ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет19/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Совет мектебшің 1918 жылы оқу-ағарту жөніндегі

алғашқы қадам- мемлекеттік комиссияда

дары А. В.Луначарскийдің және Н. К. Крупская-ның басқаруымен “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже” және “Бірыңғай еңбек мектебінің неғізгі принциптері” атты документ-терді даярлау ісі жүргізілді.

1918 жылдың 16 октябрінде осы аталған документтер жа-рияланды. Ол документтің екіншісі “Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларация” деген атпен халыққа тарады. Онда негізінен “Ережеге” түсінік берілді, өйткені ережеде кейбір мәселе қысқа түрде ғана болатын. Сонымен бірге мұнда мектепті негізінен революциялық жолмен қайта құру ісі белгіленді. “Декларация” мектептің саясатпен байланысты болуын совет педагогикасының ең негізгі принципі етіп көрсетті. “Декларацияда” мектепті жалпы халықтық ету мәселесіне көп көңіл бөлінді (мектептің жалпыға бірдей болуы, барлық басқышының тегін болуы, жақын арада жаппай міндетті бастауыш білім беру). Мектеп екі басқыштан тоғыз жылдық болып құрылды; біріншісі 5 жыл, екіншісі 4 жыл. Мектепте дін сабағын оқытуға, діни ғұрыптарды жүргізуге тыйым салынды. Мектепті политехника-ландыру міндеті қойылды.

Оқытудың мазмұны мен әдістері жөнінде “Декларацияда” формализм және схоластиканың болмауын, балалардың қызығуын ескеру, олардың белсенділігін, өзінше жұмыс істеуін дамыту, мектептердің өмірмен тығыз байланысты болуын, әсіресе еңбекқе баулуды орынды санады. Мектеп жанындағы учаскеде жұмыс істеу, оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастыру талап етілді. Әсіресе, оқушыларды жан-жақты дамыту,

193


соның ішінде дене тәрбиесі және эстетикалық тәрбиеге (гим-настика, ойын, спорт, сурет, ән, музыка т. б.) көп көңіл бөлінді. “Декларация” мен “Ережеде” оқушылар мен оқытушылар жөнінде жаңа пікірлер айтылды. Ескі мектептегі бюрократизм, оқушыларды қатаң бақылаудың, ұрып-соғып жазалаудың орнына, балаларды қадірлеу, мұғалімдердің еркін жұмыс істеуіне ерік беру, оқушылар ұйымдарына ірі право беру мәселесі қойылды.

Бұл документтерде кейбір кемшіліктер де орын алды. Мысалы, емтихан, үйге тапсырма беру мәселесін мүлде жоюды талап етті. Ал политехнизация, өнеркәсіп өндірісінің негізімен таныстырудың орнына, қолөнерінің түрлерімен таныстыру көзделді.

Мектептегі оқытуға жаңа мазмұн, әдістер енгізілгенімен де, бұл документтер жалпы дәрежелі білім беру мәселесіне жете көңіл бөлмеді, еңбек тәрбиесін және әр түрлі көрнекілікке негізделген әдістердің мәнін асыра бағалады (сурет, модель жасау, диаграмма және схема сызу). Мұғалімнің ролі жете бағаланбады.

Осы кемшіліктеріне қарамастан, “Ереже” мен “Декларация” сол дәуірде ең құнды документтер еді. Үйткені олар революциялық рухта, демократизм, гуманизм негізінде жазылды. Онда әсіресе мектептегі оқуды практикалық өмірмен тығыз байланыстыру көзделді.

1919 жылы партияның VIII съезінде Коммунистік партияның программасы қабылданды. Оның жобасын В. И. Ленин жазған еді. Программада Совет үкіметі құрған мектеп пен оқу-ағарту ісінің негізін әрі қарай дамытудың міндеттері белгіленді, онда:

1. 17 жасқа дейінгі ер балалар мен қыз балаларға тегін және міндетті, жалпы әрі политехникалық (өндірістің барлық негізгі салаларымен теориялық әрі практикалы жағынан таныстыратын) білім беру;

2. Ана тілінде оқытатын бірыңғай еңбек мектебі принципін толық жүзеге асыру, оның қандай да болсын діннің әсерінен азат болуын, оқытудың қоғамдың өнімді еңбекпен тығыз байланысты болуын, коммунистік қоғамның жан-жақты дамыған мүшелерін даярлауды қамтамасыз ету;

3. Барлық оқушыларды тамақпен, аяқ киіммен және оқу құралдарымен мемлекет есебінен жабдықтау;

4. Коммунизм идеясымен шыңдалған жаңа ағарту қызмет-керлерін даярлау...

1920 жылдың 2—-10 октябрь': күндері Россия Коммунистік Жастар Одағының III съезі өткізілді. Съездің алғашқы күні;

В. И. Ленин жастардың міндеті туралы сөз сөйледі. Бұл

В. И. Лениннің тарихи мәні бар көрнекті шығармаларыныңі бірі — коммуниетік тәрбиенің программасы болып танылды.!

В. И. Ленин жастардың міндеті Коммунистік партияның

194


программасында белгіленген оқытудың, білім берудің және тәрбиелеудің идеялары мен принциптерін жүзеге асыру деп көрсетті.

1918—1920 жылдары елдегі азамат соғысына және шаруа-шылықтың қиындықтарына қарамастан қысқа мерзімнің ішінде мектеп лен оқушылардың саны тез өсті. 1920—1921 оқу жылында совет елінде 118.398 мектеп болды. Оларда 9.781,000 бала оқыды. 1914—1915 оқу жылымен салыстырғанда, әсіресе орта мектептің саны екі есе өсті. 1920—1921 оқу жылында олардың саны 4.163 болды. Орта мектептің саны әсіресе селолық жерлерде тез қарқынмен өсті. 1914—1915 жылы селолық жерлерде небары 72 мектеп болса, 1920—1921 жылы мектептің саны 2144 болды. Бұл мектептерде негізінен шаруалардың балалары оқыды. Орта мектептерде оқушылардың әлеуметтік құрамы мүлде өзгерді. 1918—1919 жылдарда орта мектептерде жұмысшылар мен шаруа балаларының саны едәуір орын алды.

Жұмысшылар мен шаруалардың мектеп жасынан есейіп кеткен балалары үшін 1919 жылдан бастап оқу орындарының жаңа түрі — жұмысшы факультеттері ашыла бастады. Бұл оқу орындары 4 жылда жастардың жоғары оқу орындарына түсуіне қажетті орта білім берді.

Еліміздің шаруашылың, саяси және мәдени өміріне әйелдердің белсенді араласуына мүмкіндік жасау үшін, балабақшалары мен ясли және ойын алаңдары ұйымдастырыла бастады.

1919 жылы 26 декабрьде В. И. Лениннің инициативасымен даярланған және ол өзі қол қойған сауатсыздықты жою туралы декрет жарияланды. Декрет 50 жасқа дейінгі еліміздің азаматтарын орыс тілінде немесе ана тілінде сауатты болуға міндеттеді.

Елімізде ондаған мың сауатсыздықты жою пункттері мен шала сауаттылар үшін мектептер ашылды. Мұғалімдер, комсомолдар және әр түрлі мамандар қоғамдың міндет ретінде жоғарыда аталған оқу орындарында оқу ісін ойдағыдай ұйымдастырды.

1914—1918 жылдардағы бірінші дүние жүзілік соғысқа дейін патшалық Россияда екі жарым миллионнан астам аш-жалаңаш қалған панасыз балалар бар еді. Ал азамат соғысы жылдарында бұлардың саны тіпті көбейе түсті. Совет үкіметінің алдында балалардың панасыздығымен күресу міндеті тұрды. Жүздеген мың балаларды аштан өлуден немесе моральдық азғындаудан құтқару керек болды. Осы мақсатпен балалар үйлері құрылды. 1921 жылдың басында республикада 5 мыңнан аса балалар үйлері болды, оларда 260 мың панасыз балалар тәрбиеленді. Келесі жылы балалар үйлерінің саны 7815-ке, оларда тәрбиеленетін балалардың саны 415 мыңға жетті.

195 Ұлы Октябрь социалистік революциясы орталық аудандарда жеңіске жеткеннен кейін, шеткі аймақтарда совет өкіметі үшін күрес басталды. Совет үкіметі жариялаған Россия халықтары праволарының “декларациясы” еліміздегі халықтардың теңдігін, өз билігіне өзі ие болып, еркін дамуға мүмкіндік алғанын дүние жүзіне аян етті. Октябрь революциясының жеңген алғашқы күндерінен бастап Ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты құрылды. 1918 жылдан бастап орыстан басқа халықтар тұратын жерлерде өз ана тілінде басқару орындары, сот, мектеп және басқа ағарту ұйымдары жұмыс істей бастады. Ұлттық педагогтық кадрлар даярлау, ұлттық оқулықтар дайындау қолға алынды, бұрын жазуы жоқ халықтар үшін өз тілінде алфавит жасалынды.

Елдегі қиын жағдайларға (азамат соғысы, азық-түліктің жетіспеуі, ұлттық-педагогтық кадрлардың жоқтығы және т. б.) қарамастан, аз уақытта (1918—1920 жылдар) ұлттық аудандардағы оқушылардың саны екі-үш есе өсті. 1914 жылмен салыстырғанда, 1920 жылы Чувашияда мектептің саны екі жарым есе өсті. Волга бойында, қазақ жерінде және т. б. жерлерде де мектептің саны осындай тез қарқынмен дамыды. Орыстан басқа халықтар түратын жерлерде екінші басқышты мектептердің ашылуы зор табыс әкелді.

1920 жылы Халық ағарту комиссариаты совет мектебінің оқу жоспарын жариялады. Жоспар бойынша бірінші класта оқу сағаты жеке пәндерге бөлінбеді. Бұл класта тіл дамыту, сауат ашу, санауға үйретуге, сонымен қатар табиғатпен таныстыру, сурет және ән-күйге көңіл бөлінді.

Совет мектебінің бұл алғашқы оқу жоспарының революцияға дейінгі Россия мектебінің және капиталистік елдер мектебінің оқу жоспарларынан өзгешелігі — әр түрлі оқу пәндерінің (қоғамдық, биологиялық, физикалық-математикалық) кең түрде оқытылуында еді. Тіл мен әдебиет және математика пәндеріне, сол сияқты жаратылыстану, физика және химия пәндеріне оқу сағаттары көп берілді. Дене тәрбиесі мен өнертану сабақтарына едәуір оқу сағаттары белгіленді.

Алғашңы оқу жоспарының негізгі кемшілігі — оның орындауға міндетті болмауында еді, ол үлгі ретінде ғана ұсынылды. География пәні өте кеш, тек VI кластан бастап оқытылды. Шет тіліне ете аз уақыт берілді, биология және тарих пәндері тым ерте —екінші кластан бастап оқытылды, қол еңбегіне (мектеп жанындағы учаскеде және оқу шеберханаларында жұмыс істеу) арнаулы уақыт берілмеді.

Алдыңғы қатарлы мұғалімдер жұмыс істеген мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұны Октябрь революциясы жеңген алғашқы күндерде-ақ өзгерді. Дін сабағын оқыту тоқтатылды. Тарих сабағында оқиғалар жаңа тұрғыдан түсіндірілді. Саяси экономиядан, РСФСР конституциясынан, социализм және революция қозғалысының тарихынан мәліметтер

196


берілді. Балаларға Қызыл Армиялық ерлігі және Совет рес-публикасын қоршаған жаудан қорғау туралы айтылды. Әдебиет сабағында атақты орыс жазушыларының шығармаларымен таныстыруға, оларды класта талдауға көп көңіл бөлінді. Математика, физика, химия сабақтарын оқыту кеңейтілді және ол пәндерді оқыту техникаға, өмірге байланыстырылды. Химия, физика, биология сабақтарында оқылатын материалдар бойынша лабораториялың жұмыстар жүргізілді. Экскурсиялар мен оқушылардың мектеп жанындағы участкеде жұмыс істеу әдістері кең өріс алды.

Көптеген мектептерде оқушылар үйірмелері (әдебиет, тарих, жаратылыстану, драма, хор және т. б.) ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер еңбек тәрбиесіне, балаларды коллектившілдік рухында тәрбиелеуге көп көңіл бөлді. Мектептердің жанынан шеберханалаар (ағаш, темір, кітап түптеу т. б.) ұйымдастырылды.

Мектепте ұйымдастырылған оқушылар ұйымдары балаларды қоғамдың пайдалы еңбекке, халық арасында мәдени жұмыстар жүргізуге жұмылдырды.

Мектеп жұмысында бұл дәуірде жетістіктермен қатар, елеулі олқылықтар да орын алды. Оқу жоспары мен программаларының міндетті болмауы жергілікті жерлерде жұмыста ала-құлалықтық болуына әкеліп соқтырды. Көп сабақтан оқушылардың уақыты көбінесе диаграмма, схема сызуға кетті. Емтихан, үйге тапсырма беру міндетті болмады. Балалардың білімін күнделікті қадағалау жолға қойылмады.

Осы айтылған кемшіліктерге қармастан, бұл кезең ескі мектеппен ауыр күрес жылдары, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің ерлікпен еңбек еткен жылдары болды. Осы жылдары мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесінің іргесі қаланды. Орыстан басқа халықтардың балалары үшін ұлттық мектеп құрыла бастады.

В. И. Ленин өзінің осы дәуірдегі еңбектерінде, сөйлеген сөздерінде коммунистік тәрбиенің кең программасын жасады.



19211936 жылдардағы совет мектебі және педагогика

Елімізде азамат соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін, совет халқы халық шаруашылығын дамыту мәселесін қолға алды. Бұл жұмысты өте қйын жағдайда жүргізуге тура келді, алдымен елде мәдениет және оқу -ағарту мәселесін көтеру керек болды. Социалистік өнеркәсіпті дамыту үшін дайындығы бар мамандар мен маман жұмысшылар қажет еді.

В. И. Ленин бұл дәуірдегі өз еңбектерінде, сөйлеген сөздерінде елдің мәдениетін көтерудің қажеттігін ерекше атап керсетті. Мәдениет революциясын жүзеге асырмайынша, экономика жағынан артта қалған Россияны алдыңғы қатарлы күшті социалистік ел ету мүмкін емес деп есептеді ол.

“Кооперация туралы” деген еңбегінде В. И. Ленин шаруа-

197

лардың жеке шаруашылығын біріктіру жөнінде партия алға қойып отырған міндетке шаруалардың мәдениетін көтеру де кіреді деп жазды. “Толық кооперация мәдениет революциясы болмайынша, мүмкін емес”,— деп санады ол.



Мәдениет революциясын дамытуда, сауатсыздықты жоюда, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қажет мамандарды даярлауда, социалистік құрылыстың белсенді күрескерлерін тәрбиелеуде совет мектебі үлкен роль атқаруға тиісті болды.

Бейбіт құрылыс жағдайында мектепті дамыту мәселесін талқылау үшін 1920 жылдың 31 декабрінен 1921 жылдың 4 январына дейін оқу-ағарту жөнінде 1-партиялық мәжіліс шақырылды. Мәжілісте Н. К. Крупская, А. В. Луначарский және т. б. жолдастар халық ағарту жүйесінің негізгі бөлігі — мектеп деп шешіп, ол партия программасының талабына сай, еліміздің барлық жас ұрпағына революциялық тәрбие беруге тиісті деп санады. Совет республикасында балалардың кәсіптік даярлықпен қатар, кең, жалпы білім алуға тиіс екендігі де атап айтылды.

Мәжіліс жалпы дәрежелі білім беретін мектептің негізгі типі деп жеті жылдық мектепті санады. Осы мектептің негізінде 3—4 жылдық техникум және т. б. кәсіптік-техникалың оқу орындары ашылды. Мәжілісте жұмысшылардың балаларына фабрика-завод оқушылары училищесін (ФЗУ) құруды қажет деп тапты. Жаңа оқу-ағарту жүйесін қалыптастыруда, мектепті халық шаруашылығының талабына жақындастыруда 1-партия мәжілісінің зор мәні болды. Сол дәуірдің талабына сай жеті жылдық мектепті негізгі звено деп санаудың үлкен мәні бар еді. Жеті жылдық мектеп ұзақ дәуір бойы совет мектебінің негізгі типі болып келді.

Жеті жылдың мектеп негізінде құрылған техникумдар арнаулы орта білім жүйесінде негізгі звено болып дамыды. Жоғарыда аталған мәжілісте ұсынылған оқу-ағарту жүйесі елдің шаруашылығы мен мәдениетінің даму талабына сай өте ыңғайлы жүйе болды. Сонымен бұл дәуірде елімізде мектеп жүйесі: бірінші бастауыш мектептен

(4 класс — 8—12 жастағы балалар үшін), жеті жылдық мектептен

(7 класс — 8—15 жастағы балалар үшін), тоғыз жылдың мектептен (9 класс — 8—17 жастағы балалар үшін) құрылды.

1924 жылдан бастап мектептің VIII—IX кластарында белгілі мамандыңңа даярлау жүргізілді. Осы мақсатпен ол кластарда жалпы дәрежелі білім беретін пәндермен қатар, арнаулы пәндер және белгілі мамандың бойынша өндірістік практика енгізілді. Бұл дәуірде еліміздегі оқу-ағарту жүйесінде 1919 жылы құрыла бастаған жұмысшы факультеттерінің ролі зор болды. Бұлар жастарды жоғары оқу орнына түсуге даярлайтын, жалпы дәрежелі білім беретін мектептің сол кезеңдегі негізгі түрінің бірі болды. Жұмысшы факультеттері санының тез көбеюі жоғары оқу орындарына жұмысшы жастарды көп теп тартуға мүмкіндік берді,

198


пролетарлың интеллигенцияның өсуіне жағдай жасады. 1919 жылдан 1929 жылға дейінгі 10 жыл ішінде жұмысшы факультетінде 40 000 жүмысшы және шаруа жастары оқыды. Бұл факультеттерді бітірген жұмысшы жастардың 75 проценті жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Жұмысшы факультеттерін бітіргендердің 80—90 процентке дейіні техникалық және экономикалың жоғары оқу орындарына қабылданды.

1921 жылдан бастап енеркәсіп орындары жанынан 4 жылдың фабрика-завод училищесі (ФЗУ) ашыла бастады. Бүлар өнеркәсіп пен транспорт үшін маман жұмысшылар даярлады. Бұл мектептің оқушылары әрі өндіріс орындарында жұмыс істеп, әрі мектепте оқыды. Олар арнаулы пәндермен қатар, жалпы білім беретін пәндерді де оқып, жеті жылдық мектеп дәрежесінде білім алды. Кейін ФЗУ мектептері жеті жылдық мектеп бітірген жастарды оқуға алып, белгілі мамандыкқа даярлайтын мектепке айналды. Бұл мектепке түсуге жастарды даярлайтын фабрика-завод жеті жылдық мектептері (ФЗС) фабрика және завод жанынан көптеп ашыла бастады. 1923 жылдың күзінен бастап, селолық жерлерде шаруа жастарының мектебі ашыла бастады. Бұған бастауыш мектепті бітірген жастар түсіп оқыды. Оңу мерзімі 3 жылға созылды. Бұл мерзімде жалпы дәрежелі біліммен қатар, агрономиядан, техникадан, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мәселелерінен білім берілді. Мұны бітірушілер орта мектептің жоғары кластарында, техникумдарда оқып, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды.



Қазақстандағы 1920 жылдары қалыптасқан еліміздегі халық

мектеп жүйесі ағарту жүйелерінің Қазақстанда өте үлкен ерекщеліктері болды. Бұл ерекшеліктер Қазақстанның Октябрь революциясына дейін мәдениет жағынан өте артта болуына, халықтың көшпелі өміріне, мектеп жұмысынан белгілі тәжірибенің болмауына, мұғалімдердің жеткіліксіздігіне байланысты еді.

Бұл дәуірде көшпелі қазақ жерінде алдымен бастауыш мектептер құру ісіне ерекше көңіл белінді. Көшпелі қазақ елінің жағдайы еліміздегі отырықшы аудандардан мүлде өзгеше болды. Алғашқы қазақ совет мектептері киіз үйлерде ашылды. Алғашқы мұғалімдер арнаулы педагогикалық білімі жоқ, қысқа мерзімді курстарда оқыған, сауаты ғана бар адамдар болды. Бұл мұғалімдер көбінесе оқушылардың сауатын ашу міндетін атқарды. Жоғарыда көрсетілген жағдайларға байланысты Қазақстанда коллективтендіру ісі қолға алынып, кешпелі қазақ елін отырықшыландырғанға дейін қазақ мектептерінің көпшілігінде бірінші және екінші бөлімдер (кластар) ғана болды.

Толық төрт бөлімі болатын қазақ бастауыш мектептерін құру мақсатымен, Қазақстанда интернаты бар коммуна мек-

199

тептері ашылды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ елі үшін бұл мектептер өте қолайлы еді. Ол мектептердің кейіннен жеті жылдық, тіпті тоғыз жылдық, мектеп дәрежесіне дейін дамығандары болды. Мұндай мектептерде қазақ еңбекшілерінің балалары, әсіресе жетім балалар толық мемлекет қаржысындағы интернаттарға алынды.



20-жылдары творчестволың жұмыстар жүргізілумен бай-ланысты қазақ совет мектептері алға басты. Қазақ жазуы мәселесі шешілді, алғашқы әліппе жасалды. Арифметикадан, жаратылыстанудан қазақ тілінде оқулықтар жазылды.

Қазақ АССР оқу-ағарту халық комиссариатының академиялық орталығы 1924 жылы қазақ бастауыш мектебіне арнап алғашқы пәндік программа жасап шығарды. Бұл программамен жұмыс істеу үшін мұғалімдерге көмек ретінде екі методикалық хат таратылды. Бұл документтер сол жылдардағы қазақ мектебінің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға негіз болды.



Мектептің өсуі 1928—1929 жылдардағы Коммунистік партия-ның Орталық Комитетінің Пленумдарында елімізді социалистік жолмен индустрияландыру міндетіне сәйкес халық шаруашылығына қажет кадрлар даярлау жүйесін қайта құру туралы шешімдер қабылданды. Бұрын Оқу-ағарту халық комиссариатына қарасты болып келген белгілі мамандыққа даярлайтын арнаулы оқу орындары 1929 жылы тиісті мамандықтарына сай шаруашылық орындарының басқаруына берілді. Бұл жағдай мамандар даярлаудың сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар жалпы дәрежелі білім беретін мектептің жұмысын жақсартуға да тиісті көңіл бөлінді. 1928 жылғы партия пленумының шешімдерінде екін-ші басқыш мектептің оқу жұмысын жақсарту мәселесі қаралды. Екінші басқыш мектеп жастарды жоғары оқу орнына түсіп оқи алатындай дәрежеде даярлауы қажет деп саналды. Пленум жоғары оқу орындары мен техникумдарда оқитындардың ішінде жұмысшы-лардың санын 65 процентке жеткізуді талап етті, жұмысшы аудандарында жеті жылдық және тоғыз жылдық мектептердің көбейтілуі, онда оқитын жұмысшы балаларының материалдың жағдайын жақсарту шаралары Оқу-ағарту халық комиссариатына жүктелді.

1929 жылғы 5 февральда РСФСР Халың Комиссарлар Советі жалпы білім беретін мектептерде он жылдық оқу мерзімі болуын белгіледі.

1922—23-оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептің саны тез қарқынмен өсе бастады. 1925—1926 оқу жылы РСФСР қалаларында барлың балалар бастауыш мектепке тартылды. Оқушылардың әлеуметтік құрамы да мүлде өзгерді. Совет мектебінің негізгі контингенті еңбекшілердің балалары болды, олардың негізгі көпшілігі жұмысшы мен шаруаның балалары еді.

200


СССР-дің ұлт аймақтарында мектеп өте тез қарқынмен өсті. Әсіресе мектептің жоғарғы басқыштары ерекше көбейді. 1922 жылмен 1925 жылдың арасында жеті жылдық және орта мектептердің саны Қырғыз АССР-інде 3 есе, Башқұрт АССР-ін-де 2 есеге жуық есті. Бұл жағдай ұлт аймақтарында советтік интеллигенцияның қалыптасуына негіз болды.

Бірінші бесжылдықтың жоспары бойынша бірнеше ірі мәдени шараларды жүзеге асыру белгіленді. Оның бастылары: 16 жас пен 50 жас арасындағыларды сауатсыздықты жою мектептеріне тарту, жаппай міндетті оқуды жүзеге асыру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қажетті кадрларды даярлау еді.

1928—1929 оқу жылында 2 миллионнан астам, ал 1930— 1931 оқу жылында 11 миллион адам сауат ашты. Халықтың білімге талабының артуына байланысты, 1927 жылдан бастап шала сауатты адамдарды жаппай оқыту жүзеге асырылды. Осы шаралардың нәтижесінде 1930 жылы СССР-де халықтың 67 проценті сауатты болды.

1926—1927 оқу жылы халық ағарту мәселесіне жұмсалатын қаржы 1925—1926 оқу жылымен салыстырғанда 27,9 процентке көбейтілді, соның ішінде жаппай бастауыш білім беруге жұмсалатын қаржы ерекше орын алды. ¥лт аймақтарын СССР-дегі алдыңғы қатарлы облыстардың дәрежесіне жеткізу мақсатымен халық ағарту саласына белінген қаржы әсіресе осы аймақтарға көбірек бөлінді.

1929—1930 оқу жылында еліміздегі бастауыш мектептердің саны 1914—1915 оңу жылымен салыстырғанда 19,3 процентке өсті, ал оларда оқитын оқушылардың саны 40 процентке артты.

Мектептің оқу 1919 жылы оқу-ағарту жұмысы жөніндегі Мем-

жоспары мен оқу лекеттік комиссияыың жанынан барлық оқу

программалары орындары мен ғылыми мекемелердщ жұмысын

қайта құру үшін Мемлекеттік ғылыми совет (ГУС) құрылды. 1921 жылы осы советтің ғылыми-педагогикалық секциясы ұйымдас-тырылды. Бұл секция педагогика ғылымы мен халық ағарту ісінің негізгі мәселелерін шешуге, соның ішінде мектептің оқу программаларын жасауға міндетті еді. Бұл секция даярлаған программа 1923—1924 оқу жылында жарияланды. Программаны жасаушылар оқушыларды еліміздің қоғамдың-саяси өміріне белсенді түрде араластыру қажет деп есептеді, оқушыларда коммунистік көзқарас, сенімдер тәрбиелеу, мектепті өмірге жақындату, оқушыларды совет халқының жаңа қоғам құру күресіне қатыстыру міндеттерін қойды.

Советтік педагогикалык, теорияның жете зерттелмеуі, жаңа мектеп құруда тәжірибенің аздығы жоғарыда қойылған міндеттерді жүзеге асыруда қателіктердің орын алуына себеп

201


болды. Программа жасаушылар мектептегі білім беруді жеке пәндер арқылы жүргізуден бас тартты. Барлық материал табиғат, еңбек және адам қоғамы туралы білімдер болып топтастырылды. Сондықтан бүл программа “комплекстік” программа деп аталды. Бастауыш мектепте берілетін білім “табиғат”, “еңбек” және “қоғам” деп аталатын үш тақырыпқа топтастырылды.

Бірінші класта оқушылардың үйдегі және мектептегі өмірі, екінші класта селоның өмірі жөнінде мәліметтер берілетін болды. Әрі қарай аудан, облыс, республиканың өмірімен таныстырылатын болды. Сонымен қатар жыл мезгіліне қарай “Селодағы күзгі жұмыстар”, “Бірінші май — жер жүзі енбекшілерінің мейрамы”, “¥ëы Октябрь социалистік революциясы” сияқты жеке комплекстік тақырыптарды оқытылу көзделді.

Мектептің екінші басқышында да (V—IX кластарда) білім осы негізгі үш тақырыптың айналасына топтастырылды, бірақ мұнда көбірек мәліметтер берілетін болды.

1. Табиғат, оның байлығы мен күші, оларды адамның пай-далайуы.

2. Адамдардың еңбек әрекеті.

3. Қоғамдық өмір.

Мысалы, бірінші тақырып бойынша физикадан, химиядан, жаратылыстанудан, астрономиядан білім берілсе, екінші тақырьш бойынша өндірістің әр саласынан, техникадан, өндірісті ұйымдастыру, еңбек тарихынан білім берілді. Үшінші тақырыпта қоғам жөнінен білім және тарихи мәліметтер берілді. Комплексті программаны құрастырушылардың қателіктері ескі мектепке деген олардың теріс көзқарасымен байланысты еді. Сондықтан олар білімді жеке пәндер ретінде оқытудан бас тартты, ескі мектепте орын алып келген схоластика мен формализмнің себебін осы жеке пәндер арқылы білім беруден деп қате түсінді. Өмірде тексерілген, ғылыми негізделген білімді жеке пәндер арқылы беру принципінен бас тарту арқылы программаны жасаушылар мектепте жүйесіз білім беруге жетектеді. Бұл программалар бойынша жұмыс істеген совет мектебі оқушыларды ғылымның негізімен берік қаруландыра алмады, орыс тілі, математика және басқа пәндерден тиянақты білімдер мен дағдыларды қалыптастыра алмады. Жыл сайын әр класта белгілі комплексті тақырыптар қайталанып оқытылды, соның салдарынан материалдық қайталанып оқытылуы мектепте үлкен орын алды.

Совет мүғалімдері маркстік-лениндік теория мен мектеп жөніндегі Коммунистік партияның нұсқауларына сүйене отырып, табиғат және адам қоғамы құбылыстарын оқушыларға материалистік тұрғыдан түсіндірді. Балаларға берілетін білімнің көлемі кеңейтілді, балалардың мектепте алған білімдерін тәжірибеде қолдануларына көңіл бөлінді. Оқу жұмысында балалардың

202

белсенділігін және өзінше жұмыс істей алуын арттыратын оқыту әдістері жүзеге асты, оқушыларды Отанын, өз өлкесін, еңбекті және еңбекшілерді сүйе білетіндей етіп баулуға баса назар аударылды. Мектептерде экскурсия, бақылау, егіс даласында, бақта тәжірибелік жұмыстар жүргізу сияқты әдістер қолданылды.



Осымен қатар оқу жұмысын ұйымдастыруда ірі қателіктер, ауытқушылықтар орын алды. Мысалы, Америкада кең тараған Дальтон-жоспар әдісі совет мектептерінде де қолданылды. Бұл әдіс бойынша оқылатын программалық материал бірнеше тапсырмаға бөлінді. Осы тапсырма бойынша мұғалім жазбаша түсінік беріп, оқытылатын кітаптарды көрсетті. Ол тапсырманы жеке оқу немесе бірнешеуі бірігіп өз бетінше орындауға тиісті еді. Кейін орындағанын мұғалімге қысқаша баяндап беретін.

Аталған әдістің ңолданылуы мектептегі оқытудың негізгі жолы класс-сабақ жүйесін жоққа шығарды. Оқытудың бүл жолы сабақтың жойылуына әкеп соғатыны белгілі еді. Мұғалімнің негізгі жұмысы — материалды жүйелі түрде түсіндіру1 және сол материалды пысықтау жойыла бастады. Мұғалімнің консультациясымен барлық материалды оқушылар өздері меңгеруге тиіс болды. Оқушылардың кластағы коллективтік жұмысы олардың жеке жұмысына немесе бір топ оқушының ғана жұмысына айналды. Совет мектебінде бұл әдістің қолданылуы оқу жұмысының сапасын төмендетті, мұғалімдердің басшылық ролі төмендеді және жеке оқушылардың білімін анықтауды қиындатты.

Бұл дәуірде мектептерде дінғе қарсы тәрбиеге көп көңіл бөлінді. Бұл жұмыс сабақ үстінде де және сабақтан тыс уақыттарда да кең өріс алды. Осы мақсатта баяндамалар мен кештер өткізілді.

Балаларға политехникалық білім берудің алғашқы қадамдары жасалды. Әсіресе еңбектің тәрбиелік мәніне кеп көңіл бөлінді. Бірақ балалардың еңбегі жеке пәндерді оқытумен жете ұштастырылмады. Еңбек сабақтары қолөнері саймандарын пайдалану негізінде өткізілді, социалистік өнеркәсіптің ұйымдастырылу негіздерімен оқушылар таныстырылмады.

РСФСР Халың ағарту комиссариаты 1927—1928 оқу жылында мектептің екінші басқышына арналған міндетті оқу жоспарын бекітті. Бұл жоспар бойынша оқушыларға кең, жан-жақты ғылыми білім, моральдық, эстетикалық және еңбек тәрбиесі берілуі жоспарланды.

Оқу жоспарының барлық мектепке міндетті болуына сәйкес, оқу жылының ортақ мерзімі белгіленді. 1928 жылы РСФСР Халық ағарту комиссариаты мектепке ұсынылатын оқулықтардың тізімін белгіледі және жаңа оқулықтар жасау мәселесі ұйымдастырылды. Бірақ Халық ағарту комиссариаты жанынан құрылған оқулық жөніндегі комиссия совет мек-

203

тебінде оқулықтың орнына “жұмыс кітабы”, “бөлшек оқулық”, “газет оқулық”, “журнал оқулық” сияқты көмекші құралдар пайдалану керек деген қате пікір ұсынды. 1929 жылы қабылданған комплексті программалардың жобалары әр пәннен берілетін білімді мүлде қысқартты. Бұл оқу программасында қоғамдык, пайдалы еңбек, әр түрлі еңбекке теориялық және практикалық жағынан баулу көп орын алды, мектептерде еңбек шеберханалары, өндірістік музейлер құрыла бастады. Балалар еңбек құралдарымен және машиналармен таныстырылды, өндіріс орындарына экскурсиялар жасалынды. Мұның бәрі политехникалык, білім берудегі алғашқы қадамдар еді. Бірақ бұл жұмыстар ғылым негіздерін оқумен тығыз ұштастырылмады. Оқушылар шеберханаларда, өнеркәсіп орындарында, ауыл шаруашылығында еңбекке араласып, еңбек дағдыларын үйренді және осыған байланысты білім меңгеруі жеткілікті деп есептелінді. Мектепте әр пәннен жүйелі білім берудің орнына жеке тапсырма жобаларды орындау міндетті болды.



Совет мектебінде бұл дәуірде оқушыларға коммунистік тәрбие беру мәселесіне, сабақта, сабақтан тыс уақытта олардың саяси санасын өсіруге көп көңіл бөлінді. Екінші басқыш мектепте қоғамтану сабақтарында СССР-дің саяси құрылысы, революциялық қозғалыс, Коммунистік партияның тарихы туралы мәліметтер берілді. Мектептің жоғары кластарында комсомол ұйымдары оқушыларды қоғамдың жұмыстарға қатыстырып отырды, сенбілік, жексенбіліктер, кештер ұйымдастырды. Олар сауатсыздықты жоюға, әр түрлі мәдени көпшілік жұмыстарға т. б. қоғамдың пайдалы жұмыстарға араласты.

Мектептерде әр класта староста, старосталар советі, оқушылар комитеттері құрылды.

Балалардың саяси белсенділігін арттыруда, оларды тәрбиелеуде жаңа құрылған пионер ұйымының ролі зор болды. 1922 жылы комсомолдың V съезінде “Пионер ұйымының жұмысы туралы ереже” қабылданды. Пионер отрядтары өндіріс орындары жанында тез өсе бастады. Олардың бір мектепте оқитындары бір ұйымға бірікті. 1925 жылдың аяғында пионер ұйымы бір жарым миллиондай баланы қамтыды.

Коммунистік партия балалар арасында пионер ұйымы жұмысының дамуына үлкен мән берді. Партияның XIII съезі қауырт өсіп отырған пионер ұйымын жаңа және өте жемісті ұйым деп бағалады. 1925 жылы 24 июльде партияның Орталық Комитеті “Пионер қозғалысы туралы” қаулы алды. Бұл қаулы пионер ұйымының жұмысына программа болды. Қаулыда пионер ұйымының жұмысын ұйымдаетыруда балалардың жас ерекшелігі ескерілуі талап етілді. Пионер ұйымы жұмысының формасы мен әдістерінің осы талапқа сай болуы ескертілді.

1928 жылғы 25 июньдегі партияның Орталық Комитеті

204


“Пионер ұйымы жұмысының жайы және таяу арадағы мін-деттері туралы” деген қаулысында пионерлерде халықаралық бірлік сезімі тәрбиеленуі қажет деп саналды, балалар арасында ұлт ала ауыздығы болмауы талап етілді. Пионерлер мектеп өміріне, әсіресе оқушылардың сабақ үлгірімін арттыруға белсенді түрде араласуы қажет деп көреетілді. Пионер ұйымының жұмысындағы елеулі кемшілік өз жұмысын мектептегі оқу жұмысындай жүргізу, жұмыстың формасын және әдістерін таңдауда балалардың жас ерекшеліктерінің ескерілмеуі деп саналды.

Жаппай бастауыш 1930—1941 жылдардың арасындағы

білім беріді дәуірде елімізде социалистік құрылыс

жүзеге асыру жемісті дамыды бесжылдық жоспарлар мерзімінен бұрын орындалды, мәдениет революциясы жасалды,

жаппай бастауыш міндетті оқу енгізілді, совет мектебінің

оқу-тәрбие жұмысы қайта құрылды және совет педагогикасы

елеулі теориялық жетістіктерге ие болды.

1930 жылдың 20 июнінен 13 июліне дейін өткен Коммунистік партияның XVI съезі партияның жақын арадағы міндеті — жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыру және сауатсыздықты жою деп санады.

1930 жылдың 14 авгусында Орталың Атңару Комитеті мен СССР Халық Комиссарлар Советі жаппай бастауыш білім беруді жүзеге асыру жөнінде қаулы қабылдады. Қаулыда:

1. 1930—1931 жылы Совет Одағының барлың жерінде ба-лаларға жаппай бастауыш білім беруді енгізу жүктелді. 8—9 және 10 жастағы ер балалар мен қыз балалар 4 жылдық бастауыш мектеп көлемінде білім алуға тиісті болды. Осы қаулыға сәйкес 1930 жылдың күзінде жоғарыда көрсетілген жастағылардың бірінші бастауыш мектеп (4-класс) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді.

1930—1931 жылдан бастап, мектепте оқып жүрген балалардың бірінші басқыш мектеп (4-класс) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді.

2. 1930—1931 оқу жылынан бастап 11—15 жастағы ер және қыз балаларды жаппай оқыту белгіленді.

3. 1930—1931 оңу жылынан бастап өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-завод аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жеті жылдық мектеп көлемінде білім беру жүйесі енгізілді. Қаулы бойынша балаларды міндетті түрде оқыту олардың ата-аналарына жүктелді.

Жаппай бастауыш міндетті оқуды жүзеге асыру үшін елімізде қызу жұмыс жүргізілді. Бұл жұмысқа комсомол, кәсіподақ ұйымдары белсене ат салысты. Жаппай бастауыш білім берудің қалалық, аудандық және селолық комитеттері құрылды. Одақтың республикаларда бұл жұмысты республикалық комитет басқарды.

205


1930—1934 жылдары жаппай білім беру бастауыш мектеп көлемінде, ал өндірістік қалаларда, фабрика-завод аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жеті жылдың мектеп көлемінде жүргізілді. 1930—1931 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерде оқитын балалардың саны жыл сайын 3—4 миллионға көбейіп отырды. Егер олардың саны 1929—1931 жылдары 13,5 миллион болса, 1939 жылдың аяғында 32 миллионға жетті. Ұлттық республикаларда жаппай білім беру ерекше тез карқынмен дамып отырды.

V—VII және VIII—X кластарда оқитын балалардың саны өте тез өсті. V—VII кластарда 1929—1930 жылы 1,6 миллион бала оқыса, ал 1938—1939 оқу жылы 8,8 миллион бала оқыды. Село мектептерінің V—VII кластарында оқитын балалардың саны аталған мерзімде он есе көбейді (533 мыңнан 5 миллион 576 мыңға жетті).



Мектеп жұмысы Партияның Орталың Комитетінің 1931

жөніндегі қаулы- жылғы 5 сентябрьдегі “Бастауыш және орта

лар мектеп -туралы деген қаулысында совет мектебінің зор жетістіктері (мектеп санының көбеюі, оқушылардың әлеуметтік құрамының өзгеруі, ескі мектеппен салыстырғанда мектептің барлық жұмыс мазмұнының мүлдем өзгеруі және т. б.) аталып керсетілді. Сонымен қатар бұл қаулыда социалистік құрылыстың жаңа кезеңінің талабына мектептің сай еместігі айтылды. Мектептің негізгі кемшілігі — жеткілікті дәрежеде жүйелі жалпы білім бере алмауында, техникум мен жоғары оқу орындары ғылым негіздерімен жете қаруланған, жақсы сауатты жастар даярлау міндетін қанағаттанарлықсыз шешіп отырғанында деп атап өтті. Бұл қаулыдан соң одақтас республикалардың Оқу-ағарту халық комиссариаттары білімді жеке пәндер арқылы оқыту негізінде құрылған оқу жоспарларын бекітті. Осы жоспарға сай жасалған оқу программалары 1931—1932 оңу жылының екінші жартысынан бастап енгізілді. Жаңа оқу жоспарларында орыс тілі мен ана тілі және математикаға уақыт көп берілді. Білім жеке пәндер арқылы жүйелі түрде берілетін болды. Мектептің жалпы дәрежелі білім беруіне деген талап күшейтілді.

Партияның Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 августағы “Бастауыш және орта мектептердің оқу программалары мен режимі” атты қаулысында мектептің оқу жұмысында орын алып келген кемшіліктер мен бұрмалаушылықтар (лаборатория-бригада әдісі, класс-сабақ жүйесін жете бағаламау т. б.) ерекше аталып көрсетілді.

Қаулыда оқу жүмысын ұйымдастырудың негізгі формасы — сабақ, ол белгілі кестемен, тұрақты құрамы бар класпен жүргізілу керек делінді. Сабақты жүргізуде оқытушының жаңа оқу материалын жүйелі түрде түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өздігінше жұмыс істеуі, оқушылардың

206


жазу және сызу жұмыстары, лабораториялық жұмыстар, тәжірибе көрсету және экскурсияның орын алуы талап етілді.

Тапсырманы топ-топқа беріп, бәріне бір баға қоюды жарамсыз әдіс деп тауып, оның орнына оқушылардың білімін жеке түрде үнемі қадағалап отыру ұсынылды. Қаулыда сонымен бірге, мектепте тәрбие жұмысын жақсарту, оқушылардың тәртібін күшейту, мектептің режимін және оқушыларға әсер ету шараларын белгілеу мәселелеріне де көңіл бөлінді.

Мектептің тәрбие жұмысының жақсаруында пионер ұйымының он жылдығына байланысты 1932 жылы қабылданған партияның Орталың Комитетінің “Пионер ұйымының жұмысы туралы” қаулысының мәні өте зор болды. Бұл қаулыда пионер ұйымының ең негізгі міндеті — оқушыларды оқуға, еңбекке және қоғам жұмысына коммунистік рухта тәрбиелеу деп саналды. Балаларға деген ерекше сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы осы қаулыға сәйкес, елімізде пионер Сарайлары мен үйлері, туристік станциялар, жас техниктер станциялары, клубтар, кинотеатрлар және т. б. көбейе бастады. Балаларға арналған темір жолдар салынды және кітапханалар кеңейтілді.

1933 жылы мектеп оқулықтары туралы партияның Орталық Комитетінің қаулысы қабылданды. Қаулыда бірнеше жылдарға арналған тұрақты оқулықтар даярлау қажеттігі атап керсетілді. Осы қаулыға сәйкес, 1933 жылғы оқу программалары бойынша, оқулықтар даярлаудың жоспары бекітілді, бұл жұмысқа әр мамандықтан ғалымдар мен методистер қатыстырылды. 1933 жылы тек РСФСР-да әр пәннен жүзден аса (жалпы тиражы 50 миллионнан астам) оқулықтар шығарылды. Кейінгі жылдары шығарылған оқулықтардың тиражы өсіп отырды, 1936 жылы 72 миллион тиражбен оқулық шығарылды.

1934—1935 және одан кейінгі оқу жылдарында мектептің оқу жоспары мен оқу программалары жетілдіріле түсті. Жаңа программаға сай тұрақты оқулықтар жасалды. Мектепте әр класқа тұрақты бөлме бекітілді. Оңу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болды. Оқытуда мұғалімнің жаңа материалды ауызша баяндау түрінде, жоғары кластарда лекция түрінде түсіндіруіне үлкен мән берілді. Мектепте мұғалімнің ролі күшейтілді. Әр кластарға тәрбие жұмысын басқару үшін жетекші белгіленді. Олар 1934 жылдан бастап класс жетекшілері деп аталынды. Осы жүргізілген шаралардың нәтижесінде совет мектебінде жалпы білім берудің дәрежесі көтерілді.

Сонымен қатар мектептің оқу-тәрбие жұмысында сыңар жақтылық орын алды. Мектепте еңбек тәрбиесіне жете көңіл бөлінбеді. Партияның Орталың Комитетінің политехникалық білім беру жөніндегі нұсқауы жете орындалмады.

Мектептерде дене тәрбиесін жақсартуға едәуір көңіл бөлінді.

207


Дене шынықтыру жұмысының негізіне “Еңбекке және Отан қорғауға дайын болу” комплексін (нормасын) орындау жұмысы алынды. Әр түрлі ойындар, экскурсия, туризі және т. б. мәселелерге көл көңіл бөлінді.

Мектеп және мектептен тыс тәрбие мекемелері (пионер Сарайлары мен Үйлері, балалар клубтары және т. б.) көркем-өнер тәрбиесіне едәуір көңіл бөлді. Республика орталықтарында және кейбір облыстық қалаларда балаларды көркекөнерге тәрбиелеу үйірмелері ұйымдастырылды. 1934 жылдан бастап көркемөнер олимпиадасы өткізіле бастады. Партияның Орталық Комитеті мен СССР Халық Комиссарлар Советінің 1934 жылғы “Бастауыш және орта мектептің құрылымы туралы” қаулысында елімізде мектептің бірыңғай жуйесі белгіленді: төрт жылдық бастауыш (I—IV класс), жеті жылдык, (I—VII класс) және он жылдық мектеп (I—X класс).

Мектеп басшысының беделін көтеру мақсатымен орталау және орта мектептерде мектеп ісін басқарушыны директор деп атады. Бұл қызметке жоғары білімді, ең кем дегенде үш жылдың стажы бар мұғалімдер белгіленді. 1935 жылы партияның Орталық Комитеті мен СССР Халық Комиссарлар Советі “Бастауыш, орталау және орта мектептің ішкі тәртібі және олардың оқу жұмысын ұйымдастыру туралы” қаулы қабылдады. Бұл қаулы бойынша елімізде оқу жылының басы 1 сентябрь болып белгіленді, оқу жылы төрт тоқсанға бөлінді, оқу жылының аяқталу мерзімі белгіленді. Сонымен қатар бұл қаулыда мектеп жұмысындағы кемшіліктер (оқушылардың білімінің жеткілікті дәрежеде болмауы, үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс болуы, тапсырманың жеткілікті дәрежеде түсіндірілмеуі, жаңа материалдың класта толық пысықталмауы және т. б.) атап көрсетілді.

Мектепте оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда педологтардың зиянды әсері орын алды. Олар мектепте балаларды зерттеп білуде, мектепке балалар алуда және мектептің басқа негізгі мәселелерінде толық үстемдік етуге тырысты.

Орталық Комитеттің 1932 жылғы 25 августағы қаулысында мұғалімдер балаларды зерттеп білуі қажет деп есептеуіне қарамастан, педологтар бұл жұмысты тікелей өз қолдарына алуға тырысты, балаларды зерттеуге ғылыми негізсіз, жалған әдістерді пайдаланды. Педагогтык, инетитуттарда педология жеке ғылым ретінде оқытыла бастады. Кейбір педагогтық, институттарда педология факультеттері ашылды. Педологтар мұғалімдердің оқу жұмысына араласу арқылы олардың беделін түсірді, мұғалімдердің балаларды тэрбиелеу, әсіресе зерттеп білуіне кедергі жасады, балаларды зерттеу, әсіресе олардың ақыл-ойының даму дәрежесі мен қабілеттілігін анықтау педологтың міндеті деп санады.

Зерттеу әдістерінің мүлдем қате болуына сәйкес, педологтар көп жағдайда ақыл-ой қабілеттері дұрыс балаларды “дамуда артта

208

қалған”, “кемтар”, “тәрбиеленуі қиын балалар” деп арнаулы мектептерге ауыстырды. Партияның Орталың Комитеті өзінің 1936 жылғы 4 июльдегі “Оқу-ағарту Халық Комиссариаты жүйесіндегі педологиялық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысында педологияны және педологтардың зиянды әрекеттерін әшкереледі, олардың жалған ғылыми негізде жұмыс істеп отырғандығын дәлелдеді. Өзгермейтін орта мен нәсіл қуалаушылықтың негізінде балалар келешегінің биологиялық және әлеуметтік әсерлермен алдын ала белгіленіп қойылуы туралы педологияның негізгі “заңы” марксизмге жат, реакциялық заң екені атап көрсетілді. Осы “заңға” сүйене отырып, педологтар социалистік қоғам жағдайындағы тәрбиенің мәнін бағаламады. Партияның Орталың Комитеті қаулыда педологиялық бұрмалаушылықтарды батыл сынай келіп, педагогика мен педагогтардың правосын қалпына келтіруді, балалар женіндегі марксистік ғылыми педагогиканың дамуына жағдай жасауды талап етті. Совет мектебінде оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда бұл қаулы үлкен роль атқарды, мектеп мұғалімінің беделі көтерілді, мектептің ата-аналармен байланысы күшейді.



Бірақ педагогиканың кейбір теоретиктері мен мұғалімдер бұл қаулыдан қате қорытынды жасап, балалардың жас ерекшеліктері мен жеке дара ерекшеліктерін зерттеуге жете мән бермеді.

Жаппай міндетті оқуды жүзеге асыруда әсіресе солтүстік және шығыс аудандардағы одақтың және автономиялық республикалар-да зор қиындықтар кездесті. Патша үкіметінің реакциялық саясатының салдарынан бұл жерлердегі жергілікті халықтардың ішінде сауатты адамдардың саны ете аз еді. Дін иелері Совет өкіметінің оқу-ағарту шараларына, әсіресе қыз балаларды оқыту мәселесіне қарсы күрес жүргізді. Кейбір халықтардың өздерінің жазуы болмады. Ана тілінде мектеп ашу үшін оқулықтар даярлау қажет болды. Үкімет пен партияның лениндік ұлт саясатының нәтижесінде, жоғарыда аталған қиындыңтарға қарамастан, ұлт республикаларында жаппай міндетті бастауыш оқуды жүзеге асырудың және жеті жылдың, орта мектептерді ашудың қарқыны 1930—1934 жылдары әлдеқайда тез дамыды. 1930—1931 оқу жылынан 1933—1934 оқу жылдарына дейін елімізде оқушылар санының өсуі 74 процент болса, ал Әзбек ССР-інде 214 процент, Тәжік ССР-інде 381 процент болды. СССР халықтарының тілдерінде әліппе және басқа оқулықтар көптеп бастырылды. 1928 жылы бүкіл елімізде 70 тілде, ал 1934 жылы 104 тілде кітаптар баспадан шығарылды. Ұлт мектептерінде оқитын балалар үшін латын алфавитін орыс алфавитімен ауыстырудың зор мәні болды. Бұл олардың орыс тілін меңгеруін жеңілдетті.

1931—1936 жылдары Қазақстанның шаруашылың және

209


мәдени дамуында зор өзгерістер болды. Қазақстан социалистік даму жолында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласыкда зор табыстарға ие болды: ауыл шаруашылығын коллективтендіру негізінде совхоз, МТС, колхоздар құрылды, бұрын көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқы жаппай отырықшы елге айналды, осы жетістіктердің негізінде мектеп жүйесінде, олардың түрінде, орналасуында үлкен өзгерістер болды, бастауыш мектептердегі (II—IV кластарда) оқушылардың саны көбейді, орталау және орта мектептердің саны өеті.

Бүкіл одақтық Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылы 14 августағы және Ңазақстан Орталың Атңару Комитетінің сол жылғы 27 августағы декреттері бойынша, республикада жаппай бастауыш оқуды жүзеге асыру, Орталық Комитеттің мектеп туралы тарихи қаулыларын орындау жөніндегі шаралар қазақ мектебінің дамуын жаңа белеске көтерді.

Коммунистік партия ауыл-село жағдайында толық бастауыш, орталау және орта мектеп құру ісіне ерекше қамқорлық жасады. Осы мақсатпен ауыл-селода қазақ мектептері жанынан интернат ашу ісіне, мектептің барлық түрлерінде қазак оқушыларын бітіргенге дейін сақтау және қазақ қыздарының санын көбейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектепте оқушылардың саны көбеюмен қатар, мектеп режимін, мектептегі тәртіпті күшейту, оқудың мазмұны мен әдістерін жақсарту мәселелері ерекше назар аударуды талап етті. Орталың Комитеттің 1931 жылғы 5 сентябрьдегі “Бастауыш және орта мектеп туралы”, 1932 жылғы 25 августағы “Бастауыш және орта мектептер оқу программалары мен режимі туралы” және басқа қаулылары қазақ мектебінде оқу-тәрбие жұмыстарын қайта құрудың жолын белгілеп берді.

Жаппай бастауыш оқуды жүзеге асыру бүкіл совет халқының мәдениетін көтеруде ірі шара болды. Бұл шараны жүзеге асыруда Қазақстанның көшпелі ауылдарында ерекше қиыншылықтар кездесті.

Көшпелі ауылдардың арасының шалғай болуы, ауылдағы адамдар санының аз болуы — мектеп жасындағы барлық балаларды оқуға тарту ісін қиындатты. Ауылдың қыстаудан жайлауға көктемде ерте көшуі оқу жылының қысқаруына, оқу режимінің сақталмауына әкеліп соқты. Осындай зор қиыншылыңтарға қарамастан, жаппай бастауыш оқуды іске асырудың алғашқы жылының өзінде Қазақстан едәуір табыстарға жетті. Мектептегі оқушылардың саны 1930—1931 оқу жылында 488 мыңға жетті, оның 190 мыңы қазақтар. Бұл 1929—1930 оқу жылындағы оқушылардың санынан 133 мың көп, қазақтардың саны 60 мыңға өсті. 1931 жылғы 1 июльдегі есеп бойьшша, бастауыш мектептегі оқушылардың 42 проценті қыз балалар болды. Жаппай бастауыш оқуды қолға алу қыз балалардың мектепті ерте тастап кетуімен күресуге мүмкіндік берді. Отырықшылыққа көшіп болмаған мал баға-

210


тын ауылдарда балаларды жаппай оқуға тарту үшін, уақытша шара ретінде, көшпелі мектептер ұйымдастырылды. Өйткені бұл ауылдардың халқы мал шаруашылығымен шұғылданғандықтан, бір жерде ұзақ уақыт тұрақтап отыра алмайды. Сондықтан бұл көшпелі мектептерде оқу жылы күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы болып екі маусымға бөлінді. Маусым арасындағы үзілістер ауылдың көшіп-қонатын уақытына сай белгіленді. Жаппай бастауыш оқуды жүзеге асыруға кірісу мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жақсара түсуіне әсер етті кластағы балалардың жас алшақтығы жойылды.

Алайда, ауылдағы қазақ мектептерінің жұмысында үлкен: олқылықтар болды. Мектеп класындағы балалар санының өте аз болуы, мектептің III—IV класын тастап кетушілердің көп болуы, оқушылардың бастауыш мектептен орталау, орта мектепке өтуін қиындатты. Бұл кемшіліктерді жою мақсатымен республикадағы мектептердің орналасуы қайта қаралды. Мектеп жасындағы барлық балалар және мектеп оқушыларының кластан класқа өтуі қатаң есепке алынды. Мектепте оқушылардың сабаққа үнемі қатысуына, дәлелсіз сабақтан қалмауына, мектепке бармай қоюға ерекше бақылау қойылды. Бұл талаптарды орындау үшін мектепте тұрақты сабақ кестесінің. болуы, ыстық тамақтың берілуі, оқушылардың мектепке барып, қайтуына көліктің берілуі ескерілді.

Бастауыш оқуды жүзеге асыруға жергілікті совет орындарына, мектеп басшыларына үлкен жауапкершіліктер жүктелді. Мектептегі оқу жұмысының негізгі міндеті — оқушылардың сабақ үлгірімін арттыру үшін күресу болып танылды. Бұл міндетті орындау үшін мектеп бітіру, кластан класқа көшіру сынақтары белгіленді, жазбаша бақылау — тексеру жұмыстары енгізілді, сауаттылық үшін күрес күшейтілді. Оқу бөлімдері және мектеп инспекторлары тарапынан мектеп жұмысына бақылау күшейтілді, мұғалімдермен жүргізілетін методикалық жұмыстар жүйесі жақсартылды. Мұғалімдердің мамандығын жетілдіру ісі жолға қойылды.

Мектептегі педагогикалық-ұйымдастыру жұмыстарының едәуір жақсарғанына қарамастан, жұмыс сапасы жағынан ауыл мектептері артта болды. Кластағы оқушылардың саны аз болғандықтан, екі класс бірігіп оқитын мектептер әлі де болса көп еді. Ауыл мектебінде дайындығы төмен, тәжірибесі аз мұғалімдер үшін әсіресе орыс тілі, ән-күй, сурет және дене шынықтыру сабақтарын жүргізу өте қиындық келтірді. Бұл жағдай бастауыш мектепті бітірушілер санының өсуіне кедергі жасады. Республикада мектептердің орналасуын қайта қараудың және жаппай бастауыш оқуды жүзеге асыру жөніндегі шаралардың нәтижесінде 4 кластың қазақ бастауыш мектептерінің саны едәуір көбейді. Қазақ бастауыш мектебін бітірушілердің саны 1933—1934 оқу жылында 11 мың болса, 1936—1937 оңу жылында 47 мыңға жетті, яғни 4 есе артты.

211

Дидактикалық теория шын мәнісінде қазақ мектебіне бастауыш оқуды жүзеге асыру жылдарында енгізілді. Оқу жоспары, оған негізделген жарты жылдың тұрақты сабақ кестесі, оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы — сабақ, оқыту әдістері және тағы басқа мәселелер осы дәуірде қазақ мектебінің ішкі жұмысында өз орнына ие бола бастады. Қазақ мектебінің мұғалімдері осы дәуірдегі совет дидактикасының барлық мәселелері туралы жарияланған педагогикалық документтермен қарулана отырып, оқңыту істерін өз дәрежесінде жүргізе бастады. Ал мұғалімдерге мектеп туралы партия документтерінде жазылған педагогикалық қағидаларды, соның негізінде оқу жұмысын, сабақтың дидактика-лық ережелерін және т. б. оқыту мәселелерін қайта құруды түсіндіру мұғалімдердің барлық білім жетілдіру курстары арқылы және мұғалімдер конференциялары, мәжілістері арқылы жүргізілді. Республикада педагогикалық баспа мәселесі де едәуір жақсара түсті. Мұғалімдерге көмек ретінде көптеген тиражбен “Мектептегі оқыту жұмысының жаңа әдістері”, “Хат таныту әдістері”, “Бастауыш мектептегі ана тілі”, “Бастауыш мектептегі арифметика” т. б. материалдар басыльш шықты.



Ауыл мұғалімдеріне барынша көмек көрсету мақсатымен, “Жаңа мектеп” журналы кейін “Ауыл мұғалімі” деп аталып, айына екі рет шығарылып тұрды.

Надежда Константиновна Крупскаяның (1869—1939)

педагогикалың теориясы

Коммунистік партияның ірі қайраткері, көрнекті совет педагогы Надежда Константиновна Крупская 1869 жылы Петербург қаласында туды. Гимназияны бітірген соң Петербургтегі әйелдер жоғары курсының математика бөлімінде оқыды. Осы кезден бастап студенттердің революциялың үйірмелеріне қатысады. 1891 жылы ересектерге арналған кешкі жексенбілік мектепке мұғалім болып орналасады. Өзінің мұғалімдік қызметін жұмысшылар арасында революциялық идеяларды насихаттаумен ұштастырады. 1895 жылы В. И. Ленин ңүрған “Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағына” кіреді. 1896 жылы Н. К. Крупская тұтқынға алынып, Енисей губерниясындағы Шушенское селосында В. И. Ленинмен бірге айдауда болады.

Кейінгі жылдары шетелдерде болып, жауапты партиялық қ

ызметтер атқарады. Большевиктік газеттер редакциясының хатшысы, Россиядағы партия үйымдарымен жасырын хат жазу ісі, революциялық әдебиетті жасырын тарату және т. б. жұмыстармен шұғылданады.

Н. К. Крупская шетелде жүрген жылдарында Батыс Европа елдеріндегі оқу-ағарту ісімен танысты. Осы жұмыстардың

212


нәтижесінде Н. К. Крупская революция жеңіп, жұмысшы табы өкіметті өз қолына алғаннан кейін балаларды оқыту және

тәрбиелеу мәселелерін ойластырады. Ол 1917 жылы жарық көрген “Халың ағарту ісі және демократия” деген еңбегінде

жұмысшы табының қолына өкімет билігі кешуіне даярлық жасау керек, оқу-ағарту мәселесін қолға алу керек деп жазды.

Н. К. Крупская өзінің Октябрь революциясына дейінгі еңбекте-

рінде ескі педагогикалың идеяларды сынап, марксистік педа-

гогикалық идеяны насихаттады.

1899 жылы жазылған “Әйел — жұмысшы” атты алғашқы еңбегінде Росеиядағы еңбекші әйелдердің тұрмысын, өмірін ашың көрсетті, балаларды тәрбиелеудің кейбір мәселелеріне жаңаша қарады. Өзінің еңбектерінде Н. К. Крупская революцияға дейінгі Россиядағы мектептің таптың сипатын сынап, революция жеңгеннен кейін құрылатын жаңа мектептің даму жолдарын көрсетті.

Н. К. Крупскаяның бұл дәуірдегі еңбектері: “Халық ағарту ісі және демократия”, “Еркін мектеп туралы мәселеге”, “Оқушылар арасындағы өзін-өзі өлтірушілік және еркін еңбек мектебі”, “Семья және мектеп”, “Мектептегі өзін-өзі басқарушылық туралы”, “Неміс мұғалімдерінің Берлин конгресіндегі еңбек мектебі туралы мәселе”, “Ер балаларды “әйелдердің ісіне” үйрету қажет пе?” т. т.

В. И. Лениннің кеңесі бойынша 1915 жылы жазылған “Халық ағарту ісі және демократия” деген Н. К. Крупскаяның кітабы педагогика тарихында ірі марксистік еңбек болып есептеледі. Бұл кітапта еңбек тәрбиесі идеясының тарихы алғашқы рет марксистік тұрғыдан баяндалады, капиталистік елдердегі мектеп пен педагогиканың жайы сыналады. Маркс пен Энгельстің политехникалық білім беру туралы ілімі бірінші рет жүйелі түрде баяндалады.

Октябрь революциясы жеңгеннен кейін Надежда Констан-тиновна Оқу-ағарту халың комиссариатының коллегия мүшесі, ал 1929 жылдан бастап Оқу-ағарту халық комиссарының орынбасары болды. Мемлекеттік ғылыми советтің ғылми-педагогикалық секциясын басқарып, оқу жоспары, программалар және басқа педагогикалық документтерді жасауға белсене қатысты. Бірнеше педагогикалық журналдарды басқарды, коммунистік тәрбие академиясында лекция оқыды, педагогикалық, мәселелер -

213


жөнінде мақалалар мен кітаптар жазды. Оқу-ағарту қызметкерлерімен, пионерлермен тығыз байланыс жасап, хат алысып тұрды. Өзінің еңбектерінде коммунистік тәрбие, пионер ұйымының жұмысы, политехникалың оқыту, дидактика, жеке пәндер методикасы және т. б. мәселелер жөнінде жазды.

Н. К. Крупская ВКП(б) Орталық Комитетінің мүшесі,

СССР Жоғарғы Советінің депутаты және Президиум мүшесі,

еліміздегі алғашқы педагогика ғылымының докторы болды. СССР Ғылым академиясының құрметті академигі болып сайланды. Оның барлық өмірі партия ісі, коммунизм ушін күреске арналды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет