Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет306/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Мерзімдік жалақы
– бұл жалақының еңбектің нақты атқарған 
жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы 
әдетте, 
жай мерзімді
және 
мерзімді сыйақылы
болып тағайындалуы 
мүмкін.
2) 
Келісімді жалақы
– бұл жалақының жұмыскердің қажетті 
сапада өндірген өнімінің санына байланысты төленуі. Жалақының 
бұл түрі мынадай жүйелерде белгіленуі мүмкін: 
аккордтық, келісімді 
сыйақылы, тікелей келісімді
және 
келісімді үдемелі
жалақылар.
Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үй шаруашылықтары табыс-
тарының басым бөлігін құрайды және табыс табудың осындай негізгі 


175
көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне 
және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.
9.3. Капитал нарығы және пайыз
Капитал теориясы экономикалық теорияда аса күрделі сұрақ-
тар дың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген 
индивидтер дің, фирмалардың және басқа да тұлғалардың капиталға 
қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың 
уақытаралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде 
ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында 
қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі.
Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. 
Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:
Капитал
– бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал-
жабдықтары түріндегі физикалық капитал.
Капитал
– бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез 
келген құндылық.
Капитал
– бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және 
өндірістік емес мақсаттағы қорлар.
Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы 
капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал 
нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын 
жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді 
инвесторлар дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет