ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен


XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы



бет16/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы

прогресшіл орыс педагогикасының қайраткерлері

60-жылдардың аягыкда Россияда реакция өріс алды. Ағарту министрлігі бар күшімен ағарту ісіндегі 60-жылдары қол жеткен прогресшілдік бағыттарды былай қойғанда, тіптен либералшыл шегіністерді де жойды. 60-жылдарда жүргізілген мектеп ережелері 1871 жылдан бастап қайта қаралды да, жаңа мектеп уставтары қабылданды. Уставта балалардың дүниеге көзқарасын қалыптастыратын және жалпы мәдениетін кеңітетін оқу пәндерінің ролі кемітілді, сословиелік ерекшелік күшейді, гимназиялар мен төменгі бастауыш мектептердің бір-бірімен білім мазмұны жағынан байланысы жойылды, діни оқу мейлінше өріс алды.

Бірақ реакция орыс қоғамының демократияшыл қозғалысын тұншықтыра алмады, үкіметтің реакцияшыл шараларына қарамастан, ол қозғалыстың тамыры тереңдеп, құлашы кеңейе берді. Укімет қолға алған реакцияшыл әрекеттер жалыны өршіген жаңа қоғамдық-педагогикалық қозғалыс алдында дәрменсіз болып шықты. Сондықтан да В. И. Ленин 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басын Россиядағы демократияшыл өрлеудің екінші кезеңі деп есептеді. Шынында да бүкіл 70-жылдар алдыңғы қатарлы интеллигенцияның өз бетін халыққа қарай бұрып, сонымен біте қайнасу кезеңі болды: алдыңғы қатарлы интеллигенция екі мақсатпен а) тікелей халықпен, оның ағарту жайымен танысу үшін, б) халықтың ағарту жайын көтеру, революцияландыру үшін қаладан

деревняға ағылды.

Россиядағы ағарту ісінің тарихында бұл “оқытушылардың халық арасына аттанысы” делінді. Көптеген алдыңғы қатарлы орыс оқытушылары өз өмірін халық арасында жұмыс істеуге сарып етті, олар барлық кедергілер мен қиыншылықтарға қарамастан, осы аттанысқа араласты. Бұл “аттаныстың” пионерлеріне шаруалар бастапқы кезде түсінбестік, сенімсіздік көрсетті, бірақ көп кешікпей-ақ олардың игі істеріне көздері жетті, халық оларға зор сый-құрметпен, сүйіспеншілікпен қарады. Бұл қозғалысқа белсене араласьш, үлгі көрсеткен орыстың атақты педагогтары Л. Н. Толстой, И. Н. Ульянов, Н. Ф. Бунаков, Н. А. Корф т. б. болды.

Сөйтіп, 70—80-жылдардағы бұл қозғалыс 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың жалғасы болды.

Илья Николаевич Ульянов (1831—1886)

Демократ педагог, Владимир Ильич Лениннің әкесі, XIX ғасырдың екінші жартысындағы Россиядағы ағарту ісінің атақты қайраткері болатын.

Илья Николаевич алдымен Астраханьдағы классикалық

168


гимназияны, онан кейін Қазан университетінің физика-матема-

тика факультетін бітірді. Ол бірнеше жыл Пенза және Ниж-

ний Новгород (Горький) қалаларындағы мектептерде физика

мен математика пәндерінің оқытушысы больш қызмет істеді.

Өзінің оқытушылық жұмысында баланы мейлінше құрметте-

ген, оның даму табиғатына зер салған. Сондықтан да Илья Ни-

колаевич шәкірттерінің алдында қадірлі болып, зор сүйіспенші-

лікке бөленді. Илья Николаевич мектептегі тәрбие жұмыстарына

да зор көңіл белді. Оның көзқақарасы бойьшша оқушы бала-

ларға идеялың жағынан тәрбиелік ықпал ете білу — мұғалім-

нің құнды сапаларының бірі. Өзінің практикалық педагогтық

қызметімен ол 60-жылдардағы классик-педагогтардың жолын

ұстаушы болды.

Илья Николаевич басында гимназия оқытушысы, кейін-

нен ұзақ уақыт Симбирскідегі мектеп инспекторы қызметін

атқарды. Ол жергілікті басқару орындарының кедергілеріне

қарамастан, өз бетімен халың ағарту жұмысын ұйымдастырды: ең алдымен 60-жылдардағы К. Д. Ушинский өсиетіне сәйкес, жүйелі және жоспарлы түрде мұғалімдер даярлау ісін бастап, педагогикалық курстар, оқу әдістерімен таныстыратын оқытушылар съездерін ұйымдастырды.

Ол 1872 жылы Порецкіден оқытушылар семинариясын ашады. Сөйтіп, сол кезде бастауыш мектеп оқытушылары жаңа әдістермен жұмыс істей бастайды, бастауыш білімге халық зор көңіл бөлді.

Илья Николаевич Волга бойындағы орыстан басқа халықтарға білім таратудың қажымас инициаторы болды. Оның чуваш, мордва халықтары арасындағы еңбектері басқа ұлт аудандарында жұмыс істеп жүрген орыс оқытушыларына үлгі болған еді.

Демократ педагог болуына байланысты, Илья Николаевич жалпы Россияның, әсіресе Волга бойындағы орыс емес халықтардың қоғамдың-педагогикалық пікіріне күшті әсер етті. Ол өзі ұйымдастырған Порецк оқытушылар семинариясын басқарумен бірге, Симбирскіде ашылған чуваштардың оқытушылар семинариясына да идеялық басшылық жасады. Илья Николаевичтің басшылығымен бұл семинарияда мұғалімдер даярланумен бірге, чуваштарға арналған оқулықтар

169


мен методикалың нұсқаулар жазылды. И. Н. Ульяновтың ең жақын шәкірті, чуваштың көрнекті агартушы-педагогы И. Я. Яковлев революцияға дейін чуваш алфавитін жасады.

И. Я. Яковлев ауыз әдебиетін жинастырды, методикалық нұсқаулар жазып, орыстың классикалық әдебиетін чуваш тіліне аударды.

И. Н. Ульяновтың демократиялық идеяларының ықпалымен Симбирскіде алдыңғы қатарлы педагогикалық көзқарастағы педагогтар тобы қалыптасты. Олар: В. В. Кашкадамова — халық оқытушысы, Симбирскідегі әйелдер курсының жетекшісі;

И. Я. Яковлев — халық училищелерінің инспекторы, Симбирскідегі чуваш оқытушылар семинариясының директоры, гимназия мен педагогикалық курстардың оқытушылары: В. А. Ахуновский,

С. Н. Теселкин, Н. П. Моржов; В. И. Ленин және оның ағасының алғашқы мұғалімдері В. А. Калашников және А. С. Кабанов.

И. Н. Ульянов әсерінің қазақ даласына жеткенін дәлелдейтін мәліметтер де бар: Ульяновтың басшылығында болған Симбирск губерниясындағы Порбцк оқытушылар семинариясын бітірген орыс мұғалімдері Қазақстан жерінде жұмыс істеген. Мысалы, 1894 жылғы “Астраханский вестник” газетінің хабарлауынша, сол семинарияны бітіргендер бұрынғы Бөкей ордасындағы мектептерде мұғалім болған. И. Н. Ульяновтың ұлт мектептеріндегі балаларды орыс тіліне үйрету жөніндеғі бағалы педагогикалық көзқарастары, сөз жоқ, осылар арқылы тараған.

Өзінің инспекторлық қызметі кезінде Симбирск губерниясында ол 480-ге тарта мектеп ашты. Педагогикалық ойларында Илья Николаевич көбінесе Ушинский мен Добролюбов пікірлерін үлгі етіп, сол бағытта педагогикалық қорытындыларға келіп отырды, баланың ойлауы мен зейінін дамытуды қолдады, түсіндірмелі оқытудың методикасын таратты, белгілі бір методикалық жүйеде балалардың өз бетінше жазба жұмыстарын көбірек жүргізуді талап етті. Мектепке үлгілі сабақтар жүргізуді енгізді. Губерния оқытушыларымен мызғымас творчестволық күшті байланыста болған оның қол астындағы оқытушылар өздерін “Ульяновшылармыз” деп зор мақтан тұтқан еді.

Николай Федорович Бунаков (1837—1904)

Көрнекті орыс педагогы Н. Ф. Бунаков өзінің қоғамдық-саяси көзқарастары бойынша буржуазияшыл-демократ педагогтар тобына жатады.

Н. Ф. Бунаков Вологда классикалың гимназиясын бітіргеннен кейін Вологда маңындағы уездік училищелерде оқытушы болды. 1859 жылдан бастап Вологдадағы уездік училищеде, 1862 жылдан бастап гимназияда жұмыс істеді. Мұнда оқытушылықпен бірге

170


ғылыми және әдеби жұмыстармен айналысқан, оқытушылар арасында озық педагогикалық идеяларды насихаттаған.

Халық ағарту мәселелеріне арналған мақалаларында Бунаков Вологда губерниясындағы мектептің мүшкіл жағдайы мен сауатсыздықты қатты сынайды.

Бунаков халықтың сауатсыздығын қоғамның саяси-әлеуметтік жағдайынан және помещиктер мен қала басшыларының іс-әрекеттерінен деп түсінді. Ол халықты бақытсыздықтан, сау-атсыздықтан және мәдениетсіздіктен құтқарудың бірден-бір жолы өмір сүріп отырған қоғамдық құрылысты түбірінен өзгерту екендіғіне түсінбеді. Ол баспасөз, мектеп т. б. арқылы озық идеяларды насихаттау ісіне қатты сенді, сондықтан бұл мәселеде ол ағартушылық бағытта ғана қалды.

Шиеленіскен қолайсыз жағдайларға байланысты Вунаков Вологдадан кетуге мәжбүр болады да, әдеби қызметпен айналысу мақсатымен Петербургке келеді. Мұнда ол ұлы педагог

К. Д. Ушинскиймен кездеседі, бұл оның көзқарасына күшті әсер етеді. Содан соң педагогтық жұмысына қайта оралып, 1886 жылы Воронеждегі әскери гимназияға орыс тілінің оқытушысы болады. Осында жұмыс істеген жылдарында ағартушылық қызметі де, әдеби-педагогикалық творчествосы мен тәжірибесі де жемісті болады. Тұрмыс жағдайы шағын адамдардың балаларын гимназияға әзірлеу үшін 1887 жылдан бастап екі жылдың мерзімді бастауыш мектеп ұйымдастырады.

Воронеждегі мектеп Бунаковтың творчестволық лаборато-риясына айналады, осында ол бастапқы оқытудың методикасын зерттеуге көп көңіл бөледі. Әсіресе ол балалардың білім мен дағдыларды белгілі мөлшерде тиянақты меңгеретіндей методикалық жолдарды нақты түрде анықтағысы келеді. Ол білім мен дағдыларды меңгерумен бірге, балалардың өз бетінше ойлау қабілетін, өз ойларын ауызша және жазбаша түрде білдіре білуін дамытуды көздеді. Осы бағытта Бунаков эвристикалық (гректің “эвристика”— таптым деген сөзі) және катехизистік (“катехизис” сұрақ-жауап түріндегі әңгіме) әңгіменің, түсіндірілмелі оқыту сабақтарының, әкскурсиялардың, өз

171


бетінше жұмыс жургізудің әр түрлі жолдары мен түрлерін жете зерттейді.

Воронеж мектебіндегі педагогикалық тәжірибесіне сүйене отыра

Н. Ф. Бунаков “Әліппе және оқу сабақтары”, осы оқулыққа жетекші нұсқау “Бірінші кітапша”, “Мектепте және үйде” деген оқу құралдарын жазады, бұларды алдыңғы қатарлы оқытушылар қуана қарсы алады. Осындай еңбектері арқылы Бунаковтың есімі бүкіл Россияға тарайды. 1872 жылы Н. Ф. Бунаков 700 оқытушылар мен ағарту қайраткерлері жиналған Бүкіл Россиялық оқытушылар съезіне ана тілін оқыту методикасы жөнінен лекциялар оқуға шақырылады, мұнда ол лекциялар оқумен қатар, мұғалімдер алдында практикалық сабақтар да жүргізеді. Алдыңғы қатарлы оқытушылар оны “Халық мұғалімдерінің ұстазы” деп атайды. Бірақ өкімет орындары оның педагогикалық жұмыстарына күмәнданып, 1875 жылы Бунаковтың оқытушылар съездеріне басшылық етуіне тыйым салады.

1884 жылы Н. Ф. Бунаков Воронежден кетеді де, Воронеж губерниясындағы Петино селосынан шағын имения алып, өз қаражатына сол селода бастауыш халық училищесін ашады. Училище үш жылдық болған, оған жергілікті тұрғындардың барлық балалары мен қыздарын тартады. Мектеп жанынан интернат ашады. Бұл мектепте оқуға, жазуға және санауға үйретумен бірге табиғат, тарих, география және әдебиет жөнінен де білім берген, мазмұнсыз діни ән үйретуді енгізеді, ол мұны эстетикалық тәрбиенің маңызды құралы деп есептейді.

Кластағы сабақпен қатар оқушылар мектеп жанындағы учаскеде бау-бақша жұмысымен де айналысады. Бұл арқылы балаларды өмірде және ауыл шаруашылығында кездесетін кейбір практикалық білім және дағдылармен қаруландыруды көздейді.

Оқытудың әдістерін түрлендіру мақсатымен Бунаков көр-некілікті және приборлар мен тәжірибелерді қолдану арқылы балаларды сабақта дербес жұмыс істеуге үйретті, мектептің бірінші жылынан бастап шығарма жазуды жүргізіп, оны жыл сайын күрделендіріп отырды.

Тәрбие жұмысында ұрып-соғу жазасына тыйым салды, мектепте дұрыс жұмыс жүргізуге қолайлы жағдайлар жасады. Оқушылардың үнемі тәртіпті болуын талап етті, мектеп үйінің таза және жинақы тұруын көздеді.

Петино селосындағы Бунаковтың мектебі сол маңайдың мәдени орталығына айналды: кластан тыс кітап оқу, әдеби және музыка кештері, тамаша орыс жазушылары мен мәдениет қайраткерлеріне арналған (мысалы, Пушкинді, Лермонтовты, Некрасовты, Белинскийді т. б., ұлы педагог К. Д. Ушинскийді еске түсіру) кештер ұйымдастырылды.

Бунаков мектептің ата-аналармен және жалпы халықпен байланысты болуын жақтады. 1888 жылы Бунаков Петинода

172


әуесқойлардан “Шаруалар театрын” ұйымдастырып, оның жұмысын өзі басқарады.

Кең салалы ағартушылық қызметтері үшін және сол кездегі тәртіпті батыл сынағаны үшін Бунаковты 1902 жылы қатал бақылаумен Воронеж губерниясындағы Острогожск қаласына жер аударады.

Н. Ф. Бунаков — XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыстың прогресшіл педагогтар тобының ішіндегі көрнекті қайраткерлерінің бірі; ол қатал реакцияның ауыр жылдарында сол кездегі ағарту жүйесінің кемшіліктері мен ауыртпалықтарын батыл сынады,

К .Д. Ушинский, Чернышевский мен Добролюбов ұсынған озық педагогикалық идеяларды насихаттады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет