ОҚулық Атыраулық заманауи жазушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі шағын прозалық жинағы



бет42/77
Дата25.12.2016
өлшемі34,49 Mb.
#4904
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77

183 184







сығалайды да тұрады.
– Аршыған пияздай боп оң жақта отырған кезім. Атаңды көріп жарымадым. Сырттай атастырып қойыпты. Өлтіріге деп жарты қап тары, бір тоқты атапты. Кешкі алаң-құлаңда құдалар сау ете түсті. Той күнін келісуге келіпті. Саулама пештің қуысын тасалап отыра қалдым, – дейді әжесі тап бір отыз күн ойын жасап жырғаған қыздай қызықты жерін теріп айтып.

Атасы жас кезінде жылдамшыл болған көрінеді. Құдаларды табалдырықтан аттата сала аттарды аулаққа апарып қаңтарыпты. Өзі жерүйдің маңын то- руылдап жүріп алыпты. Қашанғы жүрсін, қалыңдығын көргісі кеп ынтазары аумай ма? Еңбектеп жетім мұржалы жерүйдің төбесіне көтеріліпті. Әлгі аспан- ды сығалап тұрған жалғыз терезеге екі бүктетіліп еңкейіпті. Барын базарлап отырған құдалар алдарына табақ толы етті енді ала бергенде...

– Төбе омырылып, терезе ұшты. Онымен қоса атаң құлады. Көк ала шаң. Шешем баж етіп талып түссін. Пері деп ойлапты.

– Сосын?
Ынтығуын. Мойнына терезені қамыт ғып іліп алған атаң қақ ортада. Ес-түсі жоқ. Туралып жатқан еттің үстіне төбесімен шаншылып қалған. Әкем жарықтық сырбаз адам: «Бір табаққа бір бас та жарайтын еді ғой», деп болашақ күйеу баласын қолтығынан сүйеп жатыр дейд.

Әжесі өткен күннің елесіне арбалып қызыл иегін көрсетіп күледі. Күлсе күлгендей...

– Сөйткен байды да соғысқа қидық. Жұрт құсап жол- дан бала тауып, әлди-әлди ақ бөпем деп ортекедей секіртіп отырсақ қайтер еді? Жалғызды алданыш ғып қалдық. Оны да Құдай көпсінді, – деп әңгімесінің аяғында кемсең қағып кететін...
Айсара оянып кетті. «Уф-ф», – деп жеңіл күрсінді. Қыздар тегіс ұйқыда. Бірқалыпты, жарыса тыныстай- ды. Әлден уақытта оймақ ауыз тісін қытыр-қытыр қайрап басылды.
– Рах-хат! – деп қолсозым жерде жатқан күлімкөз сөзін сағыздай созады. Ұйқысырап, үстіндегі жеңіл жамылғыны шапалап тебеді. Тоқ балтырлар торға түскен ашқарақ шортандай арпалысып жатып тын- шыды.
Жаурап кеп қатты ұйықтаған соң ба, денесі жады-

этом лишь слабое освещение лачуги.


- Засватали нас без нашего присутствия. Даже как следует, не довелось рассмотреть твоего деда. По старому обычаю прислали калым: полмешка проса и одного ягнёнка. Вечером нагрянули сваты. Приш- ли обговорить сроки нашей свадьбы. Вжалась в заку- ток рассыпающейся печи, сгорая от стыда и чувствуя себя, как очищенный репчатый лук, - впадала бабуш- ка в воспоминания, отбирая самые важные эпизоды из того давнего события.
Оказывается, дедушка в молодости был егозой. Как только сваты переступили порог, он, отведя коней в сторону, стреножил их. А сам же начал крутиться во- круг полуземлянки. Сколько же можно кружиться, не возжелав хоть краем глаза увидеть свою суженную? Ползком пробрался на крышу, Согнув своё тело на- половину, вперил взор в оконце, желающим впитать в себя весь небесный свет. Как только сваты присту- пили к трапезе, вкушая сочное мясо, наполненное в объёмистую чашу…
- Провалился потолок, разбилось оконце. Вместе с этим рухнул и твой дед. Пыль столбом. Мать вскрик- нула, падая и теряя сознание. Подумала, что это шай- тан.
- А потом?
- Вот ты, какая любопытная… Дед твой с оконной рамой, надетой на шею, как хомут, в самом центре скатерти. Вонзился головой прямо в нарезанное мясо. Отец мой, слава его праху, был уравновешенным че- ловеком. «Для трапезы вторая голова уже лишняя»,

- приговаривая это, он помог подняться своему буду-

щему зятьку.
Бабушка, разбудив видения событий давно прошед- ших дней, расплывалась в широкой улыбке. На самом деле смешно.
- Вот такого муженька и потеряла на войне. Не стала, как некоторые вдовы, рожать детей от других и ле- леять их. Осталась лишь с сыном. Да и того Аллах посчитал лишним на свете, - горько вздыхала она в конце своего рассказа.
Айсара проснулась. Сделала лёгкий вздох. Все де- вушки спали, дыша в унисон. Через некоторое время рот с напёрсток, поскрежетав зубами, затих.

- Бла-го-дать! проговорила во сне лукавоглазая дева, растягивая слово, словно жвачку. Сорвала ногами с себя легкое одеяло. Её полные бёдра, словно щуки, попавшие в сети, затрепетав, успокоились.



Почти выспавшись, тело впало в негу. Только было,

185 186







рап қалыпты. Көзін жұмып еді, көңіл мен көкіректе қонақтап қалған көп көрініс әдеттегідей ерік бермей кетті...
Мектеп бітірер жылы ғой, көрші ауылдың көркем жігітіне ғашық болатыны. Әскерден жаңадан босап- ты. Жездесінің үйіне қыдырып келген беті екен.

Би кешінде танысты. Бойлы-сойлы, қараторы, қоян көздеу жігіт содан басқан ізін баққан. Қайыс белбеуінің жез тоғасы жылтырап ауладан сығалайды да тұрады. Қарап жүрмей бесінші сыныпта оқитын інісін жарылқапты. Әскери арзанқол төсбелгінінің жылтыратып өңіріне күнде бірін тағып келеді.

Орнына тәтемді берем деп саудаласса керек. Уәде қысып, мұрнының ұшы тершіп: «Шықсаңшы, күтіп қалды ғой», – деп дігір салып бітетін. Тостырып ба- рып көрінетін.

Сол көктемде бала махаббат оянып, құшағына ала түсті...


Бұл кезде қолтоқпақтай қара кемпірден де маза қашқан.
Қора-қопсыны тінтіп жүріп қойдың жабағы-күземін жинастырған. Ақ көбік ғып жуып, ақ сабаумен төпелеп сабап ұйысын жазған. Көрші-қолаңды адақтап кетіп түйенің жүнін, құстың мамығын тауып қайтқан.

– Қой жүнінен төсек көрпе тігемін. Түйенікі жамбасыңды қыздырып жатқызбайды. Жамыл көрпе жасаймын. Құс мамығы – көпшікке. Ертең қарғамды ұзатқанда, – деп әжесі сүрініп-қабынған.


– Қойшы, әже, – дейді бұл жіңішке ауру айналдырған шешесінің аузына сусын тосып жатып.
Өзбектің патсайы жолақ жібегінен төсек көрпе оңай тігілді. Есесіне жамыл көрпе әжесін әбден әуреге салды. Екі адамға еркін жететін көрпенің тысына түйе жүнін қайтып жазып төсеуді білмей дағдарды. Соңғы қоңыраудан соң үйіне келсе, тым-тырыс. Үйдің үлкен жағының жартысын алып жатқан көрпе тыстың бір бұрышы ғана бүлкілдейді. Бақса, әжесі. Жүнді уыстап алып, көрпе тыстың бір шетінен еңбектеп кіріп кетіп жүрген. Жәй жүрген жоқ, «ертең қарғамды ұзатқанда...» деп күбірлейді. Есіктің жақтауына сүйеніп сілейіп тұрып қалыпты. Артын- ша қолтоқпақтай қара кемпірдің басы көрінді. Іннен шыққан қонжықтай сығырая қарайды. Аузы-басы дымқылданып, қылшық-қыбыр жабысыпты. Сыңқ етіп күліп жіберді.

снова закрыла глаза, многочисленные воспоминания, долго гостившие в её памяти, не давали покоя…



Это было в год, когда она оканчивала школу, - влю- билась в красивого парня из соседнего селения. Он только что демобилизовался. Гостил в доме своего дяди.
Познакомились на танцплощадке. Высокий смуглый парень с заячьими глазами стал с тех пор неотвязно пасти её след. Блестя своей медной бляхой от сол- датского ремня, всё время торчал и выглядывал через изгородь её дома. Не просто выслеживал её, а нашёл подход к её братику пятикласснику, каждый день, даря и цепляя ему на грудь дешёвые армейские значки.
Выяснилось, что договор их был заключён на основе торга – за эти дары братик обещал парню выдать за него свою сестру. Под гнётом того обещания у него потел нос, а сам же бурча: - Выйди к нему, заждался же, - не давал покоя.
Она же, ввергнув его в долгие ожидания, только затем соизволяла выйти на свидание.
В эту весеннюю пору её детская любовь, проснув-

шись, сжала её в своих объятьях.


В это же время и старуху, похожую на посох, покинул покой. Собирала на скотном дворе овечью шерсть ве- сенней и осенней стрижки, отмывала её до белизны и выбивала до плотной массы. Обойдя соседей, при- несла верблюжью шерсть и птичий пух.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет