Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет305/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

толық 
жұмысбастылық
жағдайында тұрғандығын көрсетеді. Мұндай 
жағдайда барлық кәсіпкерлер жалақының осындай деңгейінде 
еңбектің қажетті шамасын сатып алуға келіседі және олардың еңбекке 
деген сұраныстары толығымен қанағаттандырылады. Жұмыскерлер 


174
де осындай жалақыға өз қызметтерін ұсынуға келісіп, барлығы дерлік 
жұмыспен толығымен қамтылған жағдайда болады.
9.4-сурет 
Еңбек нарығындағы тепе-теңдік
Қазіргі экономикалық теорияда еңбектің бағасы болып жалақы 
табылады. Жалақы тар және кең мағынада қарастырылады. Тар 
мағынада, 
жалақы
– бұл өндірісте қолданылған еңбек бірлігінің 
бағасы. Ал кең мағынада
жалақы
деп әртүрлі мамандық иелері 
болып табылатын жұмыскерлердің жалпы еңбекақысы, сонымен қоса, 
сыйақылар және басқа да ынталандырушылық ақылар айтылады.
Жалақының екі түрі ажыратылады:
1) 
Атаулы жалақы
– бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт 
аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша сомасының 
жиынтығы.
2) 
Нақты жалақы
– бұл жұмыскерлердің өзі үшін және отбасын 
қамтамасыз етуі үшін алған жалақысына сатып ала алатын тауарлар 
мен қызметтерінің жиынтығы, басқаша айтсақ, нақты жалақы атаулы 
жалақының сатып алушылық қабілеті. Нақты жалақы екі факторға: 
а) атаулы жалақыға; ә) тауарлар мен қызметтер бағасының деңгейіне 
тәуелді.
Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның 
негізгі екеуіне тоқталуға болады:
1) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет