қала халқының және солдаттың) балалары да оқыды.

Мектептің негізгі мұғалімі Леонтий Филиппович Мағницкий (1689—1739) болды, Ол білімді математик және шебер педагог еді. Мектеп жұмысына Л. Ф. Магницкий көп үлес қосты. Математика және навигация ғылымдарының мектебі үшін бірнеше оқу құралдары даярланды, солардың ішінде Л. Ф. Магницкийдің арифметикасы (1703) үлкен роль атқарды.

Бұл мектептің теңіз мамандарын даярлайтын кластары 1715 жылы Петербург қаласына көшіріліп, соның негізінде теңіз академиясы ашылды.

Математика және навигация ғылымдарының мектебін бітіргендер өнеркәсіптің әр салаларына қызметке жіберілді. Олардың ішінде шет аймақтағы мектептерге мұғалімдік қызметке жіберілгендері де болды.

I Петр Петербург, Москва және басқа ірі қалаларда артиллерия мектептерін, порттық қалаларда — навигация мектептерін, Москвада хирургиялық, инженерлік мектептер ұйымдастырды.

1721 жылы Оралда алғашқы таукен мектебі ашылды, кейін Оралдағы ірі заводтардың жанынан арифметикалық мектептер, кейбір заводтар жанынан таукен мектептері ашылды. Бұл мектептер жалпы дәрежелі білім берумен қатар, оқушыларға белгілі мамандықтан арнаулы даярлық берді.

XVIII ғасырдың бас кезінде жалпы дәрежелі білім

беретін мемлекеттік мектептер ашу ісі қолға алынды. 1718 жылы 42 есеп мектептері ашылды. Бұл мектептерде оқу, жазуға үйретумен қатар, арифметика оқытылды, алгебра, геометрия және тригонометриядан алғашқы мәліметтер берілді. Бұл мектептерге де крепостной шаруадан басқа сословиенің балалары оқуға алынды. Діни мектептерде де өзгерістер болды, архиерей мектептері мен діни семинарияда едәуір жалпы дәрежелі білім берілетін болды.

I Петрдің оқу-ағарту жөніндегі жаңалықтары үстем тап өкілдеріне арналса да, жалпы оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен әсер етті.

1725 жылы Петербургте ғылымдар Академиясы құрылды. Оның уставы I Петрдің тұсында жарияланды. Батыс Европа елдерінен ғалымдар шақырылып, керекті жабдықтар сатып алынды. I Петрдің жобасы бойынша академия жанынан университет,

88

гимназия ашылды. Академияның жұмысына М В. Ломоносов белсене араласты.



Михаил Василье - М. В. Ломоносов шаруаның баласы, үйде өз вич Ломоносов бетімен хат танып, 19 жасында Москваға (11711-1765) барып шыққан тегңн жасырып славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Кейін үздік оқығанын ескеріп, Петербургтегі академия гимназиясына оқуға алынды. 1736 жылы ол шетелге оқуға жіберілді.

1745 жылы Ломоносов химия профессоры, ал кейін академик болады. Ол ғылымның әр саласында жемісті еңбек етті, ғылымның жаңа салаларын дамытты. Ломоносов орыстың классикалық философиясын жасады.. Ол табиғаттың жалпы заңы — материяның сақталу және қозғалу заңын ашты, бұл заң қазіргі жаратылыс ғылымының негізі болып табылады.



Орыс грамматикасының жасалуы және Россияда әдеби тілдің қалыптасуы Ломоносовтың есімімен байланысты. Әдеби тілдің қалыптасуында, әдебиеттің, поэзия мен искусствоның дамуында үлкен маңызы болды. Орыстың ғылыми тілін дамытуда да ол үлкен еңбек сіңірді. Физикадан орыс тілінде лекция оқыған, өзінің ғылыми еңбектерін орыс тілінде жазған алғашқы академик Ломоносов болды. Ломоносов Россияда мектептің сословиелік болмауын жақтады, мектепке шаруалардың балаларының алынбауына қарсы болды. Оның университетте және ғылымдар академиясы жанындағы гимназиядағы педагогтық қызметінің маңызы зор болды. 1758 жыл-дан бастап Ломоносов университет пен гимназияға басшылық етті, гимназияның оқу жоспарын жасады және университеттің оқу тәртібін, оқу орындарындағы оқыту принциптері мен әдістерін белгіледі. 1758 жылы Ломоносов жасаған гимназияның ережесінде, орта мектептің жалпы білім беретін мектеп болуымен бірге, сословиелік мектеп болмауын жақтады.

Университет пен гимназия үшін бірнеше оқулықтар жазды. 1748 жылы “Риторика”, 1755 жылы “Орыс тілінің грамматикасын” жазды. Бұл оқулықтар кейінгі жарты ғасыр бойындағы жалпы білім беретін орыс мектебінде ең тәуір оқулықтар больш есептелді. Ломо-носов тарих кітабын да жазды. Ол орыс тіліне аударған “Экс-



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет