1956—1970 жылдардағы совет мектебі мен
педагогиканьщ дамуы
КПСС XX съезі жалпы білім беретін мектептің тәрбиелік ролін көтере түсу мақсатымен, орта мектеп бітіруші жастарға еркін мамандық таңдауға мүмкіндік туғызу үшін мектепте политехникалық білім беруді кең түрде жүзеге асыруды талап етті. 1956 жылы бұл нұсқау КПСС XX съезінде айқындала түсті. Халық шаруашылығына мамандығы бар адамдардың қажеттілігіне байланысты және орта мектеп бітірушілердің тез өсуі, елуінші жылдардың ортасында мектеп оқушыларын жоғары және арнаулы орта оқу орындарына оқуға түсуге ғана даярлап қоймай, оларды өнеркәсіп пен ауыл шаруа-
244
шылығында өнімді еңбекке араласуға даярлау мәселесін күн тәртібіне ерекше қойды, осыған сәйкес еңбек тәрбиесі мен политехникалық білім берудің тиімді жолдары іздестірілді. Мектепте политехникалық білім берудің елімізде мынадай жүйесі қальштасты: жалпы білім беретін пәндерді оқытуда политехникалық білім беру принципін жүзеге асыру, I—IV кластарда қол еңбегі сабақтары, V—VII кластарда оқу шеберханаларында және оқу-тәжірибе учаскелерінде практикалық сабақтар жүргізу, VIII—X кластарда машинатану, электротехника және ауыл шаруашылығы негіздерінен арнаулы білім беру және тәжірибе өткізу жүзеге асырылды. Бұл жұмыстар физика, химия, биология және т. б. пәндерді оқытумен ұштастыра жүргізілді. Мектептерде өндіріс орындарына экскурсия, өндірістік практика, техникалық және ауыл шаруашылық білім беретін үйірмелер ұйымдастырылды.
1958 жылы декабрьде СССР Жоғарғы Советі қабылдаған “Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі дамыту туралы заң” жаппай сегіз жылдың оқуды жүзеге асыруды талап етті. 1962—1963 оқу жылы барлық жеті жылдық мектеп сегіз жылдық мектепке айналуы тиісті болды.
СССР шаруашылығы мен мәдениетін дамытудың жеті жылдық жоспарын (1959—1965) орындау жылдарында елімізде мектептің түрі мүлдем өзгерді, мектептің жалпы санында сегіз жылдық және орта мектептердің алатын үлесі әлдеқайда артты.
¥ëы Отан соғысына дейінгі жылдарда елімізде қалыптасқан мектеп жүйесі соғыстан кейінгі жылдарда да негізінен сақталды. Бірақ мектептің өмірден алшақтығы, бір жақты кітаппен оқыту әдістері басым орын алғаны тиісті документтерде ескертілді.
Партияның XX съезінің қарарларына сай, семья мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін жақсарта түсу мақсатымен, 1956 жылдан бастап мектептің жаңа түрі — мектеп-интернаттар ашыла бастады.
Мектептің бұл түріне жалғыз ана тәрбиесіндегі балалар, мүгедектің балалары, ата-анасыз балалар, семьяда тәрбиелеу мүмкіндігі жоқ балалар алынды. Ата-анасыз балалар, көп балалы семьядағы және аз жалақы алатын семьядағы балалар түгелдей мемлекет қаржысына тәрбиеленді.
Семьяға көмек көрсету мақсатымен мектептерде балалар күні бойы болатын ұзартылған бәлімдер ашылды. Мектептің бұл түрі көпшілік тарапынан зор қамқорлыққа ие болып, тез тарады. Мұндай мектеп пен бөлімдерді ашуға өндіріс орындары, колхоздар мен совхоздар және ата-аналар белсене араласты. Бұл мектеп пен бөлімдерде балалар сабақтан бос Уақыттарын көңілді, ұйымдасқан түрде өткізді, олармен әр түрлі тәрбие жұмыстары жүргізілді, үйге берген тапсырманы
245
тәрбиешілердің басқаруымен орындады. Жаппай міндетті оқуды жүзеге асыруда, мектепті тастап кетумен және класта екі жыл қалып қоюмен күресуде жоғарыда аталған мектеп пен бөлімдер зор роль атқарды.
1958 жылғы мектеп туралы Заң бойынша жеті жылдық мектептер сегіз жылдық мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектепте балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындық алды, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық еңбегінің негізімен, техникамен танысты, сегіз жылдық мектеп бітірушілер не орта мектептің IX класына, не арнаулы орта оқу орындарына түсетін болды. Тікелей еңбекке араласқандары кешкі мектептерде оқыды. 10 жылдық мектепте жастар жоғары оқу орындарында оқуға даярланды, әрі белгілі салада еңбек етуге дайындың алды. Соғыстан кейінгі жылдары кешкі мектептер кең түрде дамыды. Жұмысшы мен шаруалардың мәдени-техникалың дәрежесін көтеруде бұл мектептер үлкен қызмет атқарды.
Сегіз жылдық мектептің негізінде арнаулы кәсіптік-техникалық училищелер ашылды. Бұл оқу орындары қалалы жерлерде өнеркәсіп, құрылыс, ал селолық жерлерде ауыл шаруашылығы үшін механизаторлар және жұмысшылар даярлады. Совет мектебінің даму бағыты партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасында анықталды; негізгі міндеттердің бірі таяудағы он жылда (1960—1970) жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру болып белгіленді.
Бұл міндет 1966—1970 жылдарда СССР халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспары туралы КПСС XXIII съезінің директивасында және КПСС Орталың Комитеті мен СССР Министрлер Советінің “Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын онан әрі жақсарту шаралары туралы” (1966 жылы ноябрь) қаулысында аталып көрсетілді.
Жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыруда арнаулы орта оқу орындары да зор роль атқаруға тиісті болды. Олар арнаулы білім берумен қатар, орта білім беруді жүзеге асырды. Орта білім беруді жүзеге асыруға кешкі мектептер меи кәсіптік техникалық училищелер де көп ат салысты.
Жаппай орта білім беруді жүзеге асыруға байланысты мектепте балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мазмұны кеңи түсті. Коммунистік саналылықты тәрбиелеуге КПСС Программасы: ғылыми көзқарас қалыптастыруды, еңбекке коммунистік көзқарас туғызуды, социалистік патриотизм мен пролетарлық интернационализмді тәрбиелеуді, коммунистік моральды қалыптастыруды, адамды жан-жақты дамытуды және адамның қабілетін барынша дамытуды жатқызды.
Балаларда ғылымы көзқарас қалыптастыруда орта мектептің төменгі кластарынан басталып, ол барлық пәндерді оқыту барысында жүзеге асырылатын болды. Коммунистік көзқарас
246
қалыптастыруда барлық пәндермен қатар тарих, әдебиет және қоғамтану пәндері ерекше роль атқарды.
Орта мектепте берілетін білімді белгілеуде бастауыш білім беруді төрт жылдан үш жылдық мерзімге қысқарту үлкен жаңалық болды. Жеке пәндерді оқытуды төртінші кластан бастау, ол пәндерді оқытуға арналған сағаттың әлдеқайда көбеюіне мүмкіндік берді.
Мектеп туралы заңды (1958 жылы) іс жүзіне асыруда қазақ республикасында қыруар жұмыстар жүргізілді. Мектептерді жеті жылдықтан сегіз жылдық оқуға көшіру 1962— 1963 оқу жылында толық аяқталды. Сонымен қатар орта мектептер саны да өсті. Жеті жылдықтың аяғында 1965—1966 оқу жылының 1 сентябрінде республикада жалпы білім беретін 9500 мектеп болды.
Заңның жүзеге асырылуы мектептің өмірмен, коммунистік құрылыстың практикасымен байланысын нығайтты. Оқушыларды мектеп тек қана жоғары оқу орындарына түсу үшін емес, сонымен бірге қоғамдың пайдалы еңбекке тікелей белсенді қатысу үшін даярлауды көздеді.
КПСС Орталық Комитеті мен Министрлер Советінің мектеп туралы 1966 жылғы қаулысы қабылданғаннан бергі уақытта Қазақстанда білімнің мазмұнын жетілдіруде және жалпыға бірдей міндетті орта білімге көшуді жүзеге асыруда зор жұмыстар жүргізілді. Қазақстанда мектептерді ірілендіру, аз комплектілі шағын мектептер санын азайту үнемі жүргізілуде. Ірі мектептерді типтік жобамен көптеп салу, олардың жанынан интернаттар үшін жатақханалар ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды жақын елді мекендердегі мектептерге жол қатынасымен жеткізіп түру — осының бәрі негізгі міндеттерді шешуге көмектесуде.
Елді мекендері бір-бірінен қашық орналасқан, көптеген ата-аналар мал жайылым учаскелерінде еңбек ететін Қазақстан жағдайында, міндетті оқу туралы заңды жүзеге асыруда мектеп жанындағы интернаттар маңызды роль атқарады. Қазіргі кезде мектеп жанындағы бюджеттік интернаттар саны 1940 жылмен салыстырғанда 6 есе артты.
Қазақстан мектептерінің құрылуында және дамуында рес-публикалық педагогикалық баспасөздердің де атқаратын ролі аз емес.
Қазақтың Мемлекеттік “Мектеп” баспасының оқу-тәрбие жұмысындағы елеулі еңбегі ерекше атап айтуды қажет етеді. Бұл баспа жыл сайын сан мыңдаған тиражбен мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын, оқытушыларға арнап методикалық және көмекші құралдар дайындап шығарады.
Республикамызда “Мектеп” баспасы, “Қазақстан мектебі” журналы, “Қазақстан мұғалімі” және “Учитель Казахстана” газеттері озат тәжірибенің шын мәніндегі трибунасы, мұғалім-дердің қалың жұртшылығы арасында Коммунистік партия-
247
ның халық ағарту ісі саласындағы идеяларының насихатшылары болып отыр.
Қазақстанда совет мектебі дамуымен қатар, педагогикалық ғылым да өркендеуде. Қазіргі кезде Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми зерттеу институты, сондай-ақ Қазақтың С. М. Киров атындағы Мемлекеттік университеті және 18 педагогика институттарындағы кафедралар педагогика және психология проблемаларын зерттеумен айналыеуда.
Дамыған социализм дәуіріндегі педагогика және мектеп
1961 жылы партияның XXII съезінде қабылданған КПСС Программасы барлың совет халңының жалпы мәдени дәрежесін одан әрі көтере тусуге мүмкіндік беретін жаппай орта білім беру міндетін күн тәртібіне қойды. Программада жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін партия ерекше көңіл бөледі деп керсетілді. Дамыған социализм дәуірінде мектеп жұмысын одан әрі жақсарта түсу мақсатымен КПСС Орталың Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1966 жылы 10 ноябрьде “Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын одан әрі жақсарта түсу шаралары туралы” қаулысы қабылданды. Бұл документте мектептің материалдың-техникалық базасын нығайта түсу, мектеп жүйесін реттеу шаралары, жалпы орта білім беруде оқу орындарының әр типтерінің ролі анықталды. Қау-лыда мектеп жұмысын жақсарта түсудің мынадай нақты шаралары белгіленді:
1. Бастауыш мектептің үш жылдың болуы белгіленіп, 4-кластан бастап пәндердің жүйелі түрде оқытылуына көшу қажет деп есептелінді.
2. Физика-математика, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарынан тереңірек білім беру үшін және оқушылардың жан-жақты қызығуы мен қабілеттерін дамыту маңсатымен 7-кластан бастап оқушылардың таңдауымен факультативтік сабақтар жүргізу ескертілді.
3. Кәзіргі қол жеткен тәжірибелерге сүйене отырып жоғары кластарда жеке пәндерді теориялық және практикалық жағынан тереңірек оқытатын кластар мен мектептер ашу белгіленді.
1966 жылы РСФСР Педагогика ғылымдары академиясы Одақтық ғылыми орталық (СССР Педагогика ғылымдары академиясы) болып қайта құрылды. Бұл шара Совет адамдарының мәдени дәрежесін және білімін көтере түсудегі, коммунизм құрушыларын тәрбиелеудегі еліміздегі барлық педагогтардың алда тұрған зор міндеттерін жүзеге асырудағы, жалпы совет қоғамы дамуындағы педагогика ғылымдарының ролін айқындай түсті.
КПСС-тің XXIV съезі 1971 жылы жаппай орта білім алу-
248
ды жүзеге асырудың жаңа кезеңіне өту шараларын белгіледі. 1971—1975 жылдардағы СССР Халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарының Директивасында еңбекшілердің білім дәрежесін үнемі көтере түсу, жастарға жаппай орта білім беруге кешуді аяқтау белгіленді. Бұл шара социализмнің экономикалық дамуы мен ғылыми-техникалық жаңалықтың талабынан туып отыр.
1972 жылы КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі “Жастарға жалпы орта білім беруге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту туралы” қаулысын қабылдады. Бұл қаулы Коммуниетік партия мен Совет үкіметінің СССР-де жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асыру жөніндегі лениндік жоспарды орындауды аяқтау жөніндегі шараларын белгіледі. Бұл жоспарды орындаудың негізгі кезеңдері мыналар еді: 1930 ж.— жаппай міндетті бастауыш оқуды енгізу; 1949 ж.— жаппай міндетті жеті жылдың оқуды енгізу; 1958 ж.— жаппай міндетті сегіз жылдық оқуды енгізу; 1972 ж.— жаппай міндетті орта білімді енғізу.
СССР халық ағарту жүйесі мекемелерін құрудың және олардың жұмысының негізгі принциптері 1973 жылы бекітіліп, 1974 жылдың январынан бастап күшіне енген “ССР Одағының және одақтық республикалардың халық ағарту ісі туралы Негізгі заңдылықтарында” айқындалған. СССР халық ағарту ісінің негізгі принциптері мыналар:
1. Нәсіліне, ұлтына, жынысына, дінге қатысына, табысы мен әлеуметтік жағдайына қарамастан СССР халықтарының бәрі білім алуға тең праволы;
2. Барлық жас өспірімдер мен балалар білім алуға міндетті;
3. Барлық оқу-тәрбие мекемелері мемлекеттік және қоғамдық болып есептеледі; .
4. Қай тілде де: ана тілінде немесе СССР-дегі басқа халықтар тілдерінде оқуға ерікті;
5. Оқытудың барлық түрі тегін, оқушылардың белгілі белімі толық мемлекет есебінде тәрбиеленеді, оқушылар мен студенттерге стипендия және басқа матераилдық көмек беріледі;
6. Халық ағарту жүйесі барлық адамдарға бірдей, оқу орындарының төменгі сатысынан жоғары сатысына еркін өтуге болады;
7. Оқыту мен коммунистік тәрбие тығыз байланыста;
8. Балалар мен жастарды тәрбиелеуде мектеп, семья және қоғамдық көпшілік бірігіп іс жүргізеді, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу өмірмен, коммунистік құрылыс тәжірибесімен тығыз байланыста;
9. Оқыту ғылыми негізде жүргізіледі, оның мазмұны ғылым жетістіктерінің негізінде үнемі жетілдіріліп отырылады,
249
оқыту мен тәрбиелеудің гуманистік және моральдық сипаты қамтамасыз етіледі, білім діннің әсерінен тыс негізде беріледі.
Кейінгі жылдарда тәрбие уақыты ұзартылған топтар мен мектептер едәуір көбейе түсті. Бұл мәселеде КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 1960 жылгы 15 фев-ральдағы балаларды тәрбиелеуде семьяға көмек көрсетуді жақсарта түсу туралы арнайы қаулысының маңызы өте зор болды. Жұмыс істеп жүрген жастардың оқуына да үкімет пен партия ерекше көңіл бөледі. СССР Министрлер Советі 1959 жылғы 5 ноябрьдегі қаулысында жұмысшы және село жастарының кешкі (сменалық) және сырттан оқытатын орта мектептерде жұмыстан қол үзбей оқып жүргендеріне жұмыс күнін немесе жұмыс аптасын азайту белгіленді.
Коммунистік партия мен Совет үкіметі жоғары оқу орын-дарының дамуына да қамқорлық көрсетуде. Өндіріс орындары мен мекемелерге өндіріс озаттарына жоғары стипендия төлеп, оларды белгілі жеңілдікпен жоғары оқу орындарына түсуге жолдама беріп оқытуға ерік берілді. Жұмысшы және село жастарын жоғары оқу орындарында көбірек оқыту мақсатымен 1969 жылы арнайы күндізгі, кешкі және сырттан оқытатын даярлау бөлімдерін құру женінде қаулы қабылданды. Жоғары оқу орындарының бұл даярлау бөлімдеріне орта білімі бар жұмысшылар, колхозшылар, Совет Армиясы қатарынан босатылған жастар алынады. Ол бөлімді бітіру емтихандарын ойдағыдай тапсырғандар, жоғары оқу орнына қа-былдау емтихандарын тапсырмай алынады.
1958 жылдан бастап халық шаруашылығының барлың саласына маман жұмысшылар даярлау, жастарға кәсіптік-техникалың білім беру жүйесі де тез қарқынмен дамуда. Әсіресе орта білім беретін кәсіптік-техникалық училищелердің мәні ерекше зор, мұны бітірушілер арнаулы мамандықпен қатар толық орта білім алады.
Совет үкіметі орнағаннан бері біздің халқымыз мәдениет, ғылым және халыққа білім беру саласында зор табыстарға ие болды. Әр совет азаматының білім алуға правосы 1977 жылы қабылданған жаңа СССР Конституциясында (Негізгі заңда) атап көрсетілген. СССР Конституциясының 45 статьясында: “СССР азаматтары білім алуға ерікті. Бұл право оқудың барлық түрінің тегін болуымен, жастарға жаппай міндетті орта білім беруді жүзеге асырумен, оқытуды өмірге, өндіріске байланыстыру негізінде кәсіптік-техникалық, арнаулы орта, жоғары білім беруді, кешкі және сырттан оқытуды дамытумен, оқушылар мен студенттерге оқуға жеңілдік және мемлекеттік стипендия берумен, мектеп оқулықтарын тегін берумен, ана тілінде оқуға мүмкіндік берумен, өзінше оқуға жағдай жасаумен қамтамасыз етіледі”.
Коммунистік партия мен Совет өкіметі КПСС XXV съезі
250
мен СССР Конституциясында белгіленген қағидаларды бас-шылыққа ала отырып жас ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіре түсуге бағытталған шараларды жүзеге асырды. Еліміздегі оқу-тәрбие мекемелерінің жұмысын жетілдіре түсуде КПСС Орталың Комитеті мен СССР Министрлер Советінің “Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жақсарта түсу туралы” 1977 жылғы декабрьдегі қаулысының мәні өте зор. Қаулыда совет мектебінің табыстары өте жоғары бағаланған, сонымен бірге кейбір оқу программалары мен оқулықтардың артық информациямен, оқуға қажетті емес материалдармен ауырлатылғандығы, бұл жағдай оқушыларда өзінше творчестволық жұмыс істеу дағдыларын да-мытуға қиындық келтіретіндігі атап көрсетілген. Сабақтың мүмкіндігінің толық пайдаланылмайтыны, оқыту мен тәрбиелеудің бірлік принципі, табанды түрде жүзеге асырылмайтыны аталған. Қаулыда оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің барлың міндеттері белгіленген. Әсіресе тәрбие жұмысын жақсарта түсуге, алдымен жастарды материалдың өндіріс саласында жұмыс істеуге даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Бұл міндет кәсіби бағдар беруді жақсарта түсуді талап етеді, ол үшін оқушылардың жақын жердегі өндіріс орындарында қоғамдық пайдалы еңбекке араласуын ұйым-дастыру қажет, жоғары кластарда еңбекке даярлауға арналған сағат санын көбейту, еңбекке даярлау ісімен шұғылданатын мұғалімдермен мектепті қамтамасыз ету қажет. Қаулыда аудандық оқу бөлімдерінде еңбекке даярлау ісімен шұғылданатын арнайы инспектордың болуы белгіленді.
КПСС XXV съезі мен СССР Конституциясы белгілеген со-циалистік мектепті дамыту программасын жүзеге асыруда КПСС Орталың Комитеті мен СССР Министрлер Советінің 24 ноябрь 1977 жылгы № 1029 және Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық ІІомитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің 2 январь 1978 жылғы № 4 қабылданған қаулыларында оқушыларды оқулықтармен тегін қамтамасыз ету жөнінде ерекше атап өтілген.
1981 жылы февраль — март айларында өткен КПСС XXVI съезі совет халқының алдына “Халық ағарту жүйесін одан әрі дамытуды, елімізді мамандар және маман жұмысшылармен қамтамасыз ету қажеттілігін толығынан орындауды” жүзеге асыру міндетін қойды. Съезд оқушыларға еңбек, моральдық және эстетикалық тәрбие берудің формалары мен әдістерін жетілдіре түсуге ерекше көңіл бөлді. Жалпы білім беретін мектептердің даярлық класына балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшудің негізін жасау қажет деп көрсетілді. Күні ұзартылған мектептердегі (топтардағы) балалардың санын 1986 жылы 13,5—14 миллионға жеткізу талап етілді. Жалпы
251
білім беретін мектептердегі оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз етуді аяқтау міндеті белгіленді.
Партия мен үкіметтің жоғарыда аталған қаулыларына сай республикамызда мектеп жүйесі реттелді. Мектеп жанындағы интернаттар мен мектеп-интернаттардың өсуіне жете көңіл бөлінді. Оқу күні ұзартылған мектептер мен топтарда оқитын балалар саны өсті. Балалар орыс және қазаң тілінде оқитын мектептермен қатар республикада өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқитын мектептер жаңа оқу программаларының талабына сай оқушыларға жүйелі, тиянақты білім беру ісін жүзеге асыруда. Жеке пәндерді тереңірек оқытатын мектептермен қатар Алматы қаласында физика-математика мектебі осы пәндерден жүйелі білім беру ісін жүзеге асыруда.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу-материал базасын жақсартуға, кабинеттік жүйеге көшуге байланысты мектептерді техниканың оқу құралдарымен жабдықтау мәселесіне жете көңіл бөлінуде.
Ғылыми-техникалық прогресс, халық шаруашылығының интенсивті дамуы жалпыға бірдей міндетті орта білім беру ғана емес, орта білім мазмұнын ғылым жетістіктеріне сай жетілдіруді қажет етті. Осыған орай республика мектептері жаңа оқу программасын игеру және жаңа оқулықтармен жұмыс істеуді жүзеге асыруда көп еңбек етуде.
Республика мектептерінде оқушыларды еңбекке баулу мә-селесіне де көп көңіл бөлінеді. Кейінгі жылдары мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар ашылды. Сонымен қатар оқушылардың өндірістік бригадаларының саны көбейді. Республикада 18 педагогика институттары және 26 педагогика училищелері мұғалімдер даярлайды. Мұғалімдердің білімін жетілдіру ісімен орталық, облыстық және Алматы қалалық мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары шұғылданады. Бұл іске аудандық, қалалың методикалық кабинеттер де атсалысады. Республика мұғалімдерінің ішінде 8 мұғалімнің Социалистік Еңбек Ері, 4 мұғалімнің “СССР халық мұғалімі” атақтары бар.
Социалистік елдердегі мектеп және
оқу-ағарту ісі
Социалистік елдер өз дамуларында коммунистік ңұрылыс-ты кеңінен өрістетіп отырған СССР-дің шешуші мол тәжіри-бесін пайдалануда. Осы тәжрибеге негізделе отырып, Европа мен Азиядағы социалистік елдерде тым қысқа мерзімнің ішінде бүкіл халық ағарту жүйесіне түбірінен терең әлеуметтік өзгерістер енгізілуде.
Социализм елдерінің оқу-ағарту ісі мен мектептерінің да-
му негізінде бүкіл социалистік жүйеге тән жалпы заңдылық-
252
тар бар. Бұл заңдылықтар әр елдердің тарихи, ұлттык ерек-шеліктерін, қалыптасқан дәстүрлерін ескеру арқылы жүзеге асырылуда.
Социалистік елдерде оқу-ағарту жүйесін ұйымдастырудың мынадай принциптері: мектептің мемлекеттік болуы білімнің діннен ажыратылуы, мектеп жүйесінің тұтастығы оқуды жалпыға бірдей және міндетті түрде, ақысыз, аңа тілінде жүргізу, білімнің өмірмен ұштастырылуы қалыптасқан. Барлық социалистік елдерде міндетті оқудың мерзімі ұзартылған, бұл елдердің көпшілігінде орта білімді міндетті ету шаралары белгіленіп отыр.
Барлық социалистік елдерде аз ұлттарға оқу-ағарту саласында тежеу жасау жойылды.
Мектептердің барлық түрінде оқу мазмұны түбірі өзгерді; оқу программалары мен оқулықтар ғылыми негізде қайта құрылды. Жаңа мектеп оқушыларға материалистік көзқарасты қалыптастыруда. Оқу-ағарту жүйесінің ескі буржуазиялық-помещиктік жүйесі жойылды. Социалистік елдерде толық демократиялық негізде халық ағарту ісі қайта құрылды. Жаппай міндетті, тегін оқу іске асырылуда; Мектептің оқушылардың және мұғалімдердің саны есуде, оқу-ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері артты. Ересектер арасында сауатсыздың жойылды.
Венгрия халық республикасында сегіз жылдың мектепке 1960 жылы мектеп жасындағы балалардың 98 проценті тартылды. Болгария халық республикасында 7—15 жастың арасындағы барлық балалар міндетті түрде жаппай оқитын болады. Мектеп әр халықтың ана тілінде ашылуда. Мысалы, Болгарияда цыган мектептері, Польшада белорусс, украин мектептері осы тілдерде оқытылады.
Халықтың үкімет орнағанға дейін Болгарияда бір миллиониан астам адам сауатсыз болды. Әсіресе аз ұлттар түгелдей дерлік сауатсыз еді. Мысалы, цығандардың 95 проценті сауатсыз болатын. Қазір социалистік Болгария жаппай сауатты елге айналды.
Венгрия халық республикасында оқушылардың әлеуметтік құрамы мүлдем өзгерді. Жұмысшылар мен шаруалардың балалары орта және жоғары мектептерде оқуға мүмкіндік алды. Венгрияда да сегіз жылдық мектеп жаппай міндетті болды. Оның 4 жылы төменгі кластар, ал 4 жылы жоғары кластар болып белінді. Бұл мектепті бітіргендер жалпы білім беретін гимназияға, техникумдар мен училищелерге түсіп оқитын болды.
Польшада 7—18 жастағы балалар үшін 11 жылдық мектеп ашылды. Ол жеті жылдық бастауыш мектептеп және 4 жылдық лицейден құрылды. 1950 жылы лицейге оқуға түскендердің 39,2 проценті жұмысшының, 30,8 проценті шаруалардың және 24 проценті еңбекші интеллигенцияның балалары болды
253
Мұндай жетістікке жетуде орта мектеп жанынан интернат ашудың, стипендия берудің, жұмысшы мен шаруаның балаларына арнаулы бөлім ашудың әсері зор болды. ІІольшада 1949 жылы сауатсыздықты жою туралы заң қабылданды. Қазір сауатсыздық негізінен жойылды.
Қазіргі Болгарияда балабақшалардан (3—7 жас), негізгі сегіз жылдық мектептен (7—16 жас) және осы мектеп негізінде құрылған үш жылдық политехникалық гимназиядан тұратын оқу-ағарту жүйесі қалыптасты. Онымен қатар сегіз жылдық және он жылдық мектептер негізінде жұмыс істейтін техникумдар бар. Техникумдар мен жоғары оқу орындарында күндізгі, кешкі және сырттан оқитын бөлімдер жұмыс істейді,
Венгрияның оқу-ағарту жүйесінде мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, жаппай міндетті оқыту мектептері, орта мектеп, арнаулы техникалық мамандық беретін мектептер және жоғары оқу орындары бар. Мектеп жүйесінің негізі сегіз жылдық мектеп болды. 4 жыл мерзімді орта мектеп, жалпы дәрежелі білім беретін гимназия қоғамдың және реалдық бөлімдерден құралады. Сонымен бірге жастар көркемөнер және музыкалық гимназия, индустриалдық, экономикалық, ауыл шаруашылық, құрылыс және т. б. техникумдарда оқиды.
Германия демократиялық республикасында балалар жалпы дәрежелі политехникалық орта мектепте оқиды. Оның төменгі басқышы I—IV кластан, орта басқышы V—X кластан тұрады.
Арнаулы орта оқу орындары 10 жылдық мектеп негізінде құрылды.
Монголия Халық Республикасында 8—16 жастың арасындағы балалар үшін міндетті тегін оқу белгіленді. Монголияда университет, ауыл шаруашылығы, экономикалық, медицина және физкультура институттары жастарға білім беруде.
Румынияда жалпы дәрежелі білім беретін міндетті мектеп — сегіз жылдықтың көлемінде. Ал орта мектеп (лицей) 12 жылдық. Орта мектеп қоғамдық ғылымдарды оқытатын және реалдық болып екіге бөлінеді.
1965—1966 жылы Румынияда жоғары оқу орнының саны 47-ге жетті, олардың төртеуі университет.
Польшада мектептің бірінші басқышы сегіз жылдық мектеп міндетті оқуға айналды. Бұл мектепті бітірушілер не жалпы білім беретін орта мектепте, не арнаулы білім беретін мектептерде оқитын болды.
Орта мектеп (лицей) IX—XII кластардан тұрады. Лицейлердің жүзге жуығы селолы жерлерде.
Польшада 8 университет, 10 политехникалың, 7 ауыл ша-руашылығы, 6 экономикалық институттар, 10 медицина ака-демиясы, 4 жоғары педагогикалық мектептер жұмыс істейді.
254
Чехословакияда мектеп жүйесінің алғашқы бөлімі тоғыз жылдык, мектеп, мұнда 6—15 жастағы балаларға оқу міндетті саналады. Бұл мектепте жалпы және политехникалық білім беріледі.
Мектептің кейінгі басқыштарында жалпы орта және арнаулы білім берілу көзделеді. Чехословакияда арнаулы білім беру кең дәрежеде қойылған. Елде 280 мамандықтан кәсіби жұмысшылар, қызметкерлер даярланады. Жалпы білім беретін толық орта мектепте физика-математика, химия-биология және қоғамдық білім беру белгіленген.
Социалистік елдерде орта мектептер негізінен екі түрлі:
1. Бір текті толық орта мектептердің жоғары кластары. Мысалы, Чехословакияда 12 жылдың орта білімге көшуге байланысты толық орта мектептердің X—XII кластары жұмыс істейді. ГДР мен Болгарияда біртіндеп 12 жылдық мектептерде көшу заңының қабылданылуына сәйкес, IX—XII кластар бар.
2. Орта мектептер ез алдына жеке оқу орны болып есептеледі. Мысалы, Венгрия гимназиялар міндетті мектептермен байланыспаған, олар өз алдына 4 жылдық дербес оқу орны болып саналады, ал Польшада осындай бағытта 4 жылдық лицейлер оқу ісін жүргізуде.
Социалистік елдердің барлығында да жас өспірімдерге коммунистік тәрбие беру жөніндегі марксистік-лениндік ілімге негізделген жаңа мектепті құру ісі кеңінен өрістетілген. Мектептерде марксизм-ленинизм шығармалары кеңінен таратылған. Социалистік елдер халықтарының достығы мен ынтымағы мейлінше беки түсуде, осыған байланысты оқу орындарында интернационалистік тәрбиеге ерекше көңіл бөлінуде, дүние жүзілік бай совет мәдениетінің озық қазыналарымен қарулану мақсатында орыс тілін терең үйрену міндеті іске асуда.
Жастарды өз Отанына және бірінші социализм елі — СССР-ге шын берілгендік сезімі мен сүйіспеншілікке тәрбиелеу жұмысы мағыналы және мазмұнды жүргізілуде.
Социалистік елдерде педагогикалық және мектеп тәжірибесін алмасу ісі, педагогтар байланысы мейлінше өрістеген. Педагог ғалымдар және мұғалімдер арасына атақты совет педагогтары
Н. К. Крупскаяның, М. И. Калининнің, А. С. Макаренконың,
М. П. Блонскийдің, С. Т. Шацкийдің шығармалары кеңінен тарауда.
Совет Одағы социалистік лагерьдегі елдерге жаңа адамды тәрбиелеуде, коммунизм үшін, бейбітшілік үшін күресте нағыз халық ағарту мен мәдениеттің үлгісін көрсетуде.
255
Картбай Бержанов, Сыздык Мусип
ИСТОРИЯ ПЕДАГОГИКИ
(на казахском языке)
Редактор Б. Алиева
Техн. ред. К. Абдикаримова
Худ. ред. К. Утебаев
Корректор Ш. В. Утегенова.
Достарыңызбен бөлісу: |