Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет32/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   177
Ішкі жеке қайшылық.
Бұл түрі жоғарыда айтылған 
түсініктемемен сәйкес келмейді. Бірақ бұның дисфункционалды 
әлеуеті басқа қайшылықтың нақты түрімен жалғасады. Бұл түрінің 
кең тараған үлгісі ретінде рөлдік басқару қарастырылады және 
адамдардың істеген жұмыстарының нәтижесіне қарама-қарсы 
талаптар қойылады.
Ішкі жеке қайшылықтардың пайда болуы, өндірістік талаптардың 
жеке тұлға қажеттілігімен келісілмегендігінен де туындайды.
Жеке (адам) тұлғалар арасындағы қайшылық.
Қайшылықтың 
бұл түрі өте кең тараған. Басшылар өздерінің шектеулі ресурстарын, 
капиталы, жұмыс күшін, құрал-жабдықтарын тиімді пайдалану 
үшін күреседі. Жеке адамдар арасындағы қайшылықтар, сондай-ақ 
екі адамның түсініспеушілігінен, келіспеушілігінен пайда болады.
Адамдардың мінез-құлықтары, көзқарастары, рухани және 
мәдени байлықтары әр түрлі болғандықтан, олар бір-бірімен тіл 
табыса алмайды.
Жеке тұлға мен топ арасындағы қайшылық. Өндірістік топтар 
жоғарыда айтылғандай, өздерінің ережелері мен (беталыс) мінез-
құлықтарын қалыптастырады. Әр адам осы ережелерді орындауы 
қажет, сол кезде оның әлеуметтік қажеттілігі де қанағаттандырылады. 
Бірақ топтың күткені жеке адамның күткенімен қарама-қарсы болса, 
қайшылық пайда болады. 
Сондай-ақ шиеленіс жеке тұлғаның ұстанымы, топ ұстанымынан 
өзгеше болса да пайда болады.
Шиеленіс лауазымды басшылардың міндеттері арасында да 
пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет