ОҚулық Алматы. Мектеп. 1984 Қазақ сср жоғары және орта арнаулы оқу министрлігі оқулық ретінде бекіткен


Петр Францевич Лесгафт (1837—1909)



бет17/22
Дата29.01.2018
өлшемі5,7 Mb.
#35775
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Петр Францевич Лесгафт (1837—1909)

Петр Францевич Лесгафт — биология саласындағы атақты ғалым, демократ-педагог, дене тәрбиесінің теориясын негіздеуші, ірі қоғам қайраткері.

Өзінің ғылыми-педагогикалық қызметін П. Ф. Лесгафт XIX ғасырдың 60-жылдарының аяғында Қазан университетінде сабақ беріп жүрген кезінде бастаған. Бұл кезде оның анатомияны зерттеп, осы салада профессор атағына ие болған кезі болатын. Оқыған лекцияларының материалистік бағыты үшін және осы университет басшыларының ұнамсыз қылықтарын әшкерелеген мақаласы үшін Лесгафты 1871 жылы өкімет орындары Қазан университетінен қуғындайды және оған мұнан былай педагогтың жұмыс жүргізуге тыйым салады.

Мұнан кейін ол біраз уақыт бірнеше елдердегі дене тәрбиесінің жүргізілу ерекшелігімен таныса келіп, осы тәрбиенің ғылыми теориясын ұсынады.

1893 жылы Лесгафт Петербургта биологиялың лаборатория жәке сол жылы дене тәрбиесінің курстарын ұйымдастырады, бұл курстар — “дене тәрбиесінің тәрбиешілері мен жетекшілерінің курстары” 1896 жылдан бастап бүкіл елге әйгілі болады. Осы дене тәрбиесі курстарынан әйел-педагогтардың ірі тобы тәрбиеленді, оларды “Лесгафтшылар” деп атады.

1901 жылы П. Ф. Лесгафт студенттерді солдатқа алуға қарсы жазылған протестке қол қой-



173

ғаны үшін Петербургтен жер аударылады. Жер аударудан Петербургке қайта оралысымен, ол 1905 жылы жоғары еркін мектеп дегенді ашады, бұл мектепке жоғары білім алуды мақсат еткен барлық адамдарды қабылдайды, мектепте жаратылыс пәндерін оқыту орыстың жаратылыстану ғылымының прогресшіл идеялары негізінде жүргізіледі. Ол үшін Лесгафт өз мектебіне прогресшіл орыс ғалымдарын мұғалімдікке шақырады. Мектепте жұмысшылар үшін лекторий ұйымдастырады. Лесгафт мектепті бірінші орыс революциясы кезінде (1905—1907) бұқара халықтың митингілерін өткізетін орынға айналдырады. Мектеп 1912 жылға дейін жұмыс істейді.

1909 жылы Лесгафт өзінің ауыр науқасына қарамастан әйелдерге арналған жоғары ғылыми-жаратылыс саласындағы курстарды ашуға рұқсат алады. Бірақ сол жылы өзі дүние салады.

Лесгафтың прогресшіл педагогикаға өте бағалы үлес болып қосылған екі ірі еңбегі бар, олар: “Баланың семьядағы тәрбиесі және оның маңызы” (үш бөлімді) және “Мектеп жасындағы баланың тәрбиесі” (екі том).

П. Ф. Лесгафт негізінөн XIX ғасырдың 60-жылдарындағы революцияшыл-демократ педагогтардың және физиолог-мате-риалкстердің көзқарастарын батыл жақтай отыра, дүние жүзілік биология ғылымындағы реакцияшыл ағымдағы педагогтардың адамның жетіліп қалыптасуындағы нәсілдікті, тұқым қуалаушылықты асыра бағаланғандығын қатал сынады. Ол былай деген: “Тәрбие басталмай жатып, бала туысынан ашулы, мейрімсіз, жалқау, қияңқы және жалпы ақымақ болады деген пікірдің кең таралуы өте-мөте теріс және әділетсіздік”, Оның ойынша мектепке дейінгі және мектептегі баланың бұзылуы тәрбие жүйесінің теріс әсерінен.

Осыған байланысты Лесгафт оқытушылар мен тәрбиешілерді мүмкіндігінше жалпы ғылыми, әсіресе педагогикалық жағынан сапалы түрде даярлауды қолдап, олардың да өз міндеттеріне өте жауапты қарауын талап етті.

Лесгафт өзінің “Баланың семьядағы тәрбиесі және оның маңызы” деген ірі еңбегінде осы тәрбиенің нәтижесін нақтылай түсу мақсатымен, баланың 7 жасқа дейінгі өмірін төрт кезеңге бөледі: бірінші кезеңі — туғаннан бір жасқа дейінгі дәуірі; екінші кезең — бір жастан үш жастың басталуына дейін; үшінші кезең — бес жастың аяғына дейін; төртінші кезең — 7 жасқа дейін.

Осы еңбегінде баланың темпераментін, нерв жүйесінің типтерін, оның қызметін зерттеген. П. Ф. Лесгафт баланы тәрбиелеу жөнінен мынадай кеңестер ұсынған: баланың өзіндік инициативасын қолдау, жақындары немесе жақсы көретін адамдары арқылы бала жөніндегі күмәндарын тексеріп отыру. Бала тәрбиесіне қатысы бар адамдардың адал ниетті, мейірімді, кең пейілді болуын, баланың өмір сүрген ортасы таза,

174

денсаулыққа қолайлы болуын, баланың іс-әрекетіне ересектердің бас-көз болып бағыттап отыруын талап етті.



Лесгафтың пікірінше, семья тәрбиесінің негізінде мынадай талаптар болуға тиіс: 1) тазалық, 2) баламен қатынас жасағанда сөз бен іс байланысының бірізді болуы, 3) баланың жеке басын қадірлеу, онымен үнемі адамшылық қатынаста болу.

П. Ф. Лесгафт дене тәрбиесінің теориясын құрды, оның бұл саладағы еңбегінің дүние жүзілік мәні бар.

Өзінің екі томдық “Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесіне басшылық” деген еңбегінде (1888—1901 жылдар) дене тәрбиесінің әр түрлі жүйесін терең сынап, осы жөнінде өз теориясын жасады. Оның ойынша, дене тәрбиесі оқушының жан-жақты жетілуін қамтамасыз етуге қатысты барлық істердің, жұмыстардың жүйесінен тұрады. Сондықтан дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелермен тығыз байланысты.

Оның үйретуінше, дене жаттығулары мінез бен ақыл-ой қабілетін дамытатын бірізді, тізбекті болуы қажет. Дене қоз-ғалыстарының жүйесі баланың табиғи дамуына сәйкес келіп, бұлшық еттердің бүкіл тобын қамтуы керек. Дене жаттығулары, дене шынықтыру оқытушыларының ұқыпты түсіндірулері арқылы жүргізіледі.

Лесгафт ақыл-ой жұмысының дене шынықтыру жаттығу-ларымен және ойындармен алмасып отыруын талап етті. Сонымен қатар ол ауыр гимнастикалык, жаттығулардан сақтандырды, көбіне табиғи қозғалыстарды: жүгіру, жүру, секіру, ойын т. б. ұсынды.

Лесгафттың педагогикалық шығармаларында мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сыртқы өмірі мен мінез-құлқының ерекшеліктерін анықтайтын психологиялық материалдар мол орын алады. Сондықтан Лесгафт бала психологиясын зерттеу арқылы орыс педагогикасын жоғары сатыға көтеруге зор үлес қосты.

175

ҮШІНШІ БӨЛІМ

СССР-ДЕГІ ЖӘНЕ БАСҚА СОЦИАЛИСТІК ЕЛДЕРДЕГІ



МЕКТЕП ПЕН ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ

Коммунистік тәрбие және білім беру туралы

Владимир Ильич Лениннің ілімі

Халықаралық пролетариаттың ұлы ойшылдары Маркс пен Энгельс адам баласы тарихында алғаш рет жастарға коммунистік тәрбие беру теориясының берік негізін қалады. Олар ғылыми, әр салалы білім беру және пролетарлық адамгершілікт тәрбиелеу туралы аса маңызды принципті қағидаларды жаңа методологиялық негізде жасап білім беру жөніндегі идеяны тұңғыш рет дәлелдеп, оны ұсынды.

Тарихи жаңа жағдайда, капитализм өз дамуының соңғы сатысы — империализмге көшкен кезде, социалистік революцияның тарихи сөзсіз болатындығы белгілі болған кезде, тәрбие, ағарту және білім беру ісінің көптеген мәселелері жаңа шешімдер талап етті. Бұған

В. И. Ленин жауап берген еді. Марксизмді одан әрі дамыта отырып, В. И. Ленин оны орыстың үш революциясының және халықаралық жұмысшы қозғалысының тәжірибесімен байыта түсті.

В. И. Ленин Маркс пен Энгельстің коммунистік тәрбие жөніндегі ілімін одан әрі творчестволық тұрғыдан дамытты В. И. Лениннің коммунистік тәрбие жөніндегі ілімі осы сала дағы барлық негізгі принциптік проблемаларды қамтыды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет