ОҚулық Атыраулық заманауи жазушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі шағын прозалық жинағы



бет41/77
Дата25.12.2016
өлшемі34,49 Mb.
#4904
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Рахымжан Отарбаев

SOR


ОМУТ

180





Саин көшесінің төбесінен жұлдыз аққан. Жіп сәулесін соз-зып...
Таудан ескен самалдың өңеші тұп-тура Жандосовтағы айналмада тұрғандай. Салқын, сызды ауа қыздарды тітіркентіп жіберген.

Түн ортасы ауып барады. Іңір қараңғысында өзен бойлай өскен шоқ тоғайдай қарасы қалың еді. Сирей- сирей селдіреді.


Соңғы күйексақал біреу бұларды қоймай айналсоқтап баққан. Сұрмас неме мырза қолын қалтасына қайта- қайта сұққанымен, түрінен сескенді ме, көңілін берер қыз табылмады.

Ақыры екі-үштен бөлініп Ташкент даңғылына қарай құлаған. Ара-тұра жеңіл көліктің өткір жарығы ғана ылдиға дедектеген қыздардың тырна бұттарын сүзгілеп өтеді.


Бәрінің де дидары бірдей-тін. Ай нұрының өзі абай- лап аймалардай. Тек аттары ғана өзге. Оны да өздері ойлап тапқан.
Жалдаған үш бөлмелі пәтерге топырлай енді. Әдеттегідей сықылық атып сайран да салмады. Көпіртіп ақша да санамады. Ерте көктемнің сәтсіз күніне өкпелі еді.
Ертең кеш саунаға барамыз. «Мама» Катя звондады,

– деді бір оймақ ауыз.


Рах-хат, деді жанындағы күлімкөз сағыздай созып.

– Үйреніп қалдық.

– Шықпайықшы содан.
– Алиса ғашығын көреді.
– Өзіміз ғой. Айсара десеңші...

Айсара тозығы жеткен кереуетте бетін бұрышқа беріп бүрісіп жатқан. Суық алған бойы жылынып, ұйқы меңдей бастады. Кірпігі айқасқан тұста әжесінің:

«Тоңдың ғой, қарғам», – деген даусын тағы да еміс- еміс естігендей болды.
– Түйе жүн көрпеңді жапшы, әже..
Ылғи осы. Көзі іліне бастаған ұйқылы-ояу шақта құлағына ұя сап қалған осы үн алыстан талып барып жетеді. Көрпенің бұрыш-бұрышын қымтап жатқан аялы алақанның жылуын сезеді.

На небосклоне улицы Саина закатилась звезда. Рас- тя-нув тонюсенькую ниточку света…


Горловина прохлады низвергающейся с гор как буд- то находилась в точности на кольце улицы Жандосо- ва. Холодный, влажный воздух вынуждал девушек ёжиться и дрожать. Время за полночь.
С наступлением сумерек они стояли группами, слов- но клочки рощиц, растущих по берегу реки. А теперь, рассыпавшись, их группы поредели.
Последний клиент, какой-то сажебородый самец, при- стально вглядывался, настойчиво крутясь вокруг них. Хотя хмельной охотник за любовью раз за разом за- пускал свои щедрые руки в карманы, но девушки то ли опасаясь, то ли отвращаясь, отвергли его пополз- новения.
Разделившись по двое-трое, стали пробираться к Ташкентскому проспекту. Временами только лишь яр- кие огни легковых автомашин процеживают длинные, как у цапель, ноги спускающихся вниз жриц любви.
Внешний вид их всех почти одинаков. Лишь имена разнообразны. Да и те выбраны ими самими.

Гурьбой вошли в арендованную трёхкомнатную квар- тиру. Не веселились, как обычно, не устраивали за- столье, не сосчитывали ворох денег. Обижались на неудачный день ранней весны.
- Завтра вечером идём в сауну. «Мама» Катя звонила, - сообщила одна, рот которой был с напёрсток.
- Бла-го-дать, - растянув слово, словно жвачку, про- говорила лукавоглазая дева. – Уже привыкли к этому шику.
- Вот бы не выходить оттуда вовсе.
- Алиса увидит своего возлюбленного.
- Да, ладно, свои же, называй лучше, как есть, Айса-

ра…
Айсара, съёжившись, лежала на старой кровати, по- вернувшись в угол комнаты. Согревшись, продрогшее тело тянуло в сон. Как только веки её сомкнулись:

«Замёрзла, светик мой», - услышала она голос бабуш-

ки, доносящиийся откуда-то еле-еле.


- Накрой верблюжьим одеялом, бабушка…
Всегда так. Как только начинает засыпать, в полудрё- ме слышит этот гнездящийся в её ушах глас, устало добирающийся до неё издалека. Чувствует тепло ле- леющих ладоней, бережно укутывающих её одеялом.

181 182







Сағындым, – деді сосын үзіп-үзіп күбірлеп. Алып кетші...
Депутатын айтып жатыр, – деді оймақ ауыз.

– Ертең барасың. Асықпа, – деді күлімкөз.

– Дәмесінің зорын! – деді аш белі солқылдап тұрған бірі сүт тайлақтың өркешіндей омырауын селкілдете күліп.
– Қойыңдар, қыздар, – деді естиярлауы тар төсекке әрең сыйып жатқан құйрығын аударып-төңкеріп. – Әлі уыздай ғой. Он екіде бір гүлі...

– Қайдағы? Бес-алты гүлі ашылып қалған. Ду ете түскен.


Тәтті ұйқы тереңіне тартқан Айсара үй төбесінен үріккен кептерлер екен деп ойлады. Әне, қоймай қанат қағып барады.
Әжесін сағынған. Сосын жіңішке ауру айналдырған шешесін, биыл мектеп бітіретін жалғыз інісін. Ауылға деген аңсары осымен ғана шектеледі. Өзгесіне кел- генде ойы бұрып қашып, кібіртіктей береді.

Айнаның бетін бермей қылтиып өскен. Ашаң әдемі жүзі, қыр мұрыны, қиғаш қасы, тілерсек қаққан толқынды шашы...


– Қарағым ертең құда келіп... Той жасап ұзатып... Тәуір төрде, төрт қабат көрпенің үстінде құдағи ата- нып отырар ма екем? – деп қолтоқпақтай қара кемпір өз ойына өзі семіретін.

– Қойшы, әже, – дейтін бұл іштей өзі осы сөзді қалап тұрса да құлағына қызыл шауып.


Мен де сендей болғанмын, дейді әжесі пейілденіп. Ондайда көзі нұрланып, бетіне батқан әжімдері та- райды. – Әлде әке-шешемнен осындай кемпір боп туды дейсің бе? О несі-ай!
Атам аларда құда түсті ме?
– Түспей кетсін, – дейді әжесі қызыл иегін көрсете күліп. Күлсе күлгендей...

Жер бетінен жарты құлаш шығып тұрған жерүй бол- са керек. Төбесі қамыс, күбірмен жабылған. Орта- сын ойып қондырған жалғыз терезе. Оның өзі жар- тылай әйнекті, қалған жеріне қойдың қарны жарыса кептелген. Үйге елең-алаң жарық түсіріп аспанды

- Соскучилась, - отрывисто прошептала затем она. – Забери меня отсюда.


- Обращается к своему депутату, - проговорил рот с напёрсток.
- Увидишь завтра. Не торопись, - съязвила лукавогла-

зая дева.


- Смотри-ка, какие у неё мечты! – Добавила другая, сотрясая от смеха груди, похожие на горбы годовало- го верблюжонка.
- Прекратите, девушки, - осекла их самая старшая по возрасту особа, перевернув внушительные ягодицы, еле вмещавшиеся в ложе. – Она ещё совсем моло- денькая…
- Какая молоденькая?! Уже бывалая…

Айсара, впавшая в глубину сладкого сна, приняла этот шум-гам за вспугнутых на крыше голубей… Вот они, взлетая, хлопают крыльями.


Соскучилась по бабушке. Потом по болеющей матери и единственному братику, оканчивающем в этом году школу. Тоска по родному селению на этом и пресе- клась. Мысли по отношению к другим, растворяясь в тумане, разбежались.
Росла, превращаясь в красавицу. Прекрасный лик, точёный носик, луноподобные брови, волнистые во- лосы, ниспадающие до икр…
- Скоро к моей ненаглядной нагрянут сваты… Устро- им свадебный пир… Буду ли восседать на почётном месте в качестве уважаемой сватьи? Проговаривая это, смуглая старуха, похожая на посох, упивалась своими же мыслями. - Дожить бы до этих времён.
- Ну, что вы, бабушка, - конфузилась она до красноты на ушах, хотя эти слова были ей по душе.
- И я была такой, как ты, - приосанившись и брезжа глазами, отзывалась бабушка. Морщины, бороз- дившие её лик, рассеивались. – Не думаешь же, ты, что я родилась от своих предков такой же старухой.
- Дедушка сватался на вас?
- Да лучше бы он не сватался, - отвечала бабушка, растягивая в улыбке рот и обнажая беззубые дёсны. В этой улыбке улавливался какой-то юмор.
Жили они тогда в полуземлянке, покрытой камышом и навозом. С единственным оконцем на крыше. Да и само оно было лишь частично из стекла, а частично

– из выделанного овечьего желудка. Этот одинокий глазок подсматривал за небесным сиянием, давая при



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет