ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен



бет14/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Шоқан Уәлиханов (1835—1865)

Шоңан Уәлиханов — қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, езілушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды.

Шоқан орыстың XIX ғасырдағы озат ойшылдары, револю-ционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добролю-бовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Бірақ Шоқан ол ұстаздарының дәрежесіне көтеріле алған жоқ.

ПІоқан — қазақ халқының шын мәнісіндегі тұңғыш ғалымы, оның ғылыми жұмысқа құмарлығы және оған икемділігі кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ белгілі бола бастайды. Бұған



Г. Н. Потаниннің мына сөздері дәлел бола алады: “1415 жастағы Шоқанға кадет корпусының бастықтары болашақ зерттеуші,

149



тіпті ғалым деп қарайтын. Шоқан ол кезде аса көп оқитын. Бұл көп оқуы оның сыншылдық қабілетін өсірді. Оның адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс филологиясы жөніндегі пікірлері бізді таң қалдыратын”.

Шоқан өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебиетінің нұсқаларына ерекше көңіл бөлді. Ол өзінің жинаған материалдары туралы былай деп жазды: “Этнографиялық

очерктер, статистік мәліметтер, тәрихи хабарлар, үйсіндер мен қырғыздардың халықтық әдебиетінің ескерткіштерін бірнеше дәптер етіп жаздым”.

Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырды. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н. И. Веселовский-дің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде академик Н. И. Веселовский былай деп жазды: “...Шоқан Уәлиханов Шығыстану әлемінің үстінен. құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті”.

Бұл ғалым Шоқ

анға берілген әділ баға еді. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың ортасынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын көре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы да Шоқанның демократтығын сипаттай түседі.

Шқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай — монархиялық тәртіп пен ислам діні екенін дұрыс түсінді. Сондықтан да кертартпалыққа ұрындырып, дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды.

Ол жалпы дін атаулының прогреске бөгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіресе ислам дінінің реакциялың сипатын анық айтты. Ол тоқырау

150

мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санасын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады.



Мұсылмандық туралы” деген еңбегінде Шоқан былай деп жазады: “Мұсылман изуверлігінің, дін фанатизмі атаулының бәрінің халықтардың әлеумет өмірінің дамуына келтіретін зияны туралы... көп айтып жатуды артық деп санаймыз, Европада да теологияның етек алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі” '.

Орыс педагогикасының прогресшіл идеялары да Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылыми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.

Ол мұсылман мектептері орнына, “ой мен сезімнің өсуіне бөгет жасаудан басқа түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын мектептер” ашуды талап етті,

Ұлы ағартушы ең алдымен ұлы орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін орыс оқуына бой ұрып, орыс оқуын қазақ даласына тарату халықтың орысқа деген достығын күшейтетіндігін, мұның өзі игілікті іс екенін көрегендікпен болжады. Шоқан қазақтарға орыс тілін білудің маңызын баса айтқан адам болды. “Орыс тілін білмеген қазақ,— деп жазды ол өзінің бір мақаласында,— оның заң-законын да білмейді”.

Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз жақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді мейлінше сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп ашынды. Мысалы, осындай феодалдық өмірдің басты мерездерінің бірі — барымта екендігін, оны жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін дәлелдеді. Ол мұндай “кәсіппен” айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кәсіппен айналысу уақыт, зор ынта тілейді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды да мұндай жағымсыз кәсіптен бойын аулақ салуға шақырды. Бұл жағымсыз жексұрын әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ол қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына оның кедергі келтіретіні жөнінде дұрыс қорытынды жасады.

Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде ма-териалистік тенденция басым. Бұл оның көптегең еңбектерінен анық байқалады. Мысалы, “Записка № 1” деген еңбегін-



1 Валиханов. Избранное произведения. Алма-Ата, 1952, стр. 190.

151


де адам психикасы сыртқы ортаға, әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады деген пікір айтады. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші ролін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың сана-сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейді, халықтың прогреске жетуі материалдың өмір жағдайымен емес, идеологиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен жүзеге асатын болады. Осыған орай адамдардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрыптарының қалыптасуында географиялың орта мен табиғаттың ролін Шоқанның асыра бағалап жіберген кездері де болды.

Ыбырай Алтынсарин (1841—1889)

Қазақ халқы мәдениетінің тарихынан көрнекті орын алатын қайраткерлерінің бірі, халқымыздың мақтанышы, демократиялық бағыттағы ағартушы, тұңғыш педагог, ақын-жазушы Ыбырай Алтынсарин орыс халқының кең арналы білім бұлағынан сусындады. Өзінің алған білімін туған халқына тарту етіп, қазақ елі үшін оқу-ағарту саласында игі еңбек сіңірді. Ол ағартушылық алғашқы қадамынан-ақ қазақ халқының келешегі ұлы орыс халқының өмірімен, оның мәдениетімен тығыз байланысты екенін ашып айтты. Қазақ халқының дарынды перзенті Ы. Алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Қазақ халқы өзінің қоғамдың-экономикалық дамуы жағынан өте артта қалған еді. Бұл — қазақтың кең сахара даласында нағыз патриархалдың әдет-ғұрыптар үстем болып тұрған кез болатын.



Ыбырай Алтьщсарин XIX ға-сырдың екінші жартысында қазақ халқының алдыңғы қатарлы ой-пікірлерін уағыздаушылардың бірі болды. Ы. Алтынсариннің ағартушы және педагог ретінде қазақ халқының тарихи даму жолына үлкен үлес қосарлықтай

творчестволық еңбек етуіне орыс халңының прогресшілдік ықпалы көп көмегін тигізді. Бұл қағида Қазақстан үшін де солай еді.

Ыбырай Алтынсарин орыс

152

халқы мәдеңиетінің демократияшыл идеяларын, әсіресе Ушин-скийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын творчестволық жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашып, жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген педагогикалық бағалы мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен әңгімелері де бар. Бірақ ол — ең алдымен ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына, сол ағартушылық-педагогтық істеріне бағынған. Әңгімелер мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтарына енгізген.



Ыбырай Алтынсарин қазіргі Қостанай облысының бұрынғы Обаған (қазіргі Затобол) ауданында 1841 жылы 20 октябрьде туды. Ыбырайдың жас кезінде әкесі Алтынсары қайтыс болады да, бала үлкен әкесі Балғожаның қолында өсіп, тәрбие алады. Балғожа мен Орынборда ашылатын болып ұйғарылған жеті жылдық мектепке алдын ала жаздырып қояды. 1850 жылғы августың 22 күні 9 жасар немересі Ыбырайды Орынбор қаласындағы сол жеті жылдың мектепке оқуға түсіреді.

Бұл — қазақ феодалдарының балалары үшін, олардың ішінен патша өкіметіне сенімді чиновниктер даярлап шығару мақсатына арналып ашылған мектеп еді, сонымен бірге ол қазақ даласында орыс тілінде оқытатын тұңғыш мектеп болып саналатын.

Ыбырай — зейінді, терең ойлы, әр нәрсені өзінше топшылағыш оқушылардың бірі болды. Ол оқытушылар берген сабақтармен ғана қанағаттанып қалмады, ер жете келе өз бетімен озат пікірлі кітаптардан сабақ ала бастады, ол кітаптар Белинский мен Герценнің, Чернышевский мен Добролюбовтың, орыстың ұлы ақындары, жазушы классиктері Пушкин мен Лермонтовтың, Крылов пен Гогольдің, тағы басқаларының көркем тілді, озат ойлы шығармалары еді. Мұнымен бірге Ыбырай Шығыстың Фердоуси, Низами, Новаи сияқты ұлы ақындарының шығармаларымен танысты. Ол 1857 жылы мақтаулы оқушылар қатарында жоғарғы айтылған мектепті бітірді.

Мектеп бітіргеннен кейін Ыбырай халық ағарту жұмысын таңдады. Бірақ оның ағарту саласында істесем деген мақсаты бірден орындалмады. Өйткені ол кезде қазақ даласында ашылған даяр түрған мектеп әлі жоқ та еді. Ыбырай амал-сыздан Орынбордың облыстық басқару мекемесіне тілмаштық қызметке қалдырылды. Бірақ оны чиновниктік жұмыс қанағаттандырмады, арманы — бар күшін алдағы күнде өз халқын ағарту ісіне жұмсау еді. Шекара комиссиясында тілмаш болып қызмет атқара жүріп, қазақ арасында мектеп ашу жолында Ыбырай көп еңбек сіңірді. Ол бұл жөнінде тиісті орындардың алдына мәселелер қойды, өз халқын үгіттеумен

13

болды. “Мектегі — қазақтарға білім берудің басты тұтқасы... Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектепке байланысты”,— деп жазды ол.



Ыбырай Алтынсарин мектеп ашу дайындығына кіріскен кезде-ақ “Қазақ халқы менен көп үміткер”,— деп өзінің халық алдындағы жауапкершілігін түсінді. 1861 жылы ғана патша әкімшілігінен Торғай мен Ырғыз қалаларында қазақ балалары үшін бастауыш мектептер ашуға рұқсат алғанда, ұлы ағартушының қуанышында шек болмады. Алайда жергілікті әкімшілік пен патша үкіметінің оқу-ағарту министрлігі мектептерді ашуға ешқандай материалдық көмек көрсетпеді. Ыбырайға халық көмегіне ғана сенуге тура келді. Даланы дамылсыз аралап, ауыл басшыларымен үздіксіз кеңесе жүріп, Алтынсарин аңыры өз мақсатының алғашқы ұшқынын тек 1864 жылы ғана көрді. Бұл жылы Торғайда қазақ балаларына арналған 14 балалың шағын интернаты бар бастауыш мектеп ашылды. Ыбырай Алтынсарин әуелі бастауыш мектептің мұғалімі, кейін Торғай облысының қазақтар үшін ашылған мектептері бойынша инспекторы қызметін атқарды. Оның педагогикалық игі қызметі осыдан басталды.

Алтынсарин 1864 жылы 16 мартта жазған бір хатында “Осы жылы январьдың 8 күні менің көптен күткен арманым іске асып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің құмарымды қандырып, небары 3 айдың ішінде оқи алатын және орысша жаза білетін болды”...1

Сөйтіп, көп ұзамай Торғайдағы бұл мектеп — біздің жеріміздегі білімнің түңғыш қайнар бұлағы, үлкен тәлім-тәрбие орны болды, бұл мектеп өзінің өмірге бейімділігін айқын көрсетті, қазақ даласында оның беделі артты.

1879 жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин қазаң даласындағы мектептер жұмысын басқаратын Торғай облыстық халық ағарту инспекторы болып жұмыс істеді. Оқу инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде Ыбырай алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының оқыту әдісін өзінің педагогтың, оқытушылық тәжірибесіне ұштастыра отырып, ортаға салды.

Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты. Он жыл бойы Торғай облысының оқу инспекторы болып тұрған кезінде қазақ аулының шаруашылық және әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес, көшпелі ауылдық қалаларда уездік мектептер ашып, халауқатына қарамастан, бұқара халықтың балаларын оқыттырып, білім ордасының іргесін қалады. Сонымен қатар оның Ырғыз қаласында

1 Ы. А л т ы н с а р и н. Таңдамалы шыгармалары. Алматы, 1955, 273-бет.

154


тұңғыш рет қазақ қыздарына арнап, мектеп ашуы да ірі құбылыс. Оның бұл мектептерге арнай қазақша оқу құралдарын жазуы, ауыл балаларын білім жолына салуы да педагогика тарихындағы зор табыс.

Алтынсарин балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде мү-

ғалімдер ролінің айрықша зор екендігін ескертті. Ол өзінің

бір хатында: “Халық ағарту жұмысы бұл арада тек қана жа-

ңа басталып келеді. Сондықтан жаңа салынып жатқан үйдің

жақсы болуы оның іргесінің берік және мықты қалануына

байланысты болатыны сияқты, біздің қолға алып отырған ісі-

міздің де, қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе, істің қа-

зіргі басталуына байланысты. Сондықтан да мен қазір жақсы

оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін...”

“Халық мүдделері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша

жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықта-

ры да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақы-

лауы да оқытушыға тең келе алмайды”,— деп мұғалімдердің

беделін жоғары көтерді. Оның ауылдық мұғалімдерге арна-

ған нұсқау хаттары, сірә, жайдан-жай жазылмаса керек.

Озық ойлы ұстаз өзі ашқан мектептерде алғашқы сабақты өзі

өткізіп, жас мұғалімдерге үлгі көрсетіп, оларға тәлім-тәрбие

беріп отыруы да, мектептердің көпшілігінде жылдың қоры-

тынды емтиханды өзі алуы да, өзімен бірге өзгеге қатаң та-

лап қоя білуі де оның асыл қасиеті екенін көреміз. Алтын-

сарин мектептерде орыс тілімен қатар қазақтың ана тілін де

жеке пән ретінде қарап, оған баса назар аударды. Сөйтіп, ол

Қазақстанда ұлы орыс халқының озат мәдениетін таратып,

мектептерді ұлттың кадрлар даярлайтын ортаға айналдырды.

Ыбырай Алтынсарин өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында

істейтін мамандар даярлап шығаратын мектептер ашуды,

сөйтіп, маңызы зор игілікті істің негізін салуды арман етті.

Бұл арманына ол жете білді. Кейін Торғай қаласында кәсіптік училище ашып, Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастыруға ұйтқы болды.

Ыбырай ңазақ балаларын оңулықтармен қамтамасыз етуге де көп еңбек сіңірді. Ол орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскийдің “Балалар әлемі” деген кітабын пайдаланды. Сол кітаптың бағытында өзі де қазаң тілінде, бірақ араб әрпімен емес, орыс әрпін тұңғыш қолданып, қазақ мектептеріне тұңғыш оқу құралдарын жазды.

Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесінен К. Д. Ушинскийдің, Л. Н. Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін қорыта отырып, Ыбырай “Қазақ хрестоматиясы” және “Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық” деген екі кітабын жазды. Ыбырайдың бұл еңбектері қазақ халқы мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға, зор ғылыми табыс ретінде жарыққа шықты. Ыбырайдың бұл кітаптарының жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін үлкен мереке, сирек кезде-

155


сетін тамаша жаңалық еді. Тұңғыш педагог-ағартушының орыс әрпінің негізінде жазылған оқулықтары ел арасында қолдан-қолға тарап, саналы жастарды білімге тарта бастады. Мұны көрген Алтынсарин: “Халқыма пайда тигізсем деген менің әрқашанғы талабым болушы еді, ал енді сол ойым іске асып келе жатырау дегенде, көңілім сонша жай тауып қалады”,— деп жазды.

Ыбырайдың үздіксіз жігерлі еңбегі арқасында, көп уақыт талқыға түсе келіп, ақырында 1887 жылы Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арналған училище ашылды.

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқы арасында ағарту ісін дамыту жөніндегі педагогикалық идеясы мен батыл демократиялық көзқарастары үшін патша үкіметінің чиновниктері тарапынан үнемі кедергілер көріп отырды. Мұндай қарсыластарға қарсы Ыбырай өзінің қазақ халқына барынша пайда келтіру үшін ұстанған өз бағытынан ешқашан таймайтынын, өзінің бар күш-жігерін ағарту жолына арнайтынын талай рет ескертті. Ыбырай нағыз халық мектебі үшін күресті, діни мектепке тікелей қарсы болды.

Қазақ балаларының орыс тілін, орыс ғылымын жеңіл де тез меңгеруіне мүмкіндік беретін орыс-қазақ мектептеріне де

Ы. Алтынсарин зор маңыз берді.

Ыбырай класс-сабақтың жүйе үшін де қатты күресті: оқу-шылардың құрамының түрақты болуын, мерзімді уақытта ба-лалардың мектепте болуын талап етті. Ата-аналардың қалаған кезінде балаларын алып кетуге тыйым салды. Ол өзінің оқыту жүйесін сол замандағы алдыңғы қатарлы педагогтар — К. Д. Ушинский, Н. Ф. Бунаков, Л. Н. Толстой және басқаларының педагогикасына сүйеніп құрды. Ағартушының “Қазақ хрестоматиясы” К. Д. Ушинскийдің “Балалар әлемі” кітабының негізіне сәйкес құрастырылды.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет