ОҚулық Атыраулық заманауи жазушылардың қазақ және орыс тілдеріндегі шағын прозалық жинағы



бет49/77
Дата25.12.2016
өлшемі34,49 Mb.
#4904
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77
Қадыр Жүсіп

АҚҚУЛАР

БЕЛАЯ ЛЕБЕДЬ – ПОДРУГА ВЕСНЫ

217





Күнде таңертең ертемен Ақ Жайықты жағалап қыдырып, таза ауамен дем алатынмын. Бүгін өзен ай- надай жарқырап жатыр. Биік ғимараттардың сәулесі су бетіне түскен. Жайық жанары ұйқысы қанған адамдай жайнап тұр. Тас лақтырсаң, тынышы кетіп қалатындай. Судың әдемі көркіне қарап, жаным жа- дырап, алшаң басып жүріп келемін. «Шіркін, тыныш өмірдің жиделібайсыны осы екен ғой » дегендеймін.
Жайықтың иіні жаңа көпір жаққа қарай бұрылады. Өзеннің осы тұсы жалпақ жайылма. Ертеректе көктемнің өр суы осы иінге екпіндей соғып, су аңғарын едәуір кеңейткен сияқты. Ілгеріректе судың мөлдір айнадай бетінде аппақ ақ жолақ байқадым.
Жақындап келгенде көрдім, жеті аққу тізіле қалып, жу- сап тұрғандай. Еш қозғалмайды. Ғажайып тәртіппен қатарластыра еккен аппақ гүлдердей. Аққулардың осылайша жүзуі әдемі болады екен. Көздің жауын алғандай. Таңғы демалысқа шыққан адамдардың бәрі қызықтауда. Бұл көркем бейне енді қайталанбауы мүмкін дегендей қалта телефондары барлары суретке түсіріп жатты.

Бір мезгілде аққулардың бірі «қаңқ» етіп дауыс шығарып еді, қалғандары үйіріле дөңгелене қалды. Біраздан кейін тағы да «қаңқ» еткен дауыс естіліп еді, бәрі де әдемі қозғалыс жасап, су бетінде баппен жай жүзе бастады. Бір ауық тағы да қайта тізіліп, біреуі бастап, басқалары бірінің артынан бірі ілесіп, қатар түзеп жүзе жөнелді. Бір –біріне ыммен белгі берген- дей, бас жақтағы аққу мойнын бұрса, басқалары да, оның берген белгісіне бағынғандай үйіріле бастайды.

-Ой, жарықтықтар-ай, шіркін, құстың әдемісі-ау!
-Ой, несін айтасыз, су бетінің сәні ғой.

- Ең бейбіт, ең нәзік, ең ақ та пәк өздері.

- Иә, әрі киелі құс екені тұрпаттарынан ақ айқын көрінеді емес пе?
- Пай- пай, Ақ Жайық аққу қонып бір марқайып қалды-ау!
- Не дегеніңіз. Тек Жайық па, бізді де бұл көрініс қуанышқа бөледі ғой.
- Иә, солай.

Погожим ранним утром шел я однажды, по своему обыкновению, берегом Урала, с удовольствием вды- хая свежесть речной воды. Тиха ее зеркальная гладь, словно застыли в ней отражения высотных зданий, украсивших речные берега. Ничто не шелохнется в природе в эти благодатные утренние часы, не дрогнет ни один листок на деревьях, грядой стоящих вдоль на- бережной. Кажется, бросишь камешек, и всё испор- тишь. О! Так вот они, дорогие мгновенья истинного счастья – их дарит Жизнь, и как удержать эти ее бес- ценные дары?!


Река поворачивает к новому мосту. Когда-то водово- рот в этом месте изменил берега. Водные просторы манят своей бесподобной панорамой. Но что это? Тихая картина вдруг оживилась, вижу нечто бело- снежное вдали, опустившееся на зеркало реки.
Приблизившись, вижу, как семь белых лебедей, кос- нувшись речной глади, как бы тоже застыли, словно дополнив неповторимый набросок незримого ху- дожника. Ни всплеска, ни звука… Будто невиданные ослепительно белые цветы, подчиняясь неписанно- му порядку, решили порадовать своей красотой вос- хищенных прохожих. Пленивший взор вид неожи- данных царственных птиц привел в восторг редких жителей ближайших домов, вышедших на утренний моцион. Уверенные, что увиденное уже не повторит- ся, шедшие по набережной начали спешно настраи- вать сотовые телефоны на съемку.
Вдруг одна из птиц издала характерный звук, словно сигналя своим крылатым попутчикам, и те удивитель- ным образом перестроились, следуя одним им ведо- мому порядку. Еще один такой сигнал – и белоснеж- ные перелетные гости Атырау бесшумно заскользили по речной глади. Удивительно, но стоило главному (как я понял) чуть шевельнуться, как остальные, как будто подчиняясь приказу вожака, следовали за ним по определенному правилу. Очарованный, я не в си- лах был оторвать взгляда от представшего зрелища.
- Ой, какая красота!
- Ой, взгляните, какие отраженья в воде изумитель-

ные!
- Какие нежные, какие белые, какие мирные и безза-

щитные!
- Даже река похорошела! Как красиво стало вокруг!

- Словно посветлело все кругом, правда?

- И не говорите, даже мы стали другими радостны-

ми, взволнованными, счастливыми.


- Ой, и правда!

218 219






- Бұлар қайдан ұшып келді екен?
- Кім білсін. Әйтеуір бұл жақта көп көрінбеген сияқты.
- Мүмкін, мыңдаған шақырым Жайық бойында тоят- тап, орын ауыстырып кезектестіре қонып жүрген болар.
- Басқа континенттерден ұшып келді ме, кім білсін. Мекен -жайларын айтпайды ғой.

- Қай жақтан болса да, Жайықты бір сәндендіріп ке-



туге келген сияқты.

-Пай, пай, десеңші!

Аққулар Жайық бетінде бір сағат жарымдай адам көзін қуанышқа бөлеп, жүзді де жүрді.

Бір мезгілде көңілді көш басындағы аққу алға зыр- лап, тездете жүзе жөнелді де, су бетінен қанатын жая көтеріліп еді, басқалары да бірінен соң бірі биіктеп, тізіле ұша жөнелді. Биікте жаңағы қонақтаған тұсты бір айналып, күн шығысқа қарай тартты.

Халық «қош, қош, аққулар» деп қалғандай, жанарла-

рымен жаудырап шығарып салды.

Өздері ұшып кеткенімен қоймай, Жайықтың бетінде ғайыптан пайда болған әсемдікті бірге алып кеткен- дей. Су беті бір сәт жетімсіреп қалғандай болды.

* * *
Иә, аққу – киелі құс. Аққулардың бүгінгі Жайық бетінде жайсаң сурет салуы ертеректе елдегі бір болған көңілсіз оқиғаны еске түсірді.


Айдын көл. Бұл көл Тайлан деп аталады. Көктем суы тасығанда осы көлді жылма –жыл толтырып, шөпілдетіп кетеді.

Біз, балалар, осы көлде талай асыр салып шомылып, шанышқымен балық аулап, ау құрып, айран- асыр жазды өткізетінбіз. Су – ну деген осы ғой, шіркін!


Көлден аулағырақ жағалай әржер - әржерде екі- үштен киіз үйлер тізілген. Малшы ауылдар. Жайлауға шыққан жеке үйлер де бар. Бұл ауылдардың бала- лары әлсін-әлі көл басында жиналып, ойнайды, шо- мылып, мәз боп әбден шаршап, қарындары ашқанша жүреді.

- Откуда же взялось это чудо на радость всем нам?!


- Кто ж знает! Никогда не видели их в наших краях.
- Может быть, сменяли места своего становища, да и залетели сюда к нам?

- Нам не докладывают о своем местожительстве, мо- жет из далеких заморских стран, а то и континентов прибыли…


- Но, как бы то ни было, прилетели, чтобы похороше- ла наша река, чтобы подарить нам хоть на несколько минут невиданную красоту!
- Да, да! Так переговаривались с добрыми улыбками радостные люди.
Лебеди, словно поняв говоривших, почти полчаса, не спеша, скользили по зеркальному полотну реки, на ра- дость всем.
Но вскоре вожак призывно поднял голову, повернув белую шею, как бы приглашая спутников к новому шагу, оторвался от тихой реки, и, взмахнув крылья- ми, взмыл вверх. И, тут же, как по команде, остальные один за другим, поднялись в небесную высь. Но по- кружили еще раз над рекой, ставшей для них кратким пристанищем, и наконец, устремились на восток.
- Прощайте, лебеди! Счастливого полета! – восклица- ли все им вслед, еще пребывая в волнениях, подарен- ных Природой. И в то же время, с легкой грустью… Словно что то унесли с собой эти чудесные птицы, словно осиротело все вокруг…

* * *
Да, лебедь - Священная птица. Но отчего так теснится душа?! И вдруг вспомнилось…

... Это случилось в далекие детские годы. Было это на озере под названием Тайлан. Весеннее половодье вы- талкивает его из берегов, буравя остывшую за зиму землю.
Мы, дети, проводили летние дни, купаясь, ловя рыбку, дыша вкусным свежим воздухом.

Вдоволь наплескавшись, наигравшись, вконец прого- лодавшись, бежали потом к юртам, ликуя от той радо- сти, что дарила нам родная природа. Это был малень- кий аул чабанских семей, куда на жайляу приезжали и из других мест.

220 221




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет