ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет2/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

* * *

Тәрбие мен білім Коменский өз заманындағы білім беру

берудің маңызы.жүйесіне мектеп құрылысына мектептің жаңа

Тәрбиенің басты түрі жөніндегі идеяны қарсы қойды. “¥лы дидактиканың” негізгі тарауларында Коменскии реалистік позицияда екендігін, педагогиканың маңызды мәселелерін шешуді өмір тілегіне, өз қоғамының демократиялық топтарының мұқтажына бағындыратынын көрсетті. Ол өмірге пайдалы, іске қажетті білімдерді оқытуды талап етті. Сондықтан мектептің мақсаты — ақылды адамды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы,— деді Коменскии,— жас жеткіншектерге тәрбие және білім беру. Оның ойынша, адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады. Коменскии тәрбиенің ықпал ету күшін осылай көре білді. “Адам болу үшш ол білім алуы тиіс”. “Білімділер нағыз адам...”— деді.

Бүкіл тәрбие ісі Коменскийше табиғатқа тән, жалпы заңдылықтарға сәйкес болуға тиіс. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде алып қарап, тәрбие ісін адамның табиғатына сәйкес,оның табиғи

19

қабілеті мен қасиеттерін дамытуға бағытта жүргізу керек деп кеңес берді.



Осы талап оның бүкіл педагогикалык; іліміне енді жән мұны ол тәрбие мен оқытудың жалпы принципі ретінде сана ды. Кейіннен Коменский анықтаған бұл идея педагогикада “табиғатқа сәйкестік принципі” деп аталды.

Коменский адам өзінің жетілуінде жалпы табиғатқа қатынасты заңдарға тәуелді деп есептеді, осыған сәйкес құрылатын тәрбиенің, білімнің және оқытудың жалпы принциптерін іздестірді.

“Табиғатқа сәйкестілік принципі” оқудағы схоластика мен догматизмге қарсы күресте мәнді болды. Ол құрғақ жаттау мен догматизмге қарама-қарсы оқытудың бала табиғатына. оның мүмкіншіліктеріне сәйкесті болуын талап етті.

Оның ойынша адам ақылының шыңдалатын шеберхана сияқты орны — мектеп. Мектеп — “барлық адамды барлық нәрсеге үйрететін” адамгершіліктің шеберханасы. Коменскийдің ойынша, мектеп — оқушылардың “адамгершілігін”, “ақылын” тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын орталық.



Мектеп оқуының Ол адамның өсіп-жетілуіндегі жас

жүйесі . ерекшеліктерін негізге ала отыра, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың 4. сатылы кезеңін, осыларға сай 4 түрлі мектеп оқуының жүйесін ұсынды.

1) Баланың туғанынан 6 жасқа дейінгі кезеңінде әр үйде — “Ана мектебі”.

2) 6-дан 12 жасқа дейінгі балалар үшін әрбір қауымда “Ана тілі” мектебі.

3) 12-ден 18 жастағы жастар үшін — әрбір қалада латын мектебі (гимназия).

4) 18-ден 24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек деді. Көрсетілген әр сатыдағы оқу бір-бірімен байланысты болды; сүйтіп, Коменский XVII ғасырдың өзінде бір тексті мектеп жүйесі жөнінде демократиялық принцип ұсынды.

Коменский оқудың мақсаты ғылыми білімді меңгеру және өмірге пайда келтіру деп білді. Мектеп материалдың жағынан да, біліммен қаруландыру жағынан да оқудың жаңа мазмұнын беруге тиіс деді.

Коменский сол кездегі мектептерде латын тіліндегі оқу үстем болып тұрған кезде, бастауыш мектептің (элементарлық) ана тілінде болуын талап етті. Бұл мәселеде ол өмірге қажетті бастапқы білім тек ана тілі арқылы ғана беріледі, тек осылай ғана балалардың ақыл-ойын одан әрі дамыту міндетін жемісті шешуге болады деген негізгі қорытындыға сүйенді. Коменский мектепке ана тілін кеңінен ендіру және оны дамыту 3 жолында қажымас күрес жүргізді. Басқа тілді меңгеру сол 1 ана тілінің көмегімен жүруге тиіс деген пікір ұсынды: “Ал-

20


дымен, әрине, ана тілі, содан кейінгі ана тілінің орнына жүретін, атап айтқанда, көрші халықтың тілі” (“Ұлы дидактика ”, XXIX тарау), — деді.

Коменский мектеп білімінің мазмұны мен көлемін де жаңа бағытта шешті. Мектеп оқуында тек ескі тілдерге үйрету, сыңар жақты формалистік грамматика мен риторикаға негізделген классицизм кең тараған дәуірде ол әр салалы жан-жақты білім беруге шақырды.

Ұлы педагог жалпы білім негіздерімен қарулану керектігін ескертті. Оның ойынша қай тіл, қай ғылым мен өнер болса да әуелі қарапайым әлементтерден бастап оқытылуы керек делінді.

“Біз білім саласындағы тамаша атаулының бәрі ақыл арқылы енгізілуін тілейміз”,— деген. Латын мектебінің (гимназия) оқуына: физика, география, тарих пәндері енгізілуі тиіс. Бұл пәндер бір-бірімен байланысты түрде берілгені жөн”,—деді.



Оқыту теориясы. Коменский өзінің тамаша шығармасы “Ұлы

дидактиканы” барлық халың жастарын бүкіл білім салаларына жаңа жолмен, оңай және ұғымды етіп оқыту үшін жазды, онда өзінің алдына оқытудың жолын жаңа негізге салу мақсатын қойды.

“Ұлы дидактиканың” мұқабасындағы толың аты бұл әйгілі еңбектің мақсаты мен мазмұнын түгелдей ашып берді.

Коменский мектеп үшін жалпы программалар, оқулықтар, оқыту әдістерін жасап шығару ісін ең негізгі міндет деп санады.

“Жұрттың бәрін қалайша арнаулы бір кітаптан оқытуға болар еді” деген сұраққа ол әр ғьглым мен өнер-білім саласы бойынша оқу кітаптары болу керек деп жауап берді. Ол оқулықтарға қойылатын талаптар арқылы дидактика мәселелерін анықтады. “Мұндай кітаптарды жеңілдік, тиянақтылық және ықшамдылық жөніндегі принциптерімізге сәйкес барлық мектептерге арнап шығару керек; олардың баяндалуы толық, негізді және дәл, яғни бүкіл дүние жүзінің дәл суреті сияқты болуға тиіс. Менің айырықша тілейтінім, талап ететнім мынау ғана: ол кітаптар түсінікті және жеңіл тілмен жазылып, оны пайдаланған шәкірттер барлығын, тіпті мұғалімнің кемегінсіз-ақ, өздері түсінетіндей дәрежеге кетерілетін болсын”.

“Ұлы дидактикада” төмендегідей 4 дидактикалық сұраққа жауап берілді.

1. Қалай жақсы оқытып, тәуір оқуға болады.

2. Оқыту мен оқудың жеңілдігі.

3. Оқыту мен оқудың негізділігі.

4. Тез оқытудың ережесі мен тәсілдері.

Коменский өмірге жаңа келген адамның ақылын жас ұрық

21

тұқыммен салыстырады да, оны дамытса, адамның дүниеде түсініп танымайтын нәрсесі жоқ деп тұжырым жасайды.



“Ұлы дидактиканың” арнаулы тарауларында оқыту ісіне қойылатын басты-басты дидактикалық талаптар баяндалды, Олар:

1. Оқытуға қолайлы уақытты таңдау.

2. Оқушыларды сабақ оқуға ынталандыру.

3. Материалды біртіндеп күрделендіру (дәйектілік, жүйелілік).

4. Анық пайда келтіретін нәрсені ғана оқыту.

5. Саналы түрде меңгеретін нәрседен басқаны жаттатпау”

6. Бала табиғатын ескеріп отыру; қалаған нәрсені немесе оның меңгере алатын нәрсесін ғана оқыту.

7. Материалды меңгерту үшін мүмкіндігінше сыртқы сезімдерді де қатыстырып оқыту.

Коменский “Ұлы дидактикасында” педагогикалық ойды және мектеп оқуын ілгері дамытуда ерекше роль атқаратын жаңа дидактикалық принциитерді анықтады. Оқудың көрнекілігі, саналы оқу, оқудың жүйелі болуы, сатылы оқу, оқудың оқушы шамасына сай болуы, оқудың негізді болуы.

Коменскийдің көрсеткен бұл дидактикалық принциптері оның педагогикалық жүйесінде бір-бірімен өзара тығыз байланысып отырды.

Ол көрнекілік принципін психологиялық талаптармен бай-ланыстырды.

1. Дүниетаным әдетте сыртқы сезім мүшелеріне байланысты, өйткені түйсікте болмаған нәрсе, ойда болуы мүмкіні емес, осыған байланысты оқыту ісін заттар туралы құрғақ сөзден бастамай, нәрсенің өзіне бақылау жасатудан бастау керек.

2. Ғылымның ақиқаттығы мен анықтығы тек сезім арқылы дәлелденеді.

3. Түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; тікелей сезім мүшелерімен қабылданған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.

Сонымен бірге Коменский осы көрнекілік принципіне бай-ланысты мынадай ескерту жасады: дүниеде сезім мүшелері тікелей қабылдай алмайтын нәрселер бар (мәселен, аспан әлемінің денелері және жер астындағы нәрселер немесе басқа елдерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар т. б.). Бұларды оқытуда Коменский айналадағы заттарды негізге алып, солармен салыстыра отырып оқыту керек деді. Көрнекілікті іске асырудағы оның ұсынған құралдары: заттар, сол заттардың суреттері, модельдері т. б.

Алған білімнің тиянақтылығы жөніндегі мәселе — Коменскийдің педагогикалық теориясындағы ең негізгі проблемалардың бірі.

Оқыту ісіндегі тиянақтылық оқытушылар білімінің жүйе-

22

ілігін, дәйектілігін, өзара байланыстылығын, сонымен бірге беріктігін талап етеді деді Коменский.

Ол өзі ұсынған дидактикалық принциптерін ілгері дамыту және оларды нақтылау мақсатында бірнеше методикалық нұсқаулар ұсынды. “Ұлы дидактиканың” XXI тарауы “Өнер-білім әдісіне” арналған. Мұнда оқу, жазу, ойды жүйелі баяндау, тағы басқа практикалық дағдыларды меңгеруге қатысты ірқатар ережелер сөз болады. Сондай-ақ адам “практикалық дағдыларға іс жүзінде үйренуге тиіс”, “қандай да болсын қызмет, әрекет үшін белгілі бір форма, норма белгіленуі- қажет”, “жаттығу жұмысын оқушылар өнер-білімді толық меңгергенше жүргізу керек”,— деген өте орынды пікірлер айылды.

Дидактиканың жүйелі және бірізділік принципіне байланысты Коменский оқытудың “жақыннан алысқа”, “белгіліден белгісізге”, “нақтылыдан абстрақтылыға”, “жеңілден ауырға” қарай көшіп отыратын негізгі ережесін құрды.

Коменский білім беру ісінің ұйымдастыру түрлерін түбіріден бір тәртіпке келтіруді ұсынды. Ол алғашқы рет оқу тоқсандарына жіктелген оқу жылы жөніндегі ұғымды анықтады, оқу күнін, оқушыларға арналған демалысты, оқушыларды мектепке белгілі кезде қабылдау тәртібін, оқу күнінің мерзімін енгізді. Міне, осылайша педагогика тарихында тұңғыш рет оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі болып класс-сабақ жүйесі ұсынылды. Коменский сабақты ұйымдастыру жөнінен құнды нұсқаулар берді (жаңа материалды өту, оқушылардан сұрау, қайталау және жаттығулар жүргізу, оқушылар білімін тексеру, сабақты жоспарлау, сабақтағы тәртіп т. б.). Ұлы педагогтың мұғалімдерге қалдырған өшпес өсиеттерінде: бүкіл педагогикалың процестің жастарды оқуға қызықтыра тартатындай болып ұйымдастырылуы, оқу баланың жас ерекшелігіне сай құрылып, қарапайым, балаға жа-тық болу қажеттігі қарастырылды. Әрине, бұл ұсыныстар орта ғасырлың мектептің дәстүрімен бүтіндей қайшы болды.

Адамгершілік

тәрбиесі,тәртіп“Ұлы дидактиканың” XXVI тарауында мектеп тәртібі және тәрбие мәселелері қаралды. Адамгершілік тәрбиесі жөніндегі мәселелерде Коменскийдің діни бағыты өте айқын байқалды. Бірақ тәрбиенің бұл саласынан да құнды пікірлер қалдырды.

Ұлы ойшыл адамгершіліктің аса тамаша ерекшеліктерінің

бірі — эгоизмнен арылу, көпшілік ісінің сәттілігі және әділет-

тілік үшін әрекет ету деп есептеді.

Коменский балалар мен жастар мінезінде ерлік, өзін-өзі

билеу, кіші пейілділік, сыпайылық, еңбек сүйгіштік сапаларды тәрбиелеуді талап етті.

Коменский мектеп тәртібі жөнінен жаңа пікірлер айтты.

Оның үлкен еңбегі сонда, ол — орта ғасырлың мектептің жа-

залау тәртібіне қарсы болды, баламен гуманду қатынас орна-

23

туды жақтады, сонымен бірге мұғалім оқушыларынан тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деді. Бұл туралы оның мынадай пікірі бар. Егер егістікті отамайтын болса, егіске қауіп төндіретін арамшөп өседі. Егер ағаш бұтақтары кесіліп отырылмаса, жабайыланады. Бұл пікірден мектепте ұрып-соғыл жазалау орын алсын демеген, мұғалімдер де, оқушылар да сергек және бірін-бірі қадірлеп отыратын болсын, тәртіптің үлгісін мұғалімнің өзі көрсетіп отырсын деген сөз аңғарытлады. Бірақ Коменский көзқарасының екі жақтылығы сол, ол ұрып-соғып жазалауды дінге байланысты жағдайларда қолдануды жақтады.

Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, ұстаздың көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады. Мұғалім өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Оның ойынша, мұғалім — “мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі”.

Мұғалімнің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген пікірді айта келіп: “Оларға (мұғалімдерге — Ң. Б.) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес”,— деді.

Коменскийдің балаларға қандай гуманистік және оптимиетік көзқараспен қарағанын оның мына сөздерінен айқын көреміз.

“Балалардың қандай болып туары ешкімге де байланысты емес, бірақ дұрыс тәрбие беру арқылы олардың жақсы болып шығуы — біздің қолымыздағы нәрсе”.



Коменекийдің Сонымен адам баласы орта ғасырлық идеоло-

педагогикалық гияның шырмауынан шыға бастаған айрықша

теориясының идеялар алғашқы рет зор күш ретінде баянда-

маңызы лып, ғылыми тұрғыдан қорытылды.

Коменский батыл түрде педагогикаға жаңа бағыт, жаңа жол сала білді, сондықтан да ол “тәрбиенің Галилейі” деген әділ атаққа ие болды. Жаңа ғылым мен философияның ізімен жүре отырып, ол алғашқы рет дидактиканың жүйесін құрды, оған зор мәні бар тың идеялар енгізді. Коменский мектеп оқушыларының оқуына жаңа, әр салалы, ғылыми, реалды білімді енгізуге тырысты, ол табан-дылықпен мектеп өмірінің барлық күн тәртібін өзгертуді талап етті. Қысқасы, дидактиканың негізгі принциптерін зерттеу Коменскийдің атымен байланысты, сондықтан ол қазіргі дидактиканың атасы болып есептеледі.

Славян халқының ұлы педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектері дүние жүзінің барлық елдерінің педагогикалық ойы мен мектеп тәжірибесіне күшті әсерін тигізді. Ол жаңа өмірді байқай білген практик-оқытушы, өз дәуірінің мектептері мен мұғалімдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін дарындылықпен қорыта білген жаңашыл-педагог болды.

24

Бірнеше елдің тілдерінде аударылған Коменскийдің оқулықтары XVII ғасырдың өзінде көп елдерге кеңінен тарады, олар 150 жыл бойы бастапқы оқытудың ең жақсы оқу кітаптары ретінде басқа прогресшіл педагогтарға үлгі болды.

Коменский Россияға XVII ғасырдың аяғында-ақ белгілі еді. XVIII ғасырдың екінші жартысында оның оқулықтарын Москва университеті және басқа ғылыми орындар бірнеше рет қайта бастырып отырды.

Коменскийдің еңбектерін орыстың алдыңғы қатарлы өкілдері педагогика ғылымына қосылған асыл қазына ретінде қабылдады. Қазақтың тұңғыш демократ-педагогы Ы. Алтынсарин де және оның замандастары болған басқа халықтардың Гогебашвили, Чавчавадзе сияқты прогресшіл педагогтары да өз еңбектерінде Коменскийдің идеяларын насихаттап отырды. Бірақ орта ғасырлық дәстүрлердің ұзақ уақыт тәрбие мен мектеп өміріне кең түрде қатаң үстемдік құруына байланысты, Коменскийдің жаңашыл педагогикалық идеялары мектеп тәжірибесіне тым шабан, ескі мектеппен тірескен күрес үстінде еніп жатты. Сөйте тұрса да Коменский жаңа заман педагогикасының қалыптасуында, әсіресе дидактиканы дамытуда, өте зор тарихи роль атқарды.



Джон Локктың (1632—1704) педагогикалың көзқарастары

XVII ғасыңда Англия экономикалық жағынан даму үстіндеғі ел еді, дворянствоның біраз тобы мұнда өз мүдделерін өрлеу жолындағы капитализмнің мүдделерімен ұштастырды.

XVII ғасырда Англияда өндіріс төңкерісін әзірлеген бур-жуазиялық революция болды. Бұл революция феодалдық құрылысқа қарсы бағытталды да жаңа заманның, яғни капиталистік шаруашылықтың жүйесі мен буржуазиялық үстемдіктің орнай бастағандығын көрсетті. Бірақ бұл революцияның ерекшелігі сол — ол буржуазиялық революциялардың бастамасы еді” сондықтан ол іри бастаған феодалдың қоғамның негізінде дамыды. Ол кезде әлі ірі машиналы капиталистік өндіріс те, пролетариат та жоқ еді. Революция буржуазия мен феодалдардың арасындағы ымырамен аяқталды. XVII ғасырдың ортасында, революция кең етек ала бастағанда, оған қарсы реакцияның шабуылы басталды.

Осындай тарихи жағдайлар Джон Локктың саяси-әлеуметтік, философиялық және педагогикалық көзқарастарының қалып-тасуына әсер етті.

Ф. Энгельстің айтуынша, Джон Локк “1688 жылғы таптық ымыраның перзенті” '. К. Маркс Локкты бүкіл сипаттамаларымен жаңа буржуазияның өкілі болды деді.

Джон Локк буржуазиялық семьяда өскен, адвокаттың баласы. Оксфорд университетін бітірісімен 1658 жылдан бастап,



25

сонда сабақ берді, кейіннен жаратылыстанумен әуестенді, медицинаны зерттеді.

Локктың философиялың көзқарастарының қалыптасуының Бэкон мен Декарттың шығармалары күшті әсер етті. Ол таньш теориясын зерттей отыра, Бэкон негізін салған ағылшын материализмін ілгері дамытты.

Өзінің “Адам ақылы жөніндегі тәжірибе” (1690) деген негізгі философиялық еңбегінде елестеулер мен идеялардың адамның туысынан пайда болмайтындығын дәлелдеуге тырысты. Бала жаны, оның ойынша, табиғатынан ақ тақта сияқты тап-таза болады.

Елестеулер біздің санамызға түйсінулер және сезім мүшелері арқылы пайда болады. Демек, дүниені біліп танудағы басты құрал — біздің түсініктеріміз бен сезім мүшелеріміз. Осылай дүниетаным мәселесінде - Локк материалистік сенсуализм жолын ұстады,

Локктың осы сенсуалистік философиясындағы материа-листік көзқарастар феодалдық аристократия идеологтары айтқан идеялардың және адамгершілік қасиеттерінің туа бітетіндігі жөніндегі, мемлекет билеу қабілетінің туғаннан болатындығы жөніндегі дәлелдеріне қарсы бағытталды. Идеялардық туысынан пайда болмайтындығы жөніндегі Локктың ойлары адамның дамып жетілуіндегі тәрбиенің мәнін жоғары бағалауға мүмкіндік берді.

Идеялардың туа пайда болуы жөніндегі теорияны Локктың сынауы осы мәселелердегі материализм мен идеализмнің арасындағы күреске дұрыс ықпал етті. XVIII ғасырдағы ма-териалистер өз күрестерінде Локктың пікірлеріне арқа сүйед.Осылай Локк көзқарастарының сол кезде прогресшіл мәні болды.

Біраң Локк табанды материалист бола алмады. Оның фи-лософиясы дуалистік (екі жақтылық) ерекшелікте еді. Оның ойынша, сыртқы тәжірибемен бірге ақылдың өзіндік әрекеті болып саналатын ішкі тәжірибе де болады. Объективтік дүниенің біздің санамызда елестеуі ақиқат-шындық бола алмайды деп кумәнданды ол.

Локк өзінің саяси көзқарастарында өз заманындағы бур-жуазияның өкілі екендігін көрсетті. Ол Англиядағы жаңа мемлекеттік құрылысты теориялық жағынан негіздеуге тырысты. 1

26

Тәрбиенің Локк өзінің педагогикалық көзқарастарын “Тәрбие

мақсаты жөніндегі ойлар” (1693) және “Ақылды -

оны ұйым- тәрбиелеу туралы” деген еңбектерінде баяндады.

дастыру Ол адамның туысымен бірге бітетін идеяларға қарсы шыға отыра, адамды қалыптастырудағы, оның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші мәнін мойындады. Он адамның тоғызы тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келді.

Локктың ұсынған тәрбиесінің мақсаты — өз ісін ойластыра отырып сақтықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін қамтамасыз ете алатын үстем таптың жас өспірімін тәрбиелеу. Сейтіп Локк тәрбие арқылы қарапайым адамдардың алалары емес, дворян балаларын жетілдіруді, тәрбие арқылы олларға буржуазиялық пысық іскерлік сапалар мен ерекшеліктер сіңіруді арман етті. Демек, Локк ұсынған тәрбиенің негізінде Англия үкіметінің басына келген жаңа буржуазияның болашағы — үстем таптың жас өспірімін қалыптастыру мақсаты болды.

Локктың ойынша, бұл үстем таптың жас өспіріміне тәрбиенің бір ғана саласы емес, оған дене және адамгершілік тәрбиелері берілуге тиіс.

Локк оқу-тәрбие жұмысының мектепте жүргізілуіне қарсы болды. Оның дәлелінше, мектеп — балаларды теріс және селіссіз тәрбиелейтін ұя, сондықтан буржуазия табының перзенті үй тәрбиесінен өтуге тиіс, себебі өз кемшіліктері бар үй тәрбиесі мектептің беретін білімдері мен дағдыларынан да артық деп есептеді. Ол өз заманындағы аристократиялық семьялардың тәжірибесіне сүйене отыра, буржуазия табының перзентін тәрбиелеуді жақсы даярлығы бар тәрбиешілерге жүктеуді жақтады. Сөз жоқ, Локк ұсынған тәрбиені ұйымдастыру жолдарының өрісі тар болды: ол буржуазия табының перзентін семьяда ғана тәрбиелеуді және тәрбиені гувернерлік түрде ғана жүргізуді көздеді. Мұнан, әрине, Локктың буржуазия идеологы екендігі айқын көрінеді.

Локк дене тәрбиесін басқа тәрбиелердің негізі деп есептеп, оның мәнін жоғары көтерді. Ол “мықты денеде мықты рух”,— болады дей отыра, дене тәрбиесінің өз заманына сәйкесті жүйесін ұсынды. Бала денесін ерте жастан бастап шынықтыру керек, оның денесіндегі бостық, сылбырлықтар жойылуы тиіс. Локк баланы ауа райының барлық түріне үйретудің, қатаң режимге қалыптастырудың қажеттілігін көрсетті. Баланың ішетін тамағы мен киетін киімі жөнінен де құнды кеңестер ұсынады.

Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі,— деді Локк,— баланы ерлікке және табандылыққа үйретуге әсер етеді.

Локк адамгершілік тәрбиесін кеңірек қарастырды. Ол адамгершілік қасиеттер мен сапалар ретінде адамдардағы кіші

27

пейілділікке, ұстамдылыққа, сақтыққа және әділеттілікі ерекше мән берді. Осы қасиеттер мен сапалардың барлығы ақылға бағындырылуы қажет. Бірақ Локктың түсінігінде ақылдылық Коменскийдің ұсынған жоғары және кең ұғымдағы ақылдылық дәрежесіне жете алмады. Локк түсінігіндеі ақылдылық ңұр тәжірибеге сүйенді, тар практикалық шеңберде ғана болды. Сөйткенмен де Локктың педагогикалық пікірлерінде гуманизм және адамды сыйлап құрметтеу элементері орын алды.



Локктың ойынша адамға қажетті тағы бір сапа — мінез- құлықтағы мәдениеттілік. Дөрекілік, мысқылшылдық, әдепсіздік, кекшілдік — мінез-құлық мәдениеттілігіне сыйыспайтын қасиеттер деп есептелді.

Локктың дәлелінше, адамгершілік тәрбиесінің нақты тәсілдері мен құралдары мынадай принциптерге негізделуі тиіс:1) табиғатқа сәйкестілік; 2) бала табиғатын жете зерттеу және балаға даралық қатынас орнату; 3) тәрбиедегі қаталдықты балаға сүйіспеншілік білдірумен ұштастыру. Локк балалардың табиғатын терең және ұқыпты түрде зерттеуге және тәрбиенің олардың мінез-құлқын жүйелі түрде байқауға негізделу қажеттілігін баса айтты. Балаларды зерттеп білудің негізінде балалардың табиғи ерекшеліктерін, талаптары мен талғамдарын, қызығушылықтарын дұрыс пайдаланудың, соларға дер кезінде арқа сүйей білудің қажеттілігін көрсетті.

Локк тәрбиедегі қаталдықты балаларға сүйіспеншілікпен

қарау, оларға жақындық сезім білдірумен байланыстыру

принципін ұстанды. Бала өзіне жылы, нәзік мерейлілікті

сүйіспеншілікті, сүйкімді қатынастарды талап етеді, бірақ бұл

қатынастар ұстамдылықпен, байсалдылықпен, белгілі мөл-шермен ұштасуы тиіс. Балада жас кезінде-ақ

тәртіптілік қалыптасуы тиіс деді.

Локк ата-аналар мен балалардың арасында мейлінше туыстық, шынайы достық қатынастардың болуын жақтады. Сіздің балаңыз Сізге өз сырын іркілмей айтып, Сізден ақыл-кеңес алатын болсын деді ол.

Локк іріктеп ұсынған тәрбиенің жолдары мен құралдары: 1) үлгі-өнеге көрсету, 2) әдеттендіру, 3) балалармен пікір алысу және олардың әуестенушілік ынталарын қанағаттандыру, 4) намыс және теріс ұғымдарына назар аудару.

Локк бала табиғатының ерекшеліктерін негізге ала отыра, баланың айналасын қоршаған өмірден алатын үлгілер мен өнегелерінің мықты тәрбиелік ықпалы болады деп есептеді.

Баланың айналасын қоршаған ортаның тәрбиелік әсері кездейсоқ процесс емес. Оны да басқарып бағыттаған жөн. Сондыңтан балаларға көзге түсетіндей үлгі-өнегелер көрсету керек, оларға, қандай нәрселерге үйренуді, қандай нәрселерден сақтануды үйрету керек. Локктың ойынша, үлгі өнегелзрге

28

қарағанда тәрбие ісіндегі құрғақ сөз, жалаң үгіт, өсиеттер



дәрменсіз болады.

Балаларды жағымды әдеттерге тәрбиелегенде ұрысып зекірмей, еппен келу керек.

Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады. Оның ойынша, балалар бостаншылықтан гөрі, өктемдікті сүйеді, бұл көптеген теріс әдеттерге негіз болады, сондықтан балалардың үстемдікке, деспотизмге ынтызарлықтарын басып, оларды аластап жою қажет деген пікірде болды.

Оқудың мазмұнын да Локк “буржуазия табының перзенті” тұрғысынан шешті. Буржуазия табының мүддесін көздегеніне оның мына сөздері дәлел: “Оқудың мақсаты — білім, ал білімнің мақсаты — тәжірибе немесе басқаларға білім беру”. Локк практикалық мәні жоқ, құрғақ, схоластикалық білімдерге қарсы болды.

Бірақ Локк бұл мәселеде үнемі буржуазия табы перзентінің ғана мүдделерін көздеумен болды, сондықтан оған берілетін білім оның практикалық істерін дұрыс құра білуге, айналасын қоршаған өмірден дұрыс бағыт алуға, өздігінше ойлауға, кез келген қиын жағдайлардан дұрыс жол табу мақсатында болды.

Оқытудың әдістері жөніндегі мәселелерді қарастырғанда Локк ең бірінші орынға баланың ойлауын тәрбиелеуді қойды. Бұл жөнінде өзінің “Ақылды тәрбиелеу туралы” және “Оқу туралы” атты еңбектерінде бірнеше нақты кеңестер ұсынды.

Ол ойлау операциясының саласы — жинақтап топшылау жөніндегі мәселені көтере отыра, жинақтап топшылауды деректер-мен және қорытындылаумен байланыстыру жөн деді.

Өздігінше ойлау дағдыларына үйрету — Локктың оқыту әдістерінің негізгі принциптерінің бірі. Демек, Локк құр жаттауға қарсы келді, ол ойлауды дамытатын методиканы жаңтаушы болды. Құр жаттап оқу есті де, ақылды да дамыта алмайды, сондықтан мақсатты түрде балаларды өздігінше ойлау жұмысына үйрету қажеттігін дәлелдеді.

Жалпы алғанда Коменский сияқты Локк та оқуды күшпен зорлап жүргізуге қарсы болды. Оның ұсынған методикасының мәні — балалардың білімге деген ынтасы мен сүйіспеншілігін дамыту.

Сонымен Локк баланың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру, қабілеттіктерімен өздігінше ойлауын дамыту, оның рухани және дене шынықтыру жөніндегі тәрбие жүйесін зерттеді. 1688 жылғы таптың ымыраның перзенті болуына байланысты, оның адамгершілік жөніндегі түсініктері білім мен тәрбие жөніндегі идеялары сол өз заманының рухына жауап бере қалыптасты.

Бірақ Локктың теориялық пікірлері, әсіресе оның орта ғасыр

29

мектебін сынауы педагогикалық ғылымның дамуына әсер етті, европалық елдердің алдыңғы қатарлы педагогтары оны қолдады. Оның тәрбие жөніндегі пікірлері оқу мен тәрбиен тәжірибеге және балалардың өміріне негіздей жүргізудің қажеттілігін дәлелдеді. Коменский мен Локктан іріктелген педагогикалық мұра буржуазиялык, революция кезеңінде зор маңызға ие болды.



Француз материалистері мен ағартушыларының

педагогикалық көзқарастары

XVII ғасырдың ортасы мен XVIII ғасырдың аралығы Анг- лиядағы буржуазиялың революция және Ұлы француз рево-люциясы дәуірі болып саналады. Бұл революциялар жеке елдерде болғанмен, олардың жалпы европалық мәні болды. Бұл революция-лар жаңа қоғамдың құрылыс — капитализмнің жеңісін орнатты, сол капитализм позицияларының қалыптасуын және дамуын жеделдетті. Осылардың нәтижесінде феодалдың құрылыс бұл дәуірде экономикалық және саяси әрі рухани кризисте болатын

Франциядағы ұлы буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан сол дәуірдің атақты ойшылдары, ағартушылары әзірледі. Олар сол заманның үстем көзқарастарын сын елегінен өткізді, ғылымның табыстарын жинақтап, жүйеге келтірді және революцияшыл күрестің ұрандарын анықтады.

XVIII ғасырдың ортасында Францияда орын ала бастаған капиталистік даму процесі елде ертеден қалыптасқан феодалдық қатынастармен қайшылыққа кездесті. Феодалдық тәртін пен дәстүрлер мануфактураның, қолөнері мен сауданың дамуына кедергі болды.

Феодалдық құрылысқа сай қоғам үш сословиеге бөлінген болатын: духовенство (бірінші сословие), дворянство (екінші сословие), негізінен шаруалардан тұратын үшінші сословие. Бірақ үшінші сословие біртекті бола алмады, себебі оған шаруалардан басқа ірі фабриканттар да, саудамен айналысқан купецтерде, шеберханаларды меңгеруші мастерлер де және әр түрлі жұмысшылар да кірді. Өздерінің қоғамдық орнына қарамастан бұлардың барлығы да феодалдың үкіметке наразы болды, үшінші сословиеге кірген жаңадан өрлеп келе жатқан буржуазия осы сословйе бұқарасының тиран-корольдерге, дворянство мен духовенствоның үстемдік ерекшеліктеріне қарсы бағытталған күн сайын қаулап келе жатқан наразылығын қолдады.

Бүкіл үшінпіі сословиені соңына ертіп отырған буржуазияның феодализмге қарсы күресі тек экономикалық қатынастармен шектеліп қоймай, бұл күрес ағартушылың философияның дамуында айқын байқалды, мұның өзі XVIII ғасырдың бүкіл саяси өміріне күшті әсерін тигізді. Жаңа (ол кездеі



30

революцияшыл), таптың — буржуазияның идеологтары өз шы-армаларында корольдық үкіметті де, феодалдық көзқарастарды да, діншіл әдет-ғұрыптары да батыл әшкереледі. Бұл күрес әсіресе XVIII ғасырдың 0—80-жылдарында шиеленісе түсті.



1751 жылы XVIII ғасырдың өрнекті материалист-философы Дени Дидроның редакциясымен Француз энциклопедиясы” шыға бастады. Энциклопедия біртіндеп феодализмге қарсы бағытталған күрестің идеологиялық орталығына айналды, ол піркеуді де, феодалдық тәртіптің негізін де сынап отырды. Энпиклопедияның айналасына сол кездегі революцияшыл буржуазия

интеллигенциясынық көрнекті өкілдері болып есептелген философтар мен жазушылар топтасты. Атақты француз ағартушылары (Дидро, Гольбах, Даламбер, Вольтер, Руссо т. б.) феодализмнің тірегі болып саналған дінге, феодалдық құрылысқа, феодалдық идеологияға қарсы келіспес күрес жүргізді. Олардың бір тобы (Гольбах, Дидро, Руссо т. б.) халыңтың өзі “шарт бойынша” үкіметті халық өкілдеріне тапсырған, егер халық тілегі орындалмайтын болса, олардан өкіметті қайтарып алып, басқаларға тапсырады деп мемлекеттің пайда болуы жөнінде “шарттылық” теория дегенді таратты

Олардың дәлелдеуінше бостандық, теңдік және бауырластық адамның “табиғи правосы” болды. Француз ағартушылары зор сеніммен жаңа заманның, мәңгі ақыл-сананың үстемдік құратын кезеңін күтті. Француз материалистерінің ішінде педагогикалық көзқарастары кеңірек баяндалғаны Гельвеций: мен Дидро болды.

Олар тәрбиенің зор күшіне сенді, оларша жаңа адамды тәрбиелеу арқылы бүкіл әлемді, қоғамды қайта өзгертуге болады, ағарту ісінің нәтижесінде жалған әдет-ғұрыптар, ескінің қараңғылығы жойылады, бүкіл феодализмге тән кертартпалық аласталынады делінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет