ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен


Тәрбие мен Белгілі тарихи жағдайларда ғана көрініп және мектептің таптық



бет18/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Тәрбие мен Белгілі тарихи жағдайларда ғана көрініп және мектептің таптық жойылып отыратын басқа қоғамдық құбы-

сипаты туралы лыстарға қарағанда, тәрбиенің мәңгі-бақи ка-

тегория қатарына жататындығын В. И. Лениі жеткізе айтқан болатын. Сонымен бірге ол тәрбиенің дамып өгеріп

176

отыратындығын, күрделене түсетіндігін және таптық қоғамда мәңгілік категория бола отырып, үстемдік етуші таптарға қызмет ететіндігін ашып берді.



В. И. Ленин өзінің “Халық достары” деген не және олар социал-демократтарға қарсы қалай күреседі?”, “Халықшылдықтың экономикалық мазмұны және оған Струве мырзаның табында берілген сын”, “Россияда капитализмнің дамуы”, Халықшылдардың қияли жобаға әуестігінің үлгілері” сияқты тағы басқа еңбектерінде көптеген нақты материалға сүйене отырып, тәрбиенің тарихи және таптың сипатта болатынын көрсетті, мәдениет пен ағарту ісінің елдің экономикалық дамуына және үстемдік құрушы таптардың саясатына байланысты болатынын дәлелдеді. В. И. Лениннің тәрбие ісінің тарихи және таптық сипаты жөніндегі осы ілімі педагогика теориясы мен практикасының дамуын терең түсінуге мол мүмкіндік берді.

В. И. Ленин халықшылдардың таптық қоғамдағы тәрбиенің таптық мәнін бүркемелеуге тырысатын әрекеттерін өлтіре сынады. “Гимназия шаруашылықтары және мінез-құлық түзету гимназиялары” (1895), “Халықшылдықтың қияли жобаға әуестігінің үлгілері” (1897) атты мақалаларында ол либерал халықшылдардың патшалық құрылыс жағдайында “Таптан тыс жалпы халықтың мектепті” құру туралы реакциялық утоциялық жобасына жан-жақты талдау жасады.

Южаков ұсынған жобаның мәні Россияда кедей шаруа, бұқара халық үшін қырың мың ерлер мен әйелдер гимназиясын, өзінше бір өндіруші бірлестіктерді құруға бағытталған орта мектепті өзгерту реформасын жүргізуде болатын. Оқушылар қыстыгүні гимназияның оқу курсын өтіп, ал жазда ауыл шаруашылығында еңбек етіп, өздерінің асырап-бағу шығыны мен оқу шығынының құнын ақтап отыруға тиіс еді. Мұның өзінде Южаков халықтың ауқатты бөлігі үшін ақы төлеп оқитын орта дәрежелі оқу орындарын сақтап қалуды байластырды.

В. И. Ленин ең алдымен сословиелік мектеп пен таптың “ектептің мәні неде екендігіне тамаша аныңтама берді, Южаковқа түсініксіз олардың арасындағы айырмашылықтарды нақты тұжырымдап көрсетті. “Сословиелік мектеп,— деп жазды В. И. Ленин,— шәкірттің белгілі бір сословиенің адамы болуын керек қылады. Таптың мектеп сословиелерді білмейді, ол тек қана азаматтарды біледі. Ол шәкірттердің қандайынан болмасын барлығынан да тек бір нәрсені ғана: өзінің оқығаны үшін ақы төлеуін ғана талап етеді” .

90-жылдарда Россияның халық ағарту жүйесінде әлі де анағұрлым басым болып келген сословиелік элементтермен күрес жүргізуді

В. И. Ленин буржуазиялық-демократиялық



1 В. И. Л е н и н. Шығармалар. 2-том, 513-бет.

177

ревлюцияға әзірлік кезеңінде пролетариат алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі деп санады.

Революциялық қозғалыстың бұдан кейінгі даму сатыларында да В. И. Ленин әр қилы оппортунистер мен ревизионистердің таптық қоғамдағы ағарту ісінің, мәдениеттің, мектептің таптық сипатын бүркемелеуге тырысушылық әрекеттеріне батыл түрде қарсы шығып отырды. Осыған байланысты оның “Ұлт мәселесі жөніндегі сын заметкаларый” (1913) айырықша атау қажет. Бұл мақалада ол дәл сол кезде австриялық социал-демократияның ықпалында пайда болған мәдени-ұлттық автономия құру жөніндегі тубірімен қате тео-рияны қостай кеткен меньшевиктер мен бундшыларды аяусыз сынға алды. Мәдени-ұлттың автономия құру теориясын жақтаушылардың капиталистік қоғамда бірыңғай ұлттық мәдениет болады-мыс дейтін қағидаларының негізсіздігін көрсетті. Оларға қарсы В. И. Ленин былай деп жазды: “ұлттың мәдениетте демократиялық және социалистік мәдениеттің элементтері бар, жетілмеген болса да бар, өйткені әрбір ұлтта еңбекші және қаналушы бұқара бар, оның өмір сүру жағдайлары демократиялық және социалистік идеологияны туғызбай қоймайды. Бірақ сонымен қатар әрбір ұлтта буржуазия-лық (ал көпшілігінде әлі де болса қара жүздік және клерикалдық) мәдениет те бар, оның бер жағында бұл мәдениет “элементтер” түрінде ғана емес, ү с т е м мәдениет түрінде болып отыр” Ч Әрбір ұлттық мәдениетте екі мәдениеттің болатындығы туралы ілімді ұсына отырып, В. И. Ленин пролетариатты буржуазиялық ұлтшылдық қаупінен, осы ұлтшылдықтың бір көрінісі болып табылатын жас өспірім ұрпақты бөлектенушілік және өзге халықтарға төзбестік рухында тәрбиелеуден алдын ала сақтандырды.

Марксизмнің негізін салушылардың таптың қоғамда тәрбиенің таптың болатындығы туралы ілімін жақтай келіп, В. И. Ленин орыс самодержавиесінің халың бұқарасының білім алуына қасақана бегет жасағандығын кәрсетіп берді. Өзінің 1895 жылы жазған “Біздің министрлеріміз не ойлайды?” деген мақаласында В. И. Ленин былай деп жазды: “Министр жұмысшыларды ок, дәрі деп, ал оқу мен білімді ұшқын деп біледі; егер ұшқын келіп дәріге түссе, тұтанған жалынның ен алдымен үкіметке қарай лап беретіндігіне министрдің сенімі кәміл” 2. Өзінің бұдан кейінгі шығармаларында да: 1900— 1903 жылдары “Искрада” жарияланған материалдарында, “Деревня кедейлеріне” атты кітапшасында, “Банкроттың белгілері” деген мақаласында және басқа еңбектерінде де В. И. Ленин самодержавие халықтың мәдени жағынан дамуының қас жауы деген пікірді тереңдете түседі. “Халық ағарт



1 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 20-том, 9-бет.

2 Бұл да сонда, 2-том, 86-бет.

178


министрлігінің саясаты туралы мәселеге” деген мақаласында Россиядағы жас буынның бестен төрт белігінің сауатсыз болып отырғандығын, ал ересек халықтың небары 27 проценті ғана сауатты екендігін көрсете келіп, В. И. Ленин “Оқу, жарық және білім жөнінде халық бұқарасы осынша жұрдай болған мұндай тағы ел, міне осындай ел, Европада Россиядан басқа біреу де қалған жоқ” ',— деген қорытынды жасайды.

Тәрбие мен білім берудің таптық сипатын ашуды В. И. Ленин большевиктердің бүкіл ағарту ісі жөніндегі күрестерінің программаларымен байланыстырды. Владимир Ильич еңбекші бұқараға білім беру ісі оның азаттық алу жолындағы күресіне қажеттілігін әрдайым ескертіп отырды. “Еңбекшілер білімге ұмтылуда, өйткені білім оларға жеңіс үшін қажет. Білім олардың азаттық алу жолындағы күресінде құрал болып табылатындығын, олардың сәтсіздіктері білімінің аздығынан екендігін және ағарту жұмысын жұрттың бәрінің шын қолы жетерлік іс ету енді олардың өздеріне байланысты екендігін еңбекші бұқараның оннан тоғызы түсінді” 2,— деп жазды ол. Ленин еңбекшілерді біліммен қаруландыру және сол негізде саяси жағынан тәрбиелеу оларды өкімет билігін өз қолына алуға әзірлеудің және самодержавиелік құрылысты құлатып, халықты мәдени прогреске бастайтын социалистік қоғамды орнату ісінің негізгі алғы шарты деп есептеді.

Халық ағарту ісін толың демократияландыру жөніндегі міндеттерді Владимир Ильич РСДРП-нің II съезінде қабылданған партияның бірінші программасында-ақ анықтап берген болатын. Зор тарихи көрегендікпен жазылған бұл программада Ленин мектептің шіркеуден бөлінуін, 16 жасқа дейінгі балаларға жаппай міндетті түрде тегін білім берілуін, кедей балалардың тамақпен, киіммен және оқу құралдарымен мемлекет есебінен қамтамасыз етілуін талап етті.

Мәдени револю- Владимир Ильич Ұлы Октябрь социалистік ре-

ция және волюциясының әлеуметтік жеңісі мәдени рево-

мектептің люцияны жүзеге асыруға алғы шарт болып та-

коммунизм үшін былады деп есептеді. “Егер социализмді орна-

күрестегі ролі ту үшін жазды ол өзінің “Біздің революция

туралы туралы” атты мақаласында,— белгілі

мәдениет дәрежесі керек болса, ... онда біздің ең әуелі осы

белгілі дәреже үшін керекті алғы шарттарды революциялық

жолмен жеңіп алудан бастауымызға, ал содан кейін барып

жұмысшы-шаруа өкіметі мен Совет құрылысының негізінде

басқа халықтарды қуып жету үшін ілгері басуымызға неге

болмайды” 3.

Патша өкіметі қараңғылық пен надандықта ұстап келген



1 В. И. Л е н и н. Шығармалар. 19-том, 124-бет.

2 Бұл да сонда, 28-том, 74-бет.

3 Бұл да сонда, 33-том, 480-бет.

179

қалың бұқара халық социалистік қоғамның белсенді құры-лысшылары, жаңа мәдени қазынаны жасаушылар болып шығуы үшін мәдениетке етене жақындатылуы керек дейтін қағида Лениннің мәдени революция туралы ілімінің негізгі түп қазығы болды. 1918 жылдың январында Советтердің Бүкіл Россиялың III съезінде сөйлеген сөзінде В. И. Ленин былай деді: “Бұдан бұрын бүкіл адамзаттың ақылы, оның бүкіл даналылығы, техника мен мәдениеттің барлық жақсылығын тек біреулерге беріп, басқаларды ең қажетті нәрседен — ағарту ісі мен дамудан мақұрым қалдыру үшін жасайтын еді. Ал енді техниканың барлық кереметтері, мәдениеттің барлық табыстары жалпы халық игілігіне айналады, сөйтіп, бұдан былай адамзаттың ақылы мен даналылығы еш уақытта да зорлық құралына, қанау құралына айналмайтын болады” '. Вла-димир Ильич халық бұқарасының революциялың қызметке қатысуын оларда алдыңғы қатарлы социалистік сананы қа-лыптастырудың қажетті шарты деп білді. Адамды адам қанаудың барлық және күллі формасын құртуды қамтамасыз ететін социализм орнағанда ғана халық өз санасындағы ескіліктің сарқыншақтарынан арылып, жеке меншік тудырған әдеттерден құтыла алады.

В. И. Ленин сонымен бірге мәдени революцияның жеңісі бір күннің ісі емес, бұл ұзаққа созылатын күрделі процесс деп көрсетті. Бұл үшін жұмысшылар мен шаруалар арасындағы сауатсыздықты жою, мектеп жасындағы балалар үшін жалпыға бірдей міндетті оқуды енгізу, еңбекші бұқараның мәдени дәрежесін көтеру, халық интеллигенциясын қалыптастыру сияқты күрделі міндеттерді шешу керек болды. Мәдени революцияның мұндай ірі міндеттерін жүзеге асыру ісінде мектеп шешуші роль атқаратынын Владимир Ильич әрдайым ескертіп отырды. Пролетариат жеңіске жеткеннен кейін партия халық ағарту саласының алдына “мектепті буржуазияның таптық үстемдігінің құралынан осы үстемдікті талқандау құралына айналдыру ісін, 1917 жылғы Октябрь революциясынан бергі басталған істі, сондай-ақ, қоғамды таптарға бөлушілікті толық жою ісін ақырына дейін жеткізу” 2 міндетін қойды.

Демек, буржуазия үстемдігінің еңбекшілерді қанауда қол-данатын құралдың бірі ретінде пайдаланып келген ескі мектепті талқандап, қанаушы тапты жоюда, келешекте коммунистік қоғамды орнатуда пролетариаттың маңызды құралы болып табылатын жаңа мектепті құру міндеті қойылды.

В. И. Ленин 1918 жылы августа халық ағарту мәселесі жөніндегі I съезде сөйлеген сөзінде былай деді. “Біз: біздің мек-



1 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 26-том, 480-бет.

2 КПСС в резолюциях съездов, конференций, пленумов ЦК, ч. 1, изд. 7, М., 1953, с. 448.

180


теп саласындағы ісіміз де сол буржуазияны құлату жолындағы күрес дейміз; өмірден тыс, саясаттан тыс мектеп деген өтірік және екі жүзділік екенін біз ашықтан-ашық мәлімдейміз” 1. Осылай Владимир Ильич жаңа совет мектебінің саясатпен, өмірмен және социалистік құрылыспен байланысты болуы коммунизм үшін күресте ерекше роль атқаратындығын әрдайым атап көрсетіп отырды.

Коммунистік В. И. Ленин социализмге өтуге байланысты

тәрбиенің капитализм тұсындағы ескі еңбек бөлісі

мақсаттары жойылады, жоғары мамандықты тілейтін

туралы еңбек пен ондай мамандықты қажет етпейтін

еңбек арасындағы, ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылық бірте-бірте азаяды, жаңа қоғамдық қатынастар, адамды жан-жақты дамытуды қажет етеді деді.

В. И. Ленин қоғам мүшелерінің жан-жақты және жарасымды дамуын қоғамды революциялық жолмен қайта құру мәселесімен, адамды адамның қанауын жоюмен, адамның барлық дарын-қабілеттерін жетілдіретін жаңа оқу-тәрбие жүйесін құрумен тікелей байланыста алып қарастырды. Ол жас ұрпақты тәрбиелеудің бұрын орын алып келген жүйесін түбірінен өзгертіп қайта құру қажет деп білді. “Жастарды үйрету, ұйымдастыру және тәрбиелеу ісін түбірінен қайта құрғанда ғана біз жас ұрпақтың күш жұмсауы нәтижесінде ескі қоғамға ұқсамайтын қоғам, яғни коммунистік қоғам жасалуына жететін боламыз” 2,— деді ол.

Коммунистік тәрбиенің мақсат-міндетін тұжырымдай отырып, ол жас ұрпақтың өмір мақсаты — коммунистік қоғам құру екенін айқын кәрсетті.

Партияның бірінші программасын дайындау кезінде-ақ Владимир Ильич социализм қоғамның әлеуметтік және эко-номикалық қажеттерін қанағаттандыруды ғана емес, сонымен бірге қоғамның барлық, мүшелерінің игілігін қамтамасыз етуді және олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беруді көздейді деп көрсетті. Бұл пікір РКП(б)-нің VIII съезінде қабылданған партия программасының халыққа білім беру туралы бөлімінде айқын көрініс тапты. Ол қоғам мүшелерін жан-жақты дамыту мәселесін “Коммунизмдегі “солшылдықтың” балалық ауруы” (1920 жыл) деген еңбегінде негізінен ашып берді. Советтік Россияда пролетариат диктатурасының бірінші жылынан-ақ басталған социалистік құрылыс тәжірибесіне сүйене отырып, Владимир Ильич Коммунистік қоғам бір кездерде “...адамдардың арасындағы еңбек бөлінісін жоюға, барлық әр тарапты жетілген және әр тарапты дайындалған адамдарды, барлығын да жасай білетін адамдарды тәрбиелеп, үйретіп және дайындап шығаруға көше алады” 3,— деді.

1 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 28-том, 74-бет.

2 Бұл да сонда, 31-том, 385-бет.

3 Бұл да сонда, 31-том, 35-бет.

181


Егер буржуазиялық ғалымдар адамды жан-жақты дамытуды айтқанда көбіне ат төбеліндей ақсүйектер тобымен шектелетін болса, В. И. Ленин бүкіл халықтың таланты мен қабілетін дамытуды қамтамасыз етуді үйретіп отырды.

Совет қоғамының әрбір мүшесін ақыл-ой жағынан да, адамгершілік қасиеттері мен дене жарасымы жағынан да жан-жақты және үйлесімді дамыту жөніндегі мәселе біздің елімізде коммунистік құрылыс кеңінен өріс алып отырған қазіргі кезеңде бұ-рынғыдан да зор қарқынмен ерекше мазмұнға ие болып отыр. Міне, сондықтан да партия өзінің жаңа программасында Лениндік осы биік талапты басшылыққа ала отырып, коммунизмге өту кезеңінде өз бойында рухани байлығы мол, моральдың жағынан таза, дене сұлулығы түгелдей үйлесімді жаңа адамды тәрбиелеу мүмкіншіліктері арта түскенін көрсетіп отыр



Ақыл-ой тәрбиесі В. И. Ленин Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңісімен-ақ еңбекші бұқараның білімге, оқуға аңсап отырғандығын атай келіп, білім алуға деген талаптың қоғамды революциялық жолмен қайта құру жолындағы күреспен тығыз байланысты екендігін ескертті. Ағарту ісі жөніндегі I съезде (1918) сөйлеген сөзінде ол былай деді: “Біздің қазір жүргізіп жатқан күресіміздің мүшелі бөлімінің бірі — халық ағарту ісі” '.

В. И. Ленин социалистік мектепті құру жөніндегі идеяны ұсынды, оның бағыт-бағдары мен оқу мазмұны туралы кемеңгерлік ойлары 1920 жылы 2 октябрьде Коммунистік жастар одағының Бүкіл Россиялық III съезінде сөйлеген сөзінде толық айтылды. Владимир Ильичтің мәдениет пен мектеп мәселелеріне тікелей қатысы бар бұл сөзі совет мектебінің даму жолындағы маңызы орасан зор белес болды. В. И. Ленин коммунистік қоғамды орнату үшін ең алдымен мәдениет пен білімнің қажеттілігін, яғни, бір сөзбен айтқанда, оқу, үйрену керектігін кең түрде ашып көрсетті.

В. И. Ленин мектептерде білім беру, оқыту ісін қайта құруды ойланып істеу керектігін, “таза пролетарлық мәдениет” жасауымыз керек деп айтушылардың еңбекшілерді оқытып, оларға білім беру ісіне зиян келтіруі мүмкін екендігін ескертіп, комсомолдың III съезінде “Пролетарлық мәдениет ғайыптан пайда болған нәрсе емес, өздерін пролетарлық мәдениеттің маманымыз дейтін адамдардың ойлап шығарған нәрсесі де емес. Оның бәрі өңкей бос сөз. Пролетарлық мәдениет адам баласының капиталистік қоғамның, помещиктік қоғамның, чиновниктік қоғамның өзгісінде жүріп жасап шығарған білім қорларының заңды дамуы болып табылуға тиіс” 2,— деп, бұл мәселеге ерекше тоқтаған болатын. Сондықтан көсемнің

182


осы нұсқауына сәйкес партия Ағарту халық комиссариатының алдына адам баласының ғасырлар бойы жинаған білімінің ішінен жаңа қоғам құру, халыққа білім беру ісіне керектілердің бәрін алу міндетін қойды.

Жастарды ғылым негіздерімен берік қаруландырып, олардың бойына коммунизм қоғамының болашақ белсенді құрылысшылары-на тән қасиеттерді егіп, тәрбиелейтін орын — мектеп. Сондықтан да В. И. Ленин мектептің ролін жоғары бағалады. Ол мектептің алдына жаңа міндеттер қойды: “...Біздің мектеп жастарға білім негіздерін беріп отыруға тиіс, оларға коммунистік көзқарасты өздері жасай білушілікті үйретуге тиіс, оларды білімді адам етіп шығаруға тиіс. Біздің мектеп, жұрт онда оқып жүрген мезгілінің ішінде, оларды қанаушылардан азат ету жолындағы күреске қатынасушы етіп шығаруға тиіс” '.

Мектептің бірінші міндеті — жастарға ғылым негіздерін беру. Бұл міндетті жүзеге асыруға қажетті бірнеше шарттарды В. И. Ленин атап көрсетті. Біріншіден, мектеп ғылым негізін білдіру арқылы әрбір оқушының ой-өрісін дамытып, жетілдіруі керек, екіншіден, ғылым негіздерімен қаруландыру ісі білімді құр жаттап алу түрінде болмай, оны сын көзімен қарап ұғынып, саналы түрде өз ақыл-ойымен қорытып аларлықтай етіп ұйымдастырылуы керек.

В. И. Ленин жастарды оқу, білім алу ісіндегі ат үсті, немғұрайды қараушылықтан сақтандырды.

Мектептің екінші міндеті — оқушыларға коммунистік көз-қарасты өздері жасай білушілікке үйрету. Бұл үшін кітап пен өмір практикасының арасындағы алшақтықты болдырмау керек, буржуазиялық мектепке тән теория мен практика арасындағы алшақтыққа жол бермеу қажет. Бұл туралы В. И. Ленин “Жұмысқа, күреске байланыстырмай, коммунизмді коммунистік кітапшалар мен шығармалар бойынша, кітаптағыша білгендік түкке тұрмайды” 2,— деді.

Мектептің үшінші міндеті — шын мәнінде білімді адамдар даярлап шығару. Совет мектебінің құрылысы тарихында ескі буржуазиялық мектепті сынаумен бірге, жалпы білімнің қажеттігін жоққа шығаруға әрекет жасаушылық та кездесті.

Білімге мұндай көзқарастың зияндылығын түсіндіре отырып,

В. И. Ленин коммунистік тәрбие беру міндетін жастарға жан-жақты білім беру міндетімен ұштастырды: “Адам баласы жасап шығарған байлықтың бәрін білумен ой-өрісіңді байытқанда ғана коммунист болуға болады”3,— деді.

Жастардың білімді саналы түрде меңгеруіне В. И. Ленин айырықша көңіл бөлді: “...ескі оқудың, ескі жаттаудың, ескі

' В. И. Л е н и н. Шығармалар, 28-том, 73-бет. г Бұл да сонда, 31-том, 288-бет.

183

муштраның орнына, адам баласы тапқан білімдердің бүкіл жиынтығын ала білуіміз керек, ол білімдерді алғанда — сіздерде коммунизм жаттап алған нәрсе сықылды болып жүрмесін, өздеріңіз әбден ойластырған нәрселеріңіз болсын, қазіргі замандағы білімнің тұрғысынан қарағанда сөзсіз келіп шығатын қорытынды болсын” '. Көсемнің бұл өсиеттері советтік дидактиканың проблемаларын және оқытудың ұйымдастыру түрлері мен әдістерін шешуде негізге алынады.



Политехникалық В. И. Ленин адамды жан-жақты дамыту

білім беру идеясын оқудыІ өмірмен байланыстыру

туралы талабымен ұштастырды. Жас ұрпаққа коммунистік тәрбие беру жөніндегі марксизм идеяларын жаңа қоғамдық-тарихи жағдайларда онан әрі дамыта отырып, В. И. Ленин оқуды өнімді еңбекпен байланыстыру мәселесіне — политехника-лық оқу мәселесіне зор көңіл бөлді. Ол былай деді. “...Оқу ісін жас ұрпақтың өнімді еңбегімен байланыстырмайынша, болашақ қоғамның мақсатын ұғынуға болмайды; өнімді еңбексіз оқу, білім алу ісін де, оқу мен білім алу қатар жүрмейінше, өнімді еңбек ету ісін де, техниканың осы кездегі дәрежесі мен ғылыми білімнің қазіргі күйі талап етіп отырған сатыға көтеруге болмас еді” 2.

Владимир Ильич оқуды енімді еңбекпен байланыстыру мә-селесін тар шеңберлі педагогикалық тұрғыдан емес, одан әлдеқайда тереңірек алып, оны үлкен әлеуметтік-экономикалық проблема ретінде, адамды жан-жақты дамытудың қуатты құралы ретінде қарастырды.

В. И. Ленин 1917 жылдың апрель, май айларында партия программасын қайта қарау үшін жазған ұсынысында: “16 жасқа дейінгі барлық ер балалар мен қыздарға тегін, міндетті түрде жалпы және политехникалық (теория мен практика жүзінде өндірістің барлық басты салаларымен таныстыратын) білім беру, оқыту ісін балалардың қоғамдық өндірістік еңбегімен тығыз байланыстыру” 3 талабын қойды. В. И. Лениннің оқыту ісін енімді еңбекпен байланыстыру туралы бұл ұсынысы кейін РКП(б)-нің VIII съезі (1919 ж.) қабылдаған программасына сол күйінде енгізілді.

В. И. Ленин комсомолдың III съезінде сөйлеген сөзінде жас ұрпақ “өзінің оқу-үйрену жөніндегі барлық міндеттерін былай қоюға тиіс: қай деревняда, қай қалада болса да, жастар күн сайын ортақ еңбектің белгілі бір міндетін, мейлі ең кішкене, мейлі ең қарапайым оңай міндетін, практика жүзінде орындап отыратын болсын” 4,— деді.

В. И. Ленин политехнизмге айқын да нақты тұжырымдама жасады. Білім берудің политехникалық принципі барлы-

1 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 31-том, 290-бет.

2 Вұл да сонда, 2-том, 622-бет.

3 Вұл.да сонда, 24-том, 483-бет.

4 Вұл да сонда, 31-том, 301-бет.

184


ғын оқытуды талап етпейді, ол жалпы индустрияның негіздерін оқытуды талап етеді деп көрсетті.

Н. К. Крупскаяның политехникалық білім беру туралы жазған мақалаларын талдауда В. И. Ленин политехникалық білім берудің мазмұн-мақсатын толық ашып берді. Ол мектепті бітіріп шығушының “политехникалық ой-өрісі және политехникалық білімнің негіздері (ұрықтары) болсын”,— дей келіп, бұлардың нелерді қамтитындығын және оларды жүзеге асырудың өсерлі жолдарын саралап тұрып керсетеді.

Владимир Ильич политехникалың білімнің негіздеріне мы-наларды енгізген:

“...(аа) электр жөнінде негізгі ұғымдары болсын (қандай ұғымдар екенін дәл көрсету керек);

(бб) электрді механикалың өнеркәсіпке қолдану туралы білсін;

(вв) химия өнеркәсібі жөнінде де осылай;

(гг) РСФСР-ді электрлендіру жоспары туралы да осылай;

(дд) кемінде 1—3 рет электр станциясына, заводқа, совхозға баратын болсын;

(ее) агрономияның пәлендей-түгендей негіздерін білу керек, т. т.” '.

В. И. Ленин политехникалық білім беру ісін ұсақ қолөнер-шілікке айналдырып жіберуден сақтандырды.

Владимир Ильич сонымен бірге политехникалық және кәсіптік білім берудің арасалмағы мәселесін шешудің дұрыс жолын белгілеп, оларды бір-біріне қарсы қоймау керектігін ескертті. Политехникалық білім келешекте жүргізілетін кәсіптік даярлықтың негізі ғана емес, оның негізгі бөлегі де деп көрсетті.

Коммунистік қоғамдық құрылысты кеңінен өрістету кезеңінде, ғылыми-техникалық революция зор қарқынмен өмірдің барлық саласына игі ықпалын тигізіп отырған қазіргі кезде, В. И. Лениннің оқыту ісін қоғамдық өнімді еңбекпен байланыстыру туралы, жалпы және политехникалық білім беру туралы айтқан ойларының мән-маңызы барған сайын арта түсуде.



Жас еспірімдерді В. И. Ленин жаңа ңоғам орнату жолындағы

коммунистік мо- күресте рухани құдіретті күш ретінде комму-



раль рухында нистік адамгершіліктің орасан зор роль атқа-

тәрбиелеу турапы ратындығын көрсетіп берді. Сондықтан да

жастарға білім беру ісін оларды коммунистік моральға баулу міндетіне бағындыру керек деп есептеді. Ол былай деді: “Қазіргі замандағы жастарды тәрбиелеу, оқыту, үйрету жұмысының бәрі де оларды коммунистік моральға баулу болып шығуы керек” 2. Өйткені адамгершілік тәрбиесінің



1 В. *И. Л е н и н. Шығармалар, 36-том, 538-бет.

2 Бұл да сонда, 31-том, 292-бет.

185


түп-тамыры коммунистік қоғам үшін күресте жатыр деп

көрсетті.

Коммунистер мораль атаулыны бекерге шығарады деген буржуазияның жаласына В. И. Ленин қатты соққы берді, моральдық тарихи, таптық сипатын ашып көрсетті.

В. И. Ленин моральдың таптың сипаты жөніндегі марксизм ілімін ілгері дамыта отыра, буржуазиялық моральдың екі жүзділігін ашып берді. Ол буржуазиялық қоғамда көпірме сұлу сөздердің қалқасында адамның элементарлық правосы мен оның адамшылық қасиетіне қарсы бағытталған былғанышты, жексұрын істердің бүркемеленетіндігін сенімді түрде ' дәлелдеді.

В. И. Ленин коммунистік моральдың маңсатын коммунистік қоғам құру міндеттерімен байланысты анықтады: “Коммунистік адамгершіліктің негізі — коммунизмді нығайту және аяқтау үшін күресу” ',— деді ол.

Коммунизм құрылысшыларында қандай адамгершілік са-палардың болуы керектігін В. И. Ленин өзінің еңбектерінде айқын көрсетіп отырды.

В. И. Ленин жаңа адамның — коммунистік қоғам құру-шылардың ең маңызды моральдың сапаларының бірі — Отанын, халқын сүю деді. “Патриотизм дегеніміз,— деп жазды ол,— ғасырлар бойы... оқшауланып келген Отан арқылы қалыптасқан ең терең сезімдердің бірі” 2.

Патриотизм совет адамдарының коммунистік қоғам құру жолындағы күресінің қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Советтік патриотизм совет адамдарының, еліміздегі барлық, ұлттар мен халықтардың социалистік Отанына шексіз берілгендігіне, олардың достық, ынтымағына негізделеді. Біздің жас ұрпақтарымыз осындай патриотизм рухында тәрбиеленід келеді.

В. И. Ленин жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие беру жөнін-

дегі ілімінде интернационалдың тәрбиеге үлкен көңіл бөлді.

Ол былай деді: “Біз ұлт араздығына, ұлт ала ауыздығына,

ұлттық оңашалыққа қарсымыз. Біз — халықаралықшылар-

мыз, интернационалистерміз” 3. Жастарды интернационалдық

рухта тәрбиелеу — коммунистік адамгершіліктің негізгі та-

лаптарының бірі. Совет елінің жас жеткіншектерінің сезімде-

рі өз Отанын шексіз сүюге, оған қалтқысыз берілу сезімінде

болуға, басқа елдердің барлық еңбекші халықтарына, олар-

дың ұлттық тәуелсіздік правосына құрметпен қарауға, халық-

тар арасындағы достық үшін күреске тілектестікпен қарау

сияқты сезімдерге ұштастырылып отырулары керек.

В. И. Ленин жастар жұмысшылар мен шаруалардың еңбе-

1 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 31-том, 296-бет.

2 Бұл да сонда, 28-том, 181-бет.

3 Бұл да сонда, 30-том, 287-бет.

186


гіне күнделікті қатысып отырған жағдайда ғана нағыз коммунист болып шыға алады деп үйретті. В. И. Ленин еңбекті елгілі бір міндеттілікті өтеу деп және белгілі бір норма бойынша төленетін еңбекті ғана заңды деп есептеу әдетін жою үшін жұмыс істеуге шақырды.

В. И. Ленин жастар дене еңбегіне жиреніп қарамауына, жас өспірімдер ой еңбегі мен дене еңбегінің екеуіне де дайын болуына зор маңыз берді. “Біз, мейлі қандай былғаныш, қандай қиын болса да, еңбек атаулыны ұйымдастырғанда — әрбір жұмысшы мен шаруа өзін-өзі: мен азат еңбектің ұлы армиясының бір бөлігімін, мен помещиктер мен капиталистерсіз-ақ өз тұрмысымды өзім құра білемін, коммунистік тәртіпті орната білемін деп есептейтіндей етіп ұйымдастыруымыз ерек. Коммунистік жастар одағы жұрттың бәрін жасынан аналы және тәртіпті еңбекке тәрбиелейтін болуы керек” — еді.

В. И. Ленин коммунистік тәртіп пен коммунистік еңбекті дамдар санасына, әдетіне, күнделікті тұрмысына ендіріп отыру қажет деп атап айтты. Ол жастарды коммунизм жолындағы күресте жеңіске жету үшін аса зор ұйымшылдық және әртіпке үйретуді қажет санады. “Коммунистердің бүкіл адамгершілігі осы бір ауызды ынтымақты тәртіпте, қанаушыларға қарсы бұқараның саналы күресінде” 2,— деді.

В. И. Ленин жаңа адамдардың коммунизм құрылысшыларына тән маңызды моральдық сапаларының бірі — олардың коллектившілдігі, өз қоғам мүддесіне бағындыра біретіндігі деп есептеді. “Біз,— деп жазды ол,— “Көп бір кісі шін, бір кісі көп үшін” деген ережені... бұқараның санасына, детіне, күнделікті өміріне енгізу... үшін істейміз” 3.

Ұлы кемеңгер көсем коммунистік моральды тәрбиелеу ісін саяси-ағарту ісімен тығыз байланыстырып қарады. Саяси-идеялық тәрбие пролетариат жеңісін орнықты бекітеді деп үйретті.

В. И. Ленин коммунистік моральға тәрбиелеудің жолдарын көрсете келе, жақсы үлгі социалистік құрылыстың қай аласында болса да зор роль атқаратынын талай рет атап көрсетті.



Совет мүғалімі Жастарға коммунистік тәрбие беру жөніндегі

туралы Лининдік ілімде тәрбиеші-мұғалімнің ролі — ең негізгі мәселелердің бірінен саналады,

1909 жылдың 30 авгусында Капри партия мектебінің оқу-шыларына жазған хатында В. И. Ленин қай мектепте болса да ең маңызды нәрсе — лекциялардың идеялық-саяси бағыты болатынын, ал бұл бағыт түгелдей және тек қана лекторлар

1 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 31-том, 301-бет.

2 Бұл да сонда, 296-бет.

3 Бұл да сонда, 116-бет.

187


құрамьшен белгіленетінін, сабақтың мазмұны мен бағыты лекторлардың құрамына тікелей байланысты, соған бағы- ныштылығын, бұны өзгертуге ешқандай да шаралардың дәр менсіз болып шығатынын ескертті. “Қайталап айтайын,— деп жазды сол хатта В. И. Ленин,— мектептің шын сипаты меі бағыты жергілікті ұйымдардың игі тілектерімен емес, оқушы лар “Советінің” қаулысымен емес, “программалармен” жән басқамен емес, лекторлардың құрамымен белгіленеді”

Революцияға дейінгі Россжяда мұғалімдердің, әсіресе селолық бастауыш мектеп мұғалімдерінің тұрмыс жағдайы өте нашар болды. Владимир Ильич өзінің “Халық ағарту министрлігінің саясаты туралы мәселе жөнінде” атты мақаласында мұғалімнің теңсіздік өмірін айқын суреттеп берді.

Ұлы Октябрь социалистік революциясының алғашқы күін дерінен бастап-ақ жастарды коммунистік рухта тәрбиеле үшін, елімізде жургізіліп жатқан саясатты жүзеге асыру үші: мектептерді буржуазия табының құралынан алып, Совет өкметі жағына мұғалім кадрларын біржолата аудару күрделі міндеттердің бірі еді. Сондықтан социалистік қоғам міндеттеріне сай жастарды тәрбиелеу ісін негізінен қайта құру керек болғанда, В. И. Ленин бұрынғы мұғалімдерді буржуазиялы идеологиялық ықпалдан айыру және оны еңбекшілер жағын шығару, коммунизм рухында тәрбиеленген мұғалім кадрларының жаңа армиясын жасау мәселесін өте қатты қойды.

Интернационалист мұғалімдердің Бүкіл Россиялық сеъезін де 1918 жылы 5 июньде сейлеген сөзінде мұғалімдерді социалистік халық ағарту ісінің басты армиясы болуға шақырды Мұғалімдерге мектеп аясында ғана мұғалімдік қызметпе тұйықталуға болмайтынын ескертті. Мұғалімдерден еңбекшілердің күресіп жатқан бүкіл бұқарасымен қосылып жұмыс істеуін талап етті. Сөйтіп, жаңа педагогиканың алдына мұғалімдердің қызметін жаңа социалистік қоғам орнату ісіме байланыстыру міндеті қойылды.

Бұрын капиталистік қоғамда өмір сүрген, капиталисті мәдениеттің кемістіктерін өз бойларына сіңірген мұғалімде бұқарасының бірден коммунистік идеяға көше қоймайтыні түсінікті. В. И. Ленин осы жағдайдағы мұғалімдер бұқарасы тәрбиелеуге, оларды ағартушылық, саяси жұмысқа біртінде қатыса беруге нұсқау берді. Коммунистік ағарту ісінде өз мақсатымызға жету үшін, бұл білімді кадрларды пайдалан қажет еді.

Халық бұқарасын еліміздің эономикасы мен мәдениеті социалистік жолмен құруға ұйымдастыру, олардың социалиістік саналылығын көтеру, капиталистік қоғамнан мұраға қалған ескі көзқарастардан арылту үшін күресте мұғалімдер армиясы Коммунистік партияның сенімді көмекшісі болуға



1 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 15-том, 484-бет.

188


лайықты күш деп санап, В. И. Ленин мұғалімдерге аса жауапты саяси міндеттер жүктеп, олардың беделін көтеруге үндеді.

“Мұғалімдер армиясы өзінің алдына аса зор ағартушылық міндеттерін қоюға тиіс және бәрінен бұрын социалистік халық ағарту ісінің басты армиясына айналуға тиіс... жаңа педагогиканың міндеті мұғалімдердің қызметін қоғамды социалистік жолмен ұйымдастыру міндетімен байланыстыру” !,— деді Ленин.

В. И. Ленин өзінің “Күнделік дәптердің беттері” деп аталатын мақаласында мұғалімдерді тиісті сатыға көтеру жөнінде партия мен үкімет алдында тұрған программалық міндеттерді көрсеткен. Ол міндеттер: халық мұғалімін рухани жағынан көтеру, оны өзінің шын жоғары атағын барлық жағынан атқарарлықтай етіп әзірлеу, ал ең бастысы — оның материалдық жағдайын көтеру деп белгіленді. Данышпан көсеміміз В. И. Лениннің мұғалімдік еңбекті қаншалық күшті құрметтегенін мына сөздерінен байқауға болады. “Бізде халық мұғалімі буржуазиялық қоғамда ол еш уақытта тұрмаған, тұрмайтын және тұра алмайтын жоғары дәрежеге қойылуы тиіс” 2. Ұлы көсемнің бұл нұсқауын КПСС Орталық Комитеті мен Совет үкіметі мүлтіксіз жүзеге асырып келеді.

Сонымен советтік педагогика қңалыптасуы, дамуы адамзаттың данышпаны В. И. Лениннің есімімен тығыз байланыеты. В. И. Лениннің революциялық ілімі — советтік педагогика ғылымының методологиялың негізі. Міне, осының бәрі РСФСР-дің бірінші халық ағарту комиссары А. В. Луначарскийдің В. И. Ленин совет педагогикасының құдіретті негізін қалаушы болды деп айтуына мүмкіндік берді.



Социалистік қоғам орнату кезеңіндегі

совет мектебі мен педагогикалық тарихы



¥ëы Октябрь социалистік революциясы

және елімізде оқу-ағарту саласындағы

негізгі өзгерістердің басталуы (1917—1920).

Мектепті қайта құру жөніндегі декреттер

Ұлы Октябрь социалистік революциясы қанауға негізделген ескі қоғамды жойып, еліміздің қоғамдық өмірінде жаңа өзгерістер жасауға кірісті. Соның бірі оқу-ағарту ісіндегі ірі өзгерістер еді. Октябрь революциясынан бұрын мектеп буржуазия үшін таптың қанаудың құралы болып келсе, енді мек-



1 В. И. Л е н и н. Шығармалар, 27-том, 454-бет.

2 Бұл да сонда, 33-том, 464-бет.

189


тепті коммунистік қоғамды құрудың құралына айналдыруды міндет ету көзделді. Барлық оқу-ағарту жүйесін революциялық түрде қайта құру міндеті Ұлы Октябрь революциясы жеңген алғашқы күндерден басталды. 1917 жылдың 9 ноябріндегі декрет бойынша, оқу-ағарту жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды, ол еліміздегі халық ағарту ісін қайта құрудың негізія жасауға кірісті. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің талабына сай Халық ағарту комиссары

А. В. Луначарский халыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жолдады. Бұл үндеуде Совет үкіметінің халық ағарту саласындағы міндеттері және оны ұйымдастырудың принциптері жарияланды. Ол үндеуде негізінен мынадай мәселелер сөз болды: жаппай міндетті бастауыш оқу, мектептің барлық басқышының жалпыға бірдей болуы, мектептің дінсіз сипатта болуы, мектеп құруда жергілікті ерекшеліктермен қатар, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, жаңа мектепті құрудың барлық мәселелерін талқылауға мұғалімдерді араластыру. Мұғалімдер де, оқушылар да жұмысшылармен, революцияшыл халықпен тығыз байланыста болуға тиіс.

В. И. Лениннің ұсынысы бойынша бірінші Халық ағарту комиссары болып А. В. Луначарский тағайындалды.

Бірінші советтік Халық ағарту комиссарының қолымен жазылған алғашқы оқу-ағарту жөніндегі документтер сол кездегі революцияшыл идеялардың пафосын көрсетті. Олар: “Россия азаматтарына үндеу”, “Барлық оқытушыларға”, “Барлық оқушыларға” Наркомпростың шағын программасы болды.

В. И. Ленин нұсқауларын іске асыра отыра, А. Б. Луначарский және оның әріптес жолдастары мектеп жөніндегі әрбір реформа мен әрбір декретті қалық халық бұқарасының талқысына салуға тырысты. Халық комиссары Наркомпростың жұмысы жөнінде жұ

мысшылар митингілерінде есеп беріп отырды.

20-жылдардағы Халық ағарту комиссарының жұмыс бағыты әр салалы даярлық пен әзірлікті талап етті. Оның алдында сауатсыздықты жою, мектепке дейінгі тәрбие, жаңа еңбек мектебін құру, мамандық алу, жоғары білім, саяси ағарту, революцияшыл марксизм идеяларын насихаттау, кітап басты-

190

ру, искусство мен әдебиеттің күллі салаларын дамыту жөніндегі мәселелер тұрды.



А. В. Луначарскийдің совет педагогикасы тарихындағы өшпес еңбегі — совет мектебінің негізгі бағыттарын белгілеген негізгі документ — “Біртекті еңбек мектебінің ережелерін” құруында еді.

Сөйтіп, А. В. Луначарский совет мектебін революция ісіне бағындырған педагогика мен мәдениеттің қайраткері болды.

1918 жылдың январында ескі оқу-ағарту ісін басқару жүйесі таратылды, халық училищелерінің директоры және инспекторының қызметтері жойылды, бастауыш және орта мектептердің жұмысын басқару жергілікті жұмысшы және шаруа депутаттарының Советтеріне берілді. 1918 жылы 26 июньде “Халың ағарту ісін ұйымдастыру туралы” декрет қабылданды. Бұл декрет бойынша еліміздегі оқу-ағарту ісін арнаулы Мемлекеттік комиссия басқаруға тиісті болды, ал жергілікті жерлерде жұмысшы және шаруа депутаттары Советтерінің атқару комитеттері жанынан губерниялық, уездік, болыстың халық ағарту бөлімдері құрылды. Бұл бөлімдердің жанынан халық ағарту советтері ашылды. Халық ағарту советтері мұғалімдер мен оқушылардың өкілдерінен тұратын кеңесші орган болды.

1917 жылдың 15 декабрінде бұрын шіркеуге бағынып келген діни оқу орындары Халық ағарту комиссариатына беріліп, жалпы білім беретін мектеп етіліп қайта құрылды. 1918 жылдың 21 январында шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден айыру жөніндегі декретке В. И. Ленин қол қойды. Бұл декрет бойынша әр түрлі дінге сенуіне қарай бөлушілік және шектеу немесе кемсітушілікке тыйым салынды, адамдардың қандай дінге сенуіне немесе дінге сенбеуіне толық ерік берілді. Декретте мектептерде дін сабағын оқытуға немесе діни ғұрыптарды уағыздауға тыйым салынды. Бұл декрет жас ұрпаққа шіркеудің, жалпы діннің зиянды әсерін жойды, мектепті діннен арылтты.

Мектепте оқуға сословиелік және ұлттық шектеуіпілік, әй-елдердің оқуға теңсіздігі арнаулы декреттермен жойылды. 1918 жылы 31 майда Халық ағарту комиссариатының қаулысымен мектепте ұлдар мен қыздарды бірге оқыту енгізілді.

Октябрь революциясының алғашқы күндерінен бастап мектептің барлың түрлерін Халық ағарту комиссариатының қарамағына топтастыру талап етілді, мектеп реформасының орындалуы жүзеге асырылды.

Совет үкіметінің жоғарыда аталған декреттері мен шараларын жүзеге асыруда контрреволюциялық элементтер тарапынан (буржуазиялар, помещиктер және буржуазиялың ин-теллигенцияның бір бөлігі) зор кедергілер де кездесіп отырды. Олар бұл декреттерді жүзеге асырмауға тырысты, мұғалімдерді қорқытуға дейін барды. Коммунистік партия мен Совет укіметі табанды

191


түрде күрес жүргізу нәтижесінде ғана мектепті революциялық жолмен қайта құру жүзеге асырылып отырылды.

Мұғалімдер Октябрь революциясына әр түрлі көзқараста болды.Орта мектептің (гимназия, реалдық училище және т. б.) мұғалімдерінің біраз бөлігі Октябрь революциясына қарсы жақта болды. Мұғалімдердің бір бөлігі Совет өкіметіне қарсы шықты. Олар Бүкіл Россиялың мұғалімдер одағының революцияға қарсы әрекетін жақтады. Бұл одақ Москвада мұғалімдердің ереуілін ұйымдастырды. Ол ереуіл 1917 жылдың декабрінен 1918 жылдың мартына дейін созылды. Москва буржуазиясы ереуіл жасаған мұғалімдерге ақша төлеп түрды. Соған қарамастан мұғалімдердің басым көпшілігі Октябрь революциясын қызу қарсы алды. Олар мектепті революциялық жолмен қайта құруда Коммунистік партия мен Совет үкіметіне белсенді көмек көрсетті.

Контрреволюциялық Бүкіл Россиялың мұғалімдер одағына қарсы 1917 жылы интернационалист мұғалімдердің одағы құрылды. 1918 жылдың июнь айының басында интернационалист мұғалімдердің Бүкіл Россиялық съезі болды. Бұл съезде В. И. Ленин мұғалімдерді буржуазияға қарсы күресуш: еңбекшілермен бірге болуға шақырды. В. И. Ленин ескі мұғалімдермен ерінбей жұмыс істеп, оларды қайта тәрбиелеуге шақырды, үйткені олардың көбі патша өкіметі тұсындағы оқу орындарында пролетариатқа қарсы рухта тәрбие алған болатын. Халық ағарту комиссариаты мен жергілікті оқу-ағарт; бөлімдері мұғалімдер үшін съезд, курс және конференциялар ды кеңінен ұйымдастырды.

1918 жылдың август айында оқу-ағарту ісі жөнінде Бүкіл Россиялық бірінші съезд болды. Съезде оқу-ағарту ісі жөніндегі мемлекеттік комиссия әзірлеген “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереженің” жобасы қаралып мақұлданды. Сонымен бірге ағарту ісінің барлық салаларын (мектепке дейінгі тәрбиі мектеп және ересектерді мектептен тыс оқыту) ұйымдастырудың негізгі мәселелері қаралды. В. И. Лениннің бұл съезде сөйлеген сөзінің өте зор мәні болды. Ол өзінің сөзінде бужуазиялық мектептің таптық сипатын ашып көрсетті, елде мәдени жұмыстардың социалистік революцияның мақсаттарымен байланысын айқындады.

1919 жылдың январында интернационалист мұғалімдерд Бүкіл Россиялық екінші съезі болды. Бұл съезде В. И. Лені мұғалімдерді олардың барлығын қамтитын кәсіподақ құру шақырды. Бұл оқу-ағарту және социалистік мәдениет қызметкерлерінің одағы больш құрылды.

Мұғалімдерді қайта тәрбиелеуде қысқа мерзімді курстардың мәні өте зор болды. Ол курстарда саяси мәселелерм қатар, педагогикалық таңырыпта лекциялар оқылды. Халық мұғалімдері туралы зор қамқорлықтың айғағы ретінде 1917

192

жылдың ноябрь айынан бастап мұғалімдердің еңбек ақысын көбейту жөнінде 1918 жылдың 3 январындағы Халық Комиссарлар Советінің қаулысы шықты. Совет үкіметіне қарсы элементтерді мұғалімдер қатарынан аластауда, мұғалімдік қызметке алдыңғы қатарлы интеллигенцияны тартуда оқу-ағарту ісі жөніндегі мемлекеттік комиссияның “Педагогтық және педагогтық басқару қызметкерлерін сайлау туралы” қаулысының зор мәні болды. Бұл сайлау елімізде 1918 жылдың жазында өткізілді.



Ең қиын мәселе жаңа мұғалім кадрларын даярлау еді. Өйткені мектеп саны тез өсті. Ал педагогтық оқу орындары өте аз болатын. Осыған байланысты еліміздегі мұғалімдер семинариялары үш жылдық педагогтық курстарға, ал оқытушылар институты жоғары дәрежелі педагогтың оқу орындарына айналдырылды.

1920 жылдың аяғында РСФСР-да 57 жоғары дәрежелі педагогтық оқу орындары болды. Онда 10 мыңнан астам студенттер оқыды, 154 үш жылдық педагогтың курстарда және бір жылдың 90 педагогтық курстарда барлығы 24 мың адам оқыды.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет